Альтернативті тарих

Бір сәтке өзімізді уақыт мәшинесімен саяхаттап жүрміз деп елестетейік… Тарихта болған қандай оқиғаларды өзгертер едіңіз, енгізген өзгерістеріңіз неге алып келеді деп ойлайсыз?)
Әрі қарай

Мені бір сұрақ толғандырып жур

Мені бір сұрақ толғандырып жур. Сізге кулкілі болып көрінер))) Осы біз мектепте 11 сыныпқа дейін Қазақстан және Дуние Жүзі тарихын окып келдік. Бірақ заман бір орында тұрмайды ғой, әр жыл, әр болған әлемдегі оқиғалар тарих болып қалатыны сөзсіз. Біз сол байырғы сонау тас дәуірлерінен осы 2000 жылғы болған жайттарды оқып келдік. Ал болашақта мысалы 20 жылдан сон менің баларым немесе немерелерім осы букіл тарихта қалған жайттарды оқып улгереді ма екен жоқ әлде оның барі пән бағдарламасында қысқартылады ма екен деген сурақтар мені тоғандырып жур.
Әрі қарай

Операция "ҚИ"

Бұныснес Репаблик ДәуЧлен (БРД) үкіметі әдейілеп жіберген барлаушы ішпиөн «Біздің ауыл» блогының авторы «Аңсар»-дың виртуалды ақыры неден болды?
http://filmotzyv.com сайтынан алынды

2009 ж.

Емін еркін клавасына алабай кіріп, қанден шығып жүрген амиголар «православиелік» реформаларға да, жан-жақтан жауған көтриоттар, қаумалаған әсіре діншілдердің қуғынына төзе білді.
Десек те Интернеттің БАҚ құралдарымен теңестірілуі, Daruisholgen.com петапорталының, juldyz.kz -ән-әуен сайттарың жабылуы бір охуйға болды.

Мегабоқжағыстың жанама алғышарттарына кейбір әншілердің әнді тегін таратумен күресіп, диск алуға ақшасын қимайтын жарлы-жақыбайдан әндерін қорғауын да жатқызуға болады.

Не керек, 2009 жаз ортасында партизандық қақтығыстар басталды да кетті.

Бір жағында «Біздің Ауыл» блогының иесі Аңсар (тақырбас болатын) бастаған фундаменталисттік диверсиялық топ, екінші жағында Рейхспроктолог Сатыбалды Багратионұлы бастаған қарусыз дәруіштердің ара қатынасы шиеленісе түсті.
Аталған жағдайлардан соң, орын алған "Қасиетсіз Интифад" операциясының майданы қатысушылардың жеке блогтарында, әлеуметтік желілерде, өзге қазақтілді сайттардың біразында өрбігені жайлы куәліктер аз емес. Бірталай жәдігерлер күйіп кетті. Бірақ аман қалғандары да бар.

Мәселен, мына сурет.


Қасиетсіз Интифад” – Хуенардо Да Винчи 21 ғасыр ( масло, холст, Саян3-тің фотигі, МS Paint). Жоғары сапада көру үшін мында басасыз.

Бұл операция «Біздің Ауыл» блогының Award-KZ интернет сайысына шұғыл дайындық кезеңіне сай келді. Боқжағыстың немен біткені туралы Өмірзақ Шульцтің материалдарын біразымыз көрдік. Десек те, көрмегендер көріп, көргендер тағы қайталап, блицкригтен кейінгі, сол бір көт қуантар сәттерді тасынан тағы кешсе артық болмас.

«Есалаңға» (ака Жақабай Ширақ) аудармаға және субтитраларға нақметтен бөтен айтарым жоқ.
Барлығыңды алдағы мейрамдармен құттықтаймын.
Әрі қарай

«Көшпендіден» ілгері, көңілдегіден кейін



Тарих, әсіресе, қазақ тарихы туралы ғылымда, өнерде, тағы басқа салаларда сөз қозғау аса күрделі дүние деп түсінемін. Ақтарылып жатқан «ақтаңдақтар» өз алдына, «ары тарт та, бері тарт» сөз-талас пен пікір-соғыс кез келген автордың кежегесін кейін тарттыруға әбден себеп бола алады. 3 мамырдан бастап қазақстандықтарға «Қазақфильм» ұсынатын Ақан Сатаевтың «Жаужүрек мың баласы» осы жолда «өгізді де өлтірмейтін, арбаны да сындырмайтын» туындылардың бірі болатын секілді.
Әрі қарай

«Христиан бауырлар» туралы

Наймандардың несториандық бағыттағы христиандықты қабылдағаны туралы мектеп оқулықтарында айтылады, бірақ Кіші жүз Ресейге кірмей тұрып христиандықтың ізі де қалмағанын жеті жарғы бойынша кімде кім христиандықты қабылдаса оның мүлкі тартып алынып, руластырына бөлініп беріп отығандығынан байқауға болады.
Қазақтардың алғаш шоқына бастауы Кіші жүз Ресейге кіргеннен кейін басталады. Алғашқыта патша үкіметі қазақтарға жақын болу үшін,өзінің саясатын түсіндіру үшін, жақындасу үшін татар молдаларды оқытып қазақтарға жіберіп отырады. Бірақ 19 ғасырдың басында Кіші жүз руларының арасында қақтығыс көбеюіне байланысты кедей жатақтар көбейіп, олар Ресеймен шекараға қоныс аударады, Христиандарға «шаруашылық мұқтаждық» үшін ақша бөлінетінін біліп жатақ қазақтар шоқына бастайды!!! )). Ал жергілікті шенеуніктер шоқынға ішкі губернияларға жіберіп отырады. Бұл процесс старшындар мен сұлтандардың наразылық тудырғандықтан тоқтатылып тастайды. Егер сол кезде патша үкіметі наразылыққа қарамай шоқынуды кеңінен қолдағанда не бола еді ?)) Мүмкін бір бірімізге, шынымен, «Христиан бауырым» деп отырар ма едік? ))
Әрі қарай

Жауаптар

» Сұлтан Алпарслан 27 мың әскерлерімен Византия топырақтарында ілгерілеп келе жатқанда барлауға жіберген әскерлерінің біреуі алдына келіп, үреймен: «300 мың адамдық дұшпан әскері бізге жақындап келеді.» дегенде Алпарслан: «Біз де оларға жақындап келеміз» деген екен.
Әрі қарай

Ұлы дала

Дүбірлей естілген үн сәт өткен сайын күшейе түсті.

Ә дегенше болған жоқ бір топ салт атты сүйел-шоқпарларын сүйрелеп келіп-ақ қалды.

Екі үйден тұратын шағын қыстақ азан-қазан болды. Еңгезердей жігіттердің сыздата ұрған соққысынан қараша үйдің сырықтары сықырлап кетті.

— Ит! Иттің тұқымы! Шық дегенде, шық! Атаңның тап аузын! Еркекпін деп анаңнан тусаң шық үйден, ит! Шық, қане!!!
Әрі қарай

Керек-Тарих: Сурет сөйлегенде

Ескі Керектің тарихы жыр деуге тұрарлық. Бүгін «сандығымды» ақтара отырып, мына өлеңді тауып алдым, ал сурет бұрыннан бар болатын. Айтпасам да, өздеріңіз мәнін түсініп аларсыздар деген ойдамын.
Әрі қарай

Ұстараңыздың тарихын білесіз бе?

 

Қырынудың тарихын адам тарихы сияқты алыстан іздеуге болады, 20 мың жыл бұрын біздің ата бабаларымыз бетіндегі түктерді қырып отырған. Оны не үшін істегендері әлі күнге белгісіз. Мүмкін, әйелдер қауымына солай істесе еркектер келбетті көрінген болуы керек, алде хайуандардан ерекшелігін бет әлпетімен ерекшелендіргісі келді ме екен?
Әрі қарай