Жұманы асыға күтетіндер
Аптаның қай күнін адамдар асыға күтеді? Егер жексенбі десеңіз қателесіз. Елдің сағына күтетін әрі жақсы көретін күні — жұма. Бұл күнді тақуа мұсылмандар мен христиандар, тақыр кедей қайыршылар мен қарапайым жұмысшылар асыға күтеді. Жақында олардың қатарына ұстаздар мен мектеп оқушылары да қосылып қалуы мүмкін. Неге дейсізғой? Мән-мағынасын ашып көрейін.
Мұсылмандар үшін маңызы
Әлемдегі ең ірі діндердің бірі исламды ұстанушылар аптаның дәл осы күнін ерекше қастерлейді. Себебі бұл күннің қасиеті туралы құран кәрімнің «Жұма» сүресінде: «Ей, мүминдер! Жұма күні жұма намазына азан шақырылса, Алланы еске алуға асығып, өздерің барыңдар. Сауданы тоқтата тұрыңдар. Біле-білсеңдер сендерге сол жақсы» — делінген. Сонымен қатар Мұхамет Мұстафа (с.ғ.с): «Егер мүмин, жұма күні жамағатпен намаз оқып, имамға ұйыса оның екі жұма арасында жасаған күнәсі кешіріледі» — деп өсиет еткен. Осыны негізге алған мұсылмандардың көпшілігі аптаның бесінші күнінде кәсібін тастап мешітке ағылады. Кейбір ірі қалаларда тіпті жұма күндері мешіт орналасқан көшелер бірер сағатқа жабылып та қалады. Мешітке симаған жұрт, бай-кедей деп бөлінбей, көшеде тұрып та сап түзеп, намаз оқиды. Осы арқылы күнәларынан арылып, ана дүниеге сауап жинап қалмақ. Қарап отырсаң адамдар теңдігі, демократия дегеннің нақ көрінісі осы жерде байқалады емес пе?
Христиандар үшін маңызы
Құдайдың жоқтан бар жасайтын құдіретінің дәлелі ретінде осыдан 2015 жыл бұрын жер бетіне Иса пайғамбар түсірілген. Ол айналасындағы жұртқа бірғана құдайдың бар екенін және оның алдында барлық адам тең екенін насихаттай бастайды. Бұл сол кездегі Иудей дін басыларына ұнамай қалған. Олар Исаның аз уақыттың ішінде танымал болып, соңына жұртты ертіп алғанынан қорқып, оны тоқтату туралы шешімге келеді. Өздерінің күші жетпейтін болғандықтан биліктегілерге арыз жаудыра бастады. Ал ол заманда қазіргі Израиль жері Рим империясының бодандығында еді. Сондықтан иудей дінбасылары Римнен келген прокурор Понти Пилатқа шағым түсіріп, жалған пайғамбарлығы және өзін патша жариялағаны үшін Исаны өлтіруді сұрайды. Олардың тілегін қабыл алған прокурор Иса Мәсіхті айқышқа керіп өлтіру туралы бұйрық шығарады. Бұйрық жұма күні орындалған. Арада үш күн өткен соң тіріліп, көкке ұшып кетеді. Содан бері ол салған жолмен жүрушілер аптаның екі күнінде шіркеуде құдайға жалбарыну өткізеді. Біріншісі, жұма күні "құдайдың" (Исаны құдайға балайды) жарық дүниеден өткенін, ал жексенбі күні тіріліп келгеніне байланысты…
Жұманың қайыршылар үшін қадірі
Жұманы тақуалар сауап жинау үшін асыға күтсе, қайыршылар тиынға қалтасын толтыру үшін күтеді. Бұл күні мешіт айналасы адамға толатындығын жоғарыда айтып өттім. Ал дінде садақа беру үлкен сауап әкелетін амал. Осыны білетін әккі қайыршылар жұртпен бірге мешітке қарай ағылады. Ел тәрізді намаз оқып, сауап жинау үшін емес алақан жайып, тиын жинау мақсатында.
Теміртаудан Қарағандыға барып күн сайын қайыр сұрайтын Эдуарт деген жігіт бар. Екеуміз күнде бір автобуспен барамыз, кешке бірге қайтамыз. Күнде-күнде көре берген соң дос болмасақ та ара-тұра әңгімелесіп қаламыз. Айтуынша күн сайын шамамен 1500-2000 теңге табыс табады екен. Ал жұма күні екі есе артық табады. Ол ел тәрізді мешіт жаққа бармайды. Себебі ол жақты меншіктеп алғандар бар. Бара қалса ұрып-соғып қуып жібереді. Бұл ақша сұрайтын аймақ Қарағандыдағы 45-орам мен ЦУМ дүкенінің ортасы. Басқа жаққа бара алмайды. Соның өзінде садақа беруге құлшыныс білдіретіндердің қатары жай күндерге қарағанда жұмада әлденеше есеге көп болады екен. Бұл туралы Берік Сұлтанның қайыршы қыздан алған сұхбатынан да көрсеңіздер болады.
Жұмыскерлер неге күтеді?
Жұманы асыға күтетіндер қарапайым жұмысшылар, мына сіз бен біз. Расқой? Дүйсенбі басталмай жатып елдің көбі жұманың келуін аңсайды. Сағынады… Неге? Себебі ертең жұмыс деп алаңдамай, түнімен отырып тв көруге немесе қыдыруға болады. Қонаққа бара қалсаңыз, ұйқым қанбай қалып, таңертең көзім іседі деп алаңдаймсыз. Алда бақандай екі күн демалысыңыз күтіп тұр. Осыны білген соң көңіліңіз де орнында болады. Ал жексенбі керсінше жұрт жақтырмайтын күн. Ертең аптаның алғашқы күні, жұмыс күні екені есіңізге түсіп, еңсе көтертпейді.
Бұл күнді әр ұлттың өкілдері әрқалай күтетіні тағы бар. Қазақтар жағы сенбі болатын тойды немесе баратын қонағын ойлап қамданады. Ал орыстар болса армансыз ішуді ойлайды. Бұл туралы әзілдері жеткілікті.
Айтқандай жақында бұл күнді жұмыскерлермен қатар мектеп оқушылары мен ұстаздар да асыға күтіп қалуы мүмкін. Соңғы кездері ел арасында оқу күні бес күндік болып қалуы мүмкін екендігі жайлы қауесет белең алуда. Бұл алда-жалда рас болып шықса, жұма күнін асығушылардың қатары қалай өсетінін ойлай беріңіз. Әсіресе оқымайтын оқушыдан бір күнге болса да артық демалатынын ойлағанда ұстаздар қалай қуанады десеңізші…
Рабинзон мен Жұма
Ағылышындық танымал жазушы Даниэл Дефоның қаламынан шыққан «Робинзон Крузо» романын оқығансыз ба? Онда әлемді саяхаттауға құмар болған ағылышын жігітінің кеме апатына ұшырап, елсіз аралда қалып қойғаны суреттеледі. Робинзон өркениеттен жырақта 28 жыл ғұмыр кешкен. Алғашқы жылдары жалғыз өзі болады. Үй салып, егін егіп, ешкі асырайды. осы жұмыстарды толық ыңғайлап болған соң аралды толық зерттеуге көшкен. Арада біраз уақыт өткен соң аралдан адам ізін табады. Бұл адам жегіш жабайлыр болатын. Олармен алғашқы кездесуі аптаның жұма күнінде орын алған. Дәл сол күні жабайлыр тұзағынан өзіне серік болуға жарайтын жігітті құтқарып алады. Жабайыға тіл үйретіп, өркениетке баулыған соң тапқан күннің құрметіне «Жұма» деп атау берген.
Мұсылмандар үшін маңызы
Әлемдегі ең ірі діндердің бірі исламды ұстанушылар аптаның дәл осы күнін ерекше қастерлейді. Себебі бұл күннің қасиеті туралы құран кәрімнің «Жұма» сүресінде: «Ей, мүминдер! Жұма күні жұма намазына азан шақырылса, Алланы еске алуға асығып, өздерің барыңдар. Сауданы тоқтата тұрыңдар. Біле-білсеңдер сендерге сол жақсы» — делінген. Сонымен қатар Мұхамет Мұстафа (с.ғ.с): «Егер мүмин, жұма күні жамағатпен намаз оқып, имамға ұйыса оның екі жұма арасында жасаған күнәсі кешіріледі» — деп өсиет еткен. Осыны негізге алған мұсылмандардың көпшілігі аптаның бесінші күнінде кәсібін тастап мешітке ағылады. Кейбір ірі қалаларда тіпті жұма күндері мешіт орналасқан көшелер бірер сағатқа жабылып та қалады. Мешітке симаған жұрт, бай-кедей деп бөлінбей, көшеде тұрып та сап түзеп, намаз оқиды. Осы арқылы күнәларынан арылып, ана дүниеге сауап жинап қалмақ. Қарап отырсаң адамдар теңдігі, демократия дегеннің нақ көрінісі осы жерде байқалады емес пе? Христиандар үшін маңызы
Құдайдың жоқтан бар жасайтын құдіретінің дәлелі ретінде осыдан 2015 жыл бұрын жер бетіне Иса пайғамбар түсірілген. Ол айналасындағы жұртқа бірғана құдайдың бар екенін және оның алдында барлық адам тең екенін насихаттай бастайды. Бұл сол кездегі Иудей дін басыларына ұнамай қалған. Олар Исаның аз уақыттың ішінде танымал болып, соңына жұртты ертіп алғанынан қорқып, оны тоқтату туралы шешімге келеді. Өздерінің күші жетпейтін болғандықтан биліктегілерге арыз жаудыра бастады. Ал ол заманда қазіргі Израиль жері Рим империясының бодандығында еді. Сондықтан иудей дінбасылары Римнен келген прокурор Понти Пилатқа шағым түсіріп, жалған пайғамбарлығы және өзін патша жариялағаны үшін Исаны өлтіруді сұрайды. Олардың тілегін қабыл алған прокурор Иса Мәсіхті айқышқа керіп өлтіру туралы бұйрық шығарады. Бұйрық жұма күні орындалған. Арада үш күн өткен соң тіріліп, көкке ұшып кетеді. Содан бері ол салған жолмен жүрушілер аптаның екі күнінде шіркеуде құдайға жалбарыну өткізеді. Біріншісі, жұма күні "құдайдың" (Исаны құдайға балайды) жарық дүниеден өткенін, ал жексенбі күні тіріліп келгеніне байланысты… Жұманың қайыршылар үшін қадірі
Жұманы тақуалар сауап жинау үшін асыға күтсе, қайыршылар тиынға қалтасын толтыру үшін күтеді. Бұл күні мешіт айналасы адамға толатындығын жоғарыда айтып өттім. Ал дінде садақа беру үлкен сауап әкелетін амал. Осыны білетін әккі қайыршылар жұртпен бірге мешітке қарай ағылады. Ел тәрізді намаз оқып, сауап жинау үшін емес алақан жайып, тиын жинау мақсатында. Теміртаудан Қарағандыға барып күн сайын қайыр сұрайтын Эдуарт деген жігіт бар. Екеуміз күнде бір автобуспен барамыз, кешке бірге қайтамыз. Күнде-күнде көре берген соң дос болмасақ та ара-тұра әңгімелесіп қаламыз. Айтуынша күн сайын шамамен 1500-2000 теңге табыс табады екен. Ал жұма күні екі есе артық табады. Ол ел тәрізді мешіт жаққа бармайды. Себебі ол жақты меншіктеп алғандар бар. Бара қалса ұрып-соғып қуып жібереді. Бұл ақша сұрайтын аймақ Қарағандыдағы 45-орам мен ЦУМ дүкенінің ортасы. Басқа жаққа бара алмайды. Соның өзінде садақа беруге құлшыныс білдіретіндердің қатары жай күндерге қарағанда жұмада әлденеше есеге көп болады екен. Бұл туралы Берік Сұлтанның қайыршы қыздан алған сұхбатынан да көрсеңіздер болады.
Жұмыскерлер неге күтеді?
Жұманы асыға күтетіндер қарапайым жұмысшылар, мына сіз бен біз. Расқой? Дүйсенбі басталмай жатып елдің көбі жұманың келуін аңсайды. Сағынады… Неге? Себебі ертең жұмыс деп алаңдамай, түнімен отырып тв көруге немесе қыдыруға болады. Қонаққа бара қалсаңыз, ұйқым қанбай қалып, таңертең көзім іседі деп алаңдаймсыз. Алда бақандай екі күн демалысыңыз күтіп тұр. Осыны білген соң көңіліңіз де орнында болады. Ал жексенбі керсінше жұрт жақтырмайтын күн. Ертең аптаның алғашқы күні, жұмыс күні екені есіңізге түсіп, еңсе көтертпейді. Бұл күнді әр ұлттың өкілдері әрқалай күтетіні тағы бар. Қазақтар жағы сенбі болатын тойды немесе баратын қонағын ойлап қамданады. Ал орыстар болса армансыз ішуді ойлайды. Бұл туралы әзілдері жеткілікті.
Айтқандай жақында бұл күнді жұмыскерлермен қатар мектеп оқушылары мен ұстаздар да асыға күтіп қалуы мүмкін. Соңғы кездері ел арасында оқу күні бес күндік болып қалуы мүмкін екендігі жайлы қауесет белең алуда. Бұл алда-жалда рас болып шықса, жұма күнін асығушылардың қатары қалай өсетінін ойлай беріңіз. Әсіресе оқымайтын оқушыдан бір күнге болса да артық демалатынын ойлағанда ұстаздар қалай қуанады десеңізші…
Рабинзон мен Жұма
Ағылышындық танымал жазушы Даниэл Дефоның қаламынан шыққан «Робинзон Крузо» романын оқығансыз ба? Онда әлемді саяхаттауға құмар болған ағылышын жігітінің кеме апатына ұшырап, елсіз аралда қалып қойғаны суреттеледі. Робинзон өркениеттен жырақта 28 жыл ғұмыр кешкен. Алғашқы жылдары жалғыз өзі болады. Үй салып, егін егіп, ешкі асырайды. осы жұмыстарды толық ыңғайлап болған соң аралды толық зерттеуге көшкен. Арада біраз уақыт өткен соң аралдан адам ізін табады. Бұл адам жегіш жабайлыр болатын. Олармен алғашқы кездесуі аптаның жұма күнінде орын алған. Дәл сол күні жабайлыр тұзағынан өзіне серік болуға жарайтын жігітті құтқарып алады. Жабайыға тіл үйретіп, өркениетке баулыған соң тапқан күннің құрметіне «Жұма» деп атау берген.

1928 жылы Ф.И.Голощекин бастаған «Кіші Қазан» реформасының салдарынан Республикадағы мал басы саны 45 миллионнан 4,5 миллионға азайып кетті. «Асыра сілтеу болмасын! Аша тұяқ қалмасын!» ұранын бетке ұстаған шолақ белсенділер қазақ шаруаларының қолындағы малдың бәрін етке өткізген болатын. Оларды орталыққа тасымалдайтын көлік болмағандықтан, үйілген етті өртеп отырған. Бұл біріншіден адамдардың ашығуына алып келсе, екіншіден, мал басы санының азаюуына соқтырды. 1928-1932 жылдары Қазақстанда адам мен мал ресурстары адам сенгісіз дәрежеде азайып кеткен. Оның орнын толтыруға ұзақ жылдар қажет болды. Тек соғыстан кейінгі жылымық дәуірінде ғана республика бойынша мал шаруашылығында өсім байқалған болатын. Бірақ, ол ұзаққа бармады. 1954 жылы «Тың және тыңайған жерлерді игеру» туралы қаулы қабылды. Оны да шолақ белсенділер көтеріп әкетіп, мал шауашылығына пайдаланылып келген шабындық және жайылымдық жерлерді жыртып, егін салды. Көптеген агрономдардың қарсы болған пікірлері ескерілмеді. Нәтижесінде мал азығына қажетті жер ресурсының болмауынан бұл сала кенжелеп қалды.
Расында бұл бағдарлама дер кезінде қабылданған болатын. Сонау тың игеру басталған жылдары дүрмекке ілесіп, егін салумен айналысып кеткен совхоздар біртіндеп мал шаруашылығына қайта бет бұра бастады. Неге? Себебі агроном мырзалардың болжағаны келіп, бей-берекет жыртылған жерлер бір-екі жылдан соң түсім беруді қойды.
«Ел тілегі — елу миллион» ұраны шын мәнінде шопандар арасында бәскененің басты нысанына айналды. Жақсы нәтиже көрсетіп, төлді көп алғандары мақтау мен мадақтаудың астында қалған. Кейбір кісілерге «Социалистік еңбек ері» атақтары беріледі. Бұдан бөлек озат шопандар үнемі түрлі бағалы сыйлықтармен марапатталып отыратын. Төл алуда жақсы нәтиже көрсеткені үшін менің атам екі рет мәшине алған.
Мал шаруашылығы қазақ халқының ежелден маманданған саласы болатын әрі жеріміз де қой өсіруге оңтайлы еді. Алайда жобаның жетпей жатып желкесі үзілді. Одақтың шаңырағы шайқалып, Горбочевтің басынан бақ таяған соң нұсқаумен жүріп үйренген софхоздар әрі қарай не істерін білмей дағдарысқа түсті. «Бармақ түгіл бас қайғы» болған тұса, оларға нұсқау беріп жөн сілтеген жан болмады. Совхоз мүлкін әркім өз ыңғайына қарай талан-таражыға салған. Пысықай шопандардың бір бөлігі малдың бәрін басып қалып, өз алдына жеке шаруашылық құрып алады. Ал енді бір бөлігі үкіметтің қаржыландыруынсыз қалған совхоз қажеттілігін өтеу (жанар-жағар май, техника бөлшектері, айлық) мақсатында арзан бағаға сатылымға қойылады. Бұдан аман қалғанын кезінде комсомолдық жолдамамен қойға қуылған жастар араққа айырбастап құртады. Сол малды өсіріп-өнідірген шопандардың кеудесінде салдыраған темір мен қолдарында жарамсыз алғыс хаттан өңге дым қалмаған. Бұған наразы болған қариялар біраз жерге шапқылап, малды аман алып қалуды сұрап басшылыққа жалбарынады. Бірақ, олардың сөзін елеп-ескерген жан болмаған. Айтар ақылын тыңдар құлақ таппай сабылған ақсақалдардың жайы күйі туралы "Қой мен гүл" әңгімесінен оқысаңыз болады. Біздің ауылдағы қариялардың да күйініші сол, миллионға жетеміз деп жиған малдың ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетуі.







Жалпы қай халықтың болмасын дәстүр-салтына көз жүгіртсеңіз барлығы қара түсті жақтырмайды. Бұл түс туралы тек негативті пікірлер ғана айтылады. Не бір жамандық атаулыны, абройсыз дүниені осымен байланыстырады. Неге? Себебі қара түнектің түсі. Қорқыныш. Адамзат әуелден бастап қараңғылықпен алысып келді. Оны жек көрді. Сондықтан да ол туралы тек негативті көзқарасты ұстанады. Ұнамсыз дүниелерінің алдына қара сөзі жалғайды. Қара түске байланысты позитивті ойлар айтушылардың қатары сирек. Дегенмен, қараның бәрі абройсыздық емес. Мәселен біз әңгіме қылған "Қара металлургияны" жаман деп айта алмайсыз. Иә, рас жұмысы ауыр бірақ, беделі жоғары. Олар металды балқытады. Кәдімгі қара теміріңіз домна, конвертер пештерінен лава тәрізді атқылап ағып жатады. Көз алдыңызға ол цехтардағы ауа температурасының қай шамада болатынын бағамдай беріңіз. Металлургтер ыстықтан қорғану үшін үстеріне суконка киіп алады. Теріден тігілген ауыр әрі қалың киім, бірінші ұшқындаған металға күйуден сақтаса, екіншіден денеге ыстық өткізбей сақтайды.








Жоғарыда айтып өткеніміздей, ана тілімізді дамытуда бос аттаннан пайда жоқ. Мәселен қазақ тілінің жай-күйі туралы қазақ тілді газетке жазып көтерудің пайдасы қанша? Ұлттық мүддеге пысқырып қарамайтын кейбір шекпенді ағаларымыз, ана тілімізде жарық көретін газетпен санасады, оларды оқиды деп ойлау асылық болып шықпай ма? Сондықтан нақты қадамдарға барып, тіл дамытуда өзімізден бастайық. Ол үшін не істеу керек? Егер тілді қалай дамыту керек екенін білмесеңіз, тым құрығанда айналаңыздағылармен қазақша сөйлесуге тырысыңыз. Оған көңіліңіз жақпаса қолыңыздан келетін бір шаруаны қолға алып, нақты қадамдарға барғаныңыз жөн. Мәселен, ғаламтор бетінде қазақша ақпараттар аз. Әсіресе википедияда. Бұлда бір кездері біраз шу болып, жазғыш ағайындар газетте мәселе көтерген болатын. Шешімін тапқан шенеуніктер емес алайда. Қолынан іс келетін азаматтар. Барлығын санамалай бермей, өзім білетін бір жігіт туралы айтып өтейін. Есімі барлықтарыңызға жақсы танымал болуы керек. Қазақша уикипедияның әкімшісі Данияр Тәжімбет деген жігіт. Менен бір жасқа кіші, 94 жылғы азамат. Мектепте оқып жүргенде бір өзі укипедияға жүз мақала салыпты. Қазір сол дүниелер талай ағайынның кәдесіне асып жатыр. Ал енді ойлап көріңізші. Тіліміз дамымай артта қалды деп қазақ газетінде жылауық «жүз» мақала жазған, сол үшін айлық алған жазғыштың еңбегі зор ма? Әлде үндеместен үйде отырып алып, елге пайдасы тиетін һәм ғаламторда қазақ тілінің дамуына үлес қосатын «жүз танымдық мақала» жазған жас баланың еңбегі зор ма?
Тағы да сол тіл мәселесі. Өткенде респудбликалық басылымдарды ақтарып отырған едім. (Негізгі мамандығым журналист болғандықтан басылымдарды қарап отыратын әдетім бар). Бір ағамыз көлдей мақала жазыпты. Айтқан сөзі сол баяғы жылауық тақырып. Ұлттық мүде аяқ асты болды, тіліміз өліп барады. Мереке қарсаңында қазақ тілінде жазылған ашық хаттар емес орыс тілділер көптеп сатылады. Қазақы нақышта жазылған кәдесыйлар жоқ… Солай деп кете береді. Бұл бос сөздерден тілдің дамуына қаншалықты пайдалы? Осы мақаланы жазған автор, мәселені басқа қырынан танып ұлттық нақыштағы дүниелер шығарып жүрген жігіттерге қолдау көрсетуге шақырса жөн болар еді. Мәселен, өткен блогерлер құрылтайында Қарағандылық қыздардың жігіттерге ұсынған сыйлығы қазақша күнделік болған еді. Оны жасап шығарған, Қарағандылық Айбек деген жігіт. Болашақпен сонау Лондонда оқып келіп, қазір Қарағанды қаласында жұмыс жасап жатқан жайы бар. Қазақ қыз-жігіттерінің басын қосып шамасы жеткенше ағылышын тілін үйретуде. Одан бөлек, наурызға сыйлық ретінде күнделік дайындатты. Орыстардікі тәрізді емес. Қазақ жыл санауы бойынша 23-наурыздан басталады. Әр бетінде ұлт тұлғаларының қанатты сөздері жазылған. Ұлттық нақышта бейнеленген. Достарыңызға ұялмай естелік ретінде сыйлыққа ұсынуға тұрарлық дүние.
Жыл сайынғы дәстүрге айналған «Ең дарынды болашақ журналист» атты білімділер додасына еліміздің әр қиырынан сан түрлі жас жиналды. Бәрінің алға қойған мақсаты біреу. Өздерінің білімдерін ортаға салу, жеңіс тұғырынан көрінуге тырысып бағу. Өмірдің өзі күрес, кез-келген бәсекеде алдыңғы қатардан көрінуге тырысу табиғат заңдылығы. Алайда, олимпада барысында ол заңдылық сақталмаса да болады. Себебі, университет қабырғасында жүріп, теорияны кітаптан, ұстаз дәрісінен оқу арқылы алған білімді, басқа студенттермен кездесіп, талқыға салу арқылы бекіту мүмкіндігі туындайды. Сондықтан, жеңіске жетемін деп емес, «Білім аламын, тәжірибе жинаймын»-деп келу қажет.
Бұл күні біз тек сынақ тапсырумен ғана шектеліп қалған жоқпыз. Аты барша Қазақстанға жақсы танымал ҚазҰУ қалашығын аралап, осы жерде оқитын қатарластарымыздың тыныс-тіршілігімен таныстық. Талай жылдан бері шәкірт тәрбиелеп келе жатқан ұстаздар қауымының айтқан ақылдары мен келелі сөздеріне құлақ түрдік. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұстазы, ғалым Назгүл Шыңғысованың сөзі көңілге қонымды. 
















Алғашқысы
Келесі жоба «Лұғат.kz» қазақ тілінің сөздіктер кешені. Айбек Өжкен деген жігіттің бастамасымен ашылған, сайт. Бұл жерде ағылышын-қазақ, орыс-қазақ, түсіндірме сөздік, орфаграфиялық сөздік, аймақтық сөздік тәрізді бірнеше сөздіктер жүйесі ашылған. Өзіңізге қажетті сөздің аудармасын не болмаса түсіндірмесін осы сайттан таба аласыздар.