Астанада қылмыстылық деңгейінің төмендеуі байқалды

Осы жылы қылмыс деңгейі 10 мың адамға шаққанда 34 % төмендеді. Өткен жылмен салыстырғанда ашылған қылмыс пен ұсталған адамдар саны көбейді. Былтыр жасалған қылмыстар көбірек ашылды, оның әрбір төртіншісі ауыр және аса ауыр санатқа жатады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Брифингте ІІД басшысының орынбасары, полиция полковнигі Сабыр Жүсіпбеков ұсақ құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша да белсенді жұмыстар жасалып жатқанын айтты. Биыл 186 мың әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, жолы кесілді, айыпты тұлғалар жауапқа тартылды: 153 адам әкімшілік қамауға алынды, 1 млрд 489 млн теңге сомасында айыппұл салынды, 875 млн теңге өндірілді.

Сондай-ақ кәмелет жасына толмағандар арасында да құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша үлкен жұмыстар жүргізілуде. Аталмыш мәселеде алдын алуға ертерек көңіл бөлінуде. Жергілікті жұмыстар атқарылуда, онда көңіл көтеретін орындар мен интернет-кафелерде заңды өкілсіз жалғыз өзі жүрген кәмелет жасына толмаған балалардың ата-аналарын ғана емес, сол ғимараттың, дүкеннің, супермаркеттің қожайындарын да темекі және ішімідік өнімдерін балаларға таратып, сатқаны үшін жауапқа тартылуда.

«Бап бойынша қарастырар болсақ, 3 мыңға жуық ата-ана мен түрлі тектегі ғимараттың 500 қожайыны тартылды. 2017 жылмен салыстырғанда 2018 жылы жасөспірімдердің үлес саны 35 03 мыңға артты және халық санының 13,5% құрады», — деп түсіндірді ол.

Жалпы Астана ІІД мәліметінше елордада жедел жағдай тұрақты. Күн сайын қала көшелерінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін 1400-ден астам полицей мен Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан комитетінің әскери қызметшілері тартылады. Адамдар көп шоғырланатын жерлерге 8 стационарлық полиция бекеті орнатылып, қоғамдық тәртіпті тәулік бойы сақтауды жүзеге асырады.

Бұдан басқа, алдын алу мақсатында көше қылмысының өсімін төмендету, ізін суытпай қылмысты ашу үшін патрульдік күшейтілді және тұрғын үй кешендерінің аулаларында, астана тұрғындары мен қонақтарының бос уақыты мен көп адамдар жиналатын демалыс орындарында жаяу патрульдік жасақ көбейтілді.

Жанға батар жәйт

Жазғы демалыс, бейқам бала көңіл, таң атқаннан қара кешке дейін алаңсыз асыр салып асық ойнап, ойнақы құлындай доп қуалайтын шақ. Бұл әрине қаланың іш пыстырарлық асфальтағы өмірінен алыстағы ауыл тұрмысы. Ал қалада қалай? Іш пыстырарлық деп айтып қалдық іш пысқаннан, жасарға іс таппай есіргеннен адам не істемейді. 2016 жылғы ІІМ-нің келтірген деректері бойынша кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер қылмысы өткен жылмен салыстырғанда 11%-ға артқан. Дәлірек 3800 жеткіншектің ісі сотта қаралған. 49 бұзақылық қарақшылық, 527 адам тонау ісі мен 1930 ұрлық тіркелген. Буыны қатпаған қаршадай бала бұл қылмысқа қалай барды деп денеңіз тітіркенген болар бірақ бұл қорқынышты статистиканың басы ғана. Өмірдің не екенін өздері түсініп болмаған 23 жасөспірім өзгенің өмірін қиған, адам өлтірген. Осы сорақылықты болдырмай, қауіптің алдын алу үшін барлық мектептерде жасөспірімдер инспекторлары жұмыс жасайды. Жоғарыда айтылған деректерге қарап 2000-ға жуық мектеп инспекторлары босқа айлық алып отыр ма деген ойға еріксіз барады екенсің.
Қылмыстық оқиға қай кезде орын алады? Жасөспірімдер қатысқан қылмыстар көбіне түнгі уақытта яғни 18-ге толмаған балалардың ата-анасынсыз көшеде жүруге болмайтын кезде жасалады. Ол кезде қазақтың ата-аналары баланың қасында болмақ түгіл қайда жүргенінен бей хабар. Түнгі қала: интернет-кафе, түрлі ойын сауық орталықтары, түнгі клубтар мен соңғы кезде жастарды өзіне байлап алған play station орындары тіпті кальянханалардан да мектеп жасындағы балаларды кездестірсек таң қалмайтын болдық бүгінде. Бұл індет қазақы қаймағы бұзымаған қоғамымызға қайдан келді? Кім кінәлі? Баласын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмаймын деп жүріп есіртіп алған ата-ана ма, жоқ әлде, өз жұмыстарына салғырт қарайтын мектептерден бе? Дұрысы тығырықтан шығар жол іздеген болар. 2010 жылы мәжілісте М.Айсина мектеп оқушыларына арнап жұмысқа баулитын еңбек лагерьлерін ашуды ұсынған болатын, сонда баламызды қара жұмысқа салып қоятындай ере түрегеліп қарсы шықтық. Осы идея қолдау тапқанда мүмкін жасөспірімдер қылмысы статаистикасының бағамы төмендеу болар ма еді. Бастысы баланың бос уақытына көңіл бөліңіз, өнерге, спортқа, ғылымға баулыңыз құрметті ата-ана. Бұл сіздің балаңыздың қылмысқа қатысушы болмаса да, қылмыс құрбаны болуда сақтап қалатын бірден-бір жол,
Блог - Jarkinai: Жанға батар жәйт
Әрі қарай

Әлеуметтік желі және криминал

Өмірдің ажырамас бөлігіне айналған әлеуметтік желілерден келетін қауіп көп-ақ. Уақытты бос өлтіру секілді айқын өлшемі жоқ аргументтерді былай қойғанда, қаржыңызға, денсаулығыңызға, тіпті өміріңізге зиянды жайттарды да кезіктіруге болады. Бірақ, әлеуметтік желі қылмыстың алдын-алу немесе ізін суытпай ашудың құралы болуы да мүмкін.
Әрі қарай

Қылмыс әлемінің татуировкалары №2


Покажите мне человека с татуировкой и я покажу вам человека с интересным прошлым.
№2. ТМД елдерінің қылмыскерлерінің денесінен көп кездесетін түрлері.

1.Кілт пен жебе. Үй тонаушылардың денелеріне салынатын болған. Арқа немесе кеудеге салынады.

Әрі қарай

Қылмыс әлемінің татуировкалары №1


Татуировки — как знак времени, они напоминают о каком-то периоде в жизни…

Бұл пост және алдағы уақытта жариялайтындарым қылмыс әлемінің әртүрлі иерархияларының татуировкалары (наколка) туралы болмақ.
№1. ТМД елдерінің қылмыскерлерінің денесінен көп кездесетін түрлері.


1.Зеңбірек үстінде отырған гусар киіміндегі жартылай жалаңаш әйел бейнесі. Әлемде екі құбылыс керемет: бірі махаббат, бірі өлім. Әйелге деген адалдықты білдіреді. Кеудеге немесе арқаға салынады.
Әрі қарай

Абзал жандар ма, арам жандар ма?

«Милиция мен медицинаға күнің түспесін»
Осы сөздің түрлі нұсқасын естіп жүрсем де, онша көп мән бермейтінмін. Тіпті «Ана жақта дәрігерлер бүйтіпті, мына жақта сүйтіпті» деген қауесетті де елемейтінмін. Алайда, басыңа түссе ойлана бастайды екенсің.
Әрі қарай

Сынық терезе теориясы

"Қылмыспен күресудегі табысыңызға қалай жеттіңіз?" сұрағына Нью Йорктың аты аңызға айналған мэрі Джулиани былай жауап беріпті:



— Бос тұрған бір ғимарат бар. Сол ғимараттың бір терезесі сынса, сол терезені тездетіп жөндемесеңіз аз уақыт ішінде сол жерден өткен адамдар тағы бір тас лақтырып, сындырып кете береді. Мен бір терезе сынса бірден жөндетіп отырдым. Бір бағана түбіне немесе ғимарат жанына біреу қоқыс пакетін тастап кетсе, сол қоқысты тез жинамасаңыз басқалар да солай тастап кете береді. Мен тасталған әр қоқысты жинатып отырдым.

Бір жердің қылмыс ауданына айналуы сынған терезеден басталады. Айналада ешкім әрекет қылмаса, терезе тездетіп жөнделмесе жұрт ол жерде тәртіпке қарайтын ешкім жоқ екен деп басқа терезелерді де сындыра бастайды. Мұның арты үлкен қылмыстарға айналады, біраз уақыттан кейін ол аудан полиция кіре алмайтын аудандардың біріне айналады.


Мұны түсінген Нью Йорк полициясы алдымен кішкентай қылмыстардың соңына түседі. Метроға билет алмай кіргендерді, подъезд алдында дәрет сындырғандарды, қоғам мүлкін бүлдіргендерді, көшеде бөтелке лақтырғандарды ұстап, жазалай бастайды.
Әрі қарай

Жазалар әлеміне саяхат: Айқыш ағашқа керіп тастау


(жалғасы, басы мұнда)
Жазала, жаным, жазала мені...© Мазох Бабаның үмметтері

Жазаның бұл түрі Ежелгі Рұм елінде ең азабы көп өлім жазасының бірі саналды. Ерекше қауіпті деп саналған қылмыскерлерді, әсіресе қашқын, сатқын, бүлікші, көтерілісшілер бұл жазаның «рахатын» көрді.
Әрі қарай

Жазалар әлеміне саяхат - (Премьера)

«Жазаласа, ох жазаласа...© Satibaldi

Соңғы кезде жазалaу туралы сөз болса, амиголар өз қиялы мен кинодан көргенінің жаңғырықтарынан құрауға мәжбүр болып жатыр.
Осы тұрғыда, жазалау түрлеріне бірнеше сериялы ситком жазып жіберу керегін бұрыннан сезіп жүргенмін. Қиял сарқылғанда, жаңа жазалау сюжеттерін құрғанда осы топтамадан шабыт алуға болады. Нәзік жүректілер адамзат тарихы тек архитектуралық, мәдени, әдеби креативтерге ғана емес, біреуге қиянат жасауда да зор шығармашылық танытқанын байқайды.
Уа, экшн сүйгіш жамағат, қаныпезер, қатыгез қауым!
Әрі қарай