Жарияланымдар

Кезекті ой бөлісу..

Өмір қызық қой, бір күні өзіңді ең бақытты адам секілді сезінесің, бір күні сен үшін бәрі біткендей, дүние құрығандай күй кешесің. Бірақ мен әлі жас болғандықтан, соншалықты қиындық көріп, қиын жағдай болған емес. Бірақ күндер өте келе, қоғаммен араласа келе түрлі жағдайларды да, түрлі сезімдерді де бастан кешесің.
Әрі қарай

Тағы бір ерекше күн..

Адам өмірінде мерекелер ерекше орын алады, соның бірі туған күн. Бүгін менің туған күнім. Осы күнді аса бір қуанышпен және толқумен қарсы аламын. Себебі, жасқа тағы бір жас келіп қосылғанда мен ылғи өзіме есеп беріп, бір жылда не бітіргенімді,әлі не істеу керектігін ойланамын. Туған күн кезінде нағашы ағам ылғи: «Ал, бүгін тағы бір жасқа үлкейдің, өзіңе қандай жақсы қасиеттерді қосып, ұнамайтын қасиеттеріңнен арыласың» деп сұрайтын. Сол уақыттан бастап, сол тақырып маған әдет болып кетті. Бүгін де сол туралы ойланып отырып, бөлісе кетейін дедім. Бүгіннен бастап мен:
Әрі қарай

Ерте тұру ерекшелігі мен қиындықтары..

Негізі таңертең ерте тұрсаң өте көп шаруаны бітіресің. Байқауымша неше түрлі табысты,іскер адамдар таңмен өте ерте тұрады екен. Ерте тұрсаң өзіңді жеңіл сезінесін, көп ісіңді жасап, өзіңе риза боласың. Бірақ мен ешқашан ерте тұра алмаймын. Аса маңызды бір жерге бару керек болса немесе емтихан болмаса қиын. Мен керісінше таңға дейін ұйқысыз отыра аламын. Талай солай таңды атырғам. Бірақ одан кейін басың ауырып, шаршайсың аздап. Таңертең ерте тұрудың тағы қандай пайдасы бар? Таңнан бастап жоспар кұрып, ойлануға болады, медитация немесе жаттығу жасап, жүгіріп келуге болады. Бүгін интернеттен таңертең қалай ерте тұруға болатынын іздеп көргем. Егер тағы біреуде сондай мәселе болса деп менде бөлісе кетейін деп ойладым. Сонымен:
Әрі қарай

Сұхбат кезегі...

Сауалнаманы Керекинфоның көрікті де, сұлу, ақылды қызы бастаған соң одан әрі сондай көркіне ақылы сай қыздармен жалғастыруды жөн көрдім.Қыздың жолы жіңішке дегендей, жігіттер жағы ренжи қоймас. Бұл сұхбат менікіне қарағанда өте қызықты шықты деп ойлаймын. Сонымен кезек ademi_alem атымен жүретін Зарина Долатайға берілді.
Әрі қарай

Көмектесе аламыз ба...

Кезекті менің бұл тақырыбым осы сайтқа жазуға жарай ма әлде минус болама білмеймін. Бірақ кімнен сұрарымды білмедім. Нағыз жарамай жатса өшіре салармын. Бүгін мен интернетте отырып бір бағдарлама көрдім. Ол адам өмірін құтқарған батырлар туралы. Соңында рак ауруына ұшыраған кішкентай қызды көрсетті. Оның сыныптастары барлық жағынан қолдау көрсетіп, көмектеседі екен. Көріп, бір жылап алдым. Содан соң ойға қалдым, біздің елде де сондай көмекке зәру адамдар көп қой. Ауруларды санамағанда жетімдер, соның ішінде қазақтар қаншама. Бізде, шүкір, бәрі бар. Тіпті, қымбат сотка мен қымбат киім кимесем де мен өз күшіммен қалағаныма жете аламын. Ал кейбіреулердің оған шамасы жоқ. Бақытты отбасыда өмір сүргеннен артық қандай бақыт бар! Жетімдерге көмектесу — бала күнімнен ойымда бар еді.Тіпті, 3 жыл бұрын мектеп кезінде «алматы ақшамына» осы ойымды жеткізіп, мақаламды жариялаған болатынмын. Сонда мен бай адам болғым келеді, себебі мен сонда ғана жетімдерге көмектесе аламын дегем. Қазір де солай ойлаймын. Сонымен әңгіменің нақтысы, мен ешқашан жетімдер үйінде болмадым. Ойлап отырмын, осы жаңа жылда ең болмағанда бір балалар үйіне кішкене де болса да сыйлық жасасақ не болар екен? Мен әрине үлкен суммадағы қаражатпен көмектесе алмаймын. Бірақ қалай көмектесуге болады? Кім қалай ойлайды? Әлде босқа әуре болмау керек пе көп қаражат болмаса? Көп түкірсе көл болмай ма? Пікірлеріңізді жазуларыңызды сұраймын. айтпақшы, көрген бағдарламам: пусть говорят — не все равно тақырыбы
Әрі қарай

Керек пе, жоқ па...

Осы сонғы күндері жоғарғы оқу керек пе жоқ па деген ой мазалап жүр. Бұған дейін барлық адамдарша мектепте де, универде де сабақты жақсы оқып келдім. Енді бітіруге 1,5 жыл қалды. Универге баруға, оқуға ешқандай ынтам жоқ. Сол дипломды алғанда не болады, алмағанда ше? Айналама қарасам оқуын жарты жолдан тастап кешкі бөлімге түскендердің өмірде жолы болып,өз жеке істерімен айналысып жүрген адамдар да баршылық. Әрине, түсінем өмірде қандай да бір жетістікке жету — оқуды тастауға байланысты емес. Бірақ оқу да бір күннің біраз уақытын алады. Әкем бұл ойымды естігенде қатты ренжіді. Меніңше қазіргі кезде диплом алған ешқандай адам өз мамандығымен жұмыс жасамайды. Диплом алу — жалданып жұмыс жасауға ғана керек. Бірақ менің жоспарымда жалдамалы жұмысқа орналасу емес кәсіпкер болу бар. Сіздер қалай ойлайсыздар? Кім өз мамандығы бойынша жұмыс істеп жүр? Кім мында жеке кәсіпкер?
Әрі қарай

Робин Шарманың кеңестері

Бір жаңалықпен қатты бөліскім келген еді, болмады, бәрі минус қойды ғой, қайта аударуға қызық болмай кетті. Енді жаңалық болмай қалды. Тағы бір сайтта көрген мақала қатты ұнап, сіздер де оқыңыздар деп ойладым. Ол әрине керемет жаңалық емес, көбі оқыған да шығар,өзіме сол автор қатты ұнайды. Айтқандары қарапайым әрі нақты және пайдалы. Ал, мынау қазақша, керемет! Оқып, еске түйіп алайық.
Робин Шарма: “Өмірдің 200 сабағы”
1. Аз ұйықтаңыздар. Бұл өміріңізді одан бетер толық және өнімді етеді. Көпшілік адамдарға 6 сағаттық ұйқы жетеді. 21 күн ішінде бір сағатқа ерте тұруға тырысыңыздар, ақыры бұл әдетке айналады. Есіңізде болсын: ұйқының сағаты емес, сапасы маңызды.
2. Таң ертең бір сағатыңызды жеке бас дамуына бөліңіз. Бүгінгі күніңізді көзге елестетіңіз, шабыттандыратын мәтіндерді, мотивациялық жазбаларды немесе ұлы кітаптарды оқыңыз. Бұл тыныш уақытты барынша тиімді пайдаланып, бүгінгі қарбалас кезеңге дайындалыңыз. Аптасына бір рет күннің шығуын немесе батуын бақылаңыз, таза ауада серуендеңіз.
3. Майда.шүйде емес, маңызды нәрселерге көңіл бөліңіз. Өзіңізден мынаны сұраңыз: «Мен өз уақытымды және қайраттылығымды барынша тиімді пайдаланамын ба?» Уақытты басқару – өмірді басқару, сондықтан өзіңіздің уақытыңыздың тиімсіз жұмсалуына немқұрайлы қарамаңыз.
4. Ойыңызды өмірдің тек жақсы элементтерін жию үшін резеңке бауы атты әдісті қолданыңыз. Білегіңізге резеңке бауын тағып алыңыз. Басыңызға жаман ойлар келгенде, қолыңыздағы резеңкенң тартып қалыңыз. Сіздің миыңыз жаман ойды ауыртпалық ретінде қабылдап, жақын арада ойдың жақсы қоймасы қалыптасады.
5. Әрқашан телефон қоңырауына ерекше ынтамен жауап беріп, сол арқылы қоңырау шалушыға қадір.құрмет білдіре аласыздар. Жақсы телефон мәнері өте маңызды.
6. Күні бойы біздің ойымызды жақсы идеялар мен шабыттар аралайды. Өзіңіздің ойларыңызды жазып қою үшін, әмияныңызға карточкалар және қалам салып қоюды ұмытпаңыздар. Үйге келгенде, осы карточкаларды көрінетін жерге қойып, қарап шығыңыздар. Оливер Уэнделл Холмс айтқандай: «жаңа идеялар кезінде үлкейген адамның ақылы, ешқашан бұрынғы көлеміне оралмайды».
7. Жексенбілік кешті өзіңізге арнаңыз және бұл әдетті қатаң ұстаныңыз. Осы уақытты келер аптаны жоспарлау, күтілетін кездесулерді елестету, осы кездесулерде не мақсатқа жеткіңіз келетінін ойлану, жаңа мәліметтер мен кітаптарды оқу, баяу музыканы тыңдап, тынығу үшін арнаңыз. Бұл уақыт келесі аптада жинақы, мотивацияланған және тиімді болуыңызға көмегін тигізеді.
8. Мына қағиданы есте сақтаңыз: өміріңіздің сапасы – бұл қарым.қатынасыңыздың сапасы. Ол деген достарыңызбен, ең бастысы өзіңізбен қарым.қатынас. Егер сіздер пайдалы нәрселер іздесеңіздер, онда оған жетесіздер. Бұл табиғаттың заңдылығы.
9. Нәтижеге емес, мақсатқа назар аударыңыз. Кез.келген істі ұнағаны, біреуге көмек беретіні үшін істеңіз. Ақша, бедел үшін емес. Олар өздері.ақ келеді.
10. Күнде айнаның алдында 5 минут күліңіздер. Осылай Стив Мартин істейтін. Күлкі мүшеңіздегі көптеген пайдалы элементтерді іске қосады. Сонымен қатар күлкі ағзаға теңгерімділік қалпын қайтарады. Күлкітерапия көптеген дерттерді емдеп, өмірлік проблемалардан құтқарады. Төрт жастағы бала күніне, шамамен, 400 рет күлсе ересек адам 15 рет қана күледі екен.

Ары қарай өте көп, оны zhanaoi.kz/zho/blog/view/130 оқуға болады екен.
Әрі қарай

Менде толықтай келісемін..

Бүгін кешке интернетті ашып, мына мақаланы кездейсоқ көріп қалдым. Елбасымыз туралы жақсы да, жаман да әртүрлі әңгімелер бар ғой, бірақ осы сөзіне екі қолымды бірдей көтеріп, толықтай қосыламын.
Біз мұсылман мемлекетіміз, мұсылманның келешегін қолдаймыз, алайда, елімізді орта ғасырға тартпаймыз. Бүгін Астанада «Жас Отан» жастар қанатының ІІ съезі барысында сөз сөйлеген Елбасы Н. Назарбаев осылай мәлім етті.

«Қазір нешетүрлі жағдайлар орын алып жатыр. Дініміз ислам, біз одан кеткеміз жоқ, оны қолдаймыз. Алайда, соның ішінде неше түрлі ағымдар бар. Сол ағымдарда жүрген жастарды «жасотандықтар» тәрбиелеп, жәрдем берулері керек. Біз мұсылман екенбіз деп халқымызды орта ғасырға тарта алмаймыз. Біз мұсылмандардың болашағын қолдаймыз. Мұсылмандықтың да, біздің де өз жолымыз бар. Барлықтарын сыйлаймыз, ой-пікірін құрметтейміз. Алайда, бізге арабтардың киімін басымызға жапқызып, қыздарымызды, әйелдерімізді орта ғасырға қарай тарту — біздің жолымыздан емес», — деді Н. Назарбаев.

Бұл ретте Елбасы қазақтар -көшпенділер ат үстінде жүрген халық екенін, ал оның жанында атқа мініп әйелі де серік болып, қыздары да жүретінін айтты.

serke.org/news/prezident-kazaktardy-arabtarga-el%D1%96ktemeuge-shakyrdy
Сіздер қалай ойлайсыздар?
Әрі қарай

Қазір интернеттегі мода немесе жастардың жиналатын орны,,

Маған ұл,қызына қарамастан интернет әлемінде әртүрлі адамдармен танысып, пікір алысқан ұнайды. Әр адам интернетті, социальды сеттерді көбіне қандай мақсатта қолданатынын білмеймін, бірақ маған жаңа адамдармен танысып,әртүрлі тақырыпта сөйлесіп, адамдардың ойларын тыңдап, содан кейін қорытындылаған ұнайды. Сонымен айтайын дегенім, осыдан біраз жыл бұрын интернетте «чат, форум» деген беттер мода сияқты еді, яғни өте көп жастар жиналып танысып, сөйлесетін. Қазір чатта да, форумда да қызу әңгіме жоқ. Тіпті ешкімге қызық емес секілді. Кейде өзің көңіл-күй жооқ боп отырғанда, сөйлесейін десең ешқандай интернетте адамдардың жиналатын жері жоқ сияқты. Мен ағылшын чатын білем, онда тек ағылшын тілін білетін бар адам бүкіл әлем түкпірінен жиналып,әңгіме-дүкен құрады.Мен арасында сөйлесем.Бірақ кейде өз тіліңде,қазақ жастарымен сөйлескің келеді.Қалай ойлайсыңдар, қазір социальды сеттен басқа қандай беттер бар? Кейде танымайтын адамдармен сөйлескілерің келсе қай сайттарды пайдаланысыңдар? Қазір чат, форумды көп адам пайдаланама? Кім қалай ойлайды? Айтып жіберіңдерші?
Әрі қарай