Kerekinfo.kz блог-платформасының жұмысы аяқталды

17 жылдық КерекИнфо серуенінің соңына жеткен сияқтымыз, достар. 2003 жылдан бері 2 ұрпақ өткен осы бір қызық кезеңнің де әлбетте соңы бар. Сол күн бүгін болар?

2003 жылы форум ретінде бастадық, кейін қазіргі блог-платформа форматына өтіп, екінші деміміз ашылды. Осы уақыт аралығында үлкен бір нетворк жасалды, жаңа таныстықтар, достықтар құрылды, тіпті бір бірін тауып үйленгендер болды. Одан бөлек қазақ интернетінде бір стиль қалыптастырдық, медиа сауаттылық артты, пост пен комент жазу мәдениетін үйрендік, түрлі іс-шаралар өткіздік. Жалпы қазақ интернетінде бір із тастағанымыз анық деп ойлаймын. Сол жылдардың медиа мектебі болған да шығар Керекинфо?

Түрлі қиындықтар да болды. Домен және хостингке ақша төлей алмаған кездерім болды, ондай кезде қолданушылардың өздері көмектескенін ұмытпаймын. Жұмыссыз кезімде онлайн болуым үшін интернет картама ақша салған достар да бар. Сайт бір жылдары жабылып қалған кезде доменін алып қойып, ешкімге бермей сақтап отырған да досым бар. Моралды және материалды барлық қолдауларыңды сездім, достар. Бұл сайтты үнемі бірге алып жүрдік, бірге көтердік. Талай идеяларды да бірге жүзеге асырдық. Оффлайнда түрлі кездесулер өткіздік, Блог-Құрылтай, Интернет форум сияқты іс-шаралардың өтуіне мұрындық болдық, интеллектуал ойындар да өткіздік. Достық шеңберіміз өте кең болды. Қай қалаға барсақ та құшақ жайып қарсы алатын досымыз бар екенін білетінбіз. Арамыздан қаншама медиа-тұлға шықты? КерекИнфо сол жағынан мықты бір ысылу мектебі және тәжірибе алаңы болды.

Әлбетте түрлі кикілжің, келіспеушілік, түсініспеушіліктер де болды. Бір отбасы болғасын, ондай нәрселер де болады әрине. Бірақ достық қарым-қатынас ешқашан үзілген емес, КерекИнфодағы белсенділік төмендеген кезеңде де. Бұл солай жалғаса беретініне сенімдімін.

Басында форум, кейін блог-платформа болдық. Яғни заманның трендіне еріп отырдық. Кейін әлеуметтік желі қарқын ала бастаған кезде блоггинг белсенділігі де бәсеңдей бастады. Ал соңғы 4-5 жылда тіпті басылды. Блоггинг бітті бізде. Блогосфера қалмады. Блогер деп басқа адамдар атала бастады.

Қазіргі КерекИнфо да блоггингтен гөрі жаңалықтар сайтына айналып кеткенін өкінішпен мойындаймын. Жаңалықтар мен есеп посттар сайтына айналды. Сондықтан осы жерден тоқтағанымыз жөн деп шештім. Бұдан әрі өзім де, өзге де былғамасын. Керекинфо блоггинг мұрағаты ретінде қала береді. Қалаған уақытыңызда бұрынғы жазбаларды іздеп таба аласыз. Тек жаңа жазбалар жазылмайтын болады. Бір өтінерім: бұрынғы посттарыңызды өшірмесеңіздер екен, әр посттың өзі тарих, әр қайсысының асты толған пікір. Сол сиқырды жоймайық. Кейде сағынышпен келіп, оқып кететін боламыз.

Барлық керекші қауымға алғыс айтамын. Біз бірге көтердік осы сайтты. Бәріміз осы тарихтың бөлшегіміз. Рахмет бәріңізге!

Зор құрметпен, админдерің Аршат Ораз

КерекИнфо «Шынайы өмір» аталымы бойынша үздік!

Блог - asaubota: КерекИнфо «Шынайы өмір» аталымы бойынша үздік!

Назарбаев орталығында ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Қорының сыйлығына Үздік қазақтілді интернет сайт байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Байқау осы жылы үшінші рет өткізіліп отыр. Байқауды ұйымдастырушылар ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры және Мемлекеттік тілді дамыту қоры.

Марапаттау рәсіміне ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Қорының атқарушы директорының орынбасары Сұлтан АЙТЖАНОВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек СМАҒҰЛ, «ҚазИнформ» халықаралық агенттігі бас директорының кеңесшісі Махат САДЫҚ, Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат ШАУЕЕВ, сонымен қатар қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың және БАҚ-ның өкілдері қатысты.

Байқау мақсаты – интернет жүйесіндегі үздік қазақтілді ресурстарды анықтау мен насихаттау және интернет ресурстардың саны мен сапасын жақсартуға үлес қосып жүрген отандық қазақтілді сайттарды қолдау.

Байқауға ғаламтор кеңістігіндегі тәжірибесі кемінде бір жылды құрайтын, қазақ тілінде ақпарат тарататын үкіметтік емес, тәуелсіз қоғамдық сайттар қатысты. Қазылар алқасы сайттарды мазмұны, қызмет бағыты, интерактивтілігі, қазақ тілі мен ұлттық құндылықтардың дәріптелуі, патриоттық тақырыптардың үздіксіз көтерілуі, көркемдік жағы, идея ерекшелігі, тартымдылығы секілді талаптар бойынша саралады.

Байқауға республиканың әр түрлі аймақтарынан 33 өтінім түсті. «Өткір тіл» — аталымы бойынша zheruiyq.kz порталы, «Рухани азық» – аталымы бойынша qamshy.kz порталы, «Терең ізденіс» — аталымы бойынша 247media.kz сайты, «Шынайы өмір» – аталымы бойынша kerekinfo.kz сайты, «Спорт тынысы» — аталымы бойынша ulttyqsport.kz және alzhan.kz сайттары, «Білім бұлағы» — аталымы бойынша kaz-tili.kz және qaztest.kz сайтттары, «Жастар әлемі» — аталымы бойынша zhasatyrau.kz порталы, «Ойын- сауық» — аталымы бойынша baribar.kz жеңімпаз болып танылды.
Әрі қарай

Складчик

Интернетте көптеген курстар, тренингтер мен вебинарлар бар. Алайда олардың барлығы тегін емес, құнды ақпарат ақылы болады. Оған қоса көбі бір адам үшін қымбат болып келеді.
Осындай қолданушылар үшін skladchik.com деген сайт қызмет етеді. Бұл сайтта қолданушылар ақылы «ақпараттық тауарларды» бірігіп сатып алуға мүмкіндігі бар. «Ақылы тауарларға» түрлі курстар мен тренингтер, вебинарлар, кітаптар, олардың аудармалары, шаблондар, спорттық болжамдар, ақылы сайттарға кіру және тағы басқалары кіреді.
Ең алдымен өздеріңізге қызықты складчиналарды іздеп қараңыз. Қызық болса, тіркелу ашық.
Тіркелер алдында сайт ережелерімен мұқият танысып алыңыз. Сайт ережелерін бұзу мәңгі банға алып келеді. Бірнеше рет тіркелуге рұқсат берілмейді.
Сұрақтар болса осы тақырыпта қоя беріңіз.
Әрі қарай

Білгірлер бәйгесі. "Керекинфо" командасының барлық ойыны және бірер сын

Өздеріңіз білетіндей /білмесеңіз осы посттан біліңіз/, бір топ блогер қауым "Қазақстан" ұлттық арнасының эфирінен берілетін «Білгірлер бәйгесі» атты зияткерлік сайыстың 2016 жылғы маусымына қатысты.
Жалпы, ойын дәрежеміз жаман болған жоқ: 32 команданың ішінде біз жартылай финалға дейін жетіп, 3-4 орынға тұрақтадық.
Ойындар қызық, дегенмен біртекті емес. Мысалы, естеліктерден: түсірілімдердің бірі қарсылас команданың қиғылық салуымен, айғай-шумен өтті. Ал соңғы ойынымызда Алмас Алтайдың тойы қабаттасып, Маралбек ұшып кетті, сол жартылай финалды ойнай сала артынан мен де асығыс ұштым Ақтауға. Бірақ жеңілісіміз соған байланысты деп тұрғам жоқ.

Қазақ телевизиясына интеллектуал жобалар қажет-ақ. Ол факт. Дегенмен, сапалы дүние — жоқтың қасы.
Біз қатысқан бұл сайыстағы сұрақтардың біразы — «ХХ ғасыр көшбасшысы» кезіндегі жұрнақтан қалған сауалдар сияқты. Дәл қазір 27 жасымда мен 16-ымда айтып кеткен «Функцияның экстремумдары» немесе "Қабысу, матасу, жанасу" секілді тіл элементтері туралы жауаптар бергім келмейді. Дегенмен, иә, бұндай сауалдардың болу/болмау мәселесі — талқыланатын, дауласуға тұратын, дәлелдеуді талап ететін сұрақ. Яки, бір жақты емес, әрине.

Сауалдардың және жауаптардың формулировкасы кейде сәл қисынсыз. Соңғы турда кейде не сұрап отырғанын, қандай стильде жауап беру керегін ұғыну да қиын. Бізде жауап іздеуде тым терең қазу мәселесі кездесті. Тым.

Жобаны ең басты екі кемшілігі бар.

1) Жылдамдыққа иек арту — оңай сұрақтарды, мәселен, кімнің қолы шапшаң, сол ала бермек. Біз ҚазҰУ-мен алғашқы ойынымызда сөйтіп жеңдік. Бұл — дұрыс емес, кейбір командалар сол әлеуеті ашылмаған күйі жобадан шығып кеткен шығар.

2) Сұрақтар бөлінісінде бағалау — бұрыс. Ойындардың бірінде, 2-турға, түркілердің «Бөрі» таңбасы туралы сауал келді. Бұрын бастық та жауап бердік. Сол үшін 50 (!) ұпай берді. Ал шартты түрде Рио де ла Плата өзені жайлы сұраққа 5-10 ұпай. Бөрі айуаны түркілердің белгісі екенін білу неге арнасы ең жалпақ өзенді білуден 5-10 есе артық бағаланбақ?

Одан бөлек, өзіндік себептермен біз жоба жеңімпазының адалдығына («Болашақ» командасы) жалпы күмән келтірдік және ұйымдастырушылардың немқұрайлылық ситуациясына іш тартпадық. Жеке өзім жүргізушіге де көңілім толмайды.

Жобаның алғашқы жүлдегерлерін қайдам, өзіміз олардың эфирін жасап бергеннен басқа марапатқа ие болғанымыз жоқ. Жақсы, мен аздап эгомды қасып алдым. Бірақ ұйымдастырушылар қаражатты қалай жұмсағаны қызық.

Жалпы, осы не осындай жоба бір қатар түзетулер мен өзгерістермен эфирде үнемі болғаны жөн деп ойлаймын. IQ-і салмағынан аспайтын бұл қоғам мүшелерін дамытудың бір жолы ТВ-жобалар екеніне кәміл сенемін.

p.s. Өзіміз тек сынай бермей, бір толық серия (оннан аса ойын) жүргізілген «Керекринг» жобасының негізінде іріктелген командалармен жаңа жобаны бірер орындарға ұсынып көргенбіз. Сұрақтар — терең зияткерлік деңгейде (ресейлік «Что? Где? Когда?» бағдарламасының шамасындағы сауалдар), жоғарыда аталған кемшіліктер жоқ. Соған орай кей тв-мамандардың «Шоу-бизнес, әншілер қатыса ма?» деген сыңайдағы сұрақтар болғаны күмілжітті. Әзірге, деңгейміз сол.
Мүмкін, ол жоба да өз уақыты мен арнасын күтіп жатқан шығар.
Бірінші іріктеу кезеңі:

Екінші іріктеу кезеңі:

1/4 финал:

1/2 финал:
Әрі қарай

Сәлем КерекИнфо әлем

Сәлеметсіздерме! Қалдарыңыз қалай? Мен де енді осындамын! Дос болайық, танысып, білісіп отырайық. Енді кіргендіктен ба көп нәрсені түсінбей отырмын,өз білетін дүниелеріңізбен бөлісе отырсаңыздар. Алдын ала рақмет.
Әрі қарай

КерекИнфоның ЕҢдері

Блог - asaubota: КерекИнфоның ЕҢдері

Блог-платформа ретінде қызмет етіп келе жатқанына 5 жылдай болып қалған КерекИнфоның ЕҢ-ЕҢ посттарының статистикасын қарап көрейік.

ЕҢ көп оқылған посттар:
  1. Секс туралы қызық фактілер — 165030 рет оқылды
  2. Әйелдер және секс туралы айтылғандар — 154824 рет оқылды
  3. Эротикалық жұлдызнама — 95633 рет оқылды
Әрі қарай

Қайта қауышу!!

Адастым, демей-ақ қояйын, бірақ, ғаламторды әрі шарлап, бері шарлап, ұзақ үзілістен кейін, үйірлеріңе қайта келіп отырмын, қосу-қоспау өз еріктеріңіз.
Әрі қарай

#ББББ. Бөрібай Бекарыс: "Бәріне кінәлі..."

Төрт күн өткен екен. Иә, осыдан төрт күн бұрын Асқар Базарбай (Gastarbaiter ) Блогиаданың миллионын жеңіп алған болатын. Сегіз айға созылған сайысты әлде де соза бермей-ақ, көзіңіздің майын тауысатын сұхбатты назарыңызға ұсынамын. Жо-жоқ, Елбасымен сұхбаттасқам жоқ. Журналистерің шәй ішіп қайтты ғой. Мен біреу білсе екеуі білмейтін, үшеуі күдіктеніп сенбейтін, төртіншісі мән бермейтін атақты Бөрібай Бекарыспен шәй ішпей-ақ сұхбаттасқан едім.

Оcылай екен...: #ББББ. Бөрібай Бекарыс: Бәріне кінәлі...
Таныдыңыз ба? Блогиада тарихында жазбаларға алғаш шолу жасаған Бөрібай Бекарысымыз (Boribay_Bekarys ) — өзіміздің Мерей Ермұханов (MERmukhanov ).
— Мерей, негізі қай жақтансыз? Қайда жұмыс істейсіз/оқисыз?

— Күн қайырлы болғай! Адамдар да. Сұхбат жасайтындай тау қопарып, тас қазған жоқпыз. Әншейінде понторез басым біртүрлі именіп отырмын. Енді Керектегі біраз қауым біледі, сонда да саған таныстық қылайын. Менен гөрі Бөрібай деген азаматты жақсырақ білесің ғой деймін. Ақтөбенің Ойыл деген кентіненмін. Ол жақтан шоқтығы биік Шернияз жырау мен тарыдан рекорд жасаған Шығанақ шал шыққан. Иә, сосын осы сайттың әкімшісі, Қазнеттің тіректерінің бірі Аршат Ораз (asaubota ) деген біреу де сол елдікі.

Иә, мен Ойылдан он жасымнан кетіп, қалада оқығам, интернатта тұрғам. Демалыс сайын Аршаттың мамасы не қарындастары алып кетуші еді, сол үйде жиі болатынмын. Ол кезде ол Түркияда оқуда болатын. Не дейін, ол мені бөле дейді, мен оны бөле деймін, ақиқат осы екеуінің бірінде шығар. Жұмысым қоғамдық салада, партиялардың бірінде (бірінде деп қоям, ә!) жастар бағытының аналитигімін. Жұмыс атмосферасы, ритмі мен реті өзіме ұнайды. Сондықтан айырып жатқан жалақым жоқ, оған қарап жүргем жоқ. Оқу оқып болдым, бәрін тауыспасам да, екі магистрлік дипломым, шетелдік тағыламдамам бар. Негізгі мамандығым – Мемлекеттік жергілікті басқару. Бірақ мемлекеттік қызметте осы кезеңде қызмет жасауға құлқым жоқ.
Оcылай екен...: #ББББ. Бөрібай Бекарыс: Бәріне кінәлі...
— Керекинфоға қалай келдіңіз?

— Қарасам, Керекинфоға тіркелуім 2011 жылы екен. Сол бірнеше минуттан кейін екі жылға ұмытып кеткендеймін. 2013 жылы еске түсіп, алғашқы постым – Парижді нәжіске былғауға бағытталған фотореп болды. Былай жақсы қабылданды. Шамасы, Аршат ескертсе керек, "Өлеңдерің болса да, жариялауға болады" деген тіркес есімде қалыпты.
— Блогиада жайлы не айтасыз? Блогиадааралық сайыстағы жеңісіңіз туралы да айта кетсеңіз.

Блогиада жайлы тек жағымды пікір айтамын. Жағымсызы болса, оны да айтар қатысушы көп қой. Қазнет үшін теңдессіз жоба, тамаша посттар сыйлаған бастама. Азаматхан Әміртай – красавчик! Жоба менеджерлері де. Шама-шарқымша оқып жүрдім. Әсіресе, Керектегілерді. Блогиада үздігі – Асқар, шынымен, ең мықты блогер болуы мүмкін. Бірақ принципиалды түрде бұл жоба ең талантты не ең креативті, ең шебер блогерді анықтамайды. Ең үздік блогерді анықтайды делік, бірақ ол көптегеееееен элементтерден тұрады. Тұрақтылық. Апта сайын жаңадан туған баладай, «зықыны алды» демей, жаңғыра пост жазу, анда-мында жүру ептілігі, жеткізу шешендігі, жалпы, аққан тер мен адымдаған жермен өлшенетін ауыр еңбек. Мен өзім мұндайға төзе алмас ем, сол үшін қатысушыларға ризамын.

Блогиадааралық сайыс жайлы несін айтайын, еркін тақырып, еркін формат. Ортаға тиын тіктік, жарыстық. Сол кез бір он шақты күн еңбек демалысым еді. Ақтөбеде жүріп қоғамдағы тізесі шыққан мәселелердің бірі – жезөкшелікке келу жайлы қыңыр тілмен жазба әзірледім. Оларды аралауға тура келген жоқ, қиялыма сүйендім. Жеңуге ниет болды, Сатыбалдыдан (satibaldi ) қорықтым. Бірақ ол аса байсалдылық танытпады ма, еріккен жазба жазды да, жеңіп кете салдық қой. Иә, Асқар Базарбай мен Өркен Кенжебек 10 балл берді. Назгүлдің (dark_nazgul ) баллын айтпаймын.
— Блогиадада Бөрібай Бекарыс боп шолу жасадыңыз. Шолу жасау идеясы қалай пайда болды?

— Мен? Алмас Көзілдірік (kozildirik ) не Нұрберген Мақым (nurbergen_makym ) емес пе не? Әлде Асқардың өзі ме? Хехе, бәріне кінәлі Асқар Базарбай. Менде жалпы өзімнің блогер екеніме күмән бар, мотивация атымен аз. Енді жаңа/дұрыс анықтама бойынша, блогым бар болғасын блогер шығармын. Бірақ оны жүргізуге былай да ниет ат төбеліндей. Оның үстіне Блогиада блогерлерінің сайыстық посттары одан сайын құртып жіберді. Асқар үшінші кезеңде хабарласып, ұсыныс жасады. Базынасын айтты, әмір етті, қалай болғанда да «Жазуың керек!» деді. Шамасы, блогиадааралық сайыстан бір мүләйімсіген ұшқын байқаған шығар.
Оcылай екен...: #ББББ. Бөрібай Бекарыс: Бәріне кінәлі...
— Бөрібай боп жүргенде қандай қиындықтар болды?

— Фейсбук желісіндегі Бөрібай бұрыннан болатын, ол менің пошталарымның біріне жалғаулы еді. Аты-жөнін өзгертпей-ақ, осы атпен блог ашып, бастап кеттік қой. Турнирлік мотивация емес, аса бір қиналыссыз, қалай қарай бұрғым келді, солай жаздым. Бір турда Асқарға қарсы қуаттап, айдап-айдап салдым. Ал ол өзі менің кім екенімді біледі ғой. Тағы бір турда өзімнің Асқар екенімді ашып жаздым. Жалпы, қызық көп болды. Жұмыс бабымен Қытайға екі аптаға кеткен кезімде қиындау болды. Жұмыс жасап/қыдырып жүрген адамда аса қатты жай да, стимул да бола бермейді екен. Сол жазбамды үйтіп-бүйтіп жазып шықтым. Аса бір маңызсыз, келеке етіп, тілді орынды-орынсыз ойнатып… Жалпы, мағынасы дұрыс, бірақ «Рейтингтерге рейд» атты жазбамды қарасаңыз, өзіңіз де біртүрлі екенін байқайсыз.

Ең қызығы, Қытайда фейсбук бұғауланған, ал маған әлеуметтік желіге де сілтеме тастау керек дегендей. Оны да сол жақтан бұзып кіріп, бірдеңе қылдық қой. Бір-екі адам сол кезде біліп қойды деп ойлаймын. Мысалы, Әйгерім Тоқсанбек қарындасым. Бәлки, геопозиция айқындалған шығар. Жалпы, өзім үшін де шолу жасау процесі эксперименттерге толы болды. Бәрі де жеуге жарамды болғанымен, бір турда артығымен фонетиканы ойнатып, бір турда лексикамен, бір турда сырт факттер мен тым ақылгөй ілімдер қосып… Алқаштың қаламында бұл қайдан жүр дейсіз, ә?!
— Алғашқы фурордан кейін қандай күйді кештіңіз?

— Хех, фурор артық айтылған сөз. Априори беймәлім біреу тәуір жазба жазса, фурор сияқты қабылданады. Егер мұны Мерей Ермұханов жазғанда қалыпты қабылданар еді. Сондықтан фейкпен жазғаныма қуанамын, жалпы құныңды да білесің, шын бағаңды да естисің. Әйтпесе, біреу жақсы көріп, ренжітпейін деп мақтай салар еді. Біреу араз болып, даттап кетер еді. Жалпы, ешқандай фурор болған жоқ және күй кешпедім. Жұмыси атмосфера болды, көрерменге ұнады. Болды, сол ғана.
Оcылай екен...: #ББББ. Бөрібай Бекарыс: Бәріне кінәлі...
— Бөрібай болғаныңызда идея жағынан, жалпы, шолуыңызға кеңес айтып, көмектескендер болды ма?

— Асқар ең басында жалпы бағыт, кеңес айтқан шығар. Кейін оған араласуға болмайды ғой, ол – қатысушы, мен – сарапшы, объективтілік… Басқа ниеттілерден сен ғой, танымасаң да, суреттер жасаған.
— Псевдонимді неге Бөрібай Бекарыс деп таңдадыңыз?

— Дайын материал болатын. Оны ертеректе бір шаруаға керек болар деп, жұмыс бабымен ашып едім, ол одан керек болмай қалды. Сосын дәл сол атпен Керекке бара қойдым. Кіші жүзге де, Асқардың ұлына да, Көкбөрі (kokbori ) не Кеулімжайға (AKY ) да қатысы жоқ.
— Шолуды неге бірінші кезеңнен бастамадыңыз?

— Зорығып өлсін дейсің бе? Блогиада басталғанда шолушы болу ойымда болған да жоқ. Бұйырған уақытында кірістік қой. Миттельшпильде. Жалпы, бірінші турға кіріспес бұрын бұған дейінгі жазбаларды оқыдым. Сол себепті Нұрбергеннің идеясыздығын да, Жандос шығып кеткеннен кейін ол жайлы да бірнеше жерде жаздым-ау деймін. Соңғы тур кезінде де шолып шықтым.
— Шолулар жасаудағы шеберлігіңіздің себебі неде?

— Шеберлігіміздің сыры – сенің суреттеріңде. Уахахаха! Шеберлік деп қомпитпайық. Жаза алу қабілетім бұрыннан бар, ана тілімді жақсы көрем, өлең жазам. Былай шала шабыт, пайдаланылмаған әлеует, немқұрайлы көзқарас. Жалпы, тіл – жақсы көре отырып, пайдаланып кеткенге ренжімейтін жалғыз субъект. Аяусыз эксплуатация үшін ешкім айыптамайды.
— Әр жазбагерді жақсы танитыныңыз байқалды, блогосфераға қашаннан қызығып жүрсіз?

— Блогосфераға қызыққанда… Мен білмеймін, блогым бар әйтеуір, болды. Блогерлермен жеке таныстығымыз бар, сондықтан блогосфераға да сіңе бастайтын шығарсың. Біреуге туыс боп жаралдық, біреуге құрдас боп, біреулермен Домбыра патиде білістік дегендей. Сонсоң әлеуметтік желіден ғой, әрине. Жеке таныстық, біліктерді сирек пайдаландым, әрине. Максималды объективті болуға тырыстым. Себебі кей қатысушыларға көмек қолын созып, ол жазбалар қалай туғанын да білетінмін. Адами қатынасымыз да объективтілігіме әсер етпеді деп санаймын. Әртүрлі көңіл-күй, қатынас болған кездер де болды. Бірақ Бөрібай – қатаң, құрғақ, мүлдем бөтен адам. Мен, жалпы, Бөрібаймен 100 пайыз келісем дей алмаймын, 95 пайыз шығар.
— Келесі Блогиадаға қатысасыз ба? Тағы да шолулар бола ма?

— Келесі жылы болса, қатыспаймын, шолу да жасамайтыным түсінікті. Бірақ жанашыр болып, оқырмандық танытам. Апта сайын тапсырмамен блог жазу – менің жолым емес. Миллион – тамаша мотивация, әрине. Бірақ мен Асқардан гөрі Нұрберген, Димаштардың (qisyq ) сортынанмын. Шеберлік жөнінен болмасам да, жарты жолда тастап кететінім анық. Шолу жасауға Перібай Жанарыс деген біреу шығатын шығар мүмкін.
— Блогиаданың бір турына сыйлық тіккен екенсіз. Сол жайында не айтасыз?

— Ол кезде турға ұсақ сыйлық тіге беретін. Мысалы, бірлік секілді. Кейін бұл дәстүр жоғалды. Мен бала тақырыбына орай Хэппилон орталығына карталар тіктім. Сол турды осы блогиаданың үш жүлдегері жеңіп алғаны есімде. 10 ұпайдан алған Асқар мен Әйгерім болатын. Әйгерімді бірінші орынға қойдым, оған 3 карта бұйырды. Одан кейін не көбірек қаржылы, не ешқандай деген сыйлықтар болуы тиіс боп кетті-ау деймін.
— Бөрібай болған кезіңізде жұрт қанша уақыт ішінде Мерей екеніңізді білді?

— Асқар – бастамашы, Админ тіркелген сәтімнен, Базука (bazuka ) көп ұзамай фейсбуктан біліп қойды. Одан өзге ешкім айқын білген жоқ осы күнге дейін.
— Қандай кітаптар оқисыз? Сүйікті авторларыңыз?

— Бұйырған кітап оқимын, қазір оқымаймын. Поэзия оқуға зауқым жоқ, өзім жазып қалсам, оқыса деймін бірақ, ә?! Шетел әдебиетін көбірек оқимын, бала күнде қазақ әдебиетін оқығам. Сүйікт автор – Сатыбалды Кербабаев десем, қалай болады? Хаха, Бернард Шоуды әзіл сезімі үшін һәм Исламға көзқарасы үшін жақсы көрем. Ремарк, Хаггард, Хемингуэй, Конан Дойл боп қалады. Твен – еркек! Төлен Әбдік – қызық. Иә, Қадыр Мырза Әлі балалығымның кумиріне жақын. Қазір арнайы оқуға мүмкіндік жоқ, болса да, өзімнің ақымақтығымнан оқымайтынымды тағы мәлімдеймін.
— Сүйікті киноңыз қандай?

«Властелин колецтер», «Хоббиттер» жақсы ғой. «Вокруг света за 80 дней» ұнайтын. «Столкновение» деген 2004 жылғы Оскар иегерін қарадыңыз ба? Қазақтардан… «Менің атым Қожа» дер ем, бірақ «Подарок Сталину» деп шештім. Шын болған оқиға негізіндегілерді құштарлықпен қараймын.
Оcылай екен...: #ББББ. Бөрібай Бекарыс: Бәріне кінәлі...
— Осы жыл сіз үшін қалай өтті? Жылқы жылы несімен есте қалады?

— Шүкірлік қылатын жыл. Жұмысымнан да, іс-шаралардан да ләззат алған жыл. Ағам үйленіп, жол ашылған жыл. Шетелдерге іссапарға барған жыл. Қызығы да, шыжығы да көп жыл. Бөрібай Бекарыс Мерей Ермұхановтың блогын өлтіріп тастаған жыл. Қалай ойлайсыз, оның рейтингінің менен артып, "Құрметті қолданушы" болуы қаншалықты релевантты?!
— Келер жылға қандай жоспарларыңыз бар? Керекинфо жамағатына тілегіңіз болса...

— Жоспарым бірнеше бағытта. Біреуі – анда-санда блог жазып тұру, баяғыдай. Қалғандарын айтпаймын. Керектіктерге денсаулық тілеймін, қалғанын өздері жасап алады. Отбасына амандық және пәтер тілеймін. Алла жар болсын!

— Сұхбатыңызға рақмет! Жаңа жыл құтты болсын!

Идея авторы — Асқар Базарбай, фото авторы — Исабек Жұбаныш (Ispek92 ), сұхбаттасқан — Мен.

Оcылай екен...: #ББББ. Бөрібай Бекарыс: Бәріне кінәлі...
Әрі қарай

Балалық шаққа хат

Блог - VKM: Балалық шаққа хат
Балалық шағымнан қалған бір сурет.Жаз. Таңертең.Күн бұлттардың арасынан жерге күлімдеп қарап тұрған сияқты.Кіп-кішкене қыз,әппақ көйлегі мен қызыл тәпішкесін киіп алып,үлкен үйден шығып, ауладағы барлық жануарлармен амандасып болған соң,үлкен ас үйге кіреді. Дастархан басында атам, апам, Мінар апам әңгімелесіп, шай ішіп отырады. Үлкендер ол кіргенде абыр-дабыр болып қалады. Айналадағы барлық адам оны жақсы көреді…
Мен көшедегі балаларды да, тіпті өзімнің папам мен мамады да керек етпей, атама еріп жүре беретінмін. Қазір де атам есіме түссе, бірден жылағым келіп кетеді, себебі атам екеуміздің жанымыз бір болатын.Кейін, біз Өскеменге көшіп кеткенде мен ауырып қалсам, атам сол күні телефон соғатын, Мәкөтайым қалай деп. Атам қайтыс болғанда,7 жаста болсам да, атаң емделуге Алматыға кетті деп айтпай қойған.Эх, атам…
Бала болып ойнағаным есімде жоқ, Лида, Лиза деген егіз немістің қыздарымен ойнайтынмын, болды. 5 жасымнан биге барғанда-менің ойыншықпен ойнаған балалығым бітті, Барбиларды,қонжықтарды, пазлдарды, леголарды ойыншық салатын коробкаға салып, жауып тастадым. Себебі мен өзіме ертегілер әлемін аштым.Басында мамам айтып беретін, сосын видеоларын көретінмін, кейін оқып үйренген кезде, мен үшін ең үлкен «кайф» ертегі оқу болатын. Өзімді сол кейіпкерлердің орнына қойып, керемет принцке күйеуге шығып,ұзақ, бақытты өмір сүріп жүретінмін))
Осы жерде кейбір керекшілердің балалық шақтары туралы жазғандарын оқып,қызығамын. Мен олар сияқты алысып-жұлысып,үйге келмей, не кір-кір болғанша ойнамағанмын. Менің балалық шағым «тыныш» өтті. Көбіне үйден шықпайтынмын,өз әлемімде ,өз қиялдарыммен болатынмын.6 күн биге барып көр, жалғыз демалыс күні үйден шығуға түк те зауқым болмайтын.Сондықтан шығар, мені жақын көршілерден басқа, ешкім танымайтын. Керісінше сіңлім Айдананы, бүкіл Қазақстан көшесі танитын.Мамам оны жоғалтып алып,іздесе, жолыққан адамның бәрі «ол жаңа анда кетті,5 минут бұрын мұнда көрдік» деп, барлық жүрген траекториясын сызып беретін.
Қалай болса да, балалық шаң-ең бақытты шақ. Егер уақыт машинасы болып: «Кері қайтасың ба?»десе қайтпас едім, себебі алда одан да артық шақтар күтіп тұр. Тек ғана алға)
Әрі қарай

«Бешбармақ» Роза Рымбаеваның бейнебаяны емес

Блог - rakisheva: «Бешбармақ» Роза Рымбаеваның бейнебаяны емес
Астанада қала күнін мерекелеу аясында өтетін композитор, әнұран авторы, «Қазақ вальсінің патшасы» атанған Шәмші Қалдаяқовты еске алуға арналған «Әнім сен едің» концертінің баспасөз мәслихатына қатысқан Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева «Бешбармақ» оның бейнебаяны емес екендігін айтты.

Негізі баспасөз мәслихаты басталғалы жатқанда ұйымдастырушылар журналистерге оған желіге шыққан соңғы бейнебаянға қатысты сұрақтар қоюға тиым салды.

Алайда жарты сағаттай уақыт өткеннен соң, 7 арнаның батыл журналисі, әлде шыдай алмай кетті ме екен негізі сол сұрақты бәрі қойғысы келіп отырған «Роза Қуанышқызы, мен сіздің атауы дәмді бейнебаяныңызға қатысты сұрақ...» дей бергені сол еді Роза Рымбаева өзі-ақ "«Бешбармақты» менің бейнебаяным деп ойламаңыздар" деп ағынан жарылды.

Бұл рэпті жазу Александр Шумскийдің идеясы болғандығын айтқан Роза Қуанышқызы:
— Александр бұл рэп арқылы түрлі ұлт өкілдері бірігіп біздің ұлттық тағамымыз бешбармақты әндеріне қосып, мақтап жатқандығын көрсеткісі келді. Сәйкесінше рэпте танымал қазақ дауысы керек болған. Сол кезде ол маған «Роза Қуанышқызы сіз өз ұлтыңыздың өкілі ретінде осы сөздерді айта аласыз ба?» деген ұсыныс білдірді, мен егер біз бешбармақты әнге қосатын болсақ әрине, неге айтпасқа деп келістім. Маған «Қазы-қарта, жая» деген сөздерді ғана берді. Мен қуанышпен айтып шықтым, жанымда ұлым мен өзге ұлттың сүп-сүйкімді жас жігіттері рэптерін орындап, билерін билеп тұрды. Біздің бұл ән Америкалық деңгейде шықты. Меніңше кез-келген америкалық біздің «Бешбармаққа» қызығушылықпен қарайды. Өзім бұл жанрда ән айтатын адам емеспін. Менің әндерім ол өзіміздің Шәмші, Сейдолла, Нұрғиса, Талғат Сарыбаев ағаларымның әндері, — деді.

Ал «Бешбармақ» бейнебаянына қатысты айтылып жатқан сынға ол:
— Оны түсінетін адам бар, түсінбейтін адам бар. Рэп біздің ұлттық музыкамызға қатты жақын емес қой. Сондықтан оған дұрыс қарайтындар да, қарсылар да өз ойларын білдіруде. Бұл клиптің мағынасы орындаушының бешбармаққа деген құрметін көрсету. Ол жерде жалғыз мен тұрған жоқпын, қаншама ұлттың балалары тұр. Бір жағында орыс, бір жағында неміс, әзірбайжан, Шумскийдің өзі поляк. Бейнебаянда барлығы сол біздің бешбармағымызды сүйсініп тұрып жеуде. Ол бір жағынан насихат. Қазақстанда бешбармақ дегенде оны құрметтемейтін халық жоқ. Сондықтан бұл заманауи рэп. Ол менің бейнебаянм деп ойламаңыздар. Егер мен бейнебаян түсіретін болсам тек әнмен жасаймын, ең соңғы бейнебаянм «Өткен күндер»», — деп атап өтті.
Әрі қарай

Мәзір: "Қуырдақ"

Сәлем бердік, достар! Керектің асханасына келмегелі біраз болыпты. Бүгін бұл "қателікті" түзеп жіберейін. Қуырдақтың мәзірімен таныстырмақ ниеттемін. Жалпы, мәзірдің құрамы мен дайындалуы көпшілікке таныс. Қосымша ақпарат артық болмас. Бастайық!
Әрі қарай

Қызыл бояулы асығым

Блог - rakisheva: Қызыл бояулы асығым
Бүгін Асық Party-дің үшінші аптасы басталды. «Асық Party» кубогы екінші рет ойналды. Бірінші кубокты Сәдуақас есімді тоғыз жасар балақай жеңіп алған болса, бұл жолы кубок Бәйтеректің түбінде «Бәйтерек» тобының мүшесі Нүркен Өтеуловқа бұйырды.
Бұл Асық Party-дің алдыңғы екеуінен ерекшелігі Блогиада сайысын ұйымдастырушы Азаматхан Әміртай мен Керектік блогерлердің көптеп келуі болды
Блог - rakisheva: Қызыл бояулы асығым
Асық ойнауға бұл жолы адамдар өткен екеуінен де көп жиналғандықтан, ойнамаса да қарап тұрған көрермендер де көп болды. Солардың бірі Данияр
Блог - rakisheva: Қызыл бояулы асығым
Содан көрермендер қауымы құр қарап тұрғанша біз де өзімізше кішігірім шеңбер сызып, қапшықта қалған соңғы асықтарды алып, 1 дана қызыл асықты сақа етіп, ойынды бастап кеттік
Блог - rakisheva: Қызыл бояулы асығым
Блог - rakisheva: Қызыл бояулы асығым
Адам көп, асық аз болғаннан соң ойынның шартын Аршат аға бір ғана қызыл асықпен ойнаймыз, сол асық қайда түссе келесі ойыншы сол жерден атады деп бекітті.
Блог - rakisheva: Қызыл бояулы асығым
Блог - rakisheva: Қызыл бояулы асығым
Блог - rakisheva: Қызыл бояулы асығым
Блог - rakisheva: Қызыл бояулы асығым
Ойыншылардың көбі боялған қызыл асық жеңіл, ол сақа бола алмайды деп қызыл асығымызға бір тиісті, оны өзге асыққа алмастырып жібере тастады, оны жоғалтып та үлгердік...
Блог - rakisheva: Қызыл бояулы асығым
Бірақ Аршат аға ойынның шарты бойынша боялған қызыл асықтың бекітілгенін айтып, оның жеңілдігі ойынға кедергі емес деп, жеңіл қызыл асықпен ойнаудан мастер-класс көрсетіп жіберді.
Блог - rakisheva: Қызыл бояулы асығым
Сөйтіп, «боялған қызыл асық» сақа болған топтың жігіттері сенбіде біраз денелерін шынықтырып, қыздар таза ауа жұтып үй-үйімізге тарастық!
Блог - rakisheva: Қызыл бояулы асығым
Әрі қарай

Бұл қай керекші? #11 (Эстафета)

Блог - Ispek92: Бұл қай керекші? #11 (Эстафета)
Сонымен, ханымдар мен мырзалар, эстафета бұтағын тағы мен алғаныма ырза еместер мен ырзалар жағдайды цүндіре кететін болсам, негізі өзіме де аса түсініксіз жағдайда эстафета бұтағы маған тиесілі болып шықты. Осы қысқа уақыттың ішінде бұл эстафета Алтай мен Атыраудың, Ертiс пен Едiлдiң, Арқа мен Алатаудың арасындағы ұланғайыр алқапты аралап қайтқаны бәрімізге белгілі Сонымен эстафетаның алғашқы қадамын және алғашқы ондықты артқа тастап, келесі ондыққа бастар қадамын өзім бастағалы отырмын. Мұны кейбір білгіштер мистикаға, тенденцияға одан қалды жаман-жақсы ырымдарға теңеп жатса керек. Азырақ өзімді мақтап алғаннан соң келесі қаһарманды табуға тырысып көріңіздер, ағайын мен бауырлар!
Әрі қарай

Кулейiк !!!

Бурындары керекте анектер коп жазылатын едi гой. Кiм кай мушесiнен кеткенiн жазып маре-саре боп жатушы ед. Сiздерде жана анекдоттарынызды жазыныздар. Мен бiр журналдан урлагандарымды жаздым)).:
~ Мейрамханада екi колымен басын суйеп, кайгыдан кан жуткан бiр еркек отырады. Айналасына карауга шамасы жок, алдында шарап толы рюмка. Онын жанынан отiп бара жаткан бiр арсыздау жiгiт байкатпай алып бокалдагы шарапты iшiп кояды. Сол сатте камыгып отырган еркек басын жаймен котерiп:
-Не деген омiр мынау?..
Патерiмдi тонап кеттi! Айелiм балаларымды алып кетiп калды! Конiлдесiм тастап кеттi! Ал ендi олгiм келiп у iшейiн деп отырсам, оны да бiреу iшiп кеттi! — деп куйiнiптi. =)

~ Ерлi-зайыптылар баска калага туыстарына кетiп бара жатады. Жарты жолга жеткенде:
-Колiктi керi бур, тезiрек уйге кайтайык, мен газды жабуды умытып кетiппiн. Маскара-ай уйiмiз ортенiп кетпесе жарар едi, — деп байек болып жаткан айелiне куйеуi:
— Кам жеме, ортенбейдi. Мен де суды ошiрудi умытып кетiппiн,- деген екен.=)

~ Бip жiгiт дукенге келiп сатушыга:
-Маган бip кило сут берiнiзшi, — дейдi.
Сатушы оган жактырмай карап:
— Бiз суттi килограмдап сатпаймыз,-десе, жiгiт басын касып бiраз ойланып турады да:
— Онда жарты метр сут берiнiзшi,- дейдi.

~ 1-кантар кунi менi айелiм катты куантты. Кешкiciн уйде тв корiп жатканбыз. Келiншегiм жаныма кеп, даусын басендете тiл катты:
-Казiр балалар уйыктаган сон не iстейтiнiмiздi бiлесiнбе?- дедi.
Теледидардан не корiп отканымды умытып кеттiм:
-Жок, нe icтеймiз? — деп едiм, сал енкейдi де кулагыма сыбырлады:
— Балалардын сыйлыгынан шыккан шоколадты жеймiз! =)
Әрі қарай

Керекинфо. 10 жылдық. Фотолар.

Блог - Daniar-Alan: Керекинфо. 10 жылдық. Фотолар.

Есен Елеукен ағамыз торт алып келді

Блог - Daniar-Alan: Керекинфо. 10 жылдық. Фотолар.

aza мен Жанасыл

Блог - Daniar-Alan: Керекинфо. 10 жылдық. Фотолар.

Nurgisa

Блог - Daniar-Alan: Керекинфо. 10 жылдық. Фотолар.

AKY-дің тырнағының асты кір

Блог - Daniar-Alan: Керекинфо. 10 жылдық. Фотолар.

asaubota -ның сюрпризі — Пахом

Блог - Daniar-Alan: Керекинфо. 10 жылдық. Фотолар.

Кәсіби бәс тігуші, айтизәңгі Рымбек Байғанин деген жігіт осы. Жанындағы Айжука, біздің кереки де былай да әріптесіміз

Блог - Daniar-Alan: Керекинфо. 10 жылдық. Фотолар.

Эльф қой

Блог - Daniar-Alan: Керекинфо. 10 жылдық. Фотолар.

Javaтарова Баян. «Блогерлер» бағдарламасының жүргізушісі қонаққа келді

Блог - Daniar-Alan: Керекинфо. 10 жылдық. Фотолар.

Мына суретті салмауға болмады

Блог - Daniar-Alan: Керекинфо. 10 жылдық. Фотолар.

Админ һәм Ерлан Оспан. Ұмытылған дәм

Блог - Daniar-Alan: Керекинфо. 10 жылдық. Фотолар.

Эльфтің туындысы
Әрі қарай