Жарияланымдар

Ағылшыншаң қалай, қазақ әскері?

Әскери оқу орнындағы білім беру жүйесі қызықтыратын. Сол қызығушылық өткен апталарда Алматы қаласындағы Құрлықтағы әскер институтына алып келді. Кәсібилікке ұмтылған қазақ әскерінде ағылшын тілі қалай оқытылып жатқаны қызықтырды.

Блог - urimtal: Ағылшыншаң қалай, қазақ әскері?

Алматы қаласындағы Құрлық әскерлерінің Әскери институтының іргетасы өткен ғасырдың жетпісінші жылдары қаланған.


Блог - urimtal: Ағылшыншаң қалай, қазақ әскері?

Мені Шет тілдер кафедрасының меңгерушісі Абдукаримова Захида Махмутовнаның өзі күтіп алды. Қызығушылығымды түсінген соң, әңгімесін оқу орнына қалай келгенінен бастады.


Блог - urimtal: Ағылшыншаң қалай, қазақ әскері?
Әрі қарай

Банкомат ақша бермей қойса...

Өрімтал: Банкомат ақша бермей қойса...

«Егер қыз болса, шашын бір талдап жұламын. Жігіт болса, тұмсығынан бір перемін» дедім ішімнен. «Халық банкіндемін». Кезек келіп болмайды. 203-тің алдында екі адам ғана бар деген, жарты сағат болды әлі күтіп тұрмын…

***

Америкадан келсем, банк карточкаларымды жарамсыз қылып тастапты. Карточкамда Алматыда бір ай күн көруге жарайтын ақшам бар еді. Өз ақшамды алу үшін банкке бардым. «Карточканы іске қосу үшін ақша төлейсіз, екі апта күтесіз» дейді (бұл арада банк қызметкерінің маған қазақша жауап бермей, біраз қырылысқанымды, банк охранигінің есіктің аузында кезек күтіп тұрған маған зілді дауысымен әрі тұр дегені, сарылып күткен кезектер хикаясын өткізіп жіберейін). Мақұл. Төледім. Күттім. Мерзімді күні барсам, карточка дайын емес. «Жұмыс орныңыздан справка керек» дейді. Мақұл. Справкасын апарып бердік. Екі аптадан соң, карточкамды алдым.
Әрі қарай

Спасск Құрлық әскерінің оқу-жаттығу орталығынан 10 сурет

Өткен аптада жолым түсіп, ҚР Қорғаныс министрлігінің шақыртуымен Қарағандының Спасск кентіндегі құрлық әскерінің мамандарын даярлау орталығындаболдым. Бір топ журналисті оқу-жаттығу жұмыстарының қалай жүргізіп жатқанымен таныстырды. Келісімшарт негізінде қызмет етіп жүрген жігіттермен сөйлестік. Сол күні орталыққа вице-министр де келген. Онымен де сөйлесудің орайы туды.

Өзімде фотик жоқ болғандықтан Қарағандыға шығар алдында Ерболдың камерасын сұрап алған едім. Бұрын мұндай камерамен түсіріп көрмеген соң, біраз жаттығып көрейін дедім. Қазір өзіме қандай камера алсам деп ойлап жүрмін. Оқу-жаттығу орталығынан түсірген кейбір суреттерімді ұсынып отырмын.

Суреттер сөйлейді: Спасск Құрлық әскерінің оқу-жаттығу орталығынан 10 сурет
Әрі қарай

Ибрагим Ескендір "Сабыр, халқым!"



Сөздері сүйектен өтті-ау… «Бұдан жаман күніңде де тойға бардың емес пе?»
Пы.сы. Әнге бұдан да сәтті клип түсіріледі деп үміттенемін.
6-наурыз, 2012 жыл. Жаңартылды.

Төменде осы әнге әзірленген тағы бір клипті ұсынып отырмын. Клипке қарап, бұны видео-мұрағаттарды ақтарып, әрбір сөзге сәйкес «картина» салатын, журналистикаға қатысы бар адам әзірледі деуге болатын сияқты. Екінші клип те онша ұнап тұрған жоқ. Жалғасын күтейін. Бұдан да жақсысы жасалар деп үміттенемін.

Әрі қарай

Жұма

Ескерту: Былтыр (18.02.2011) жазған екенмін. Жарияланбаған күйі нобайлардың ішінде қалып қойыпты.

Таңертең:
қолға алып жатқан жобам бойынша хаттарды сүзіп шықтым. Маша мен аю мультфильмін көріп отырып қалдым.

Түсте:
мешітке кетіп бара жатып, автобус ішінде блогқа бір жазба енгіздім
мешіттен соң, KIMEP-ке қарай ұштым.
KIMEP-те Құрылтай өтетін орындарды қарап шықтық. Кофе брейк, компьютер т.с.с. кәкір-шүкір жұмыстарды ақылдастық
Әрі қарай

Блогқұрылтай - 2012: Кім және неге қатысқысы келеді?

ЕСКЕРТУ: 20.01.2012 жазба толықтырылды

Сауалнама арқылы шамамен Блогқұрылтайға «Кімдер қатысады?» «Не үшін қатысқысы келеді?» деген сұрақтарға жауап алуға тырыстым. Бұл нәтижелер бірінші кезекте Блогқұрылтай форматын анықтауға жәрдемдеседі деп ойлаймын.

Бір апта көлеміндегі уақыт ішінде сауалнамаға жауап берген 90 адамға алғысымды білдіремін.

Әрі қарай

"Блогқұрылтай – 2011" ұйымдастырылу схемасы



ЕСКЕРТУ: Төмендегі жазбаны толық оқу үшін шамамен 5-10 минут уақытыңыз кетуі мүмкін.

Алдағы богшылар құрылтайының жақсы өтуіне үлес қосқысы келетіндер баршылық. Бұны блогқұрылтайға қатысты жазбаларға қалдырылған пікірлерден байқап отырмын. Осы орайда «Блогқұрылтай – 2011» шарасы қалай ұйымдастырылғаны туралы кейбір ойларыммен бөліскім келіп отыр. Жазба сонымен қатар осы тектес жобаларды жүзеге асырғысы келетіндер үшін де пайдалы болады деп ойлаймын.


Әрі қарай

САУАЛНАМА: Блогқұрылтай - 2012 қалай ұйымдастырамыз?

Аршат «Блог құрылтай» туралы тақырып бастаған соң, оны қолдап отырғандардың көптігін байқап қуанып отырмын. Қандай істі бастаса да, ең бірінші адамның ниеті маңызды деп санаймын. Сондықтан көпшіліктің осы шарадан қандай үміт күтетінін білу мақсатында арнайы сауалнама әзірлеп отырмын. Кейін бұның жауаптарын жинақтап, көпшілікке ұсынбақпыз.



Былтырғы жылғы Блогқұрылтайды ұйымдастыруда басы-қасында жүргендер жақсы біледі. Мұндай шаруаны қолға алғанда бір сөзге тоқтаса, іс өнімді болады.
Әрі қарай

10-12.02.2012. Астана. Startup Weekend.

  • kazjur
Жаңа aorda.kz сайтына жариялап едім, осындағыларға да пайдалы болар деп тағы да хабарлап отырмын.



Startup Weekend [стартап уикенд] – идеясын бизнеске айналдырғысы келетін жандарға арналған үлкен мүмкіндік. Ақпан айының 10-12 күндері Астанада ұйымдастырылып отырған шараға технологияға қатысты идеясын бизнеске айналдырғысы келетін кез-келген адам қатыса алады.
Әрі қарай