Жарияланымдар

Күздегі жұлдыздардың ағымы

Жұлдыздардың шоқ болып аққан кезін бірінші рет кездейсоқ бақылағанмын. Таңғы 4-00 мөлшерінде аспанның шығыс бөлігінде бір жұлдыз соңынан екіншісі, минутына біреу немесе бірнешеуі жан-жаққа бір нүктеден ағып түсті.
Біраздан соң түйсігің жер шарының кеңістікте зымырап ұшып бара жатқанын жаңғыртқанда «ух» -деп деміңді ішіңе тартасың. Фантастикалық киносындағыдай ғарыш кемесінің ғарышкерлер кабинасының алдыңғы терезесінен бақылап тұрғандайсың. Шын мәнінде де солай ғой. Жер ғаламшармен бірге жолаушы болып ғарышты кезіп барамыз…
Әрі қарай

Неге блог жүргізе бастадым?

Қазақ тілінде ешқандай мәселе жоқ, оны қолданып жүргендерде қиындықтары бар..(оның ішіне өзімде кіремін) ұзын сөздің қысқасы, тілдің қолданысының тағы бір аспектісі бар, оны қолданатын адамның тілді қолданудағы тәжірибесін қалыптастыру деген. Әрі ойымды жалғастырғым келмейді… тақырыбымнан ауып кетемін.

Блог платформаларды тек блогерлер ғана оқымайды, тіркелмеген "қонақ" болған интернет аумағында қажет ақпаратын іздеп жүрген қолданушыларда оқиды. Оған әбден көзім жетті. Жеке сайт ашсаң оның қолдауы бар (аз болса да тиын), ең бастысы келушілерді қамтамасыз ету мәселесін шешу қажет етеді. Ақпарат іздестіру жүйелері ең бірінші «кілт сөз» бойынша көп қаралатын беттердің тізімін жасайды, интернет қолданушының психологиясы іздестіру бойынша шыққан бірінші беттегі ақпарат көздеріне сілтемені қарайды («бірінші бетте ашылсын» деген оймен өзің орналастырған ақпаратты өзің сағат сайын іздестірмейсің ғой).
Интернетке деген «тұтынушылық» көзқарас барлары қаншалықты, мүмкін жазбаларымды оқып «одан да күшті жазармын» деп жазбаларын жазып жатса тіпті күшті болар еді.

Өз деңгейімде, шамам келгенше жазбаларымды жазып жүрмін. Жаман болсын, жақсы болсын. Орыс тіліндегі шығармалардың үзінділерін (олардың көбісі шет тілден орыс тіліне аударылған, әттен шет тілдерін білмеймін полиглот емеспін, оригиналға не жетсін..) қазақшаға аударып жаздым. Тағыда ойымды қайталайын, жазбаларымды тек блогерлер ғана емес, интернет із кезушілеріне де арнап жазамын.

Жоғарыдағы жазылғандарға қосымша. Керекинфоның тұрақты қолданушыларына алғысымды білдірем, сын -сапаны арттырады, сіздерге алғыс (сауатымды ашып жатырмын).

Қазір Медеу Сәрсекенің шығармаларымен танысу әрекетіндемін (қазақ тіліндегі «фантастика», кейінірек детективтерін іздеймін)
Әрі қарай

Фотоаппарат қолымда

86 жыл. Алғашқы фотоаппаратымды сыйға тартты. Тарихқа айналған қара-ақ түсті фотосурет алудың технологиясы… Сол заманнан әр кадр қайталанбас және ыстық екенін түсіндім.

Балаларды фотосуретке түсірсем олардың балалық шақтағы күш қуатыммен, болашаққа деген сенімді көзқарастарын көрсеткім келеді. Ең бастысы бала кадірде «бала» болып қалу керек. Қазіргі фотоаппараттар әрине «СМЕНА» фотоаппараты емес. Бірақ сол кезден алған тәжірибемді қолданып жатам. Фото композиция деген ұғымды әлі ешкім алып тастаған жоқ. Фотосуреттің жаны болады.
Ескі фотосуреттерден және жаңаларынан қарап тұрған адамдардың көзқарасы өзгергенін байқадым. Заман өзгерді. Кей –кезде «сізді фотоаппаратым түсірмейді»-деп жауап беремін. Сондай көңіл орын таппағанда табиғатты түсіргенге көңілім ауады. Табиғат таң қалдырмай, тамсандырмай қойған емес.
құмырсқа
Әрі қарай

Түнгі кезектегі медбикелер ермегі. Әзіл

Студент кезімде дұрыс тамақтанбай, асты талғамай тамақтанғандықтан уланып аурухана түстім.
Хәлім жаман. Арнаулы палатаға жатқызыпты. Есімді еміс-еміс білем. Көз алдым тұман. Дәрігерлер дауысы күңгірлеп естіледі.
Үнемі жарық бөлмеде жатам. Күн мен түнді шатастырып алдым. Бәрі тынышталған уақытта аяқтың бас жағын бір нәрсе қытықтатып мазалай бастады. Қытықтың келуі де кетуі тез (3-5 секундтай лезде басылып қалады). Екі-үш тәулік өтті. Есіме келе бастадым. Аяғымның бас жағының қытықтың келуіне «не себеп?» деп ойлана бастадым.

Сөйтіп «аяғымның бас жағын не қытықтатады?» деген оймен жатқанда медбикенің дауысы шықты. Көзім жұмулы ұйықтаған болып жатырмын.
-Әне біреудің аяғы дәл менің жігітімдікіндей болатын шығар, -ішімнен ойланып жатырмын, "қызық, менім аяғым кімдікіне ұқсас екен?" деп. Көп кешікпей жауап алдым. Сөйтсем түнгі кезектегі медбикелер тоқыма тоқумен шұғылданыпты. Күйеулеріне тоқып жатқан жүн байпақтарын аяғыма кигізіп өлшеп жүріпті.

Бір жеті бойы аяғымның бас жақтары осылайша қызмет еткені (есіме түскен сайын тер шығады еріксіз). «Медбикелерді ренжітпеймін» деп қаншама аяқ табаныма қытық келсе де үндемей шыдап қозғалтпай жататын болдым

Пікір: «Мен мәйітханаға апарар алдында бирка тағып жатыр ма деп, зәре-құтым қалмай оқыдым аяғына дейін.» satibaldi
Әрі қарай

Әңгіме. Суық үй (иесі бар үй)

Жоғарғы оқу орынын бітіріп еңбек жолымды бастаған жылының жаз айында бір түрлі оқиғаға қатысушысы болдым. Оқиғамды баян етейін. Ауыл мектебінің директорының шақыруы бойынша ауылға қайтіп бардым, еңбек жолымды бастамақшымын. Бірақ тұратын үй болмады. Ауылдан туған-туысқандар көшіп кеткелі бірер жылдар шамасы болыпты. Туған ауылым. Әкемді, шешемді көрген адамдар әлі баршылық. Бірақ ешқайсының үйіне тұруға сұранған жоқпын. Маған тұруға жайлы деген үй бірден табылды. Ауыл ортасында екі бөлмелі жер үй ауылға келген молдаға жалға беріліпті.
Әрі қарай

Ой қорыту жөнінде Шерлок Холмс не дейді?

Артур Конан Дойл «Қызыл қошқыл реңді этюд» (A Study in Scarlet) повесінен үзінді.
Блог - bake: Ой қорыту жөнінде Шерлок Холмс не дейді?
Доктор Ватсот өзі байқамай Шерлок Холмстың жазған мақаласын газеттен өзіне дауыстап оқи бастайды:
«Логикалық ойлау қабілеті бар адам» -деп жазады автор, -«бір судың тамшысына қарап Атлант мұхитының немесе Ниагар сарқырамасын ешқашан көзімен көрмесе де бар болуы мүмкіндігі туралы ой қорытады. Автор әрі қарай жазыпты: «Бүкіл тіршілік -бір-бірімен байланысқан өте ұзын себеп-салдар тізбегі. Табиғатты бір түйінінен танып білуге болады.
Саралау арқылы шешім шығару да өнер. Кез-келген басқа өнерлерді танып білуге қажет ынтаны және көп еңбектенуді қажетсінеді. Бірақ өмір қысқа. Сондықтан бұл саланы бірде-бір тірі жан толық игере алмайды

-деп оқуын тоқтатқан соң Шерлок Холмсқа газеттегі мақаланың күмәндылығын білдіреді. Қателеспесем роман желісімен түскен көркем кинода осы жер дәлме-дәл көрсетілген. Мүмкін естеріңізге түсетін шығар.
Әрі қарай

Танылмаған бар әлемде

90-шы жылдардың бір күнінде ауылдас адам өз үйіне бес-алты жас шамасындағы баласын фотосуретке түсіруге ұсыныс жасады. Келісімімді бердім. Ертеңінде таңғы он шамасында фотосуретке барып түсіретін болып келістік.
Баланы фотосуретке түсіріп алдым, үйге келдім, фотолабораториямды жайғастырдым, фотореактивтерді жаңадан суға ерітіп ертіндісін жасадым. Фотосуреттерді басып отырмын.
Барлық фотосуреттер сапалы шыққан секілді, кезек тапсырыс бойынша түсірілген баланың фотосуретін басып шығаруға келді. Өкінішті, кадр бүлініп қалыпты, неге екені белгісіз бүкіл кадр үстінен жоғарыдан төмен сұр жолақ бәтіңкенің бауы секілді салбырап тұр, әйтпегенде бәрі жақсы, бала суреті жақсы шығыпты тек сұр жолақты ескермесе.
Тапсырысты апару керек, ішімнен ұялып барам, барлық фотосурет шыққанда әдейлеп түсірілген бала фотосуреті шықпай қалды, қайдан келді екен сұр жолақ? Фотопленка бракгы (сапасыз) шығар, басқа ешнарсе деп түсіндіре алмаймын. Әкелген фотосуреті ата –анасына көрсеттім. Міне реакция, күтпедім. Олар қуана –қуана фотосуретті алды, қайтадан фотосуретке түсіруінде өтінген жоқ. Бұл баланың осы уақытқа дейінгі бірінші фотосуреті екенін айтып рахметтерін жаудырды. Балаларының сырын айтып берді. Туа салысымен қаншама рет фотосуретке түсіруге тырысыпты, бірде фотоаппарат сынат, екіншіде басылған фотосуретте бала бетін корсетпейтін сұр дақ пайда болады екен. Тіпті қаладағы фотосалондарға апарып көріпті. Бірақ баланың кішкене болсада сапалы фотосуретін ала алмапты. Фотосуретке түспейтін адамдар болады екен ау. Бар екен әлемде танылмаған әліде.
Әрі қарай

Фантаст жазушылар көріпкелділігі. Артур Кларк

Артур Кларк фантаст жазушы геостационарлық жер серігі, интернет пайда болуын болжаған деседі. Әңгімелеріне осындай критик пікірін оқығаннан кейін қызығушылық танынытып бір әңгімесін оқи бастадым.
Араларыңызда осы автордың шығармашылығына қызушылық білдіргендеріңіз болса «2001: Одиссея бір» (2001: A Space Odyssey) атты әңгімесінен үзіндіні аударып назарларыңызға ұсынып отырмын. Әңгіменің бас кейіпкері доктор Хейвуд Флойд шаттл (космстық кеме) ішінде Айға сапар шегіп барады. Сонымен доктор Флойд:
«Айға мен жер арасындағы сапарда іші пысқан жоқ (1969 жылы Apollo 11 3 тәулікте айға жетті, әңгіме болса 1968 жылы жарық көрді). Ресми баяндамаларды, протоколдарды, еске түсіруге арналған жазбаларды оқып жалыққан соң, «газеттік планшетті» (қазір біз оны «электрондық кітап» планшеттері ретінде білеміз) кеменің ақпараттық желісіне қосып, әлемнің ең ірі электрондық газет басылымдарын көре бастады (қазір қағаз бетіне басылып шығатын газеттердің электрондық үлгісі бар және электронды газетке де жазылып алуға болады). Электронды газеттің кодтық белгіленуін жатқа білетіні соншалықты планшеттің артқы қабырғасында жазылған тізіміне қарамады.
Планшеттің қысқа мерзімді есте сақтау құралын іске қосып (қазіргі кездегі флэш еске сақтау құралы), кезекті газеттің бетін экранға тоқтатты. Әр мақаланың атауына көзін жүгіртіп, өзіне ұнайтындарын белгілеп алды, ұзын атауынан басқа қысқа екі таңбалы саннан тұратын кодпен анықталатын. Осы кодты планшеттің клавиатурасында терсе болғаны мақаланың кішкене болып көрінген төртбұрыш беті жазуға арналған ақ беттің үлкеніндей болып, планшеттің бүкіл бетіне үлкейіп шығатын. Осылайша ыңғайлы түрде мақала оқылатын. Флоид мақаланы оқып болып, электронды газеттің басты беттіне көшіп оқуға мақаланы таңдап алды.»

Блог - bake: Фантаст жазушылар көріпкелділігі. Артур Кларк

Әрі қарай

Кітапханада жоғалған қазақ кітаптары немесе ирониялық детектив

Сабақ аяқталып қалды. Үйге тапсырма:

-Астрономия бойынша кітаптарды қарап жердің жыл бойында күнді қалай айналып қозғалатыны туралы мағлұматты біліп келіңдер, келесі жолы сұраймын.

-Қазақша кітаптар жоқ! Қайдан табамыз! Өткен жолы да қоя бердіңіз, жоқ қазақ тілінде кітаптар, бәрі орысша, аудару керек.

-Қайдағыны айтпаңдар, қазақ кітаптары бар! Әрбір керек десеңдер өзім алып оқыған кітапханаға жіберейін, бірақ білмеймін, оқушы кезімнен кейін бармаптым, мүмкін кітаптар шынымен жоқ шығар.

Ішімнен ойлаймын, «қызық екен оқыған кітаптарым қалай кітапханада тұрып жоғалып кетет екен?»
Әрі қарай

Әр жаста қандай әдебиет оқыдыңыз?

Жеткеншек кезде балаларға аралған әңгімелерді оқыдым. Алғашқы оқыған кітабым «Чиполлино» Джанни Родари. Жасөспірім кезде фантастикаға көңілім ауды. Әсер қалдырғаны «Су астындағы диқаншылар» Александр Беляев. Бозбала шақтан студент кезде дедективтерді кейіннірек новелалар, романдар оқыптым.
Әрі қарай