Ақ халаты бар, анты жоқ дәрігер
 
             «Адамның күні адаммен, жануарлардың күні мал дәрігерімен» деген қағиданы қос қолдап ұстап алып, мал дәрігерінен сұхбат алуды жөн санадым. Көп іздеп әуре болғаным да жоқ. Көптен бері ойымда жүрген бір адам бар еді…
«Адамның күні адаммен, жануарлардың күні мал дәрігерімен» деген қағиданы қос қолдап ұстап алып, мал дәрігерінен сұхбат алуды жөн санадым. Көп іздеп әуре болғаным да жоқ. Көптен бері ойымда жүрген бір адам бар еді…Қаладан мал дәрігерлерін тауып алу сұхбаттасу қатты қиын шаруа емес. Бірақ бұл кісіге бүйрегімнің бұруын екі себеппен түсіндіре кетейін. Біріншісі, бұл кісінің ұлтының қазақ болуы, екінші себебім, ол кісі екеуміз фамилияласпыз. Сонымен, Жақыпов Жұмабай Қаппасұлының жұмыс орнына келдім. Сыртта итін, мысығын құшақтаған екі-үш адам кезек күтіп тұр. Ішке ендім. Кіре беріс бөлмеде жеңгеміз отыр екен.
-Сәлеметсіз бе? Жұмекең өзінде ме?
-Өзінде, бір итті тексеріп жатыр.

             Жеңгем, «Маған иттің бір уыс жүнін әкеліп бер. Мен сонымен ұшықтап жіберейін» деді. Есіме бірден түскен адам әлде ит көрші подъездегі сабалақ жүнді иті бар жалбыр шаш орыс болды. Салып ұрып жетіп барып, соның есігін қақтым. Жаман орысшаммен итінің бір уыс жүнін қиып беруін өтіндім. «Не, дружище, не могу. Я с этим другом уже 15 лет живу, не могу» дейд әлгі атаңа нәлет. Ол кезде әскери қызметтемін. Бір басыма жететін орысша-қазақша боқтықтың багажы әжептеуір болып қалған. Боқтап-боқтап шығып кеттім. Иттің жүнін іздеген бірінші күнім осылайша сәтсіздікпен аяқталды.