Керекшілермен таныстығың қалай басталды?
Керекке 2006 жылы келген болатынмын. Сол кезде де өзінше ешкімді қабылдамайтын аудиториясы болды. Сол керекшілермен қалай таныстық:
Асаубота. Бірде Алматыға командировкаға бару керек болып, билет болмай Ақтөбе арқылы кеттім. Содан, ой келді Аршат дегені кім деген. Тел соғып, -Кеатырм, кездесеміз бе?- дегем, ол да ке әрі болмады. Сол күннен бастап Аршатпен виртуалда таныстық, аськада көп сөйлесіп жүрдік. Ақтөбеге пойызға мінерде, күтіп алам деп хабарласқан. Уәдесінде тұрған тек Ақтөбе вокзалы ғана. Аршат кешігіп қалыпты. Составты тупикке алып кетті, басым төртбұрыш (шайдан, уа амиголар)сынып тұр, тел соқтым тағы да.
-Аршат қайдасың?
-Кеатырм!
Әрі қарай
Асаубота. Бірде Алматыға командировкаға бару керек болып, билет болмай Ақтөбе арқылы кеттім. Содан, ой келді Аршат дегені кім деген. Тел соғып, -Кеатырм, кездесеміз бе?- дегем, ол да ке әрі болмады. Сол күннен бастап Аршатпен виртуалда таныстық, аськада көп сөйлесіп жүрдік. Ақтөбеге пойызға мінерде, күтіп алам деп хабарласқан. Уәдесінде тұрған тек Ақтөбе вокзалы ғана. Аршат кешігіп қалыпты. Составты тупикке алып кетті, басым төртбұрыш (шайдан, уа амиголар)сынып тұр, тел соқтым тағы да. -Аршат қайдасың?
-Кеатырм!

Ауылда интернет қатық, әрі қымбат. Қазақстанымыздың түкпір-түкпірлеріне кең жолақты интернет жетті деп ауыз толтырып, көкірек соғатын қазақтелекомға қаладан бес шақырым жердегі ауылға интернет түгелі жай телефон әкеле алмай отырғаны үлкен сын. Бірнеше рет барып, табалдырықтарын тоздырғам, биылғы жоспарға қосамыз деп шығарып салды соңғыда. Дегенмен телеком қашан келеді деп отыра берген де болмайды, қазтранскомға да жазғам. Олар кетәрі емес тек қымбат, неге дегенімде қасыңдағы үйлерге өзің таратып, пайда көрмесең деп қысқа қайырды.
Мен көрген құрылтай тіркелуден басталды. Неге десеңіз мен сияқты қаңғыбасқа пойызға міну, түсу, күтіп алу дегендер үйреншікті жағадай ғой.
Енді ГАИмен келіспеймін. Осыған дейін де келісіп жарытып жүргенім шамалы-ақ. Негізі пара беру, алу деген ешқандай ұстанымдарыммен сәйкес келмейтін еді. Қай жерде болса да. Айыптымын ба? Өтеймін. Жазықсызбын ба? Дәлелдеймін деген сияқты. Шыны керек осы құйтырқы заманда сондай мінезімнен талай таяқ та жедім. Үйдегілер де миды шағады -Сен адаммен келісе алмайсың, — деп. Өзімше түзелген болып, жүргізуші куәлігін алғалы бері бір рет пара бермекші болып едім, оны да алмады былай жібере салды, сау болғырлар.
Жалпы өткен жыл қандай жыл болды, немен есте қалды жаза отырыңдар.
Министрлердің блогында не жазылып жатыр екен деп оқып отырдым да іздеу деген бөліміне „Регистрация СМИ„ деп жазжівердім. Сонда дейсіз ғой, коСМИческий деген сөзде СМИ кездеседі екен. Жо-жоқ сайттың іздеу функционалының дұрыс істемейтінінде шаруам жоқ, ал мына жазылымның авторы СаянҮш па деп қалдым.
Кеше кешкісін ноутбук алдым. DELL n5110 деген. Сөздің шыны керек алдын ала интернеттен қарап, оны мұныларды есептеп деген сияқты дайындық жұмыстары болған жоқ. Конфигурациясы ұнағасын алдым.