Ақтау қаласында 3-ші рет ДОМБЫРА PARTY өтті !

Ақтау қаласында Маусым айының 6-шы жұлдызында 14 шағын-аудандағы теңіз жағалауында 3-ші рет Домбыра Party өтті. Ең алдымен әдеттегідей Уайс Ерсайынұлы ағамыз жиналған қауымға Домбыра Party жайлы қысқаша мағлұмат берді. Кештің басты қонағы болып Астана қаласынан Алмас Алтай мен Нұрғиса Асылбек келіп кешті қыздырып жіберді.Бұл Домбыра Party –де алғаш рет Азамат Орынбасаров пен Жанар Айлашованың арасында айтыс болды. Айтыс халықтын қызғушылығын арттыра түсті. Домбыра Party –ге Төлегенов Хазрет,Қыдырбай Қарабаев, Жексембаев Нұрсұлтан, Ержан мен Ақерке, Азамат Орынбасаровпен Жанар Айлашова атты апамыз және тағыда басқа Ақтау қаласының жастары, егде жастағы апа-ағаларымыз келіп, өз улестерін қосты. Сөйтіп Ақтау қаласында өткен 3-ші Домбыра Party өз мәресіне жетті.

Әрі қарай

Каспий жағасындағы алғашқы party, Домбыра party 23.05.2013ж

«Домбыра Party» деген бір өзі керемет бастама сияқты ғой! Анау Алматының жастары әр бейсенбі сайын кешкі жетіде Арбат деген жерде жиналып, домбыра тартады екен. Біздің Ақтауда теңіз жағасында осылай жасауға мүмкіндік бар ма?!
деп Маңғыстау фейсбукшыларының тобына Уайс Ерсайынұлы ағамыз екі үш күн бұрын тақырып қозғаған еді. Содан осы бейсенбі өткізейік деп келісіп, бәріміз ұйымшылдықпен Ақтау қаласында, Каспий теңізінің жағасында кешкі саған сегізде алғашқы Домбыра party-імізіді өткізіп жібердік.
Мүмкін басқа домбыра патиларға қатыспағандығымнан шығар, бірақ бұл домбыра пати меніңше керемет өткен сияқты. Енді әр бейсенбі, сағат 20:00-де, теңіз жағасында, Астана ойын сауық кешеніне қарсы аялдам жанында жиналатын болып келістік.
Суреттері міні.


Әрі қарай

Кешкілік серуен... 12 мамыр 2013 жыл

Сәлем саған, қарт Каспий!

Сәлем саған, қарт Каспий!

Сән беріп кең далама, қазағыма
Айналдың сен Маңғыстау ғажабына.
Сәлем саған, қарт Каспий толқындаған
Қараймын да тоймаймын ажарыңа.

Киелі Маңғыстаудан орын тепкен,
Көк теңіз, саған сонша құштар екем.
Бұлқынған толқыныңды терең құшып,
Құмарымнан шығам ба қанша жүзсем!

Бір ғажайып сиқыр бар сенде бәлкім,
Келуге жаны құштар саған әркім.
Толқыныңмен достасып жел мен тас та
Алтын күн де төгер саған таң шапағын.

Жағаңда батамын мен ойға терең
Ғажапсың-ау, Каспийім, шыныменен
Қыстыгүнгі ажарың болған аққу
Үн қосып сырласқандай меніменен.

Жырымды жазылған пәк көңілімнен
Арнаймын ақ жүректен өзіңе мен.
Маңғаз дала төрінен орын тепкен
Каспийімді шынымен де сүйемін мен.

Сан ғажапты сыйғызып алабыңа
Көрген адам таңдай қақты саған мына.
Көркінен көз тұнатын әсем теңіз
Жайнай берші сән қосып ажарыңа!

Камшат ЖҰБАТХАНОВА
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы


Суреттердің барлығы бірдей жүктелмегендіктен, назарларыңызға осылар ғана…

Пысы: Суреттер Samsung Galaxy SII түсіріліп, Snapseed қосымшасымен өңделген.
Әрі қарай

Махаббат Апталығына: Тағдыр

Махаббат апталығын бастаған сайт әкімшілігіне алғыс білдіремін. Мынау өлеңді жақында жазғам, осында ілем деп жүргенде біраз уақыт өтіп кетіпті. МАХАББАТ АПТАЛЫҒЫ жақсы идея, дәстүр-салтты қайдам, әдемі сылтау болды… Кешіріңіздер, мәртебелі ПОЭЗИЯ сөз алсын, алдымен аз-кем кіріспе, өлең тарихы іспеттес…

Ақпанның 13-14 күндері Маңғыстау, Ақтауда үлкен өнер кеші өтеді. Есімдерін ел білетін, өнеріне әлем шапалақ ұрып, қошемет білдірген «Жорға» халықтық би ансамблінің құрылғанына 15 жыл толады. Сол «Жорғаның» бас бапкері менің досым, Серік САРИЕВ деген азамат. Ансамбль қазақ эстрадасындағы біраз қыз жігіттермен тығыз байланыста жұмыс жасаған. "Қазақтың 100 әні",«Аймақтар аламаны» секілді жобаларда аса жоғары жетістіктерге жеткен. Тамара Асардың жеке би ұжымы болып саналатын «Жорғаға» жақында Роза Рымбаева құда түсті. Ақпанның ортасындағы Ақтаудағы кеш өткеннен кейін «Жорға» Астанада өтетін Роза Қуанышқызының «Шақырады Көктемінде» билейді.
ПыСы: Жақында Серік хабарласып Розаның айтатын 4-5 әнін топтап, бас-аяғы бүтін бір композиция жасағысы келетінін айтты. Сондағы орындалар ән мен қойылар биге кіріспе сөз керек екен. "Өлең керек! 4 шумақ, ол төрт жерде оқылады, жеке тұрғанда да, тұтас алғанда да мағнасын сақтайтын өлең жазшы..." Әне, талап қайда жатыр Содан мынау өлең жазылды… Қарап жіберіңіздерші....



Тағдыр!

Санамда жауабы жоқ сан сұрақ тұр,
Жанымды отқа тастап, қамшылап жүр…
Жалғыздық – дерт!
Көрермін!
Көнемін де…
Жазылса пешенеме жалқы тағдыр…
Жалғанның жанарында жарты бақ тұр…
Әрі қарай

Инвестиция

ИНВЕСТИЦИЯ
… Махаббат пен адамгершілікті мадақтайтын, жеңіл әзілге құрылған сырлы картина секілді зу ете түсіпті.
Әрі қарай

Жеті нан

Жеті нан
… Күнделікті тірлік сол: түн ортасына дейін әңгіме соғып, интернет ақтарып, сәріде безілдеген будильниктен қинала оянып, төсектен тұра сап, апыл-ғұпыл жуынып, «таңғы ас тәңірден» деп жұмысқа тартамыз…
Бүгін күндегіден де ерте тұрып, жұмысқа асықтым. Кіреберіске шыққаным сол екен тамаша бір иіс танауды жарып жіберді… Кәдімгі бауырсақ иісі! Тас қалада жүріп ұмытыңқырап та қалғандаймыз ба, балалықтың тәтті иісін… Екінші қабаттан төмен сырғи берген едім, қаптал есік ашылып үйден бір әже шыға келді.
— Балам, бүгін жұма ғой, жеті шелпек пісіргем, ала ғой, жұмысқа барып жерсіңдер…
Әрі қарай

Бүгін "корпоративка":)

Жыл соңы да жақын. 2012 де тәмәм болмақ, аз күнде. Бүгін біздің ұжым үшін ЖЖ. Ұжым боп тойлаймыз. Жаңа жылдық кештің бағдарламасында біраз жақсы дүниелер бар деседі білгіштер. Иншалла, мен қызмет еткен ресми 4 інші жұмыс орным, бұйырса, 3- ұжымдық кешім.
Ал, Сіздер қанша ұжымда болдыңыздар осы кезге дейін, ЖЖ дық кешті қайда тойлайссдар?
Керекинфоның Жаңа Жылдық кеші болдаы деген де идея болған еді, ол енді аяқсыз қалды.
Әрі қарай

"Аруақ атқыр, Адайлар..."

Батыста бір қала бар Өзен деген.
Ісіне Тәңірімнің төзем деген.
Өрлігін, көкірегін басты талай,
Өзінше өңшең қырттың өжеңдеген.

Батыста бір қала бар Өзен деген
Қаруын дұшпан бар ма кезенбеген.
Жапқаның жаралы елге жылтыр шапан,
Бөз емес жан жарасын Сөз емдеген.

Үлкендер, қайдасыңыз, көрісейін!
Замандас, тай-құлындай тебісейін.
Тас шіркін ауыр дейді, түскен жерге,
Қайғыңды қараөлеңмен бөлісейін.

Береді көп тілегі батылға дем!
Батыр сол — қайрат болса ақылға тең!
Жылында сексен тоғыз лапылдап ең,
Тап бұлай Өзен бірақ, атылмап ең.
Әрі қарай

Өлең жаздым, мінекей!

Өмір!
Өмір…
Өрекпідік өктем біз,
Кеуде қақтық…
Бірақ, көппен теп-теңбіз!
… Жеріткен соң Жердегі өткен Көктем, Күз,
Аспан аңсап, Аспан аңсап жеткенбіз!
Әрі қарай

Елордаға сәлеммен!

6 шілде күні Елордамыздың 14 жылдығына орай Ақтау қаласында мерекелік кеш өтті. Бұл шараға жергілікті шығармашылық топтармен қатар, Астана мен Алматы қалаларының эстрада жұлдыздары ән шырқады.
Астананың қуанышымен қатар Елбасымыздың туған күнімен сәйкес келгендігі, қазақстандықтар үшін үлкен жүрек жарды мерей той болды.
Әрі қарай