Жарияланымдар

Домбыра патиден естелік

Еліміздің түкпір-түкпірінде өткен домбыра-патиді Ақтауда аяқтадық. Сол Ақтауда өткен жаз бойғы домбыра-патиден естеліктер қарай отырыңыздар. Каспий теңізінің жағасы, самал жел, ашық аспан астындағы домбырашылар мен өнер сүйер халық. Тамаша көрініс, тамаша ән-күй…

Қазақстан жалғыз ұлы қазақтың!

Қазақтың тамағын қонағы жейді десек артық емес шығар. Қазақстан ең үлкен қазан. Қазақстан қазанының қазаншысы жоғарыдағы «көкелер». "Қазаншының өз еркі қайдан құлақ шығарса" дегендей, олар да өз білгенін істеуде. Қазақ халқы ен байлықтың үстінде отырса да, қолдары ауыздарына жетпей отырғандары қаншама. Қазақ тек салыстыруды ғана біледі,"әйтеуір ана басқа елдерден гөрі шүкірміз" ғой деп. Аллаһ бізге бәрін берді емес пе, неге соны ақылмен пайдаланбаймыз?! Мұнай, газ,қазба байлықтардан бөлек табиғатта қаншама дәрілік өсімдіктер бар. Ал қазір ауырып, емханаларға барсаң, дәрілері қымбат, ауыруға қорқасың, Орыстың саясаты өтіп кеткен қазаққа. Әлі күнге Егемен ел екеніне сене алмай жүр,әлі де орыстарға жалтақтайды. Ойбай, осы күнімізге шүкір, орыс естіп қалып, тыныштығымыздан айырылып қалармыз дегендей. «Ауруын жасырған ауырмай өледі» деген бар, тек қана жетістіктерді ғана айтып, кемшіліктерге көз жұма беруге болмайды. Кішкентай тастар да жинала берсе тау болады. Кішкентай әлеуметтік жағдайларда, жинала келе үлкен қауіп болуы мүмкін. Қазақтың көкірек көзі ашық, намысты халық, халықтың жағдайын ойлау керек, шет елге жақсы көріну керек емес. Қазақстанның басты байлығы оның халқы. Әлде тек Конституцияда ғана солай ма? Аллаһтың бізге берген қазынасын тиімді пайдалану керек, шет елге сата бермей! Қазақ өз қазақ тілінде сөйлеп, ойлай білсе ғана туған ұлтына жан ашиды. Тілі шұбардың ойы да ала. Ел байлығын сататындар да солар! Ата дінімізге қолдау көрсетіп, иманды ұрпақ тәрбиелеу керек. Имансыз ел — азған ел!
Аллаһ елімізге баянды бақыт, жарқын болашақ, иманды ұрпақ, салиқалы қауым, ақылды басшы нәсіп етсін!
Әрі қарай

Қазақтың домбырасын ұнатқан орыс көршім

Осылай көше әнін домбырамен айтып есік алдында отыр едім. Қасыма көрші орыс жігіт келді. Қасыма отыра кетіп, домбыраны мақтады. Әрине қазақша емес,өз тілінде айтты. Мен қазақша аударып жазайын. «Домбыра жақсы.домбыра тыңдаған ұнайды» дейді, «Алдында „Астана“ алаңындағы рок-концертке бардым, сол кезде бір топ электро-домбырамен тартты,қатты ұнады. Электро-гитараларды көріп жүрміз ғо,. 7 шекті теріп, көп ән ккелтіруге болады, ал домбыраның екі-ақ ішегінен көп әуен шығатынына таң қалам, маған домбыра ұнайды»-дейді көршім. Мен де сұрап жатырмын ғо, «Орыстарда да балалайка екі шек емес па?» — деп, ол айтады: «Жоқ, төрт шекті. Бірақ домбыра ерекше аспап» — дейді. Кейде 14-шағын аудан жаққа барғанда бір 90 жас шамасындағы бір кісі домбыра тартып отырады. Қасына барып жігіттермен отырып тыңдаймыз" — дейді орысым. «Ақша берсек алмайды,өзім үшін тартып отырмын деп. Ана кісі күй тартқанда үндемей тыңдаймыз,өте жақсы ойнайды екен домбырада» дейді. Өзі қазақша білмесе де қазақтың домбырасын, күйін жақсы көретініне қатты қуандым...
www.facebook.com/photo.php?v=257104431081033&l=1180227344858794465
www.facebook.com/photo.php?v=257107534414056&l=9062268466486299019
www.facebook.com/photo.php?v=257104031081073&l=2681972748162549070
Әрі қарай

Мұнайшылар мерекесі!

Қыркүйек айының алғашқы жексенбісі — мұнайшылар күні! Биыл білім күнімен қатар мұнайшылар мерекесі де қатар келді. Мұнайшылар жұмысы оңай жұмыс емес. Әрине барлық жұмыстың да өз қиындықтары бар. Мұнайшылардың жұмысын өзім күнде көріп жүргенсін айтып отырмын. Кейбіреулер мұнайшылардың айлығы көп деп, көре алмаушылықтарын білдіріп жатады. Меніңше олар адал еңбектерін алып отыр.Ақщаға қызықсаң сен де жаса, сол жұмысты, бірақ қиындығына төзе аласың ба? Елімізде мұнайшыларға толықтай жағдай жасалмай келеді. Төбелерінен май саулап, тәулігіне 12 сағаттан жасайды,(басқа елде 5-8 сағаттан аспайды),қол жұмысы көп, экологиялық зияны көп. Еліміздің негізгі табыс көзі мұнай болса да, мұнайшылар несие алып қарызданып жүр. Әлеуметтік, тұрмыстық жағдайларын жасауға мемлекетіміздің жағдайы жетер еді, егер мұнайды дұрыс пайдалана алса. Мұнайды өңдеп білмегесін шет елге арзан шикілей сатып, кейін одан өңделген тауарларды қымбатына сатып аламыз. Мұнайды өз елімізде өңдесе, мүмкін пайдасы көп болар ма еді шығынынан гөрі.Айта-айта жауыр болған тақырапты осымен қояйын…
Мұнайшылар мерекелеріңмен! Еңбектеріңнің жемісін көрің! Аллаһ жанұяларыңа бақыт, береке берсін!Блог - kydyrbai: Мұнайшылар мерекесі!
Әрі қарай

1-қыркүйек

Бүгін 1-қыркүйек білім күні. Алғаш мектеп табалдырығын аттап, өмірдің жаңа белесін бастап жатқан кішкентай іні-қарындастарымызға айтар тілегім оқу озаты болсын. Тәуелсіз елде туылып, тәуелсіз елде білім алған жастар тәуелсіздігіміздің тірегі болатындай ілімді, білімді болсын! Қазақ халқы көшпелі ел болып жүргенде де білімнен кенде қалған жоқ. Арабша хат таныды, одан төте жазу, кейін латын, кириллицаға ауысқан әліпбиіміз тарихымызды бұрмалау үшін пайдаланған саясат. Бірақ біздің тарих негізінен ауызша жеткізілгендіктен, ұрпақтан ұрпаққа жыр-терме, ертегі-қиссалар арқылы жеткендіктен ұмытылмады. Ал, қазір сондай жыр айтып,қисса айтатын кім бар? Жыр түгіл ертек айтатын ата-әже де шамалы. Бұл ғаламдану уақытында тарихымызды ұмытпау үшін, елдігімізді сақтау үшін білімді азаматтар керек. Білімді. саналы ұрпақ көбейе берсін. Саны аз ел болсақ та, сапалы ұрпақпен мақтанайық!
Аллаһ елімізге иманды, ілімді, ынтымағы жарасқан ұрпақ берсін!
Блог - kydyrbai: 1-қыркүйек
Әрі қарай

Прайм плаза Алматы

Your text to link...
Аллаһ Алматылықтарға сабыр берсін! Мақтанатын жағдай емес! Кім кінәлі болса да, жастар провакацияға ермей, тәртіп сақшылары да артық кетпей тынышталу керек. Аз қазақ қашанғы бір-бірімізбен қырыла береміз?!
Әрі қарай

"Шахтер" ФК-ның Еуропа Лигасы ойынындағы кездесулер кестесі

Your text to link...

19/09
ПАОК
Шахтер Караганда
Тумпас ПАОК

Маккаби Хайфа
АЗ Алкмар
Кирьят Элизер
03/10
АЗ Алкмар
ПАОК
Стадион AFAS

Шахтер Караганда
Маккаби Хайфа
Астана-Арена
24/10
Шахтер Караганда
АЗ Алкмар
Астана-Арена

ПАОК
Маккаби Хайфа
Тумпас ПАОК
08/11
АЗ Алкмар
Шахтер Караганда
Стадион AFAS

Маккаби Хайфа
ПАОК
Кирьят Элизер
28/11
АЗ Алкмар
Маккаби Хайфа
Стадион AFAS
— Шахтер Караганда
ПАОК
Астана-Арена
13/12
ПАОК
АЗ Алкмар
Тумпас ПАОК

Маккаби Хайфа
Шахтер Караганда
Кирьят Элизер
Әрі қарай

Соңғы пати

Бүгін міне, домбыра-патиіміз де аяқталды. Бүгін де бір өзгеше ерекшеліктері болды. «Соңғы түйенің жүгі ауыр» дегендей, осыған дейін патиімізді өткізіп жүрген «Астана» алаңымыз бос болмай, басқа жерде өткіздік, 7-шағын ауданда Жалау Мыңбаев ескерткішінен төмен қарай теңіз жағасына барып отырдық Тып-тыныш, нағыз пати өткізетін жер екен. Басында жаңа жерге үйренісіп, аздап кідіріс болғанмен, бәрі жақсы өтті. Жиналатын жеріміз ауысқанмен, жиналатын адамдарымыз азайып қалған жоқ. Ән айтылды, күй де тартылды,өнерпаздар бар өнерлерін салды.Әдеттегідей, пати соңында естелік суретке түстік.
Ақтау қаласында осындай ерекше жиын ұйымдастырған бастамашы топқа үлкен рахмет! Аз ғана уақыт болса да, көпке дейін ұмытылмайтын шара болды. Ең әуелі Уәйс Ерсайынұлына рахмет, жастардың басын біріктіре алған,үйымдастырып, бытыратпай соңына дейін болған. Әр патиді көпшілікке жеткізіп жүрген фотограф Талант Құсайн мен Ақсындар Табылдыға рахмет! Біраз достарын ертіп келген Арайлым Қален, Ақниет Асқар, Хазірет Төлегенов деген жастарға Аллаһ алдағы мақсаттарына жеткізсін деген тілек айтқым келеді. Ақын апамыз Нұргүл Маулинаға шығармашылық табыс тілеймін! «60-минут» хабарында арнайылап бір тақырып арнаған Жанар Айлашоваға еңбегі жана берсін демекпін!
Қазақ жастарының жақсы істерде «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», бір мақсатта бірігіп, ұлты, діні, елі үшін жасалар игі бастамалары көп болсын!
Әрі қарай

Ол сенің жан жарың!!! Асыл арна.

Неке ғайып деген бар. Қанша жерден ғашық болсақ та, адамның қалауы емес Аллаһтың бұйырғаны болады. Қазақта "Құданы құдай қосады" деген бар, яғни неке Аллаһтан. Сол құдай қосқан жандардың өзара сыйластығы, бір-біріне құрметі жайында, нақтырақ айтқанда ерінің әйеліне деген сыйластығы жөнінде. «Асыл арна»-ның бейнебаяны…



https://www.youtube.com/watch?v=J7g8Wv6sU7U#t=60
Әрі қарай