Елордада кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтіндер саны артты
ҚР Ұлттық банктің мәлімтіне сәйкес, 2018 жылдың қаңтар-қазан айларында Астана қаласының экономикасына 662 972 млн. теңге несие берілді, оның ішінде шағын кәсіпкерлік нысандары 105 293 млн теңгеге несиелендірілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің сайты.
«2018 жылдың екі тоқсанында шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтіндердің саны 335 832-ні құрады, ол 2017 жылдың баламалы кезеңімен салыстырғанда 6% артық», — делінген Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының ақпаратында.
Бұған қоса, елордада ШОК нысандарымен тауар шығару көлемі (жұмыс, қызмет көрсету) артып, биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында 2 167 715 млн теңгеге жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 24,9 % артық. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен 2018 жылдың қаңтар-маусым айларында жасаған ЖӨӨ-дегі жалпы қосылған құнының үлесі 58,5% құрап, 2017 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 11,0 %-ға артқан.

Алғашқысы
Келесі жоба «Лұғат.kz» қазақ тілінің сөздіктер кешені. Айбек Өжкен деген жігіттің бастамасымен ашылған, сайт. Бұл жерде ағылышын-қазақ, орыс-қазақ, түсіндірме сөздік, орфаграфиялық сөздік, аймақтық сөздік тәрізді бірнеше сөздіктер жүйесі ашылған. Өзіңізге қажетті сөздің аудармасын не болмаса түсіндірмесін осы сайттан таба аласыздар.

Ел Үкіметі орта және шағын кәсіпкерлікті барынша дамытуға ден қойғалы бері — қолы мен тілінің икемі бар, бойында қажырлы қайраты мен еңбекқорлық қасиеті бар, ақылы жетік, жаңалықты меңгеру мен игеруден талмаған, кәсіптің тілін түсіне білген біраз азаматтардың тасы өрге домаланып келеді.