Жарияланымдар

Жарыс алдындағы ұзақ күн

Таэквондоға барып жүргенімізге екі-ақ ай болғанына қарамастан, ертең, бұйырса, алғашқы жарысқа қатыспақшымыз. Қатыспай қалуымыз да ғажап емес, бірақ керек-жарақтарын алдырғанына қарағанда қатысатын сияқтымыз. Содан тықыршып отырмыз, жұмыс күні қашан бітер екен деп. Өзім қатысатындай болып кеттім, құрысын  Әзірге мынаны қарай тұрыңдар:
Әрі қарай

МР3 жинағын жасау

Братан бір әскери тапсырма берді. Таңғы 5-терде ауылға қарай шығып кетпекші екен, соған жолда тыңдап барғанға бір диск жасау керек болып тұр. Бар орын — 8 ГБ (толтыру міндетті емес, көлемі 1 ГБ немесе 2 сағат ойнап берсе жетіп жатыр). Мүмкіндігінше қазақша әндерден. Шарттары:
— ойбайлаған мұңды әндер болмауы керек.
— ұйқыны келтірмейтін, ішті пыстырмайтын сергек (тура мағынасында да, ауыспалы мағынасында да «бодрый» :)) әндер болуы тиіс.
— жаңа шыққан әндер болуы өте-мөте құпталады.
Кімде қандай ұсыныс бар? Мәшинеде қандай әндерді тыңдаған жақсы?

Алдын ала рақметімді айтамын.
Әрі қарай

Yerbolat пен ШоХан - Астанам

Астаналық рэппер Шоқанның Ерболатпен бірлескен шығармасына клип. Жаңа байқап жатырмын. Фейсбукте Париждегі қазақ бауырымыз жариялаған екен, осында да бөлісуді дұрыс көрдім :) Астананы жақсы танытқан сияқты.

Өзіме ұнады, әйтеуір жаман емес.
Әрі қарай

Омар быраттың "ең-еңңдері"

Алдыңғы эстафетаға қатыспап едім. Пернетақтаны «ең-ең-еңңң» дегізіп от алдырып, мына эстафетаға бірдеңе жазып жіберейін деп, сол… ))

Тоздырмай, ең ұзақ киген киімім. Братанның маған бере салған бір қысқа жеңді шақпақ жейдесі бар еді. Соны бес жаздай кидім.

Ең ұзақ киген аяқ киімім. Бірінші курста бір қыстық бәтіңке алып едім. Ішінде «Estilo» деген ба, бір жазуы бар. Бірінші курстан бастап, оқу бітіріп, жұмысқа кірген бірінші жылға дейін бес қыс кидім соны. Іші кәдімгі қойдың жүнімен қапталған болатын. Үшінші жылдан бастап уылтарақ тықырланып, ер-тоқым қаптайтын былғары сияқты жылтырап кетті
Әрі қарай