Жарияланымдар

Грек құдайлары

Грек мифологиясы: Грек құдайлары

Гректер құдайлар Грекияның ең биік тауы Олимпте тұрады деп сенді. Оларды Олимп құдайлары деп атады (Зевс және негізгі құдайлар). Гректер Олимптегі құдайлар тұрмысын шонжарлардың тұрмысына ұқсатты. Шонжарлар тайпаларды қалай басқарса, Зевс бастаған «Олимпиялықтар» адамдар мен табиғатты солай басқарды. Құдайлар да мансапқор, қатал, кекшіл келеді-міс. Құдайлар біреуді бай әрі шонжар, енді біреуді кедей, тағы біреуді құл етіп жаратқан. Кімде-кім құдайлар орнатқан тәртіпке қарсы шықса, ол адам құдайлардың қаһары мен аяусыз жазаға ұшырайды-мыс.
Әрі қарай

Nokia C3: Видео шолу

Видеоның сапасына алдын ала кешірім сұраймын. Бұл телефонды 19 мың теңгеге Интернет дүкен арқылы сатып алдым. Сырт келбеті қымбат смартфонға ұқсайды. Былай қарапайым телефон болғанымен смартфонның қызметтері бар. Экраны сенсорлы емес. Интернетке кіруге бағытталған. Wi-Fi қолдайды.

Әрі қарай

Еңбек демалысы

Шілденің онында еңбек демалысын алып, ауылға келіншегім екеуміз тарттық. Пойыз деген жақсы ғой, егер ішінде өмір сүрерлік жағдайлары қарастырылса. Үш күн бойы пойыз терезесінен далаға телмірумен болдым. Көргенім мен байқағаным мынау: Қазақстан шынымен де кең байтақ екен. Бірақ басым бөлігі қураған шөлейт. Сол далада қаңыраған ауылдар, шатыры жоқ үйлер, сырты сиыр тезегімен боялған ескі тамдар. Қала деген статусы бар, үлкен пәселкелер. Мораль: "Мүмкін Астана дамыған елу елдің қатарына кіретін шығар, бірақ Қазақстан тошны кірмейді. Жо-жоқ кірмейді".
Әрі қарай

Сатушы

Әдеттегідей таңертең жұмысқа келе жатып, дүкенге кірдім. Сол баяғы әбет ала кету үшін. Кірдім де, самса-пирожкилерін сөреге қойып жатқан қызға:
— Сібежи ма? — деп сұрасам, ол:
— Көріп тұрсың ғо! — дейді самсаларын пакеттен шығарып жатып. Мен түсінбей қалдым. Нені қайдан көріп тұрмын? Сібежи екенін білу үшін дәмін татып, ең болмаса қолмен ұстау керек емес пе?
Әрі қарай

Алғаш рет көлікпен жұмысқа келдім

Жақында көлік алған болатынмын. Анау-мынау ұсақ-түйек жөндеулерін жасатып, құжаттарын реттегеннен кейін (ескі көлік), қалаға шығып кетуге бата алмай жүргенмін. Бүгін таңертең тұрдым да, өз-өзіме: "Қашанғы үрке берем нақ, тәуекел деп шығып кетейін"
Әрі қарай

Служебный роман. Ремейк. Бұндай да боқ фильмдер болады екен ә?

Осыған дейін де әңгіме қозғалған көркем фильмнің атына кір келтіру деп ұқтым. Ылғи көргенсіздік пен үйлеспей қалған еліктеушіліктерден тұрады. Әңгіме не туралы дейсіздер ме? «Служебный романның» жаңа заманғы ремейкі туралы.
Бұған рецензия жазып та
Әрі қарай

Музейдегі түн-2011: Біздің қоғамда дәстүрге айналып келе жатқан жаңа мейрам

Музей қызметкерлерінің күні осылай аталады. Алматының Ұлттық музейінде өткен биылғы «Музейдегі түн» де жаңа қырларынан көрінуге тырысыпты. Мен осымен үшінші жыл қатысып отырмын. Концерт, түрлі көрмелер, қолөнер бұйымдары — жылдағыдай адамдарды топ
Әрі қарай

Шарын шатқалына саяхат

Кемпір екеуміз шатқалға бардық. Таңғаларлық орын. Бұндай ерекше табиғат туындыларын күнде көре бермейсің. Қысқаша видео репортаж жасап жіберуді жөн санадым. Әлі бармағандар таныссын.

Әрі қарай

Гераклдың сегізінші ерлігі: Диомед аттары.

Микена қақпасы сол замандарда қарусыз келгендердің барлығы үшін ашық болды. Қарауыл тауарымен келген байларды да, қайыр сұраған кедейлерді де кіргізе беретін. Бірде арық денесін әрең жасырып тұрған алба-жұлба киімі бар бейтаныс қалаға келді. Оның иығында бақытсыздыққа тап болғанын білдіретін сынған ескек болатын. Әлгі бақытсыз жан өзінің басынан өткен қайғылы оқиғаларды жұртқа әңгімелеп жүрді. Көп кешікпей кедейді сарайға шақырды.

— Посейдонның қаһарынан құтылған жалғыз жан екеніңді естідім, – деді Эврисфей. – Ол қалай болып еді?

Әрі қарай