Жарияланымдар
Көз алдыңда жасалған ғажайып сиқыр
(9)
- saltaps6
биылғы жылы шыққан фильмдердің ішінде маған аса ұнаған киноның бірі. Мына сөйлеміңізге " Әрі қарай қаншама жылдар бойы жоспарланып жасалған қылмыс кек қайтарудың амалы екені анықталады" — «Ескерту: ары қарай СПОЙЛЕР болады» деген сөз жетіспей тұрған сияқты
- Жасыру
Уайтхиллдық Хэтроуда!
(46)
- saltaps6
граффити "өнері" кенжелеп қалғаны болмаса, әдемі, таза қала екен, жақсы суреттер шығыпты
- Жасыру
Оқыған мамандығың бойынша жұмыс істеп жүрсің бе?
(41)
- saltaps6
мамандығы бойынша жұмыс жасайтындар бақытты шығар
- Жасыру
IT маманға күйеуге шықпау үшін 6 себеп
(35)
- saltaps6
бұл айтишниктердің ғана емес, интернет пен компьютерде уақытын тым көп уақыт отыратын барлық адамдарға келетін сипат сияқты
- Жасыру
Аһи, бізге кел
(62)
- saltaps6
Мүмкін осы видеоны жасағандарда өз ата-анаңа жақсылық жасау керек, олардың хақын орындау қажет, пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен берекеті болсын) айтқандарына тура сәйкес дінді дұрыс ұстану кере, деген түпкі мақсаты болған шығар, бірақ сол ойларын жүзеге асыруы мүлдем бұрыс деп ойлаймын. Мына видео тура бір орамал таққандар мен сақал қойғандар ата-аналарына осындай қылық жасайды, олар адасқандар дегендей ой салатын секілді оны көрген адамның санасына.
- Жасыру
Қазақтар нағыз "НАЦИКТЕР"
(17)
- saltaps6
осы неге қазақтардың өзін-өзі (осыдан келіп шығатыны — өз ұлтын) бағалауы төмен? тек өздері туралы айтатыны тек жаман нәрсе, неге қазақтың жақсы жағын айтып, жарылқамайсыңдар. адам болған соң, жаманы да жақсысы да кездеседі. қазақтың бәрі сіз жазғандай емес. жалпылай беруді қойыңдаршы осы.
- Жасыру
Қазақша сөйлемесем ше?
(21)
- saltaps6
Осы тұста ағылшын тілінің мысалы ойға түседі; тілге деген сұраныс жоғары болсын десек, қажеттілік тудыру қажет, орысың да, қазағың да ағылшын тілін үйренуге ұмтылатыны да осында. Өкінішке орай, қазақ тіліне деген қажеттілік тым аз, әсіресе, ақпарат алуға келгенде, бұл аса өткір сезілетін жағдай. Бірақ автордың ойымен қосыламын, өзге ұлтқа менің тілімде сөйле деп жалынғанша, сұраныс тудыру қажет, сонда өздері-ақ, бізден де жақсы қазақ тілінде сайрап шыға келетініне сенімдімін.
- Жасыру
Спорт туралы ұғым
(15)
- saltaps6
сіздің постыңыздың мәнін түсінбедім, шыны керек тура бір постты сайтқа жүктеп жатқанда соңына дейін мақаланың басы ғана ілінгендей әсер береді. Дегенмен, иә, спортпен шұғылданудың мән-маңызын бәрі біледі.
- Жасыру