Жарияланымдар

Блогиада #3: Сүттің балама қасиеттері

Блог - patick: Блогиада #3: Сүттің балама қасиеттері
Кеңес заманынының оқулықтарында Лениннің келесі оқиғасы баяндалатын: Көсем түрмеде отырған кезінде, үзеңгілес жолдастарына құпия хат жолдайтын. Әрине оған қалам-сия берілген жоқ. Сондықтан ол сияның орнына сүт пайдаланған. Ақ қағазға сүтпен жазса — ештеңе көрінбейді. Оны оқу үшін қағазды сәл қыздыру керек.

Мен сүттің қоректік функциясынан бөлек, тағы қандай салаларда және қандай мақсатта қолданылатынын іздеп көрдім. Сөйтіп, төменде ұсынылған келесі қызықты деректерге тап болдым.

Тұрмыста

Блог - patick: Блогиада #3: Сүттің балама қасиеттері
Төркініңізден келген сүйікті фарфор тәрелкеңіз жарылып кетті ме? Бұны сүттің көмегімен қалпына келтіруге болады. Тәрелкені кәстрөлге салыңыз, оған сүт құйып, жай отпен 45 минуттай қайнатыңыз. Сүттің құрамындағы ақуыз — ұсақ жарықтарды бітеп тастайды.

Өңі кете бастаған күміс қасық-шанышқыларыңыз болса, оларды да «жаңалап» алыңыз. Ашыған сүтке батырып, жарты сағатқа қою керек. Сосын жылы суда сабындап жуып, жұмсақ шүберекпен мұқият сүрту қажет.

Сүтпен киім-кешекті де тазартуға болады. Лакталған былғарыдан жасалған бұйымның (аяқ киім, сөмке, әмиян) өңі кете бастаса, оған сүт жағып, кепкеннен кейін жұмсақ шүберекпен сүру керек.

Түсті киімге дақ түскенде, киімді бір түнге сүтке батырып қою қажет. Ертең шығарып, жуып аласыз — болды.

Халық емдері

Блог - patick: Блогиада #3: Сүттің балама қасиеттері
Ана сүті емдік мақсатта да пайдаланылады. Көз қызарғанда, ісігенде, көзге инфекция түскенде ана сүтімен шаю керек. Көзді тазалаудың екі жолы бар — мақтаны сүтке малып сүрту немесе тамызғышпен тамызу.

Сонымен қатар, құлақ ішіне түскен инфекцияны ана сүтін тамызу арқылы, тамақ ауырғанда ана сүтімен шаю арқылы жазуға болады екен.

Теріні жасарту, косметология

Блог - patick: Блогиада #3: Сүттің балама қасиеттері
Сүтпен жуылған шаш жұмсарып, оның қалыңдауына, қайызғақтың арылуына сеп болады. Әрине, бұл жерде жасартқыш сұйықтық дайындауда тек сүттің өзі ғана емес, оған жұмыртқа, бал, ұн қосылады. Нақты рецептісі пен оны қолданудың әдіс-амалдары қажет болса — іздеу жүйелеріне жүгініңіз.

Жануарлардың сүті тері үшін де пайдалы екен. Мысалы, ешкі сүті терінің қартаюын бәсеңдетіп, тіпті регенерациялық қасиетке ие дейді. Нардың (бір өркешті түйе) сүті теріні ылғалдандырып, жұмсартады.

Косметологтар аңыздарда айтылатын Клеопатраның сұлулық құпиясы — жылы сүтке шомылудан деп түсіндіреді. «Бір литр сүт пен бір қасық балдың қоспасымен аптасына 2 рет жуыныңыз. Таңғаларлық нәтижесін көп кешікпей көре бастайсыз», — дейді мамандар.

Ал теріні тазартуға сүзбеден, айраннан немесе қаймақтан жасалған маска пайдалануға болады. Сүтті косметологияда қолданудың осындай және басқа да тәсілдері жетерлік.

Сән әлемінде

Блог - patick: Блогиада #3: Сүттің балама қасиеттері
Неміс модельері және биологы Анке Домаске (Anke Domaske) кезекті киім үлгілерін сүттен жасап шығарды. Ол материал ретінде ашыған сүтті пайдаланған. Түрлі эксперименттердің нәтижесінде сүттен — казеин деген зат бөліп алды. Осы ақуыздар массасынан Анке талшық, ал талшықтан мата шығарды. Осылайша оның қолынан сүттен жасалған әйелдерге арналған жазғы киімдер коллекциясы жарық көріпті. Сүттен жасалған мата қолға ұстағанда жібекті еске түсіреді екен.

Былтыр Анке Домаскеден үлгі алған өзіміздің оралдық жігіттер Atameken Startup Weekend байқауында сүттен мата өндіру жобасын ұсынған болатын. Олар неміс модельерінің бастамасын Қазақстанда іске асырмақ.

Сүттің қасиетін ерекше бағалайтындардың бірі өзіміз — қазақтар. Үйге кірген жыланның басына ақ құю — жамандықтан аулақ болудың белгісі. Сол секілді Сенегал мен Гамбияда да ұқсас ритуал бар екен. Ерлер ұлттық күресу сайысына шығар алдында сүтке шомылады екен. Бұл оған күш-қуат береді-міс. Ендеше сүттің осындай энергетикалық һәм практикалық қасиеттері өмірімізде кеңінен қолданыла берсін.

Посттағы ақпараттарды жазуға uhodzavolosami.com, lady.novostiua.net, moloko.cc, bibliotekar.ru, kakun.ru, nevozmozhnogo.net секілді ресурстар көмек болды.
Әрі қарай

Блогиада #2: Өз денсаулығың - өзгенің амандығы үшін!

Блог - patick: Блогиада #2: Өз денсаулығың - өзгенің амандығы үшін!
Ал, сіз өз денсаулығыңа көңіл бөлу арқылы өзге адамның өмірін сақтап қалуға болатынын білесіз бе? Жо-жоқ, біреуге донор болу екен деп ойлап қалмаңыз. Айтқым келгені мүлдем басқа жағдай. Түсінікті болу үшін толық тоқталайын.

Алматы осымен екі рет (2012, 2013 жылдары) халықаралық деңгейдегі марафон өткізді. Кәдімгі өзіміз теледидардан көріп жүрген, улап-шулап тайлы-тұяғы қалмай топырлап жарысатын — Бостон, Амстердам, Нью-Йорк қалаларындағы секілді жалпыхалықтық марафон!
Әрі қарай

Блогиада #1: Менің көктемдерім

Соңғы бірнеше жылдан бері әйелім екеуміз әр көктем сайын мини-саяхат жасауды дәстүрге айналдырып алдық. Мини деуімнің себебі — саяхатымыз шетелге немесе Қазақстанның алыс мекендеріне емес, өзім тұрып жатқан Алматы маңайына жасалады. Сонымен, өзім барған-көрген тамаша жерлермен бөлісуді жөн санадым.

Блог - patick: Блогиада #1: Менің көктемдерім
2011 жыл: Үлкен Алматы көлі. Көктемнің соңғы айы мен жаздың басталуы қарсаңында табиғат аясына шыққыңыз келсе, ҮАК — керемет орын. Бұл мезгілде мазаны алар шыбын-шіркей бола қоймайды. Сондықтан көлдің маңайындағы қылқан жапырақты тоғайға кіріп, жайлы көлеңкеде демаламын десеңіз де, жасыл шөпті төсек қылып күнге қыздырынсаңыз да өз еркіңіз.
Әрі қарай

Қарағанды қаласының 80 жылдығына арналған фотосурет

Биыл BlogCamp-2014 шеңберінде өтетін "Қарағанды қаласының 80 жылдығына арналған үздік фотосуреттер" байқауына өз нұсқамды ұсынып көрмекпін.

Қарағанды — шахтерлер қаласы. Мен үшін шахтерлер — өз деңгейінде жете бағаланбай жүрген өнеркәсіптің қаһармандары. Маған шахтерлер мен блогерлерді байланыстыру қажет болды. Бұл идеямды іске асыру үшін 2008 жылы шыққан «Таңғажайып Халк» («The Incredible Hulk») фильмінің постерін негізге алдым:

BlogCamp: Қарағанды қаласының 80 жылдығына арналған фотосурет
Суретте шахтер және блогер бейнеленген. Бұл бір жағынан аталған фильм постеріне пародия, әрі шахтер мен блогшыны бірге көрсету амалы.

Ал мынау түпнұсқа постердің өзі:
BlogCamp: Қарағанды қаласының 80 жылдығына арналған фотосурет

Мини-сұхбат: Рано Омарова және Алмас Мыңқожаев

Киностан: Мини-сұхбат: Рано Омарова және Алмас Мыңқожаев

Рано Омарова, актриса

Мені алдымен сценарий және өзімді мүлдем жаңа амплуада көру қызықтырды.

Кірпік қақпай адам өлтіретін кейіпкерді сомдай алатындығыма көрерменді сендіргім келді.

Жарты фильм мен байлаулы жатамын ғой. Ал қалған жартысында балтамен жүремін. Шынымды айтсам, балта өте ауыр болды. Сірә, оны көтеріп алып, біреуді қуалап жүру үшін өте мықты және тым ашулы болу керек шығар. Мен үшін қиын болды.
Әрі қарай

Әсел Сәдуақасова: Театрда ойнауды армандаймын

Киностан: Әсел Сәдуақасова: Театрда ойнауды армандаймын
Фугаға шалдыққан адам толық өзгереді, басқа біреуге айналып шыға келеді және бұрынғы сана-сезімімен ештеңе қалмайды.

Мені сюжет, сценарий қызықтырды және ол қызығушылық түсірілім біткенше «кетпей қойды». Егер фильм маған соншалықты ұнаса, жаман болмауы керек деп ойладым. Оның үстіне актриса ретінде әлі ешкім көрмеген жаңа амплуада ел алдына шығу, имиджді толық ауыстыру, мүлдем ерекше актерлік ойын көрсету де ықпал етпей қоймады.
Әрі қарай

Алматы күні: AppleFest'13

Оңтүстік астананың биылғы туған күні ауқымды мәдени-спорттық шараларымен ерекшеленді. Негізгі қоғамдық-мәдени шаралардың бірі 15 қыркүйекте Тұңғыш Президент саябағында өтті.

Саябақты көрген адам мені қостар — оның территориясы өте үлкен. Халық парктің әр түкпірінде қатар жүріп жатқан бірнеше концерт-фестивальдарға өз қалауы бойынша ұнатқанын көре алады. Өзім көріп үлгерген шаралардан аздап фото материалдар ұсынғым келеді.

Ескерту: Фотосуреттер смартфонға түсірілгендіктен талғампаз фотосүйер қауымнан сапасы үшін кешірім сұраймын.

Біздің елдің жаңалықтары: Алматы күні: AppleFest'13
1. Мен келсем халық саябақтың алдында үйіріліп тұр екен. Биіктеу жерде сахна тұр. Сондықтан ба, бір концертпен шектелетін мейрам саябақ алдында болады деп ойлап қалыппын.
Әрі қарай

Бытықана


Бытықана — су бойында өсетін жәндік. Ара секілді топ болып ұшады, бірақ денелері масадан да кішкентай болады. Еділдің суы көктемде жайылғанда, сумен бірге келеді. Мамыр айының басынан бастап, су қайтқанша — маусымның ортасына дейін болады.

Бытықана Еділден бөлініп шығатын Қиғаш өзенінің бойында тұратын қазақтарға жақсы таныс. Бұл жергілікті халық үшін жыл сайынғы құтылмас науқанға айналғалы қашан, тіпті қалыпты болып кеткен. Бірақ басқа өңірдің тұрғындары үшін бұл катастрофа болып көрінуі әбден мүмкін. Бытықананың шаққан жері көпке дейін қышып, ашып тұрып алады. Бірақ маса шаққандай ісіп, жараға айнала қоймайды.
Әрі қарай