Бір өкініш… Бір арман… Бір үміт…


Көбіміз осы уақытқа дейін махаббат сезімін бастан кешірген шығармыз. Мейлі ол қандай болсын: бір жақты махаббат, жауапсыз махаббат, алып-ұшырған махаббат, қайғылы махаббат…

Өзімізден жырақ кеткен адамды уақыт өте келе ұмытқанмен ара-тұра еске түсетіні анық. Не істеп жүр екен? Қызық, ол да дәл мендей есіне ала ма екен? Ең алғашқы қыдырып барған бақ, осыны жолда көрсе мен есіне түсем бе екен? Әлде мен сүйетін құлпынай балмұздағын бал татқандай жей ма екен? Эгоистік шығар, біз үшін жауапсыз кеткен махаббат әркез өкініп жүргендей еске оралады. Мейлі ол қосағын тауып, бақытты болсын, сені мүлде ойына да алмайтын шығар, бірақ бәрібір сендей адамды ендігәрі жолықтырмайтындай болады да тұрады…

Әрі қарай

Арманмен қанат жайғандар/Dream high

Жақында көріп бітірген кәріс сериалы жайында жазбақпын. Бұл сериалды бесеу көрмесе, үшеу көрер.)) Соңғы уақытта Корей сериалдарын көру озып барады, сол үшін сериалдары туралы қазақша жазсам артықтық етпес.
Әрі қарай

Жаңбыр алдындағы беймазалық...



Жаңбыр алдындағы беймазалықты ұнатам….

Бір кісіден:
Ойыңды жалғайын: Жаңбыр алдындағы беймазалықты ұнатам, тып-тынық, бұлттар қойюлана түсіп аспаннан төмен түсіп жер бауырлайт. Қазір жел соғат, дауылға айналады біраз қалды… Аспанда ұшқан құстардан тазаланды… Табиғат бір мінезін қазір көрсетеді, түсінесің сол кезде бар екенін жаратушы күштің. Ауа суып кетті, тоңази бастадың. Кең дем аласың…
Әрі қарай

Арманымдағы Үй!

  • jasulan

Архитектор Lacroix Chessex, Швейцариалық екен. Бұл үй Швейцариядағы Альпда орналасқан. Осы жылы, осы типтес үй тұрғызамын деген үміт басым. Иншалла.
Әрі қарай

Арман демекші...


Арман боп қалдың, белестей биік бағынбай,
Сол үшін саған алғысым шексіз бүгінде.
Сарқылып сезім, солғын тартқанда сағымдай,
Бір-бірімізден жалығар ма едік түбінде?

Жұмбақ боп қалдың, бойыңа сиқыр
сыр бүккен,
Әсері терең әлемдей болдың бір тылсым.
Қажыған сәтте күндегі күйкі тірліктен,
Бір-бірімізден қол үзер ме едік, кім білсін?

Аңсар боп қалдың, ұрлаған түнгі ұйқымды.
Өкпелетсе де тәкаппар тағдыр қалауы,
Өзіңнен қалған естелік енді сүйкімді,
Өмір дастанның жүрекке қымбат тарауы...


Кей нәрсенің жай арман болып қалғаны да жақсы-ау?
Әрі қарай

Іздеп келген “бала арман"...


Менің 5-6 жасымда, әкемнің қызмет бабына орай Көкпекті ауданына қарасты Ивановка ауылына көшіп барып, 2 жылдай тұрдық. Атам сол ауылдағы Апырым ата дейтін үлкен кісілердің үйімен араласатын. Қарияларға күнара апайым Салтанат екеуіміз шәйларына қататын сүт таситынбыз. Әрине, апа бос қайтармай, қалтамызға кәмпит салып беретін. Қонақ бөлмелерінде немересінің ойыншықтары жиналып тұрушы еді. Осы «Матрешка» қуыршақтарын тұңғыш рет мен сол үйден көрдім. Бала болғаннан кейін, қызықпай тұрмайсың, бір-бірінен аумайтын сүйкімді қуыршақтарға қатты қызықтым. Неге екенін қайдам, біздің ауылда сатылмады ма, әлде сатып әпермеді ме… әйтеуір, сансыз қуыршақтарым болса да, осы дәл матрешкалар бала кезімде қолыма тимей-ақ қойғаны… Уақыт өте ержеткен соң ойымнан мүлдем ұмытылып кеткен еді.
Әрі қарай