Жауынгер даңқы стелласында оннан астам қате кетіпті
Қала мұражайы Мәдениет сарайында орналасқан. 1967 жылы қарашаның жетінші күнінде құрылған. Мұражайда 4 зал бар. Қала тұрғындарының айлықтан айлыққа әзер жететіні себеп болар, оған қоса рубльдің теңгеге деген «шезлонг» қатынасы бар — осыған сәйкес мұнда көбінесе қонақ боп сырттың адамдары келеді. Мұражайға 40 рублімді төлеп кірдім. Иә, мұнда суретке түсіруге болмайды. Жоқ, болады. 50 рубліңді төле де, суретке қалағаныңша түсіре бер. Жалпы, бұдан басқа мәліметті мұражайдың сайтынан іздесеңіз болады: www.museum-baikonur.ru



Алғашқы құрылысшылардың марапаттары осында жиналған. Дауылбаев көкеміз де бар екен.
Жо-жоқ, Сталинның шинелі емес. Бұл Байқоңыр ғарыш айлағы құрылысының басшысы болған генерал-майор Г.М. Шубниковтың жеке заттары ғой.



Сынақтан өткен зымырандар да көздің жауын алып, көңілімді сергітті.
Телеметрические датчики. Артемизайос деген шешесі өзбек грек жігіті Төретамның базарында қасапшы ғой. Сол жігіт телеметрияны "қашықтықты өлшеймін" деп жүр. Телеметрия телемеханиканың әдіс-тәсілдері арқылы бақылаудағы нысанның параметр өлшемі (кернеу, тоқ, қысым, температура т.б.) бойынша ақпарат алу болып табылады.














Жапонияда, Үндістанда, Францияда, АҚШ-та да ғарыш айлағы бар екен.
Ал бұл Байқоңырда 1960 жылы 24 қазанда континентаралық баллистикалық Р-16 зымыранын алғаш рет сынақ ретінде ұшыруға дайындық кезінде орын алған апаттан қаза болған адамдардың құрметіне қойылған ескерткіш. Батыста бұл апат Nedelin catastrophe деген атпен белгілі.
Ғарышкерлер мұражайға құр алақан келмейді. Міне, мұражайға жасаған сыйлықтары осы.


Ғарышкердің ішіп-жемін «Ну, погодиден» көрген едім. Енді мұражайдан көрдім.
Ал мына дүниені көрген кезде астроном болсам деген бала арманы көп оқушы кезім есіме түсті.
Көзі жоқтың өзі жоқ деп үн-түнсіз мына кереметті видеоға түсіріп алдым:











Мұражайдың мына дүниесі тіптен ұнады.


Ал мына бір дүниеге қызықпай өте алмадым. Алыстан қарағанда түкке тұрғысыз сурет секілді көрінді.





Мұражай ұжымы интернет деген қу дүниемен таныс екен. Рас-ей, «брат братом силен!»








Бұл ескерткіш Қарағанды қаласының Абдиров атындағы көшедегі саябақтан орын алды. Суыр мен екі ерадамның фигураларынан және жолкөрсеткіші бар үшметрлік діңгек пен чабаданнан тұратын бұл композицияның авторлары жергілікті мүсіншілер — Мурат Мансуров



