Қатысушыларды қара жорғамен қарсы алды

Жас журналистердің ХI Республикалық пәндік олимпиадасы дәстүрлі жалғасын Павлодар қаласында тауып отыр. С.Торайғыров атындағы білім ордасында 17 ЖОО-ның шәкірттері бас қосты.
Алыс жолдан бойкүйез тартып келген студенттерді тамаша сергіту сәті тосып тұрды. Қара жорға билеп болған қатысушылар сайыстың қамына кірісті. Алғашқы сөз кезегін алған С.Торайғыров атындағы ПМУ ректоры Гаухар Ахметова:
– XX ғасырдың басында Алаш азаматтары қазақ журналистикасының негізін қалады. Халықтың қоғамдық санасы мен саяси көзқарасының қалыптасуына зор ықпал етті… Журналистика – күнделікті өмірдің айнасы. Ол әркезде өз биігінен көрінеді. Сондықтан журналистік білім-білігін көрсетемін деп келген жастарымызға сәттілік тілеймін, – деп лебіз білдірді.
Сайыс таныстыру, эссе жазу, тест, жедел ақпарат сынды кезеңдерден тұрады. Олимпиаданың бірінші күнінде екі кезеңді еңсерген студенттер Павлодар қаласын аралап, бой жазып қайтты. Сондай-ақ бұл жылдың жаңалығы – Кереку өңірі туралы бейнесюжет дайындау. «Ертіс-Баян өңірінің тарихы мен келбеті менің әсерімде» атты бейнесюжетте қатысушылар экскурсиядан түйген ойларын жеткізіп бақты.
– Республикалық пәндік Олимпиадаға алғаш рет қатысуым. Деңгейі өте жоғары. Қай команда болмасын, жоғары дайындықпен келгендіктері байқалып тұр. Бұл жерден үлкен тәжірибе алып, өз мүмкіндігімізді барынша көрсетуге келдік, – деді Аманжолов атындағы университеттен келген «Алтай ақпарат» командасының мүшесі Алтынай Бақытжанқызы.
Бүгін сайыстың соңғы күні. Бес сайыс кезеңі бойынша жеңімпаз анықталатын болады.

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың 3-курс студенттері

Еліміздің болашақ журналистері Ертіс-Баян өңірінде бақ сынауда

Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «5В050400 – Журналистика» мамандығы бойынша «Ұлы дала ұлағаты» атты Республикалық пән олимпиадасы өтіп жатыр. Олимпиадаға Қазақстанның бірқатар қаласынан қатысушылар келіп, өзара сайысқа түсті.
Екі күнге созылатын бұл білім бәсекесіне Қазақстанда журналист мамандарын даярлайтын 17 жоғары оқу орнынан 51 студент қатысып, бар өнерлерін паш етті.
Олимпиаданы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры Ахметова Гаухар Ғалымқызы ресми түрде ашып, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарыстың бірінші кезеңінде әр топ өздерінің дайындаған видео-таныстыруларын көрсетті. Ал екінші кезеңде қатысушылар эссе жазып, жеңіс тұғырынан көрінуге бар күштерін салды.
Екі кезең аяқталғаннан соң, жарысқа келген қатысушыларды Павлодар қаласын аралатып, көрнекті жерлермен таныстырды. Экскурсия Ауған соғысы ардагерлеріне арналған саябақтан басталып, С.Торайғыров ескерткіші, Орталық мешітке жалғасқан жол Бұхар жырау музейінен аяқталды.
Дүлдүлдердің дүбірлі додасы бүгін өз мәресіне жетеді.
«Тұран» университеті
«Журналистика» мамандығының студенттері

Бизнес форумда айтылған 3 үздік старт-ап

  • KazNET
Желтоқсанның 3-4 Павлодарда «Білім және бизнес» форумы өтіп жатыр. Еліміздің 4 аймағынан келген студенттер, «Енактус» ұйымының мүшелері. Алғашқы күні тренингтер мен кездесулерден құрылды. Кездесулердің ішіндегі үздік деген, нақты жұмыс жасап жатқан
Әрі қарай

Шығысқа сапар: Павлодардан не көрдім, не түйдім?

Шығысқа барған сапар туралы жазамын деп желпінгенмен, адами әрі техникалық ақауларға байланысты біраз кешеуілдеп қалдым. Десе де, сүрленген ойдың да шыққаны дұрыс болар деп шештім. Жанып, ұшып барып, алып-ұшып қайта келдік. Не көрдік, не білдік, не түйдік? Көргенімнің бәрін айта беріп қайтейін, Аландық Даниярдан не қалсын?! Дұрысы түйгеніммен бөлісейін.
Әрі қарай

"Қазақтелекоммен" өткен үш күн: Кереку

Блог - Daniar-Alan: Қазақтелекоммен өткен үш күн: Кереку

Астанадан қазақтілді блогшылардан Көкбөрі екеуміз баратын болдық. Мен 10 шақты рет блогтурларға шыққам, Көкбөрі бірінші рет :) Содан қобалжыған ба, әлде басқа да себептері бар ма түні бойы ұйықтамапты ол сабазың :)
Таңғы 7.10-да ұшқан ұшақ 8.30-дарда барып қонды. Қалған блогшылармен сол жерде таныстық. Аттарын сырттарынан ғана естігеніміз болмаса, жүзбе-жүз бірінші рет көрдік.
9-дар шамасында «Чайка» деген қонақүйге жайғастырды. Мұны көрген Көкбөрі «чайкуеемм» деп ыңылдап қойды. Ішімнен мырс еттім әлбетте :) Бірінші рет келіп тұр ғой. Мұның өзі үлкен жұмыс екенін қайдан білсін сабазың :)

Блог - Daniar-Alan: Қазақтелекоммен өткен үш күн: Кереку

Кереку


11.30-дарда шығамыз деген соң, қаланы сәл де болса көріп шығайық деген оймен көшеге шықтық. Астанаға қарағанда салқындау. Жаңбыр тамшылап тұрды. Біз аралап үлгерген жерлер қала шеті ғана болды. Көшелерінің бәрі орысша жазылған. Бірақ, 2-3 адамнан жөн сұрағанда қазақша жауап алдық. Қас қылғандай сол күндері музейлердің ешқайсысы істемейді екен. 2 музейді тек сыртынан суретке түсіріп кеттік. Қала адамы аз, кептелісі жоқ тыныш қала болып көрінді. Көп аралай алған жоқпыз…

Блог - Daniar-Alan: Қазақтелекоммен өткен үш күн: Кереку

Деректер өңдеу орталығы

«Святая из святых» дейтін ба еді орыстар? :) ТМД-дағы ең үлкен деректер өңдеу орталығы Керекуде 2012 жылы ашылыпты. TIER III стандарты бойынша соғылған нысанда профилактикалық жұмыстарды нысан жұмысын тоқтатпай ақ істей беруге болады. Нысан 2,5 м қабырғамен, тікенек сымдармен қоршалған. Күзеті мықты. Қызметкерлер тек арнайы рұқсатпен ғана белгілі бөлмелерге кіре алады. Тек техникалық қызметкерлер мен программашыларға ғана барлық бөлмеге кіруге рұқсат етілген. Режимдік нысан болғандықтан іште суретке түсіруге рұқсат етілмейді.
"Қазақтелекомның" республика бойынша осындай 16 дата орталығы бар екен. Ең үлкені және ауқымдысы осы Керекуде орналасқан.

Блог - Daniar-Alan: Қазақтелекоммен өткен үш күн: Кереку

«Ромат»

… бұл Қазақстандағы туберкулезге қарсы дәрі шығаратын фармацевтикалық компания аты :) Дəрі бүкіл Қазақстандағы туберкулезге қарсы ауруханаларды қамтамасыз етіп отыр. Дəрі — ПИРЭФ-4 деп аталады. Зертханаға халат, маска киіп… тіпті гаджеттерімізді стерильдеп кіргізді. Компанияда тек бұл дəрі емес, бəріміз күнделікті қолданатын аспирин, ацетилин қышқылы секілді дəрілер де жасалады екен. Айтпақшы, осы жерден 60,100 градустық таза спирттерді көрдім ;) ішіп көруге рұқсат бермеді :(

Блог - Daniar-Alan: Қазақтелекоммен өткен үш күн: Кереку

Филиалда 1500 қызметкер жұмыс істейді. 408 ауылдың 405-і телефонмен қамтамасыз етіліп, 372 ауылға интернет кабельдері барып тұр. Қалада оптикалық желімен 676 көпқабатты үй, 923 жеке үйлер, 58 заңды тұлға мен 75 оқу орталықтары қамтылған. Жыл соңына дейін Кереку, Екібастұз және Ақсу қалаларында FTTH желілері іске қосылады. Бұл дегеніміз — аталған үш қаладағы адамдар көп шоғырланатын жерлерде 37 wifi нүктесі болады деген сөз.

Блог - Daniar-Alan: Қазақтелекоммен өткен үш күн: Кереку
Қарағандыда болған кезімде де осындай id-орталықтар көргенмін. Әр қалада бар секілді ;) Бұл орталықта "Қазақтелекомның" барлық қызметтерін «көзбен көріп, қолмен ұстап» көруге болады. Пайдалануыңыз ықтимал қызметіңіздің жылдамдығын тексересіз. Бірнәрсе түсініксіз болса, үнемі жымиып жүретін менеджерлер бәрін түсіндіріп береді.
Негізгі офиста қаптап жатқан кабинеттерден бөлек, тек id-орталық қана емес, қазақ тілі кабинеті де ұнады. Шатаспасам, әр сәрсенбі, жұма күндері қазақ тілі күні. Яғни осы күндері арнайы жасақталған қазақ тілі кабинетінде оқулар жүргізіледі.
Ал ол қызметкерлерге не үшін керек?! Хехе, ең қызығы осында. Жыл сайын қызметкерлер тест тапсырып отырады. Тіл білімі белгілі бір балмен өлшенеді. Жетпейді ма? Фью :) Маған ұнағаны, қазақ тілін жалпы емес, топтарға бөліп оқытатындығы болды. Яғни, орыс немесе басқа ұлт өкілдеріне бөлек, орыстілді қазақтарға (яғни түсінетін, бірақ сөйлей алмайтындар) бөлек оқытады.

Керекуде көргеніміз осы болды :) Кешкі 7-8 дер шамасында бөлмемізге оралдық. Ал ертеңіне… ертеңіне 5.30-да ұйқыдан тұрып, Семейге бару керек еді :)
Әрі қарай

Ой мен қырды аралап, S4 кетіп барады...


Бір ай. Адам өмірі үшін аз уақыт емес. Жұмысқа тұрсаң да, универ бітірсең де, отбасын құрсаң да, бала тапсаң да, басқа бір жаққа көшіп кетсең де, артығымен жететін мерзім. Бір ай ішінде, сосын, қазақтың үш қаласын аралап шығуға болады. Аралап деген сөзге баса көңіл бөліңіз. Осыдан отыз күн бұрын SamsungRoadShow промо-турының аясында Samsung бес қаланы бетке алып, тұтынушылар техникасының жаңа өнімдерін сықырлата тиеп, салдырлатып жолға шыққан-ды. Оңтүстік Корея алыптарының бірі міне айға жуық уақыт бойы алаша-даланы кезіп жүр. Артта әсем Астана, сулы-нулы Өскемен және роуд-шоуға аузын-мұрнынан шығып, ағылып адамы келген Павлодар қалды.
Әрі қарай

e-cabak.kz онлайн журналының алғашқы жеңісі

2012 жылдың 26-27 қарашасында Кереку қаласында облыстық ішкі саясат басқармасы мен әлеуметтік волонтерлық орталығының ұйымдастыруымен Экология, туризм, кәсіпкерлік саласында Халықаралық жастарды in kaz форумы өтті. Форум аясында Экология, туризм, кәсіпкерлік саласындағы ең үздік инновациялық идеялар арасында сайыс болды. Халықаралық жастарды in kaz форумына алыс жақын шет елденде қонақтар қатысты Ресейден Германиядан сондай-ақ Астана, Семей, Қарағандыдан озық ойлы біраз жастардың 300 – ден астам жобасы негізінде басын біріктірген екен.

Айтайын дегенім сол сайысқа менде өз жобамды ұсындым. Ол жоба өткендегі бір жазбамда сіздердің назарларыңызға ұсынылған Ұстаздарға арналған онлайн журнал болатын. Нәтижесі жаман емес. Тимур ағаның ІТ-тірлігінің артынан ілесе шығарған e-cabak.kz ұстаздарға арналған әдістемелік онлайн журналымды ұсындым. Сайыс сырттай (заочна) өтті.
Әрі қарай