Стейси Доллманға жауап #1
Әлгі астаналық «Барыс» хоккей клубына қатысты Стейси Доллман деген әйелдің жазғаны (http://kaziland.com/2012/03/home-sweet-home/) туралы американдық бұрынғы бастығымнан және өзге де шет елдік әріптестерімнен сұраған болатынмын. Қазір сол елінде, Америкада жүрген бастығымның жауабы төмендегідей болды. Әзірше, ағылшын тілінде, реті келсе, аудармасы кейінірек болып қалар. Тоқетері: "Әлгі әйел оттамасын. Бардак тек Қазақстанда емес, Америкада да, басқа жерде де бар" деді.
Әрі қарай


Барлығыңыз көрген боларсыздар? Корей халықтық демократиялық республикасы, яғни бізше Солтүстік Кореяның күн көсемі Ким Чен Ирдің өлгенін. 2011 жылдың 17-желтоқсанында “әумин” боп кеткен ол байғұстың ажалы жүрек талмасынан болыпты. Бұрын адамдар “Сталин өлгенде бүткіл Кеңестер Одағы күңіренді” деп отырушы еді. Күліп қоятынбыз. Дәл сондай жағдайды өзіміз де көреміз деп ойламаппын. Айтайын дегенім, осы Ким Чен Ир өлгендегі халқының бірі қалмастан борша-боршасы шығып жылағаны. Тірі кезінде аннан-мыннан естіген ақпараттарыма қарағанда, оншалықты сүйкімді тұлға болмаған секілді ед… “Ойпырмай, ә…” деп аузымды аштым.

… Күйдіргілер көп қой…
