Жапония күнделігінен: Гловер Гарден есігі біз үшін ашық

Өткен постта мысықтар туралы сөзге тиек еткен едім, солармен жақынырақ осы Гловер Гарденның кіре-берісінде қайта кездестік
Нагасаки Бейбітшілік Паркінен шыға бере күн ысып кетіп, осы баққа тез жету болды ойымызда.
Айтпақшы, мәліш құйрық мысықтар туралы да комментте біраз жазба болып еді, оны @Altygradus өз блогында жеке постпен жарияламақшы екен, сол себепті мен ол тақырыптан тысқары кетем.
Қош, сонымен бақ алдындамыз.
Әрі қарай

Жапония күнделігінен: Нагасаки Бейбітшілік паркі

Nagasaki Peace Park Жапонияның Нагасаки қаласында орналасқан, Екінші Дүниежүзілік Соғыс кезінде 1945 жылдың 9-тамызында қалада болған атом бомбасының жарылысына ескерткіш ретінде ашылған.

Тарихы
Парк 1955 жылы жарылыстың эпицентріне жақын жерден салынған, Ураками шіркеуінің қалдықтарын әлі де көруге болады. Бұл шіркеу кезінде Шығыс Азияда ең үлкен шіркеу болып саналған екен. Парктің солтүстік шетінде Нагасаки префектурасының мүсіншісі Seibou Kitamura жасаған биіктігі 10 метр Бейбітшілік Статуясы орналасқан.
Әрі қарай

Жапония күнделігінен: "Көзілдірік-көпір" немесе Нагасаки кеші

Көктемдегі Жапонияға саяхатымның осы Керектегі ақырғы нүктесі қойылар күн жақын екенін қуана хабарлай келе, соңғы үш жазбамның алғашқысын ұсынбақпын (былайша айтқанда «начало конца»).
Осының алдында Керек жабылып қалып, жазуларымыз жетімсіреп, кішкене тоқырау болып еді, міне оның да орны толып, сіздермен тағы бір рет өткенге саяхат жасағанды жөн көрдім.
Нагасакиде көп бола бермегендіктен, ондағы бос уақытты мүмкіндігінше қала аралауға жұмсадық, кезекті сенбінің бір кешінде Жанна мені осы «Көзілдірік-көпірге» алып келді, суреттер легі:
Әрі қарай

Жапония күнделігінен: Шимабарадағы кешкі ас

Кешке жақын Шимабарадағы қонақ үйге де келдік. Өзін Омар айтпақшы, сол «Заря Востокадағыдай» көшелермен жүріп отырып, бірнеше үлкен-үлкен офистар қасынан тауып алдық.
Біз келгенде ымырт болатын, жол көрсетуші жүктерімізді бөлмеге орналастыруға
Әрі қарай

Жапония күнделігінен: Umikirara аквапаркі және Сасебодағы кеш

Kujukushima аралдарына саяхатымызды аяқтап, арнайы таксимен Сасебодағы Umikirara аквапаркіне келдік. Сағат күндізгі төрттен кетіп қалыпты, асыға күткен дельфиндер шоуы шамамен жарты сағат бұрын бітіп кеткен екен, қап! дегеннен басқа амал қалмады.
Әрі қарай

Жапондар



Не шара, қандай жиын, бұл нәғылған жапондықтар, олардың руы/жүзі қандай деп сұрамаңыздар, білмеймін.
Тек қимылдары тәнті етті.
Әрі қарай