Жарияланымдар

damilya
ЖОО бітірген соң алғаш жұмысқа тұрған кезім. Алғашқы айлары болатын. Бастық әр дүйсенбі сағат 9.00 өз жұмыс орынына шақырып (біздің жұмыстан автобуспен 30 минуттық жерде), бізден отчет алатын. Мен 10 минутқа кешігіп бардым. Отчет біткен соң менен сұрайды да, сен неге кешігесің? — деп, мен болсам қазақ деген сол емес пе 9.00-ға шақырсаң, 10.00-да келеді деп айтқанымша болған жоқ, бастық айғай салды ғой!!! Қазақшылықты қойып аз ұйықта деп, жақтырмай қарады!!! Әзілімді түсінбеген бастық кабинетінде қалып, шынымен ұйқым қанбаған мен сыртқа шығып, қасымдағы бірге жұмыс жасайтын қыздармен кейін еске алып рахаттанып күлгенбіз!!! Айтайын дегенім дүйсенбіде ұйқы қанбайды, бәрі ашулы жүреді ол факт!!!
damilya
Осы керек инфодан настроениям кушті көтеріледі!!! Ырзамын баріне!!!
damilya
Маған негізі көмек керек. Бұл жерде балл жинайды ма, сосын рейтинг деген бар ма, мен басқа адамдардың пікіріне пікір қоса аламын ба, ол қосқан пікірімді қалай бақылаймын, әлде үнемі өзім пікір жазған адамның блогына кіру керекпін ба?????
damilya
Жоқ Шымкенттен емеспін. Орталық Қазақстаннанмын
damilya
Іздеу дегні жақсы екен!!! Сізге рахмет!!! Сонда орысша жазуға болмайды деген сөз ғой.
damilya
қалай ойласаңыз да ол өз ойыңыз. Ал мен жалпы сайт деген едим.
damilya
Өнер жағын айта алмаймын, ал қызықты әңгімелер жазамын ғой, тек жан-жақты осы сайтпен танысып, зерттеп көргім келеді.
damilya
Бірнәрсені сезгендей соңын ғана оқып едім!!!
damilya
Немене екенін түсінбей далмын!!! Бәрін бір жерлес сияқты "әңгімелесесіңдер". Бұл жерде адамдар белгілі бір группамен ғана сөйлесе ма, әлде достық «системасын» жасап, сосын ғана мәселені талқылай ма, әлде бәрібір ме??? Ортадан килігейін десем, ыңғайсыздай сияқты!!!
damilya
Білмеймін егер осы жағдайдың бәрін жинақтап, әдемі етіп кино түсірсе, комедияның шынына жетері анық!!! Кеше осы сайтта қызықты жайттарды оқып тіркелген едім, бүгін сабақтан шаршап келіп барлықтырыңыздың комменттарыңызды оқып, көңіл-күйім керемет көтерілді ғой!!! Алайда ойланып қарасам егер осының бәріне рұқсат беретін басқармалардың бекітушілері басқа ұлт болса, жарайды дерсін, ал егер өзіміздің қазақ азаматтары мен азаматшалары болса, онда бұл күлетін емес, ренжитін мәселе!!! Қарағандыда ондай нәрселерді жиі кездестіремін. Өзім де сол жағдайға қатты жыным келетін (фотоға түсіру ойымда болмапты)!!! Есімде дәл қазір тұрғаны «Алтын арба»базарының алдында үлкен етіп іш-киімдерге жарнама жазыпты — «Распродажа плавок»(іш-киім дегені ғой) аудармасы «Балқытқыштар сатылымы». Енді мен де фотоға түсіріп жинамасам, сосын арнайы мақала жазбасам, керемет идея!!! Сонда ғана жаңағы бақармалардың ақылы оянып, көзі ашылар!!!
damilya
Ол ойыңызға мен де қосыламын алайда ондай пікірмен менің тобымдағы дауға еш жаңалық айтпасым анық. Сіздікі дәстүрлі ой ғой.
damilya
Оқыған мамандығым жаратылыстану саласының бірі болғандықтан, тобымызда үнемі дау орнап жатады. Онда айтылатын көп мәселенің бірі — дүниенің пайда болуы. Барлық адам бірдей емес, яғни ой-пікірі де бөлек. Айтыңыздаршы сіздердің дүниенің пайда болуы туралы қызықты ойларыңыз бар ма? Блогқа жаңадан келіп қосылғандықтан қандай да қателіктер кетсе кешірім сұраймын.
damilya
Блогтағы жазғыштардың әрқайсысы әр жақтан ба, бұл блогтың қызығы неде, пайдасы бар ма, жалпы мақсаты не деген сұрақтардың жауабын білгім келген. Артық жазсам қоғамға зияны тиіп кетер, ал кем жазсам адамдар дұрыс түсінбес. Мәселе қорыққанда емес!!!
damilya
Суретті аккуратно салады екенсіз, бірақ мына адам Қажымұқан атамызға ұқсамайды ғой)))) (Бұл әрине менің жеке ойым).
damilya
БАН деген не? Жарайды әзірге өз ойымнан ештеме жазбаймын. Әйтпесе жабылып кететін сияқтысыздар ғой!
damilya
Менің жазғандарымды біраз адамдар оқитынын біле тұра (бұл жерде виртуалды қоғамдық орын сияқты деп ойласа)лағып кетпейтінім онсыз да түсінікті ғой, ондай ойым болса, «ақыл кеңестеріңізді» сұамас та едім.