Жарияланымдар

Туылған күніңізбен, жан әке!

Осыдан 59 жыл бұрын апам Мәйке дүниеге Асанкелді деген ұлды алып келіпті. Сол баланың бүгін туылған күні екен. Яғни, менің әкем Асанның туылған күні. Әкей туралы не айтсам болады? Елдің бәрінің әкесі жақсы. Менің әкем өзгеден ерекше, артық деп айту әбестік болар. Әркімнің өзіне тән ерекшелігі болады емес пе? Мен бүгін әкемнің маған ұнайтын екі ерекшелігін айта кетейін. Ең біріншісі — әрине, әкемнің адалдығы, кісі ақысын жемеуі. Бір жолы кісі шақыратын болып үйге лепешкі алады. Сатушы қателесіп кетсе керек, әкейге артық екі мың теңге беріп жіберіпті. Сатып алған заты көп, басы ауырғандықтан ақшаны санамастан үйге кетіп қалады. Ал, үй дегенің ауылда.
Әрі қарай

Театрға бардым


Осы аптада Жамбыл облысында «Art Mix» өнер семинары өтіп жатыр. Семинарға Болат Атабаев бастаған біраз кісілер келіп, өз білгендерін осындағы әріптестерімен бөлісуде. Осы шараның аясында бүгін Тараз қаласының драма театрында үш қойылым болды. Біріншісі "Қыз Жібек", екіншісі Е. Әлімжановтың "Әр қазаққа — бір қатын!" қойылымы. Соңғысы — «Ассоль» музыкалық феериясы(ощм осылай деп жазылыпты нақтың). Мен осы соңғы спектакльге ғана үлгердім. Былайша жаман емес болды. Әсіресе, тавернаның иесі, ерке екі қыздың шешесінің рөліндегі кісі жақсы ойнай алды. Шынымды айтсам кейіпкерлердің есімі жадымда қалмапты. Айтпақшы Ассольдің абтыры П.Морозов деген біреу екен. Менің түсінгенім бойынша «Алые Парусаны» өзгеркен ба, әлде соған ұқсатқан ба — қойылым соңында принц алқызыл желкені бар кемемен келеді. Өкінішке орай спектакль орысша болғандықтан кейбір сөздерін ұғынуға өрем жетпеді. Режиссер тым әдеби тілді таңдаса керек. Ең ұнамаған кейіпкер — әулие шалдың образы. Сол рөлдегі актердің кемшілігінен болса керек, әулие шал тым қарапайым ойнады. Сахна төрінде тұрған оның көрерменнен айырмашылығы жоқ секілді сезілді. (Ұмытып барамын, Атабаев арқасына "@Ahi уішівөл" деп жазып алыпты  )
Әрі қарай

Ар! (Маралтай Райымбекше)

Маралтай Райымбек деген ақынды танитыңдарың бар шығар. Сол кісінің «Ар» деген өлеңін өзімше түрлендіріп, керекинфоға ыңғайлап жазған түрім еді.

@Ahi-дың ары ширкпен бірге,
Шашылса ширк шашылар.
@blackbeard-тің ары @madlen-мен бірге,
@madlen-ге ғана бас ұрар!

@qisyq-тың ары көзінде оның,
Күнге да қарар қасқайып.
@Patick-тің ары өзімен бірге,
Өзімен өзін тастайық.
Әрі қарай

Бақұл бол!

Бұл жазбаны өмірімде алғаш және соңғы рет көрген бауырым Бағауаддинге арнаймын.

Мен оны алғаш рет көрдім және соңғы рет. Одан кейін оның бетін қара топырақ жапты, өзім сол қара топырақпен оны жерлестім. Бұл өткен жексенбі күні болып еді. Ауылда
Әрі қарай

Мақта және қорғасынның жалғасы

Кеше қайсысы ауыр? деп пост жазып едім. Небәрі 35 әріптен тұратын сөйлем үшін ол жақта кішігірім соғыс болды. 95 коммент жазылыпты. Өзімдікін алып тастағанның өзінде де комменттердің саны азаймайды. Елді әуреге салатындай сұрақ ауыр ма еді? Жоқ! Бір
Әрі қарай

Бұттан кету


Бұттан кеттім мынаны көріп. Мұсылман әйелдерінің киімі туралы іздеп отыр едім, Гастаның суреті сопаң ете қалғаны
Әрі қарай

Мәләдес, Берәнек!!!

Әбілдің, Біздің Қазақстан жарады. Өткенде осы ойын туралы біраз пікір талас болып еді. Қазақстанның жеңетініне менен басқа @Erke ғана сеніп еді. Үмітіміз ақталды. Есеп 2-1, жеңіс біздікі. Әрине, талайдан жеңіске сусап жүрген біз үшін бұл жеңістің
Әрі қарай

@Erkekyz-ға

Елдердің бәрі ғашығына өлең шығарып мәре-сәре. Ал, менде ол өнер де жоқ. Амалсыз анда-мында барып, бірдеңе жасағандай болдым. Көштен қалып кетпесем болғаны.

Қолөнерің көңілімді тәнті етті,
Жүрегімнен суырып бір ән кетті.
Өмір сүріп керегі не мен
Әрі қарай