Ерекше техникамен салынған суреттер


Бірғали Байекеев маңғыстау өңірінен шыққан ерекше дарын иесі. Маңғыстау өңірінде көптеген жылдар бойы журналист болған. 5 жасыннан сурет сала бастаған, қазіргі кезде көп суретшілер қолдана бермейтін (Қазақстанда кенже қалып қалған) линогрвюра, офорт, ксилография, литогрифия графикалық техникада сурет салады, онымен қатар қара қарындаш пен гуашьпен де сурет салудың шебері. Бұл техникаларда сурет салу өте қиын, жұмысы ауыр. "Әсіресе ақ қара түсті заттарды салған кезде ақ түсті суреттерді беру өте қиын дейді",- өнер танушылар.
Әрі қарай

Бізді енді "Алмалы" жер асты сауда үйінен таба аласыз! (қыздар, күміс заттар қосып қойдым)

Бізде жақсы жаңалық бар!
Бізді енді, жақында ашылған «Алмалы» жер асты сауда үйінен таба аласыздар! Ол жерде: біздің ұлттық муызкалық аспаптармен қатар Н.Қилыбаевтың суреттері мен Б. Манасовтың керамикадан күйдіріп жасаған сувенирлері мен ұлы адамдардың кішкентай бюсттары бар. Зергерлік заттарымызды өте жақын арада апарамыз . Уже, апарып қойдым
Мынау біздің бутиктің жалпы көрінісі:

Әрі қарай

Күн күліп тұрған суреттер

Алматының көшелерінде жарнама ретінде осы кісінің суреттерін жиі көретінмін. Қарап қойып, мынау ана жер мына жер, майлы бояумен қалай ұқсатып салған деген ойлар келетін. Бастысы суреттерде күннің сәулесінің анық байқалатыны мені таңқалдыратын.
Кеше біздің қасымыздағы көрмеде осы суреттер тұр, көзіме оттай басылды. Көшеден көргеннен де әсері зор болды. Суреттері көңілді, қуаныш сыйлайтындай әсер алдым.

Қасымдағы болашақ өнер танушы жігіттің айтуынша: қазіргі кезде қазақстанда танымал суретшілердің бірі және суреттерінің ең арзан 500$ ал ең қымбаты миллионға дейін барады. Мен ойладым, жарнама агенттіктері жақсы жұмыс істейді екен деп. Дегенмен, суреттері өте көңілді.
Әрі қарай

"Дала сазы"- ол не?


Иа, иа, иа "Ғаламартты" тұрақты оқитын оқырмандар, достар бұл сұрақтың жауабын бірден айтар .
Дегенмен, өзім басы қасында жүргендіктен де қысқаша жаза кетейін . Менің ұйымдастыру жұмыстарына қатысып жатқан алғашқы жұмысым ғой, толқу да жүгіру де көөөп .
Көрме туралы қысқаша:
Әрі қарай

Көрмеге шақырамыз!

2012 жылдың 28 наурызында, сағат 16.00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі «Ғаламарт» шығармашыл жастар клубымен бірлесіп «ДАЛА САЗЫ» атты ұлттық саз аспаптарын жасаушы шеберлердің I Республикалық көрмесі ашылады.
Әрі қарай

Суреттер не дейді?

Жаңа жұмысым суреттер галереясына жақын жерде. Керемет кескіндемелерді көріп жүрмін. Бұрындары суреттерге қарап, түк түсінік бермейді деп ойлайтынмын. Кейіннен, суреттерден көп нәрсе ұға бастадым. Суретшінің көңіл-күйін, ішкі ойын, әлемді қалай қабылдайтынын, не айтқысы келгенін түсінуге көштім. Кейде суреттерге қарап мұңайсам кейбірінен қуаныш алып басқа бір әлемге бет алғандай боламын. Тіпті мың түрлі сұрақтар да жинап шығатын кездерім жиі кездесіп жүр. Суретшінің бір суретінің өзінде бір әлем жатқандай күй кешемін. Өзіндік сезім, өзіндік ой- сана, өзіндік тұжырым, өзіндік қуаныш пен өкпе- наз…

Жалпы айтпағым, бұл емес кеше алып келген суреттер жайлы еді…

Сонымен, мен күнделікті суреттерін тамашалап жүрген галерея- "Ұлар" арт агенствосы. Суретшілер одағында орналасқан. Жақын күнде ашылуы болатын көрмеден ұрланып түсірілген суреттер :

Авторы: Нүрекеев Рәшид. Сұрақтары көп сияқты ма? әлде жәй күнделікті өзі жалыққан көз қарас пен сұрақтарды бергісі келді ма екен? Өзін көріп жатсам міндетті түрде сұрармын.

Әрі қарай