Таңдаулы

2017 жылдың үздік посттары

Блог - asaubota: 2017 жылдың үздік посттары

2017 жылда блогосферада және КерекИнфо платформасында пәлендей белсенділік болмаса да біраз пост жазылды. Жылдың үздік посттарымен танысайық.

2017 жылы жазылған посттардың ең көп оқылғандары:

  1. Димаш Құдайберген «I am a Singer» жобасына қалай қатысты?
  2. EXPO билеттеріне қатысты 7 сұрақ
  3. Ninety One — Su Asty / Су асты
  4. Назардан тыс қалып жүрген 6 эроген аймақ
  5. Қарызға ақша сұраудың тиімді 5 әдісі
  6. Димаш Құдайберген. Кеше және бүгін
  7. Некеден кейінгі адамның өмірі қалай өзгергені туралы 11 сурет
  8. Мен көрген Атырау
  9. Маған ұнайтын футболшылар
  10. Тақтар ойыны. 7-маусым, 1-серия. Қыс түсті

2017 жылы жалпы КерекИнфода ең көп оқылған посттар:

  1. Іштегі баланың жынысын анықтау
  2. Таныстырсам өзімді…
  3. Үйде жүріп арықтаудың жолдары
  4. Секс туралы жігіттер сенетін 6 өтірік (+18)
  5. Зодиактар және оларға мінездеме
  6. Еркектердің жыныс аурулары. Урологпен видеосұхбат
  7. Эротикалық жұлдызнама
  8. Өт жолдарын емдеу
  9. Гүлзухра апаймен өткен түн
  10. Секс туралы қызық фактілер
Әрі қарай

Чемпионның артында кім тұр?

Блог - IShyrak: Чемпионның артында кім тұр?

Әр чемпионның артында кәсіби тәжірибесі мен бар жанын салатын ұлы бапкер тұрады. Сондай бапкердің бірегейі – Андрей Богданович Райш. Әлемнің екі дүркін чемпионы, Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев жайдан-жай «менің атам» деп ардақтамайды. Андрей Богданович сонау 1956 жылы шахтадағы ауыр жұмысынан кейін темір жолдың бойында ауыл балаларын боксқа баптаған. Нар тәуекел шешімдері мен ісіне деген махаббатының арқасында «Абай аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің» негізін қалады. Ата-анысының қадағалауынсыз бұзақылықпен айналысып жүрген ер балалар енді спортпен шұғылданатын болды. «Біз үшін әкеміздей болған ол, қаншама балаларды абақтыдан аман сақтап қалды», – деп шәкірті Виктор Петышин еске алады. Оған «1968 жылғы жоғары қылмыстық көрсеткіш 80 жылдарға қарай екі есеге төмендедеді» деген мұрағат деректері де дәлел.

Блог - IShyrak: Чемпионның артында кім тұр?

Темірдей тәртіп пен мықты әдістің нәтижесінде Ерден Сүлейменов, Александр Стрельников, Бауыржан Аманбаев сияқты ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушылары шықты. Олардың шәкірттері Олег Маскаев, Серік Сәпиев, Абылайхан Жүсіпов сынды чемпиондар. Сексеннің сеңгіріне шыққан бапкер әлі күнге дейін бай тәжірибесімен бөлісіп, боксшыларды жаттықтырып жүр. Жә, тірі аңыздың әңгімесін өз аузынан тыңдау уәжіп.

Әрі қарай

КерекИнфо - Халықтың сүйіктісі!

Блог - asaubota: КерекИнфо - Халықтың сүйіктісі!

Қазақстан Блогерлер Ассоциациясының президенті Ғалым Байтоқтың ұйымдастыруымен биыл 5-рет өткен «Халықтың сүйіктісі» байқауында Kerekinfo.kz сайтымыз "Үздік сайт" номинациясын жеңіп алды. Финалға қалған 4 сайтқа оқырмандардың берген дауысы бойынша үздік деп танылды.

Бұл біздің бәріміздің жеңісіміз. Жеңіс құтты болсын, керекинфолықтар!
Әрі қарай

Стрип-пластика: денсаулық және «жансаулық»

Соңғы жылдары стрип-пластика (ағылш. Strip – «шешіну», plasty – «пластика») нәзік жандылар қауымы арасында кең таралған спорт түріне айналды. Кез-келген қаланың би клубтарында, спорт сарайларында міндетті түрде оған арналған зал мен жаттығу кестесін табасыз. Бағасы шамамен айына 8-12 мың теңгені құрайды.
Стрип-пластиканың тарихы Ежелгі Шығыстан бастау алады. Көптеген тарихи деректер шығыс матриархат мәдениетінде бөксені толқындата айналдыру қимылы бастапқыда ер адамдарды қызықтыру үшін жасалмағандығын растайды. Ол ең алдымен әйелдің бала туу мүшелерінің тонусын сақтау арқылы дүниеге дені сау ұрпақ әкелуіне арналған. Қазір де бұл би өзінің бастапқы міндетін толықтай сақтаған. Жалпы, аты бір қарағанда «ұятсыздау» көрінгенімен, заты оның этимологиясынан әлдеқайда алыс жатыр. Стрип-пластиканың кәнігі стриптизден басты айырмашылығы – би барысында шешіну міндет емес, сонымен қатар киілетін киімнің талғаммен таңдалуы, би қимылдарының ырғақты, көзқарастың жұмбақ болуы.
ОҒМ жазбалары: Стрип-пластика: денсаулық  және «жансаулық»
Осыдан бір жарым жыл бұрын құрбыларыма еріп бидің осынау бір түріне жазылғанымда менің, әрине, денсаулық туралы ойлай қойғаным шамалы. Еу, еу, азғын қиялдарыңды бір шетке ысыра тұрғандарың жөн: менің мақсатым жай ғана артық салмақтан арылу болатын. Жалығып тастап кетпей ұзағынан айналысуымның себебі – бидегі жаттығулар мен қимылдардың сан алуандығы. Белгіленген 1 сағаттың алғашқы жартысы сергіту, жекелеген қимылдар мен созу жаттығуларына арналса, келесі жартысы би үйренуге жұмсалады. Енді осы спортпен шұғылдану кезінде өз бойымнан байқалған өзгерістермен бөліскім келіп отыр.

Салмақтың азаюы
Бірден салмақ тастай қоймайсың әрине. Өзім, мысалы, бастапқы жарты жылда небәрі 1-2 кг айырмашылық байқадым. Тек күзге қарай тұп-тура 5 кг тастадым. Бірақ бұл аса маңызды емес.
ОҒМ жазбалары: Стрип-пластика: денсаулық  және «жансаулық»

Бұлшық еттің қатаюы
Таразы тіліндегі нәтиже аса көңіл қуантпағанмен, алғашқы айларда-ақ тартылып, жинақылана бастағанымды өзім байқадым. Киім де бұрынғыдан жақсырақ жарасатын болып қалды. Сөйтсем, босаң тартқан бұлшық ет қатайып, тығыздала түседі екен. Ал бастысы масса емес, көлем екені қыздар қауымына бесенеден белгілі.

Иілгіштіктің артуы
Студенттік кездің дене шынықтыру сабағы аяқталғаннан бері жүктеме көрмеген денем кәдімгідей қатып қалыпты. Масқара десеңші, алғашқыда биді былай қоя тұрып, тізе бүкпей еңкейгенде қолымды жерге әрең тигізетінмін. Кейін сіресіп қалған арқам қимылға келіп, жаттықтырушыдан мақтау сөздер ести бастадым тіпті. Бірақ шпагат деген бәлеге отыра алмаймын әлі күнге дейін, тіпті соған онша тырыспайтын да сияқтымын. Әйтпесе, менімен бірге келген Бану шпагатқа еш қиындықсыз-ақ отырып жүр ғой.
ОҒМ жазбалары: Стрип-пластика: денсаулық  және «жансаулық»

Иммунитеттің жоғарылауы
Кез-келген би секілді стрип-пластика да жүрек пен қан тамырлары жұмысын жақсартып, қан қысымын қалыпқа келтіруге ықпал етеді. Мен енді үйдің 9-қабатына ентікпей, бір деммен жаяу көтерілетін болдым. Тағы байқағаным, иммунитетім жоғарылады: тұмау тигізіп ауыруды сиреттім.

Көтеріңкі көңіл-күй
Стрип-пластикамен айналысу бақыт гормондарының түзілуіне көмектеседі, эндорфиндер қанға түсіп, көңіл-күй көтеріле бастайды, маусымдық күйзеліс деген атымен жойылады-мыс. Өз басым күйзеліске аса бой алдыратын адам емеспін, әйтсе де, жалпы сымбатыңның жақсарғанын сезінудің өзі мәз қылады емес пе? Жаттығу залынан шып-шып терлеп, құрыс-тырысың жазылып, денеңді тәтті шаршау меңдеп шығудың кайфын айтпай-ақ қояйын.
ОҒМ жазбалары: Стрип-пластика: денсаулық  және «жансаулық»

Комплекстерден арылу
Иә, иә, жан дүниеңнен ойып тұрып орын алатын жасырын/ашық комплекстерден құтылудың тамаша жолы бұл. Стрип-пластика менің өзгеруіме, ашылуыма (әлбетте, шектен шықпай) және өзімді тартымдырақ сезінуіме септігін тигізді. Айналамдағы адамдардан «өзгеріпсің» сынды сөздер мен комплименттер, «қандай диета ұстадың?» тектес сұрақтар көзге көрінетін нәтиженің болғанын растай түсті. Әлеуметтік желілердегі өзімнің спортқа дейінгі және кейінгі фотоларымды шолып шықтым, сіздер де көріңіздер,
дейін:
ОҒМ жазбалары: Стрип-пластика: денсаулық  және «жансаулық»
және кейін:
ОҒМ жазбалары: Стрип-пластика: денсаулық  және «жансаулық»
Әрі қарай

********

Маған да керек бір бақыт, саған да керек бір бақыт, алғанбыз оны жат біреулерге ұрлатып. Түнімен іздеп көшеден… бақытым менің өлшенген екен ау, жаным, сенсеңші. Қап-қара асфальт төселген жолменен маған келсеңші. Қап-қара тас жол — бақытың, мен сені желге шақырттым! Келсеңші енді, жақұтым… Жылай түс, жалын тағы да дегің келе ме, ұқпаймын. Күл боп, өртеніп жалынға, сосын айналып сағымға кету ғой менің бар қайғым…
Әрі қарай

Тағы да.

Мезгілсіз көктем, қарлы ақпанның басында қонаққа келді қашықтан. Келіп отырды қасыма, сипап отырды шашымнан, ал мен жыладым егіле: «Келемін деші, келемін деші еліме! Гүл сыйлап солған бағыма, нұр сыйлап бұлтты көгіме! Келемін деші, аппақ жауын боп төгіле». Үнсіздік -ауыр, тыныштық — зіл боп жанымды басады тағы, көлеңкелермен алыстым. Аламын десең, берейін саған барымды, тек қана келші, жақындай түсші, арысым! Сүйінші десең жүрегім дайын, жаным да! Өзің білесің, жібекке ора, жалынға! Сорыма бұйыр, бағыма! Тек қана келші, тек қана келші тағы да…
Әрі қарай

Орысша.....

В моем, богом забытом сердце вдруг запели зяблики. Я просто решила задачу, я просто нашла ответ! И счастье, рукою крохи младенца открыла мне дверцу туда, где солнечный свет рассыпался в блики. А крики души забыты, зарыты в могилу и будто их не было, и будто нас нет. Ты отправляешь срочные письма, шлешь телеграммы, а раны зажили давно, и правду твою, что режешь на сотые граммы я не хочу покупать. Весь этот бред я больше не переживу. И потому, теперь по утрам вместо зарядки, и вместо чая со льдом я пою с зябликами, что запели в сердце моем. А ты оставайся в прошлом, где меня нет…
Әрі қарай

Таныс болыңыздар: madlen

madlen — Маржан Тулеева — 1987 ж. 18 сәуірде ОҚО дүниеге келген. Қазығұрт ауданында мектепті бітіріп, Алматыдағы Абылай хан атындағы Халықаралық Қатынастар және Әлем тілдері Университетіне түседі. Оны 2008 ж. аяқтайды. Қазір «Глобал Эйр — Американ Экспресс» авиатурагентсвосында ивэнт-менеджер болып қызмет жасайды.

— КерекИнфоға қалай келдің?
— Нақты есімде жоқ. Тіркелген күнім 09 ақпан 2011, 12:37 деп тұр. Дегенмен, көпшілік юзерлар сияқты Блогкэмптен соң келдім деп ойлаймын. Ал Блогкэмпке Салтанат (Балғырған) жетектеп алып келгені үшін оған үлкен рахмет айтамын.
Әрі қарай

Сағындым

Сен жыладың… Бұның себебін екеумізден басқа ешкім білген жоқ… Кеудеме басыңды қойып, көз жастарың бетіңнің балғын терісін жуып жатқанда, менің жүрегім қан жылап жатқанын сездің бе екен?! Бейне бір Ләйлі мен Мәжнүннің күйін бір сәтке кешкендей болдық… Біздік мұңның алдында Ромео мен Джульеттаның азабы әлдеқайда жеңіл еді…
Әрі қарай

Атақты адамдардың визиткалары

Визитка қазір қызмет құралы ретінде кеңінен танымал. Байланыс орнатуда, таныстықты бастауда да қажет дегендей. Ал, кейбір атақты адамдарды визиткалары мынадай екен:

Әрі қарай