Азамат өзіңе тиіп еді кет кет деп шықтың ба? Мен сендейлердің ызасына әлі келем.Өліп қалмасақ.Ал Саммитаның ғаламторға шығып кеткеніне таң қалып отырмын.Саммита деген есімдер өткен жылы ғана пайда болып еді ғой? Жас болсаң да арадағы отқа бас үйтіп алсам деудің шебері-ақ екенсің.
Е,қазағым! Мұнда келіп жуынды төгесің.Басқа жерге барып артыңды жуып-шаясың.Екі жүзділіктеріңнен жүрегім айни бастады.Оданда бұтағым жеме деп бір-ақ айтпайсыңдар ма.
Содан соң,өте жаман,іріген сөз т.б.жағымсыз ойлар жазуда байқаңдар.Керекке көпшілік адам келеді.Құлақпен естіген бір бөлек те, көзбен көрген бір бөлек.Фотоаппаратқа тарқандай санаға жазылып қалады.Бұл сайт нағыз шындық өмірдің айнадағы кескіні іспеттес.Бірақ соны аздап болса да жасырып-жабуға, мүмкін болса түзеп көруге тырысайық.Әлгі ойын, сөзін, тіпті почеркісін түзеген адамның кәдімгідей өзгеретініндей.
Ол дұрыс.Бірақ қазір адамнан амал артылған ба?! Агентте небір кушті сурет тұрады, тілді де берген.Сөйтіп ұрынатындар бар.Кеген, Талғар, Нарынқол жақтарда агентпен танысып, алғашқы кездесуде алып қашу жиілеп кеткен.Кейін, кім қалай танысатыны әркімнің өз тағдыры.Біздікі тек талпынып көру.Бәрін де өзгерту мүмкін емес болса өмір сүру де жалықтырып жібермей ма.
Ақындар өлеңді жекешелеп алса да адамдар жазады.Сол ақындар өзі бірдеңе демегенде осы басқа адамдардың шамданатыны не? Оданда айттым ғой, интернеттегі таныстық қайткен күнде адамгершілік бейнесін сақтап қалады? Сол жағын талдасаңдар.
Баяғыда Алматыға келіп адаскан көрші апама бекер күліппін.Адастым десе оған біреу нөл екіге қоңырау шал депті.Бірақ ана кісі телефонда нөл екіні терудің орнына сыртында нөл екі деген жазуы бар автомат іздеп кеш батқанша жүріпті.Гуд дегенді қай жерден басам?
Шыны керек,қауымдастыққа тіркелу үшін әл жинау керек боп тұр.Жазғанымды өзім әрең тауып алдым.Бұның жалғасы да бар.Бірақ ол әр адамның өзінен де жасыратын құпиясы болып қалуы керек сияқты.
Оны білмедім.Әйтеуір радиода ешкімді шақ келтірмеді.Шошыса шошитын шығар.Интернет ақындары көшенің жабайы төбелескеріндей болатын сияқты ғой.Қауымдастықты түсінбей тұрмын.Сонда конференция айтыс шыққалы тұр ма? Тіркелетін жерін айтыңдар.Ол жерде бір тақырыпқа байланысты біреу бастап, біреу іліп алып кететін болса құп.
Айтыс күшті болыпты! Бұл сонда смс айтыстың жария үлгісі ма? Мен өткен жылғы шалқар радиосындағы қайым айтысқа таң қалдым.Әсіресе Олжастың ешкімді шақ келтірмегені.Бүгінгінің көмекей әулиесі сол ма деп қалдым.Енді осында бір бәдік айтыс ұйымдасса.Бірақ арада бас үйтіп алсам дейтіндер бүлдіреді ғой.
Қайырлы түн бәріңе! Жазбаны оқып марқұм Еркін Ібітановтің теледидардағы сұхбаты есіме түсті.М.Мақатаев қайтыс болатынның көп алдында, Еркіннің өзіне кітап сыйлағанда қолтаңбадан соң 27.03.76 деп қойып беріпті.
Мен жазбаны Сатыбалды жазған деп қалдым.Пікірлері де көп тұрды.Көз жүгіртіп өткеде.Адам арманы әрқашан орындала бермейді.Кейде күдеріңді үзгенде бір жетістікке қолың жетіп аң-таң боп қаласың.Не оған бұрынғымды бермей ендігіңнің құны маған көк тиын деп ренжіп те қаласың.Бірақ ол жетістік кездейсоқтық емес, сол алдыңғы еш кетті деп жүрген еңбегіңнің қайтарымы болып шығады.Мен не жазсам да, шықпай қалса да соған өзім кінәлі боп шығам.Яғни, бір жерлері жетпей тұрса әдейі бәрі қырсығады.Қолжазбаңды тағы да жақсылап талдап, толықтап, күзеп, түзеп шықсаң баспагерлер өзі де табыла кетеді.
Сатыбалды! Сен біраз дүниені қиратуға анық бел буған екенсің.Алдыңнан жарылқасын! Бірақ адамдардың бәрі өз бетінше жайылып жүретін отардағы қой емес.Біздің таудағы үйде бір жетім өскен тоқты болған.Қоршауда, шөптің ішінде жүретін.Соны мен өз бетінше қоймен жүріп жайылсын деп шығарып жіберіп пәлеге қалғам.Шығарған бойда беталған жаққа кетіп жоғалды.Сол сияқты өмірде шектеулер қажет.Бәрібірде ұстанымдар, шектеулер, сенімдер бола береді.
Керекті сатып алып қойсаң да кербақпай дұрыс жауап берсеңші! Кітапты қазір екінің бірі жазады.Соны шығаруға келгенде бәрі сағызша созылып кейінге қала береді.Шықса шықты деп айт, шықпаса жоқ де.
Содан соң,өте жаман,іріген сөз т.б.жағымсыз ойлар жазуда байқаңдар.Керекке көпшілік адам келеді.Құлақпен естіген бір бөлек те, көзбен көрген бір бөлек.Фотоаппаратқа тарқандай санаға жазылып қалады.Бұл сайт нағыз шындық өмірдің айнадағы кескіні іспеттес.Бірақ соны аздап болса да жасырып-жабуға, мүмкін болса түзеп көруге тырысайық.Әлгі ойын, сөзін, тіпті почеркісін түзеген адамның кәдімгідей өзгеретініндей.