Жарияланымдар

Қазіргі қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

Блог - e_zhalgas: Қазіргі қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

«Абшатса» — тығырыққа тірелген диалогты жекеге шығып, реттеуге шақыратын дөңайбат сөз. Көбіне мас ортада айтып, еркектер топ-топ боп отырған жерде пайдаланады.

«Атдуши» — өзінің сұқбаттасына айырықша ықылас білдіру үшін көтеріңкі көңілмен айтатын сөз. Көбіне мас не жағымпаз адамдардың лексиконында байқалады.

«Атвичаю» — ешкім сенбей тұрғанда, шешуші қару ретінде шайқасқа шығарып, бәрінің көзін жеткізуге тырысатын сөз. Ортада сөзіне ешкім сеніңкірей бермейтін персонаждардың лексиконында көбірек кездеседі. Мағыналас сөз: «железны».

«Атак» — өрбіп жатқан әңгіме ауанын өзіне қарай аудару үшін ерекше акцент қойылатын сөз. Бұл сөзді қолдану әдетте кейіпкердің жынысына қарайды. Көбіне қыздардың лексиконында бар.

«Бырат» — атын білмейтін, не ұмытып қалған адамға қарата ренжітіп алмау мақсатында қолданатын сөз. Бұл сөзді жасына қарамай бәрі айтады. Бірақ, жынысына қарайды, енді. Мағыналас сөз: «братуха», «братан»

«Смела» — өзіне қарата айтылған сұраққа не ұсынысқа «иә» деуден өзге амалы жоқ адамға қажет сөз. Көбіне тосыннан қойылған сұраққа абдырап қалған персонаждың кездейсоқ жауабы ретінде жүреді.

«Жосткы» — айтылып көткен диалогтың интонациясын жеткізген кезде өз сөздеріне айырықша сипат беру үшін керек сөз. Сондай-ақ болған оқиғаны көтеріңкі тонмен жеткізу үшін айтып жатады.

«Пастаянны» — бір айтқан сөздерін қайта-қайта айтудан жалығып кеткен адамдардың лексиконында кездеседі. Көбіне жүйкесі жұқаруға жақын кейіпкерлерде кездеседі.

«Радной» — әңгімелесіп отырған екі адамның арасындағы бір-біріне деген риясыз сезімдерін аңғартатын сөз. Ұзақ көріспеген персонаждардың арасында бұл сөздің қолданылуы екі-үш есе жиілеп кетеді.

«Натури» — айтқан сөздерінің өтірік қосылмағанын, боямасыз шындық екенін дәлелдегісі келетін сөз. Не кездейсоқ айтылған ақпараттың шын-өтірігін анықтау үшін айтылатын нақтылаушы мағынасы да бар.

Әзірге осы. Жалғастырыңдар, ал.
Әрі қарай

Тауықтың миы

Блог - e_zhalgas: Тауықтың миы

Тауық — үй құсы, қуырып та, қайнатып та жеуге жарайды, күн шықпай жатып қыңқылдап, үй иесінен боғауыз естіп жататын да құс. Эволюциядағы көзге ілігерлік жетістігі — етінің тәттілігі. Ұша алмайтын лузерлігіне қарамастан, адамның таңдайын үйіріп әкетіп, тірі қалды деген де болжам бар.

Тауықтың миы — адамның шексіз сарказмының, біреуді қорламақ кезде қолданылатын сын есім рөлін атқарып жүрген органдарының бірі. Егер өзіңе қарата, «тауықтың миындай миың жоқ екен» десе, оны игі мақсатпен айтып тұр екен деп ойлаушы болма.

Айтпақшы, салыстырмалы түрде, адам заты тауықты қолға үйреткеніне мыңдаған жыл болса да, қазақтардың қорасында пайда бола қойғанына ұзақ уақыт өте қоймады. Сондай-ақ, адамдар тауықты қолға қалай үйреткендігі туралы дерек аз, кейбіреулер бастапқыда тауықтың тұқымын өзі басып шыққан деп те жатады. Дегенмен, ол ақпарат көзі сенімді деп айта алмаймыз.

Бұның бәрін неге айтып отырмын? Қазіргі эрудиция мен білімге ұмтылу тауықтың миындай әрекетті ғана қажет етіп жүр. Сұрақ қоя қалса, интернетіңді қоса салып, ақпаратыңды оқисың да сол мезетте «о, шешесс, не деген мүкәммал бас» сыңайлы лулздарды жинап алып, артынан тарс ұмыта саласың.

Так ышто, тауық милардың дәуіріне қош келдіңдер, бәрің.
Әрі қарай

Грузия сапары. Боржоми

Грузия — әлемдегі әдемі елдердің бірі деп жазғым-ақ келеді. Бірақ олай айту үшін көргенім аз екенін мойындаймын. Сондықтан, Грузия — әдемі ел екен дей салайын. Ал сендердің маған сенуден басқа амалдарың да жоқ. Сенбесеңдер, өздерің барып көріңдер.

Грузия тарихы үш кезеңге бөлінетін шығар: ертедегі тарихы, ресей империясы мен совет үкіметі кезіндегі тарихы және қазіргі жаңа тарихы. Бір қызығы — тарихтың әр кезеңінің ескерткіштері орнында, ешкім бұзбаған, сыпырмаған, өзгертпеген — сол қалпы сақталған екен. Осы жері маған қызық көрінді. Қызық көрінгенде — жаппай ұраншылдыққа ұрынған постсовет елдерінің ешбіріне ұқсамайтын сияқты.

Табиғаты — ойлы қырлы, таулы қыратты. Күні — ыстық. Тбилисидің әуежайынан түсе салып, ыстық жел есіп тұрғанын бірден сезесің. Ал ауылды жерлері советтік қалдықтан әлі ажырап үлгермесе де қалалық орта жаңашылдыққа үйренісіп, бейімделіп кеткен екен. Айтпақшы, Грузияның тең жарты тұрғыны Тбилиси қаласында тұрады. Қалғанын өздерің википедиядан оқып алыңдар, миларыңды ашытып отырғым келмейді.

Қысқасы, не ұзыны — өздерің біліңдер, жоспар былай: Боржоми — Тбилиси — Кахетия.

Бірінші нүкте — Боржоми

1. Боржомидің орталығы
Блог - e_zhalgas: Грузия сапары. Боржоми

2. Орталық серуен бағындағы белгісіз біреудің ескерткіші. Кім екенін сұрағанымда, білмейміз деді
Блог - e_zhalgas: Грузия сапары. Боржоми

3. Қала көшелеріндегі шамдар осындай
Блог - e_zhalgas: Грузия сапары. Боржоми

4. Көше бойындағы дүңгіршектерден қайта-қайта зат сатып алғың келе береді
Блог - e_zhalgas: Грузия сапары. Боржоми

5. Боржоми тротуарлары серуендегенге арналған
Блог - e_zhalgas: Грузия сапары. Боржоми

6. Жоғарыдағыдан ескілеу, жоқ кәдімгідей ескі дүңгіршек. Әдемі, иә? Айтпақшы, грузиндер суретке түсуді жақтыра бермейді
Блог - e_zhalgas: Грузия сапары. Боржоми

7. Кәдімгі грузин ауласы
Блог - e_zhalgas: Грузия сапары. Боржоми

8. Кәдімгі грузин ауласы — 2. Грузияда балкон мен веранда культ деңгейінде. Әр балконда орындық бар, ал орындықта егделеу грузин отыруы керек
Блог - e_zhalgas: Грузия сапары. Боржоми

9. Кәдімгі грузин ауласы — 3
Блог - e_zhalgas: Грузия сапары. Боржоми

10. Жертөлесінде жеке бизнесі де бар
Блог - e_zhalgas: Грузия сапары. Боржоми

11. Кәдімгі грузин көшесі
Блог - e_zhalgas: Грузия сапары. Боржоми

12. Боржомиге темір жолмен де жетуге де болады. Асфальтпен де
Блог - e_zhalgas: Грузия сапары. Боржоми

13. Кура өзені. Боржомиден де өтіп, Грузияны қақ жарып, Тбилисиге дейін жететін өзен
Блог - e_zhalgas: Грузия сапары. Боржоми

14. Кураның үстінен асылған көпір. Екі жағын жағалай орналасқан Боржомиді біріктіріп тұр
Блог - e_zhalgas: Грузия сапары. Боржоми

15. Жобамен — былай
Блог - e_zhalgas: Грузия сапары. Боржоми

16. Боржоми — сайда орналасқан қала. Қалаға бір бағыттан ғана асфальтпен не теміржолмен келуге болады
Блог - e_zhalgas: Грузия сапары. Боржоми

17. Қала тұрғындарының тіршілігі. Табыстарының негізгі бөлігі туристердің есебінен ғой деймін
Блог - e_zhalgas: Грузия сапары. Боржоми

18. Кейбіреулері күнін былай да өткізеді. Жоқ, көбіне осылай өткізетін сияқты көрінді
Блог - e_zhalgas: Грузия сапары. Боржоми

19. Қаладағы қоғамдық көлік
Блог - e_zhalgas: Грузия сапары. Боржоми

20. Қоғамдық көлік тоқтайтын аялдама
Блог - e_zhalgas: Грузия сапары. Боржоми

21. Қала көшелеріндегі жол белгілері. Грузиядағы кез келген нәрсе грузинше және ағылшынша жазылған. Орысша жоқ, қазақша енді өз алдына жоқ :)
Блог - e_zhalgas: Грузия сапары. Боржоми

22. Қала көшелеріндегі жол белгілері — 2
Блог - e_zhalgas: Грузия сапары. Боржоми

23. Боржомидегі қоқыс жәшіктері. Грузияның барлық жерінде осындай жәшіктер екен. Байқасаңдар — ол жақта да ағаштың түбін әктеу әдеті әлі бар екен
Блог - e_zhalgas: Грузия сапары. Боржоми

24. Жолдың бойында өз алдына тұрған қоқыс жәшіктері. Көлеңкем көрініп қалыпты :)
Блог - e_zhalgas: Грузия сапары. Боржоми

25. Грузиндер қазақтарға ұқсап, ой-қыр демей үй салып кете береді екен. Анау тұрған — қонақ үй
Блог - e_zhalgas: Грузия сапары. Боржоми

27. Қалада шөл қандыратын «бұлақтар» көп
Блог - e_zhalgas: Грузия сапары. Боржоми

28. Жергілікті тұрғынның үйі. Байқасаңдар — тротуар мен көліктің жолын айырып тұрған қадалар ол жақта бұрыннан бар екен. Грузияда тротуарға көлігін қою дегенді сирек кездестірдім. Боржоми сияқты провинциал қаланың өзінде де жоқтың қасы
Блог - e_zhalgas: Грузия сапары. Боржоми

29. Көшелерінің бірінен тауып алғанымды қараңдар
Блог - e_zhalgas: Грузия сапары. Боржоми

30. Грузияда не көп — ілінген ту көп. Грузияның туы әрқашан ЕуроОдақтың туымен қатар тұрады
Блог - e_zhalgas: Грузия сапары. Боржоми

31. Тағы да ту. Тбилисиден де туы бар біраз фото бар
Блог - e_zhalgas: Грузия сапары. Боржоми

32. Бонус. Терезенің жақтаулары мен формалары өз алдына бір топтамаға татиды
Блог - e_zhalgas: Грузия сапары. Боржоми

33. Бонус — 2. Есіктің түр-түрі өзінің тартымды ескілігімен екінші топтамаға татиды
Блог - e_zhalgas: Грузия сапары. Боржоми

34. Боржоми минерал суын шығаратын зауытқа кіре берісте
Блог - e_zhalgas: Грузия сапары. Боржоми

35. Боржоми минерал суын өзі атқылап жатқан ыстық қайнарлардан алады
Блог - e_zhalgas: Грузия сапары. Боржоми

36. Былай етейік. Бос шыны бөтелкені аламыз да…
Блог - e_zhalgas: Грузия сапары. Боржоми

37.… оған дәл келетін қақпақ таңдаймыз
Блог - e_zhalgas: Грузия сапары. Боржоми

38. Екеуін қосып, үф-сүф методы арқылы біріктіріп жіберсек
Блог - e_zhalgas: Грузия сапары. Боржоми

39. Вуаля, көзіңді ашып-жұмғанша, Боржоми дайын
Блог - e_zhalgas: Грузия сапары. Боржоми

40. Енді, кішкене желім құтыны алайық та…
Блог - e_zhalgas: Грузия сапары. Боржоми

41.… оларды екі мың тонналық қысыммен үріп жіберсек…
Блог - e_zhalgas: Грузия сапары. Боржоми

42.… вуаля, былай ісініп шыға келеді
Блог - e_zhalgas: Грузия сапары. Боржоми
43. Боржомидің орталық саябағына жылжысақ. Шығыс стиліндегі көкшіл ғимарат — Иран падишахының жазғы резиденциясы
Блог - e_zhalgas: Грузия сапары. Боржоми

44. Саябаққа кіре беріс
Блог - e_zhalgas: Грузия сапары. Боржоми

45. Эйфель мұнарасының авторы Эйфельдің Боржомиде салған екі көпірінің бірі
Блог - e_zhalgas: Грузия сапары. Боржоми

46. Боржоми минерал суының он тоғызыншы ғасырдағы алғашқы зауытының ғимараты
Блог - e_zhalgas: Грузия сапары. Боржоми

47. Саябақта серуендеген жұрт. Осы тротуармен үш шақырым таудың ішіне кіріп кетуге болады. Бірақ бәрібір қайтуға тура келеді
Блог - e_zhalgas: Грузия сапары. Боржоми

48. Эйфельдің екінші көпірі — осы
Блог - e_zhalgas: Грузия сапары. Боржоми

Боржомидегі күн осылай аяқталды. Ары қарай Тбилисиге жол тартамыз.
Әрі қарай

Жамандықтан басталып, жақсылықпен аяқталатын хикая айтайын

Блог - e_zhalgas: Жамандықтан басталып, жақсылықпен аяқталатын хикая айтайын

Кішкентай кезімде, айналамдағылар «депутат», «рэкет» болуды ойлап жүргенде, миыма ештеңе кіріп те шықпапты. Тіпті, ұшқыш боламын деп армандауды да білмеппін. Содан да шығар сирек ұшамын. Ұшқым келмегендіктен емес, уақытым болмайды не мүмкіндігім жоқ. Өтірік айтамын – көбіне мүмкіндігім жоқ.

Ұшаққа алғаш отырғанда, миымда бір ғана фраза тұрған еді. «Мәмбет» болып көрінбесем екен, «мәмбет» болып көрінбесем екен деген қайталана береді ғой. Сарыауыз провинциалдың бейкүнә ойы, сондағысы. Қайдағы – әжетхана кабинкасына кіріп алып, не есікті қайта аша алмай, не басқа батырманы басып қойып, стюарттарды әбден әуреге салғанмын. Қойшы соны.

Не айтқым кеп отыр еді. Ұшақтар мен ұшуды ұната бермесем де, Discovery Flight School ұшқыштар мектебінде Алматының төбесін айналып ұшудан бас тарта алмадым. Яки, өзге мүшелерімді де тартпағанымды, он екі мүшем сау болып барғанымды сезіп отырған шығарсыңдар. Оның үстіне Алматының түтінін төбесінен қарап келу қызық көрінді. Сұрамаңдар, географиялық кретинизмім себепті қаланың қай тұсынан қай жағына дейін ұшқанымды өзім де түсінген жоқпын. Боралдай әуежайынан Шамалғанды айналып келдік деген ұшқыштың жалаң ақпаратына мәз болып қайттым, сол.

Айтпақшы, бізде ұшқыш дайындайтын лицензиясы бір үш-ақ мекеме бар екен. Үшеу-ақ. Біреуі, жаңағы, мені ұшырып әкелген DFS. Ойлап қалмаңдар, мектептің негізгі жұмысы есі ауысқан әумесерлерді ұшыру емес, кәсіби ұшқыштар дайындау. Осы уақытқа дейін 60-тан аса ұшқыш дайындап үлгеріпті. Айта кету керек, айтпаса болмайды енді, ұшқыш болудың бағасы өте қымбат екен. Жоқ, ө-өте қымбат екен. Бірақ, инструкторлар бағасына татиды деп қайта-қайта қоймайды.

Неше метр биіктікте ұшқанымды білмеймін. Жобамен 500-800 шығар. Үш адамдық мини-ұшақ аспанға көтеріліп бара жатқанда… оны қойшы, ұшқыш аспанда әдейі көтеріліп барып, селк еткізіп төменге түскенде, мүшелеріңнің бәрі бір аунап түскендей болады. Миың ештеңені қорытып үлгермей, өңешіңнен ауа өтпей қалады ма, бірдеңе. Ал, бір жаққа қарай қисайып, бұрыла бергендегі сезімді жеткізу мүмкін емес. А, жоқ, мүмкін – атракционның ең биік нүктесінен құлдилап келе жатқандай боласың. Жоқ, ондай да емес. Очм, оны көру керек.

Кемі 15 минутқа ұшырады. Ақшасын минутына төлеу керек. Қателеспесем, минуты 1000-1500 теңге ғой деймін. Айтпақшы, шатыры жоқ ұшқыштар да бар екен. Кішкене қымбатырақ бағасына «вираж», «жоғары пилотаж» сияқты тентек трюктерді де жасауға болады деп сыбырлап ескертіп қойды. Сыбырлағаны – клиенттер көбейіп кетпесін деп қорыққаны ғой деп ойладым. Ол енді тіпті шатырсыздар үшін деді бірақ. Біреуде ала алмай жүрген кегің болса, сертификатын қолтықтатып, Боралдайға жібер, очм. Ол енді – қатты кек алғың келіп жүрсе ғана, әрине. Әйтпесе, серитификатың арзан тұрмайды :)

Айтпағым осы ғана еді.
Әрі қарай

Биле, маймыл, биле

Дыбыстап аударған: Жалғас Ертай

Ғаламда миллиардтаған галактика болса, оның әрқайсында миллиардтаған жұлдыз бар. Сол галактикалардың бірінде, бір жұлдыздың айналасында, кішкентай көкпеңбек планета тұр. Ол планетаны маймылдардың тобыры билейді. Маймылдар өздерін маймылмыз деп есептемейді. Олар өздерін жануармыз деп те ойламайды. Шынын айтса, олар жануарлардан ерекше тұстарын тізімдейді, онысын мақтанып жүреді тағы: бас бармақтарын, өздерін анализдеуі, Homo Erectus не Australopithecus деген сөздерді айтуы. Біреу томат деп айтады, екіншісі — томат дейді. Бәрібір жануарлар ғой, солай ма. Олар маймылдар. Жоғары жылдамдықты сандық технологиясы бар маймылдар. Не десең де — маймылдар. Айтқым келгені, олар ақылды. Жасыратыны жоқ. Пирамидалар, аспанға шаншылған ғимараттар, көрінбей ұшатын ұшақтар, ұлы қытай қорғаны. Бұлардың бәрі таңданарлықтай әдемі, нақ… маймылдардың тобыры үшін. Маймылдардың милары эволюцияланып кеткені сонша, өздерін басқара алмай қалды. Маймыл үшін өзін бақытты сезіну мүмкін емес. Айта кететіні, жануарлардың ішіндегі бақытты болғысы келетін жалғыз түрі — осылар. Қалғандары онсыз да бақытты. Маймылдарды түсініп болмайсың.

Білесіңдер ме, маймылдар сананың қарғысына ұшыраған. Сол үшін де олар қорқады. Маймылдар уайымдайды. Олар кез-келген нәрседен үрейленеді. Басқа маймылдар не ойлап қалатынын ойлағанда, түсінен шошып оянады. Өйткені, әрбір маймыл басқалармен бірге болғысы келеді. Әр маймыл бір-бірін иттің етінен де жек көреді ғой. Міне, осынысы үшін оларды өзгелерден айыруға болады. Маймылдар бәрін жек көреді. Өзіне ұқсамайтын маймылды да, басқа жақтан келген маймылды да, өзінен түсі басқа маймылды да. Түсінесің бе, маймылдар содан да жалғызсырайды. Барлық жеті миллиарды жалғызсырайды. Кейде бір маймыл басқа маймылға проблемасын тыңдағаны үшін ақша төлейді.

Маймылдар сұрақтарына жауап іздейді. Оны қойшы, олардың өлгісі де келмейді ғой. Содан олар құдайларды ойлап тапты. Оларға сыйынып жатады. Қызығы, кімнің ойлап тапқан құдайы жақсырақ екендігі туралы бір-бірімен таласа бастайды. Талас кезінде маймылдар шынымен ашуға мінеді. Маймылдар ашуланса, бір-бірін өлтіру керектігі есіне түседі. Сосын, маймылдар бір-бірімен соғыса бастайды. Маймылдар сутекті бомбалар ойлап табады. Олар онсыз да жүнжіген планетаны жарылайын деп тұрған бомбаға айналдырады. Маймылдар оған түк істей алмайды.

Кейбір маймылдар өзі сияқты тобырға ән айтады. Маймылдар жүлделер ойлап тауып, онысын бір-біріне таратады. Сонысынан бірдеңе шығатындай. Маймылдар барлығын түсініп қойғандай өзеурейді. Кейбіреулері – Ницшені оқиды. Маймылдар бір-бірімен Ницшеге таласады. Солардың бәрі Ницшенің де кезектегі есуас маймыл екенін ескере бермейді. Маймылдар жоспарлайды. Маймылдар ғашық болады. Маймылдар бір-бірімен сігісіп, маймылдардың санын одан да көбейтеді. Маймылдар ән жазады. Сосын, маймылдардың бәрі жабылып билейді. Биле, маймыл, биле! Маймылдар қатты шулайды. Дегенмен, маймылдардан әлі үміт үзілмеді. Яки, үмітті ақтау үшін олар ештеңе істегісі жоқ.

Маймылдар денесіндегі жүндерін қырып тұрады. Оны өздерінің шынайы маймыли қасиетін жоққа шығару үшін жасайды. Маймылдар қосарланған үйінділер салып жатады. Онысын өздері «қала» деп атап қойған. Маймылдар жердің картасында қиялынан шыққан түсініксіз сызықтар сызады. Айтпақшы, маймылдардың мұнайы таусылып жатыр. Ал мұнай – олардың әлсіз өркениетін жылжытатын күш. Маймылдар өз планетасын қоқыс жәшігіне айналдырудан шаршамайды. Өмір бүгінмен-ақ бітіп қалатындай. Маймылдар бәрін жақсы етіп көрсетуге бейім. Олар бүкіл ғалам маймыл затынан айналып тұрғандай ойлайды. Өздерің көріп отырғандай, бұл маймылдардың естері дұрыс емес. Маймылдар – планетасындағы ең қорқынышты және, сол уақытта, ең әдемі жануарлардың бірі.

Кейбір маймылдар маймыл болғысы келмейді. Олар өзгерек болуға тырысады. Бірақ олар ешқашан өзгермейді.
Әрі қарай

Керектің патиіне келіңдер!

КерекПати деген не?

Не ғой, ештеңе де емес. Жәй ғана көңіл көтеріп, керектің блогерлерімен танысу кеші. Айына бірнеше рет өткізіп тұрамыз деген ой да жоқ емес. Бастысы — блогерлердің кім екенін, керектің не екенін білгіңіз келсе, есігіміз ашық. Айтпақшы, кеш менің пәтерімде болады. Ешкімді де жатырқамаймыз, керісінше — бәріңмен танысуға құлықтымыз. Бір ғана ескере кететін нәрсе бар, ол төмендегі сипаттамада жазылған. Мұқият болыңдар!

Сипаты:
Егер ішімдік ішкің келсе — өзіңмен алып кел;
Егер тамақ жегің келсе — өзіңмен алып кел;
Егер ойын ойнағың келсе — идеяңды айт;
Егер талқылағың келсе — баста.

Өтетін жері:
Алматы қаласы, Алмагүл, 3-ші үй, 49-пәтер.
Жароков пен Ходжанов (Водозаборная) көшелерінің қиылысы
Әрі қарай

Миядзакидің елестер әлеміне ретроспектива

Бейтаныс туындының құнын алғаш көргеннен-ақ анықтау қиын екендігін кім біліпті. Әйтеуір, талғамға талас жоқтың керімен жүрсе де, біреудің дегеніне мойын бұрып, ақыл тоқтатудан қалған емес. Тарихты ақтарсақ, ешкімнің сүрлеуін қайталамайтындай-ақ соны бағытқа жол тартқан, болмаса қалыпты шеңбердің көлемін кеңейтуге ғана атсалысып отырған, тіптен болмай, жүз жылдық қалыптасқан торға өзін бейсаналы түрде тықпалап отырған әркелкі шешімдерге куә.

Әлемдік анимация сол әркелкіліктің ортасында адасып, тақырып іздеуде тығырыққа тірелген тұста, біресе оң жақтағы – классикалық ертегілерге, біресе сол жақтағы – соны техникалық мүмкіндіктерге басын ұра даурығып жатқан-ды

Кинематографияда бұның санаға қонымды шекарасы әлі де айқындалмаған. Режиссердің жасаған әр қадамын жүз жылдық клишемен түсіндіріп беруге болады ма, болмаса өзі үшін де, өзінің саласы үшінде батыл шешім жасап отыр ма – анықтау қиын. Әсіресе, қазіргі кездегі кино тарихы мен географиясының кеңейіп, тақырыптарының күрделене бастауынан – ақтаңдақ тұстар азая түсті, онда бейімделу қиындап кетті.

Өмірбаян: Миядзакидің елестер әлеміне ретроспектива

Әлемдік анимация сол әркелкіліктің ортасында адасып, тақырып іздеуде тығырыққа тірелген тұста, біресе оң жақтағы – классикалық ертегілерге, біресе сол жақтағы – соны техникалық мүмкіндіктерге басын ұра даурығып жатқан-ды, ал сол уақытта жапон анимесі өзінің диснейлік-емес әлемін құрып үлгерген көрінеді.
Әрі қарай

Адольф Гитлердің суреттері

Адольф жас кезінен суретші болуды армандапты. Жай ғана суретші емес, танымал суретші болуды. Сол мақсатының жолында 1907 жылы жас Гитлер Вена қаласындағы суретшілер академиясына оқуға түсуге келеді. Оқуға түсуге тырысқан бірнеше сәтсіз әрекеттерінен кейін, ол жарнамалық хабарландырулар және пошталық карталар сызумен күн көре бастайды. Бұл топтамада Гитлердің сәтті шыққан эскиздерін көре аласыңдар. Онда ғимараттар, натюрморт пен пейзаж, сондай-ақ жалаңаш натуралар бар. Айта кететіні, Гитлер академияға екінші рет емтихан тапсырып жатқанда, академияға түсу түгілі үшінші рет емтихан тапсыру мүмкіндігінен де айырылған екен.

Кім білсін, егер ол әсемдікке құштар суретші болып кеткенде, мүмкін тарих өзінің парағын басқаша мазмұндаған да болатын еді. Бір анығы, әлемді жаулап алу туралы жегі құрт оның басында бұл кезде кішкене басқаша қалыпта өрбіген сияқты көрінді.
Әрі қарай

Кітап оқудан жалықпау

Көп адамда бір күнде есепсіз әріптер саны ажыралмай жұтыла береді екен. Қызық мақалалар, жұмысқа қатысты кәсіби әдебиет, қажетсіз флуд, өзін дамытуға арналған мәтіндер. Бірақ, соларды оқудан ешкім “ләззат” алмайтын сияқты. Кітап оқуды мақсат еткен адамдар осы күйге жетпей тұрып, неше түрлі әдебиетті талғамай жұта берсе керек. Дегенмен, ол саналы әрі ойлы, “ләззат сыйлайтын” оқу еді. Ал қазір кітап оқуға уақыт табу үшін тәуліктегі жиырма төрт сағаттың өзі аздық ететіндей. Бірнеше артық сағат қосылса, барлық көздеген кітабын оқып тастайтындай елестетеді. Бұл оқу жылдамдығы мен сапасын арттыруға арналған мақала емес. Керісінше, оқудың сиқырлы магиясын жоғалтып алмауды көздейді.

Блог - e_zhalgas: Кітап оқудан жалықпау

© фото

Бәрі бірнәрсеге тіреледі. Әркім кітап оқудан ләззат алуы тиіс. Кітап – өмірлік ұстаз және әркімнің өмірін өзгерте алады. Ешкім кітап оқудың гиганты емес, бірақ әрбір адам кітапты ұқыпты әрі бар ынтасымен оқуы тиіс. Көп адамдар кітапты көп оқығысы келетінін, бірақ қалай бастау керек екеніндігін білмейтінін айтады. Лео Бабута осының сырына үңіліп көрген екен.

Осыны оқыса, көмектесетін шығар.
Әрі қарай