Жарияланымдар

Жасанды интеллект

Нендей нәрсеге болсын «өз-өздігінен» үйренетін машиналар болады дейік (үйренетін машиналар деген терминді енгіздік).
Мұндай машиналарды қарастыру арқылы «жасанды интеллект» төңірегіндегі мәселелерді қиял-ғажап саласынан ажыратамыз. Өздігінен үйренетін машиналардың мүмкіншіліктерінің бірі -«үлгіні» таный білу. Үлгілерді танытып үйрету арқылы «машиналық тәжірибе» жиналады. Машина танитын екі үлгі бар дейік. Бірінші мен екінші үлгі арасында көптеген «ұқсас» үлгілер табылады. Осындай үлгілер жиынын «ұқсастық бойынша» екі топқа бөлу мәселесін қарастырайық. Мысалы, бірінші немесе екінші үлгінің ұқсастықтарына «дауыс беру» арқылы мәселе шешімін жуықтап табамыз. Яғни, мәселе шешімі қалай болатынын «дауыс бергендердің» саны анықтайды. «Дауыс берушілердің» қалауы «машиналық тәжірибе» жинақталған дерек қорына саралау жүргізу арқылы анықталуы мүмкін.
Осындай жолмен суретті құрайтын элементтерді (әріптерді, түзу сызықтарды) анықтауға болады.
Әрі қарай

Робот (RUR пьесасына 93 жыл)

Жиырмасыншы ғасырдың басы. Осыдан бар-жоғы жиырма бес жыл бұрын Рентген сәулелері ашылды, біраз уақыттан соң дизель қозғалқышы құрылды, алғашқы радиотелеграмма қабылданды. Бірінші дүние жүзілік соғыста алғашқы танктер, ұшақтар сыннан өткізілді. Қыздыру жібі бар электрлампа жасалынып, электр энергияны үлкен көлемде өндіретін өндірістер пайда болды. Жиырмасыншы ғасырдың басы осындай еді. Ғылым, техника, соғыс жүргізу тәсілдерінде үлкен өзгерістер орын алды.
Жиырма жылдан соң, 1916-1917 жылы «Форд T» жеңіл автокөлігінің 785 432 данасы сатылады. Автокөлік құны 350 долларды құрады (мөлшермен, қазіргі бағамен 1050-1400 доллар). Осы жеңіл автокөліктің 15 175 868 данасы шығарылады.
Әр түрлі тауарға деген сұранысты қанағаттандыру үшін фабрикалар, зауыттар салынды. Қазіргі кезге дейін сақталған өндіріс салалары пайда болып, қарқынды дамыды.
Жұмысшы табы. Өндірісі бар қала тұрғындарының көбісі жұмысшылар. Оларды еңбекті атқару үшін жалдайтын. Еңбек ақыларына күндерін көрді. Бірақ, сонымен қатар жұмыссыздық та болды. Өйткені жұмыс орындарындағы еңбекті атқаруға қажет жұмысшылар саны тұрақсыз. Әлеуметтік мәселелер шешілмеді.
Жұмысшылар табын әкелген және жұмыссыздықты әкелген капиталистік қоғам. Жұмыссыздықты мәселе ретінде жоюдың шешімін капиталистік қоғам таппады.
Машиналармен күрес. Он тоғызыншы ғасырда жұмыссыздықтың туындауының себебі «жұмысшының еңбегін тартып алған машиналарда»,- деп тапқан Луддит қозғалысы тарихта «машина бұзушылар» атымен қалды. Он шақты жылдың ішінде Луддитер көтеріліске шықты. Үкімет олармен күрес жүргізді. Англияда 1789 жылы машина бұзғандар үшін өлім жазасы қолданысқа енгізген заң қабылданды. Осы заң бойынша жазаға тартылғандар болды.
Машина және адам. 1921 (93 жыл бұрын) жылдың 25 қаңтарында Карел Чапектің RUR пьесасын театр көрермендері жақсы қабылдап, қиялымен ұшқыр жазушының қаламынан шыққан «машиналар мен адамдар» қарым-қатынасы туралы пәлсафалық ойымен танысты. Пьесада өте ауыр қара жұмысты білдіретін «работа» чех сөзінен: «Робот» -деп арнаулы машиналар түрін атады.
Пьесада Робот жасау техенологиясы -сезімі, сұранысы жоқ, ақылында және дене құрылысында еш артық-кемтігі жоқ, тек білім-іс. Көптеген тәжірибе жасаудың нәтижесінде алынған Роботтар, -дейді. Кейіннен көптеген кинофильмдерде автор ойының жалғасын көреміз. Мысалы, «Терминатор» кинофильмінде.
Қызық факт. Пьесада роботтар механикалық емес химиялық болған. Елена Глории атты кейіпкер пьеса барысында «робот жасаудың формуласын» жояды.
Әрі қарай

Қожалақ

Елді басқан түсі суық Заман кетпей-ақ қойды, Ақ Патша тағынан кетті, сонда да халық жай таппады. Үлкен індет елге тарады. Адамдарды адастырды. Ауылдар да жаяр малдары жоғалып, күнкөріс мал көзінен айырылған ел де аштыққа ұшырады.
Аштықты өткерген, жайлауға көшетіндей малы қалмаған қыстақтағы ауылда кемпір мен шал тұрыпты. Бала сүймепті.
Әрі қарай

Тілегім бар

-Қымбат автокөлік алмаңдар, доллар қымбаттайды, -т.с.с. сөздерді жақтамаймын.
Дегенмен, соңғы екі жылдағы бағаның көтерілуі алаңдатады. Автобус бағасы 50% бірден көтерілді, 40 теңгеге 20 тенге қосылды. Доллар бір күнде 20 теңгеге қымбаттап құны 185-ке теңесті.
Қарапайым арифметика. Түсінікті натурал сандар.
Жақсы автокөлікті немесе соңғы үлгідегі смартфонды т.с.с. сапалы аяқ киімді, өмірлік маңызы бар дәрі-дәрімектерді –қысқасы: елде жоқ тауарды сатып алуына тиым жасай алмайсың.
Экономикалық саралауымды тоқтатайын.
Сонымен не айтқым келеді дейсіздер?
Теңгеміз тәуелсіз болса ғой. Оған деген сенім берік болса, ақша құны туралы сәл ұмытсақ, ісімізде оң болар еді.
Утопиялық идеялар түбінде рационал идеялар әкеледі демекшімін. Утопияның ішінен рационал шешім іздейік. Теңгеміз туралы идеям -бірінші утопиялық идеям болсын.
Әрі қарай

Өсімдік әлеміндегі тамаша түрленулер

Блог - bake: Өсімдік әлеміндегі тамаша түрленулер
Алма ағашы гүлдейді, гүлі тозаңдалады, гүлдің түбінде түйін пайда болып жеміске айналады, жеміс ішінде тұқым бар. Өсімдіктердің кейбіреуін гүл дейміз. Ондай өсімдіктердің гүлінде дән — тұқым жетіледі, алма — жидек тәрізді жеміс түземейді. Сондықтан алма ағашы гүлдесе де, оны гүл деп атамаймыз.
Гүлдердің гүл жапырақтарының түстері, пішімі, құрылысымен ерекшеленеді. Гүлдердің зиянды, улы түрлері бар. Ерте көктемде гүлдейтін гүлдер арасында шамасы аз — улысы кездеседі. Кішкене балаларға ерте көктемде гүлдерді тергенге тыйым салудың осындай негізі бар.
Әрі қарай

Космостық кеңістіктегі тәжірибелер

Блог - bake: Космостық кеңістіктегі тәжірибелер
Космостың кеңістігінде бірнеше ойша тәжірибе жасап көрейік.
1) Ашық космоста, кәдімгі су сұйықтық күйінде үлкен іріткі болып қалқып жүр дейік. Вакуумды сорап көмегімен оны жинап алуға бола ма?
2) Космостық кеме ішінен кәдімгі ауамен толтырылған шарды ашық космосқа алып шықса онда не болады?
3) Сатурн (Қоңырқай) ғаламшарын қатты дене деп оны үлкен суға толған ыдыстың ішіне салсақ не болады?
4) Жердің орбитасы автотрасса десек, біз аялдамада тұрғанда жер қасымыздан қандай жылдамдықпен өте шығар еді?

Сұрақтарға жауап іздейік.
Әрі қарай

Макроэкономика және білім беру

Блог - bake: Макроэкономика және білім беру
Макроэкономика оқулығында: жапондық компьютерлік фирма, құны қамтамасыздандырмаған акциялар шығару арқылы өндірістеріне қосымша қаражат тауып, оны кеңейтіп, акцияларын ақшалай қамтамасыздандырып, үлкен кәсіпорынға айналғанын мысалға келтіріліпті.
Әрі қарай

2014 жылға қысқа астрономиялық болжам

Блог - bake: 2014 жылға қысқа астрономиялық болжам
Сурет 1-Күн тәжісі (сурет күнделікті жаңартылады)

Күн

«Күн белсенділігі» оның бетіндегі қара дақтардың санына байланысты анықталады. 1749 жылдан бастап күн дақтарына бақылау жүргізіліп, ай сайын «күн белседілігінің санын» анықталып кестеге толтырылады (1 кестені қара). Бақылаулар нәтижесінде күннің белсенділігінің өзгеру заңдылығы байқалды, қазір ол заңдылық «күннің 11 жылдық циклы» атымен белгілі. 2012-14 жылдары «күн белсенділігінің» ең шарықтау шегіне жететін көрінеді.
Әрі қарай

Дежавю. Әңгіме

Блог - bake: Дежавю. Әңгіме
Адамның ерекше психикалық күйі, осы күйде адам қазіргі шақтағы жағдайы басқа бір уақытта өткендей көрінеді. Мысалға, өткен шақта болғандай сезімді кинода көрген бір эпизод тудыруы мүмкін. Бірақ, адам дежавю күйіне түскенде, неліктен, не себепті ондай жағдайға тап болғанын түсіндіре алмайды? Психолог мамандардың дежавю күйіне берген түсініктемелерінің бірі осындай.

Дежавюге ұқсас жағдай сипатталғанда күлкі келерліктей сенімсіз естілуі мүмкін. Өйткені ондай эпизодтар кинода жиі кездеседі.

-Е, осындай бір жағдай болып еді -деп айтпас бұрын оқиға қашан болғанын есіме түсірейін.

Қырық жасыма келгенде сіз оқып отырған естелігімді жаздым. Жиырма екі жыл бұрын болған оқиға маған кеше ғана болған оқиға секілді. Жас үлкейген сайын жылды құрайтын күндер саны азаятындай. Ересек адамдар «мен» нені айтып тұрғанымды жақсы түсінеді. Дегенмен, бар шындықты айтамын деп жүрек тұсымды ұстамаймын, кеше ғана болған оқиға десем де, ұсақ-түйектері есте қалмапты.

1991 жылдың күз кезі. Аяғым баспаған ауылға бірінші рет қонақ ретінде келдім. Таныс емес үйдің босағасын аттаймын. Алдын ала ескертіп қояйын, дәл осы үйдегідей орналасқан үйге бұрын-соңды кірген емеспін!

Кешкі сегіз шамасы, күннің қызарып батқан шағы. Автобуспен келіп, түсіп қалдық. Бізді жақсы қарсы алды, үйге кірер алдында аяқ астынан бүкіл ауылдың электр тоғы тоқтап, шамдары сөніп қалды. Тез арада қолдарына шам –лампаларды жаққан үйдің иелері бізді үйге кіргізе бастады. Сол кезде қалайша бас құда болып кеткенімді білмей қалдым. Қыз беріп жатқан жақтан жастармен ілескен бірен-саран қонақтың бірі болуы керек болғанмын.
Әрі қарай