Күшті кеңес екен! Әдетте банк бөлімшесінің қасындағыларда адам топырлап жүретін болған соң, ол жердегі банкоматтарға жоламайтынмын. Енді ескеру керек екен.
Осы барлық банктердің арасында бір рейтинг жасау керек сияқты екен. Өз басым Халық банк пен Қазкомды салыстыратын болса, Қазкомға + қояр едім. Әрине, қазкомда да ұнамайтын тұстары бар, бірақ Халық банкімен салыстырғанда біраз жұмысыңды стрессіз жасайсың.
Мен арыз толтырғанда бастық бола алмай жүрген қыз «банкоматтың нөмірін, адресін білмесеңіз ештеңе етпес, примерно қай жерде екенін көрсетсеңіз болды» деген еді. Менікі сауда үйінің ішінде болған. Сосын пысықсынып өзім жазып алып қалғанмын. Мұндай жағдай Қазкомның да банкоматтарында болады екен-ау. Біліп жүретін болдым. Рахмет, Қарақыз!
такссс, бастық бола алмай жүрген қыздың шашын бір талдап жұлу керек болды онда. Беті бүлк етпестен өтірік айтатындарына таңмын… Білмегененнен дұрыс білмеген жаман деген осы болар. Рахмет. Барып тағы тексеру керек екен.
Пікіріңізге көп рахмет, Ereimen! Халық банкінде бастық бола алмай жүрген қыздардың бірінен сұрағанымды «айлық алатын карточкамен онлайн банкингке тіркеле алмайсыз» деген соң жылы жауып қойған едім. Ал Kazcom-ның homebank-ін қолданып жүргеніме бірнеше жыл болды. Шынымен де өте тиімді. Көңілімді қалдырған емес.
бұл енді қателеспесем оқу-жаттығу үшін арналған ғой деймін. Бізде қайбір жаңа техникамен оқу-жаттығу жасауға рұқсат берсін. Мектеп екеш мектепте де комп класты тек комиссия келгенде ғана көретін едік қой.
Себебін ұққан тәріздімін. Шамасы суреттерімнің көлемі үлкен болған болар. Қазір суретсіз бір жазба жариялап көрейін. Дер кезінде жауап қатқаныңа рахмет, Абзал! Жұмыстарың алға бассын!
Кеше либиялық және эритреялық группаластарыммен барып көрдік. Кино басталған сәтте ойым шашырап кетті. Кадрлардың жылдам ауысуы, қанық түстер, бір кадрда бірнеше адамның қатар көрінуі т.с.с. фильмді ойландыру үшін емес, күлдіру үшін әзірледі деп қабылдадым. Әйтпесе, мағына іздеуге тырысқанмын. Әрине, әр күлкінің де өз мақсаты бар ғой. Америкалық аудиторияға месседж жіберіп тұрғаны анық. Әсіресе, соңғы жағында демократия туралы жалынды сөздері айтылғанда залдағы қарқылдап отырған америкалықтар сілтідей тына қалды. Бізбен бірге залда отырған америкалықтардың көпшілігі әсересі Аладин арабша қырылдап сөйлегенде күліп отырды.
Кино басталғанда Африканың картасынан бір елді көрсетті. Эритреялық Қасым селк ете түсіт. «Эй, мынау біздің ел ғой» дейді. Сосын ойдан құрастылырған Уадия дегеннің арабша не мағына білдіретінен сұрап едім. Шамамен сүйкімді лақ дегенді білдіреді екен. Ешкі бағып жүрген «Аладиннің» ешкі/лақ құшақтап жүруі әрі сюжеттік линиядан сақалды алдыңғы орынға шығаруы содан болар деп топшыладым. Себебі ойша араб диктаторларын сүзіп шығып едік, ешқайсында сақал жоқ екен (Усамадан басқа). Басты кейіпкер атының Аладин деп таңдауынан саяси астар іздеуге тырысқаным бекер болды. Алладин деген атау да америкалықтарға Дисней арқылы жақсы таныс. Әйтпесе, мұсылмандар үшін Алладин (Аллаһудин (араб.) — Аллаһтың діні) құрметті тіркестердің бірі.
«Боратпен» ұқсастығы бар дегеніңмен келісемін. Басты ұқсастық — Америкалықтардың көзқарасын, өмір салтын келемеждеуінде.
Рахмет. Телефонымнан кіріп, паролімді өзгертуге өтініш бердім. Біраздан соң ашылды. Қандай себеппен құрсауланғанын түсінбедім. Тәртіпті қолданушы едім. Қазір қайта ашылды. Ырымын жасап, паролімді өзгертіп қойдым.
Тұтынушы құқығының аяққа тапталып отырғанын жоғарыда @Barsa айтқанынан аңғарып отырмын. Қорқыту, үркіту, бұлдану т.с.с. жолмен бір рет көндірерміз, екі рет көндірерміз одан мәселе түпкілікті шешілмес. Заңды түрде әрекет еткен де дұрыс сияқты.
Егер заң жүзінде тәртіпке саламыз десеңдер, «Адал» тұтынушылар құқығын қорғау ұйымына хабарласуға болады. Заңгерлері кеңес бере алады деп ойлаймын. «Адал» тұтынушылар құқығын қорғау қоғамдық бiрлестiгi. Ұйымның төрайымы Артық Сейiтқалиева.
Мекен-жайы: Алматы қ, Шевченко к-сі, 190. Телефон: 277-80-27, 375-87-45
Сайттары: adalpotrebitel.kz/
Бұл Кедендік одаққа кіргеннен кейін ОРТ-ның (Ресейдің) Қазақстандық филиалға қатысты жаңаша саясат ұстана бастағанын білдіре ме? Әлде шетелдік ақпарат құралдарына қатысты талаптарға өзгерістер енді ме? Қайткен күнде де штат кеңейсе, қосымша бюджет пайда болғаны-ау. Бірақ бұл коммерциялық тұрғыдан өзін ақтар ма екен? Бұл өзгерістен соң тағы қандай өзгерістер болады екен дегенім ғой. Общым, бұл арнаға жарнама берушілер көбейейтін шығар. Себебі Қазақстандық кәсіпкерлер ресейлік нарыққа шығамын десе, осы арнаға жарнама беруі мүмкін.
Лица телеканала деп төмендегілерді атапты.
Ольга Артамонова
Ламбриан Топузидис
Маралбек Сагынганов
Гульзия Сеитова
Альбина Ашим
Арасында танитындарыңыз болса, сәттілік тілеймін! Медиа нарықта өзгерістер болғаны жақсы.
Қорабай Есеновтің өлеңдеріне де сусап жүр едім. Кеше ФБ-дағы статусыңнан көріп, бірнеше рет тыңдадым. Бардтар туралы жинақтап танымдық жазба жазғым келеді. Бірақ дәл сен тәрізді жаза аламын деп ойламаймын. Әнге қатысты талғамдарың ұнайды. Әншілерді де жақсы танисың. Мүмкін бардшылар туралы жазарсың? Табылды, Қорабай, Қуаныш тағы кімдер бар еді…
Шынымен де клипке біраз шығындалғанымен, қай аудиторияға арнағанын түсіне алмадым. Бақсы-құшнаштарды клиптің өзегіне айналдыру «ауруына» душар болған клип екен-ау. Сосын қыздардың үстіндегі киім мен өзге әртістердің үстіндегі киімдердің арасындағы контраст көзге оғаш көрінді. Шамасы, аспан, жер, су стихиясы деген тәрізді бір пәлсапалық ойды жеткізгісі келді ме екен…
Төрлетке екі фотосы бар жазба жариялап көрмек едім. Бүй дейді: Қате: Тақырып ішінде кем дегенде 2 максимум 30 фото бола алады