Жарияланымдар

Блогиада #11. Блогерлер әлемді құтқарады

Кейде әлеуметтік желілерде, кейде тіпті шынайы өмірде журналистер тарапынан: «Блогшылардан келер пайда не осы?», — деген мағынадағы сөздер естіп жатамыз. Блогшылардың қоғамдық-әлеуметтік, тіпті саясаттағы рөлі стихиялы түрде болса да, жыл сайын артып келе жатқанын меңіреу ғана байқамайтын шығар. Мысалы, Варламовтың Алматы жайындағы посты мен Астана туралы сындары қоғамда біршама пікірталас тудырғаны бар. Ресейліктің жазбасы бізде бірдеңе өзгерте қойды деп айту қиын. Алайды енді оны оқыған әкімдіктердің өкілдері мен басқа да жауапты мекемелердің мамандары өз жұмыстарындағы кемшіліктерді біліп жүретін болады.

Блог - patick: Блогиада #11. Блогерлер әлемді құтқарадыТағы бір мысал: Яков Федоров деген отандасымыз Алматы паркингтерін заңсыз иемденіп алған ұйым-мекемелермен күресіп жүр. Осы заңсыз әрекеттерді фотоға түсіріп, қаланың ІІД-не ашық хат жазды. Нәтижесіз емес — полиция арнайы рейд ұйымдастырып, қоғамдық тұрақтарды клиенттері үшін «резервтеп» қоятын фирмаларға айыппұл салды.

Сұрастыра келе, достарымның арасында да ұқсас мысалдар баршылық екеніне көзім жетті:

Абай Отар (Aynaline.kz)
Блог - patick: Блогиада #11. Блогерлер әлемді құтқарады — Біздің ауыл Аққұм мен Бостандық арасы 8 шақырым жер, одан әрі Ақмола деген жерге дейін 20 шақырым. Осы екі ара тәуелсіздік алғаннан кейін жөндеу көрмеген еді. Таразға дейін 100 шақырым болғанына қарамастан, қалаға 3 сағатта қиналып әрең жететін едік. Күндердің бір күні осы туралы премьер-министрге жазу туралы ой келді. Ауылдың ақсақалдарын ұйымдастырып, хат жаздық. Көшірмелерін аудан, облыс әкімдеріне де тапсырдық. Жоғарғы жақтан жол жөнделсін деген тапсырма келіп, бір айда 28 шақырымды түгел тегістеп шықты. Қазір жыл сайын үстін тегістеп тұрады.


Айжан Кәрібаева (Kerbezful)
Блог - patick: Блогиада #11. Блогерлер әлемді құтқарады — "Екпін" жобасында жүргенде Алматы қаласындағы университеттердің жатақханалары жайлы шолулар жасайтынбыз. Сол кездері материалдар өте қатты талқыланып, тіпті Жүргенов атындағы консерваторияның жатақханасына жөндеу жұмыстары жасалынады деп жоспарланған еді. Кейін де ондай сәттер көп болды, бірақ еске түспей тұр 
Ал видеоблогер ретінде «Медианет» форумында видео жасау жайлы мастер класс жүргіздім, одан кейін маған Республиканың әр өңірінен: «Мен де видеоблог түсіргім келеді, неден бастаймын?» — деген сияқты сауалдармен жас қыз-жігіттер көп жазады. Ол да бір іс-әрекет жасауға шабыт берген болар.

Жанасыл Болатбек (Kerekinfo.kz)
Блог - patick: Блогиада #11. Блогерлер әлемді құтқарады — Әңгіме Үкіметтің электронды порталының жарнамасы жайында. Көшеге ілінген баннерде: «Бегай по клавиатуре, а не по кабинетам!» деген слоганның қазақша баламасы былай жазылыпты: «Кабинеттерде емес, клавиатурада зырылда!». Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы клавиатураның аудармасы «пернетақта» деп бекітілгенін білмейтін болып шықты.
Сол қателіктің түбіне жетіп, кінәлілердің табу мақсатында әрекет жасадым. Ақыры Е-Үкіметтің баннерлері түзетіліп, қайтадан ілінді.
Cол кезден бастап әкімдіктің өкілдерімен бірнеше рет кездестік. Түрлі ұсыныстардың нәтижесінде, осындай қателерді топтастыратын сайт жасау керек деп шештік. Бұл бағытта жалпы қозғалыс бар, жақында іске асып қалар.

Данияр Жаныс (Blogtime.kz)
Блог - patick: Блогиада #11. Блогерлер әлемді құтқарады — Осы қалада милионнан астам адам тұрса, соның тең жартысы Алматы Алатаудың етегінде деп мақтанады. Бірақ соның 20 пайызы да демалыста сол тауға барып көрмеген шығар. Біз де тек осылай айтып жүргенде кәсіпкер Ахметбек Нұрсила аға: «Мен сендерге демалыста үйде жатқаннан гөрі, таза ауамен денсаулықтарыңа инвестиция жасатайын» деп тауға алып шыққан. Көкжайлауға барғанда ол кісінің не айтпақ болғанын бірден ұқтық. Шынымен де таза ауамен тыныстап, бір апта компьютердің алдында тапжылмай отыратын дене-мүшемізді бір серпіліп қайттық.
Осыдан кейін тауға саяхаттауды дәстүрге айналдырғым келді. Сөйтіп әлеуметтік желі арқылы жарнама жасап адамдарды шақырып көрдім. Осылайша біз былтырдан бастап жексенбі сайын тауға шығуды әдетке айналдырғанбыз. Кейін көбі қызығып жекеге хабарласа бастады. Тауға шығудың арқасында көп нәрсеге қол жеткіздік, соның ішінде виртуалдағы жастармен шынайы өмірде достасып, салауатты өмір салтына бет бұрғанымызды ерекше атар едім.

Амангелді Қалыбек
Блог - patick: Блогиада #11. Блогерлер әлемді құтқарады — 2011 жылы Шымкентте мас күйінде көлік басқарған полиция қызметкері 16 жасар қызды қағып кетеді. Ол оқиға орнынан қашып кетеді. Кейін сот ешқандай жаза бермей, жеңіл қылмыс ретінде амнистия жариялайды. Осы оқиғадан кейін Шымкентке Сенат төрағасы Қ. Мәми келгенде осы мәселені 1-2 жігіт болып бастап көтерген едік. Одан соттың қайта қаралуын талап еттік. Бұл жерде біз блогер ретінде ғана емес, қарапайым азамат ретінде де әрекет еткенімізді айта кеткім келеді.



Бүгінгі тақырып аясында қазақ блогерлерінің үлкен жетістіктерінің бірі ретінде — Домбыра Party шарасын айтып өтпесе болмайды. Басында бірнеше адамның көшеге серуендеп шығып, домбырамен ән салуынан басталған отырыс кейін республикалық, тіпті халықаралық масштабпен тарап, жыл бойы өткізілетін дәстүрге айналып кетті. Блогшылардың үлкен күш екені осындайда көрініс табады.

Достарымның арасында қоғамдық-әлеуметтік тұрғыда белсенді блогерлер бар екенін қуантты. Демек, блогерлер тек жазу мен сөйлеудің адамдары ғана емес, қажет кезінде өзекті мәселеге орай әрекет етіп, өз ұстанымын білдіре алатын, қоғамға пайда әкелуге қауқарлы күш. Тек осы күшті пайдалану кезінде кейбір журналисттер секілді тым әсірешілдікке, радикалдыққа жол бермесе екен деген тілек.
Әрі қарай

Спорт сусындары: Амин қышқылдары

Блог - patick: Спорт сусындары: Амин қышқылдары
Амин қышқылдары — бүкіл ағзадағы ақуыз түрлері жинақталған элементтер. Жаттығу кезінде амин қышқылдарына көп көңіл бөлінеді, өйткені онда бұлшықет көлемін ұлғайту үшін қажетті ақуыздар көп. Сондай-ақ түрлі гормондарды, ферменттерді өндіру үшін қолданылады.

Аминқышқылдары бұлшықетті өсіріп қоймай, жаттығудан кейінгі физикалық және психикалық ахуалды қалыпқа келтіру үшін де пайдалы.

BCAA аминқышқылдары
Блог - patick: Спорт сусындары: Амин қышқылдары
BCAA аминқышқылдарының құрамында лейцин деген зат бар. Осы лейцин бұлшықет ұлпасын қалпына келтіреді және ыдыраудан сақтайды, яғни антикатаболикалық әсерге ие. Сонымен қатар BCAA энергиялық қуат алу үшін де пайдаланылады. Оның құрамындағы B5, B6, B12 дәрумендері ақуыздардың, көмірсулардың, майлар мен эриторциттердің синтезделуі үшін үлкен рөл атқарады. Бұған қоса жүрек-тамыр саулығын, гормондық өзгерістерді, иммундық жүйені оңтайландырып, ми мен жүйке жүйесінің жақсы жұмыс істеуіне ықпал етеді.

Аминқышқылдардың басқа да түрлері жетерлік. Негізгі қасиеттері бір-біріне өте ұқсас, дәмінде және құрамындағы кейбір элементтерді өзгешеліктер болады. Толығырақ Scitec Nutrition дүкенінің қызметкерлерінен білуге болады. Мекен-жайы: Наурызбай батыр, 89 (Қабанбай батыр және Шевченко көшелерінің ортасы). World Class Almaty ғимаратының ішінде.

Аминқышқылдарының кері әсерлері болмайды. Пайдалану ұзақтығына да шектеу қойылмайды.

Сабақтас материалдар:
1. Спорт сусындары
2. Спорт сусындары: Гейнер
Әрі қарай

Блогиада #10. Мен жек көремін қазақтың эстрадасын

Блог - patick: Блогиада #10. Мен жек көремін қазақтың эстрадасын
Елестетіңіз: қарапайым қазақ әні — тойда көп айтылатын, көпшілік телефонына рингтон қылып қойып алған, халықтың ыңылдап айтып жүретін «классикалық» хиті (тіпті бұл жерде «трендке сай», «сәнді ән» деп айтудың өзі ұяттау екен). Бірақ бұны мен қабылдай алмаймын, тіпті бар болмысыммен жек көріп кетемін.
Әрі қарай

Блогиада #9. Санжар Сұлтанов: "Жақсы сценарий болса - кез-келген актерді келістіруге болады"

Блог - patick: Блогиада #9. Санжар Сұлтанов: Жақсы сценарий болса - кез-келген актерді келістіруге болады
Санжар Сұлтанов — Канадалық қазақ режиссері, сценарийші, продюсер, актер. 1988 жылы Жамбыл облысының Қордай ауданында дүниеге келген. 9 жасында Англияға оқуға кетті. Кейін білімін Канадада жалғастырды. 2009 жылы ағасы Саидпен бірге Reverson Entertainment кинокомпаниясын құрып, киножобалар өндірумен айналысады.
Әрі қарай

Спорт сусындары: Гейнер

Өткен жолы спорт сусындары туралы материал жариялаған едім. Ол постта протеин коктейлі туралы көбірек айтылды да, қалған сусын түрлерін жалпылама шолып шықтым. Енді соның жалғасы ретінде гейнерлерге тоқталғым келеді.

Блог - patick: Спорт сусындары: Гейнер
Гейнер (ағылш. gain — өсіру, қосу) — көміртектен және ақуыздан тұратын тағам қоспасы. Гейнер көп жағдайда бұлшықетін тез өсіргісі келетін, салмақ жинағысы келетін адамдарға арналған. Бұл сусын жаттығу залында денеге күш түсіріп шыныққанда өте пайдалы.

JUMBO
Блог - patick: Спорт сусындары: ГейнерБұлшықетті өсіру үшін калорияны, энергетикалық көмірсулар мен ақуыздарды тұрақты пайдаланып отыру қажет. Бірақ көпшілігімізде қоректену тәртібін тұрақты бақылап отыруға уақыт бола бермейді. Сондықтан JUMBO секілді тағам қоспасын күнделікті пайдалану ағзадағы қоректік заттардың деңгейін тұрақты ұстап тұруға септігін тигізеді.

JUMBO-да бір порцияда ақуыз мөлшері 50 граммды құрайды. Дәмдік түрлері: шоколад, ваниль, құлпынай.

Ыдыстағы мөлшерлері:
4400 г – 20 рет қабылдау,
8800 г – 40 рет қабылдау.

1 порция көлемі: 220 г.

Дайындау әдісі өте оңай. Ыдыста болатын қасық арқылы ұнтақты тиісті мөлшерде стақанға саласыз да, үстіне су немесе сүт қосып араластырасыз.

JUMBO PROFESSIONAL
Блог - patick: Спорт сусындары: ГейнерКөп қимылдауға байланысты көбірек энергияны қажет ететін ағза үшін. JUMBO PROFESSIONAL-дың құрамында ақуаздың пайыздық құрамы көбірек. Жоғары сапалы ақуыз құрамы 52 граммды құрайды. Қоспада сүт сарсуының (сыворотка) тез әсер еткіш ақуызы бар, сондықтан препаратты жаттығу кезінде де, соңынан да қабылдауға болады.

Қалауыңызша түрлі дәмдері бар қоспалар таңдай аласыз, мысалы: шоколад, банан, құлпынай.

Ыдыстағы мөлшерлері:
1620 г – 10 рет қабылдау,
3240 г – 20 рет қабылдау,
6480 г – 40 рет қабылдау

1 порция көлемі: 162 г

MYOMAX HARDCORE
Блог - patick: Спорт сусындары: ГейнерMyoMax Hardcore — бұлшықет массасын өсірудің анаболикалық формуласы. Құрамында ақуыз, яғни жоғары сапалы ультрасүзгіленген сарсу протеині көбірек. Сарсу протеині ағзаға тез сіңеді.

MyoMax Hardcore құрамында қант аз және көмірсу мөлшері де шамадан аспайды. Сондай-ақ бұл қоспада 5,5 г креатин бар. Креатин бұлшықет клеткалары үшін аса пайдалы қорек заттарының бірі.

Қолдану тәсілі:
140 г (шамамен 4 қасық) ұнтақты сумен араластырасыз. Жаттығудан кейін ішкен тиімді.

Ыдыстағы мөлшерлері:
3080 г — 22 доза,
1400 г — 10 доза.

MASS
Блог - patick: Спорт сусындары: ГейнерБұл қоспалар бастапқы және орта деңгейдегі спортшыларға ұсынылады. Жұмысқа қабілеттілікті, бұлшықет массасын және күш-қуатты жақсарту үшін ағзаға тез сіңетін тағамдық қоспа. Бұның да құрамында сарсу ақуызы бар және энергетикалық көмірсулар қосылған.

Дәмдері: шоколад, ваниль, құлпынай.

Ыдыстағы мөлшерлері:
2250 г – 45 рет қабылдау,
4500 г – 90 рет қабылдау.

1 порция көлемі: 50 г.

Scitec Nutrition брендімен шығатын бұл өнімдерді Алматыдағы ресми дистрибьютордан сатып алуға болады. Өнім түрлері мен қолдану тәсілдерін сол жердегі мамандар түсіндіріп бере алады. Мекен-жайы: Наурызбай батыр, 89 (Қабанбай батыр және Шевченко көшелерінің ортасы). World Class Almaty ғимаратының ішінде.
Әрі қарай

Блогиада #8: Ең көп сатылатын 10 ойыншық (Marwin нұсқасымен)

Кеңес заманының шет жағасын көріп үлгерген біз сияқты ұрпақтың ойыншықтары көп жағдайда стандарт болып келетін. Әдетте аулада — түсі мен формаларында ғана аздап ерекшеліктері бар, темірдан құралған жүк тасығыш машина пен пластмасса трактор ұстаған балалар ойнап жүреді. Қыздардан сары шашты, көк көзді толық қуыршық пен ылғал топырақтан «торт» жасайтын қалыптар көретінбіз. Жақыны ГДР-ға немесе Прибалтикаға барып келген таңдаулыларда ғана ерекше спорткар немесе батареямен қозғалатын танк болады. Ондай қымбат қазынаны далаға шығармайсың, қол жетпейтін жерде тұрады.

Қазір баға мен сапа, талғам мен түр жағынан шектеу жоқ. Бүгінгінің балалары қандай ойыншықтарға әуес екенін білмек болып, елімізде жаңадан танылып келе жатқан Marwin балалар дүкеніне хабарласқан едім. Әкімшілік блогер екенімді білгеннен кейін дүкенін аралатып, қажетті ақпарат алуыма барынша жағдай жасап берді.

Сонымен, Marwin нұсқасы бойынша сұранысқа ие ойыншықтардың үздік ондығын ұсынамын:

10. Gonher қарулары

Блог - patick: Блогиада #8: Ең көп сатылатын 10 ойыншық (Marwin нұсқасымен)Gonher компаниясы шығаратын ойыншықтар кәдімгі қаруларға өте ұқсас етіп жасалған. Сөрелерден ковбой револьверін, винтовка түрлерін, полицей пистолеттері мен әскери автоматтарды табуға болады. Тақырыптық сюжетті ойындар үшін де арнайы жинақтар бар. Шынайы түрі мен жақсы сапасы үшін Gonher қарулары балалар арасында да, ересектер арасында да жақсы танымалдылыққа ие екен.
Әрі қарай

Блогиада #7: Ауылдың су көліктері

Өзен-суы мол елді мекендер үшін паром — тұрмыстың ажырамас бөлігі. Паром бір күн тоқтап қалса бітті дей беріңіз — бала сабақтан, ересектер жұмыстан қалады. Шағын өзен болса қиын емес — қыста мұздың үстімен өте бересің. Ал танкерлер өткізуге қауқарлы алып өзеннің арғы жағындағылар үшін жағдай басқаша — бір күн паром болмаса "үлкен жермен" қатынасу былай тұрсын, азық-түліктің жеткізілуі қиындап кетеді.

Мен өскен Жыланды мен көршілес Шортанбай ауылының арасын Шароновка деген шағын өзен бөліп тұр. Сәйкесінше, паромымыз да кішкентай. Жер қара, күн жылыда тросқа керілген темір салдың қызығын әрлі-берлі қатынаған халық көреді. Қозғалысқа келтіру әдісі де қарабайыр — екі жағаға керілген темір арқанды паром үстінде тұрып тарту арқылы жылжытылады:
Блог - patick: Блогиада #7: Ауылдың су көліктері
Әрі қарай

Блогиада #6: Спорт сусындары

Блог - patick: Блогиада #6: Спорт сусындарыКәсіпқой спортшылар мен жаттығу залына тұрақты барып тұратындарға арналған сусындар: протеин коктейлдері, гейнерлер, аминқышқылдары, жаттығу кезіндегі кешен, энергетикалық сусындар болып бөлінеді. Бұндай сусындар ұнтақ түрінде болады және өңдірісі сәбилерге арналған қоспалар шығару технологиясына ұқсас.
Әрі қарай

Блогиада #5: Алматыдағы "шабашниктер"

Әңгіме оңай жолмен ақша табатындар немесе табуға тырысып жүргендер туралы болады. Әдетте олардың қызметтері стихиялы формада ұйымдастырылған және барынша ештеңе істемей (әлде аз іс-қимылмен) көбірек ақшалы болуға бағытталған. Оларды жұрт біледі және солардың қызметтеріне жүгінеді. Олардың «жұмыс орындарын» көпшілік біліп алған. Алматыда өзім байқаған осындай «нүктелерді» бір шолып шықтым.

Паркингшілер

Блог - patick: Блогиада #5: Алматыдағы шабашниктер
Әдетте бұл жігіттер — «Алматыпаркинг» мекемесінің жұмыскерлері. Базардан ұқсас арнайы киім сатып алып, бос территорияларды жаулап алатын «самозванецтер» де болады деп естідім. Мекеме оларға бір күнге 4-7 мың теңге көлемінде жоспар қояды. Артылғаны — қалтаға. Паркингшілер табысы күніне 9-13 мың теңгені (мекемеге өткізілетін жоспар соманы қоса есептегенде) құрайтын көрінеді.
Әрі қарай