Жалғас ЕРТАЙ: Интернетте жазылған мақалаларды талқылау
Жалғас ЕРТАЙ: Интернетте жазылған мақалаларды талқылау
blogcamp-2015 жазғы мектеп
Әрі қарай
blogcamp-2015 жазғы мектеп


Орыслан Медальбек ел артында жұрттың тасынша мынадай ұрандарын бұрышқа салды:



















Мен журналистикаға келемін деп ойлаған емеспін. Бір күні үйде теледидар көріп жатсам «Облыстық телеарнаға жүргізуші қажет» (Шымкент облысы – авт.) деген хабарландыруды көріп телеарнаға кастинге бардым. Барсам 50 шақты адам жүр. Біреуі өлең, біреуі мәтін жазып келген, қызу дайындық үстінде. Мен олай келу керек екенін білмеймін… Сол жерде сөреде жатқан газетті алдым да менің кезегім келгенде хабарландыруларды оқыдым. Соны оқып, әйтеуір телевидениеге өтіп кеттім. Бірақ 3 күн тәжірибеден өткеннен кейін мені шығарып жіберді. Кастингтен екі жігіт өткен едік. Менімен бірге өткен жігіт бұрын радиода істеген еңбек өтілі бар жігіт екен соны жұмысқа алды. 3 айдан кейін ол аяқ астынан жұмыстан шығып кетіп, мені қайта шақырды. Сөйтіп телевизияның қызып жатқан қазанына түсіп кеттік…











