Жарияланымдар

Үздік жарнама анықталды

Астана жаңалықтары: Үздік жарнама анықталды
Қазақстан халқы тілдерінің ХVІІ қалалық фестивалі шеңберінде «Хан шатыр» сауда ойын-сауық орталығында Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Үздік жарнама» байқауы өтті.

Байқауға «РПК Союз», «Профи ДМ», «Наружка KZ», «АЙСӘТ KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері мен «РТС Деко», «Саян студия» және «Аксиома монтаж» жарнама агенттіктері қатысты.

Жарнамашылар байқауға Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы және ҚР Конституциясының 20 жылдығы тақырыбындағы жобаларын ұсынды.

Мәтіні сауатты, бояуы қанық, қазақтың салт-дәстүрін көркем бейнелеген «Аксиома монтаж» жарнама агенттігі байқау нәтижесі бойынна бәрінен озық болды. Екінші орын «РПК Союз» ЖШС-ға бұйырса, «Профи ДМ» ЖШС үшінші орынды алды.

– Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған кезекті байқаудың «Хан шатырда» ұйымдастырылуы – өте орынды. Үміткерлердің ешқайсысы осал емес. Барлығының жұмыстары асқан шберлікпен орындалған, тақырыпты ашып тұр. Дегенмен, «Аксиома монтаждың» еңбегін қазылар алқасы бір ауыздан үздік деп таныдық, – деді «Қазақстан РТРК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, қазылар алқасының төрағасы Қайнар Олжай.

Байқау жеңімпаздарына Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Тілеуғали Қысқашбаев дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырып, жұмыстарына шығармашылық табыс тіледі.
Әрі қарай

«Көмек» орталығы ашылды

Астана жаңалықтары: «Көмек» орталығы ашылды
Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастамасымен елордада «Көмек» әлеуметтік қолдау көрсету орталығы ашылды.

Мүмкіндігі шектеулі және әлеуметтік жағынан аз қамтылған жасөспірімдерге қолдау көрсететін жаңа орталықтың ашылуына «ЖасНұр» саңыраулар ассоциациясы», «Астана қаласындағы мүгедек балалар қоғамы» қоғамдық бірлестіктері мен «ДОС» тәуелсіз өмір» орталығы мұрындық болды.

Салтанатты ашылу рәсімінде қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім бастығы Гүлнар Абдуллаева мемлекет тарапынан төленетін әлеуметтік жәрдемақылар мен басқа да қызмет түрлерімен шектелмей, мүгедек балаларды демеу мақсатында осындай орталықтардың жұмыс істеуі қажет екенін алға тартты. Ол мүмкіндігі шектеулі, қамқорлыққа зәру жасөсіпірімдердің әлеуметтік ортаға бейімделіп, жұмысқа орналасуына бұл бастаманың үлкен көмегі тиетінін айтты.

Орталықта аз қамтылған отбасылардың балаларына арналған киім-кешек және аяқкиім тарату бөлімі бар. Сондай-ақ, жұмыс істегісі келетін жастардың шаштараз, маникюр, педикюр мамандықтарына машықтанып, келешекте жұмыспен қамтылуына ықпал ететін сұлулық салоны жұмыс істейді. Алдағы уақытта орталық ішінен сазбалшықтан мүсін жасаушыларға арналған шеберхана ашу жоспарланып отыр.
Әрі қарай

Тамыз айында Астанада 476 жаңа компания тіркелді

Астана жаңалықтары: Тамыз айында Астанада 476 жаңа компания тіркелді

Дағдарысқа қарамастан елордада жаңа компаниялар саны артып келеді. Астана қалалық Статистика департаментінің мәліметіне сүйенсек, өткен тамыз айында 476 компания тіркелген, ал жұмысын тоқтатқандар саны – 159. Жаңадан тіркелген субьектілер негізінен Алматы (52,3%) және «Сарыарқа» (30,9%) аудандарында шоғырланған. Ал Есіл ауданының үлесі 16,8 пайыз. Жаңадан тілкелген заңды тұлғалардың 448-і –жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер (ЖШС). Ал 11-і – қоғамдық бірлестіктер мен қорлар, 8-і – тұрғынүй-құрылыс кооперативтері, 4-і – заңды тұлғалар бірлестіктері, 2-і – жеке мекемелер, 1-і – мемлекеттік мекеме, 1-і – пәтер иелерінің кооперативі және 1-і – жеке қор.

Ал жұмысын тоқтатқан мекемелердің 144-і – жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, 4-і –қоғамдық бірлестіктер мен қорлар, 3-і – акционерлік қоғам, 2-і – мемлекеттік мекеме, 2-і – пәтер иелерінің кооперативі, 2-і – заңды тұлғалар бірлестіктері, 1-і – өндірістік кооператив, 1-і бау-бақша, саяжайлық жер телімдері иелерінің тұтынушылық кооперативі.

Және бір қызық дерек. Тамыз айында тіркелген 476 мекеменің жетекшілерінің 302-і ер адам, 174-і әйел. Ал жабылған мекемелердің 125-ін ер, 34-ін әйел адам басқарған.
Әрі қарай

Жөндеу жұмыстарына байланысты қалада кейбір қоғамдық көліктердің қозғалыс бағыты өзгереді

Астана жаңалықтары: Жөндеу жұмыстарына байланысты қалада кейбір қоғамдық көліктердің қозғалыс бағыты өзгереді

Астана қаласы Энергетика басқармасының Ш. Уәлиханов — Ж. Омаров қиылысында жөндеу жұмыстарын жүргізуіне байланысты жолаушы тасымалдайтын автобустардың қозғалыс бағыты уақытша өзгерді.

1. № 1 маршрут Алаш тасжолы арқылы – Уәлиханов к-сі – Сейфуллин к-сі – Республика д-лы – Кенесары к-сі, одан әрі бұрынғы бағыт бойынша жүреді.

2. № 2 маршрут Тәшенов к-сі – Республика д-лы – Бөгенбай батыр д-лы, одан әрі бұрынғы бағыт бойынша жүреді.

3. № 4 маршрут Кравцов к-сі – Уәлиханов к-сі – Абай д-лы – Сембинов к-сі – Сейфуллин к-сі – Уәлиханов к-сі, одан әрі бұрынғы бағыт бойынша жүреді.

4. № 16, 30, 39 маршруттар Уәлиханов к-сі – Сейфуллин к-сі – Сембинов к-сі – Иманов к-сі – Уәлиханов к-сі – Кенесары к-сі – Сембинов к-сі – Сейфуллин к-сі – Уәлиханов к-сі, одан әрі бұрынғы бағыт бойынша жүреді.

5. № 24 маршрут Иманов к-сі – Уәлиханов к-сі – Абай д-лы – Сембинов к-сі – Сейфуллин к-сі – Уәлиханов к-сі, одан әрі бұрынғы бағыт бойынша жүреді.

6. № 26, 33 маршруттар Уәлиханов к-сі – Абай д-лы – Республика д-лы – Сейфуллин к-сі, одан әрі бұрынғы бағыт бойынша жүреді.

7. № 38 маршрут Уәлиханов к-сі – Сейфуллин к-сі – Республика д-лы – Кенесары к-сі – Уәлиханов к-сі, одан әрі бұрынғы бағыт бойынша жүреді.

8. № 42 маршрут соңғы пункт «Сырдарья к-сі» Абай д-лы – Республика д-лы – Сейфуллин к-сі – Уәлиханов к-сі, одан әрі бұрынғы бағыт бойынша жүреді.

9. № 48 маршрут Кравцов к-сі – Уәлиханов к-сі – Кенесары к-сі – Республика д-лы – Сейфуллин к-сі – Уәлиханов к-сі, одан әрі бұрынғы бағыт бойынша жүреді.

10. № 52 маршрут Уәлиханов к-сі – Сейфуллин к-сі – Республика д-лы, одан әрі бұрынғы бағыт бойынша жүреді.

11. № 73 маршрут Абай д-лы – Сембинов к-сі – Сейфуллин к-сі, одан әрі бұрынғы бағыт бойынша жүреді.

12. № 103 маршрут Уәлиханов к-сі – Кенесары к-сі – Республика д-лы – Сейфуллин к-сі, одан әрі бұрынғы бағыт бойынша жүреді.

13. № 127 маршрут Қабанбай батыр д-лы – Республика д-лы – Сейфуллин к-сі – Уәлиханов к-сі, одан әрі бұрынғы бағыт бойынша жүреді.

14. № 13 маршрут Кенесары к-сі – Республика д-лы – Сейфуллин к-сі, одан әрі бұрынғы бағыт бойынша жүреді.

15. № 70 маршрут Сейфуллин к-сі – Сембинов к-сі – одан әрі бұрынғы бағыт бойынша жүреді.

16. № 76, 49 маршруттар Уәлиханов к-сі – Иманов к-сі – Республика д-лы – Сейфуллин к-сі – Уәлиханов к-сі, одан әрі бұрынғы бағыт бойынша жүреді.
Әрі қарай

Астанада жыл соңына дейін жылу бағасы қымбаттамайды

Астана жаңалықтары: Астанада жыл соңына дейін жылу бағасы қымбаттамайды

Бағаның ырыққа көнбей шарықтап бара жатқаны қарапайым халық үшін уайымға айналды. Десе де, осындай қиын-қыстау кезде азық-түлік пен коммуналды қызметтің бағасын қалыпты деңгейде ұстап тұруға Астана әкімдігі барын салуда. Бұл да бір көңілге медеу екені рас.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Астана қаласы бойынша табиғи монополияларды реттеу жəне бəсекелестікті қорғау департаментінің жетекшісі Марат Мустафиннің айтуына сүйенсек, Астанада жыл соңына дейін жылу бағасы қымбаттамайды…
"Қазіргі таңда «Астана-Энергия» АҚ тарифті қымбаттату мəселесін қарастырып жатқан жоқ. Өздеріңіз білесіздер, 2013 жылдың соңында «Астана-Энергия» компаниясы үш жылға арналған шекті тариф бекітіп, 2,3 млрд теңгенің инвестициялық бағдарламасын қолға алған болатын. 2014 жылы шекті тарифтер енгізілгенімен, 2015 жылы инфляцияға жол бермеу үшін қала əкімдігімен келісе отырып, тарифті ұстап тұрдық. Ал, 2016 жылдың тарифтері туралы мəселені əлі қарастырамыз", — дейді М.Мұстафин.
Әрі қарай

Астанада алдағы демалыста BalaTurkvizyon гала-концерті өтеді

Астана жаңалықтары: Астанада алдағы демалыста BalaTurkvizyon гала-концерті өтеді
19-20 қыркүйекте елордада Бейбітшілік және келісім сарайында І Халықаралық балалар ән байқауының аймақтық іріктеу жеңімпаздарының жартылай финалы мен финалдық гала-концерт өтеді.

Балалардың жаңа өлеңдерін миллиондаған көрермен мен телекөрермен тамашалай алады. Гала-концертте СМС арқылы дауыс беру жүргізіліп, қазылар алқасы ең үздік дауыс иесін анықтайтын болады. Жеңімпаз желтоқсан айында түркітілдес елдер арасында тұңғыш рет өткізілетін «BalaTurkvizyon» байқауында Қазақстанның намысын қорғайды.

21 мемлекеттің өнерпаздары бақ сынайтын Гранд-финал 18 желтоқсанда Түркияның Стамбул қаласында өтеді.

Байқаудың басты мақсаты – музыка әлемі арқылы балалардың жан-жақты дамуына үлес қосу, республикамыздың барлық балабақшалары мен мектептеріне арнайы сыйға тартылатын қазақ тіліндегі жаңа әндерді жарыққа шығару және қазақстандық жас сазгерлер мен ақындарға қолдау көрсету.

Еске салайық, ұлттық іріктеу 8 шілде — 8 тамыз аралығында Қазақстанның барлық өңірлерінде өтті. Оған екі мыңға жуық талантты өнерпаз қатысты. Әр балаға кастинг нәтижесіне қарамастан сертификаттар мен «Bala Turkvizyon – Қазақстан» әнұраны табыс етілді. Екі апта бойы еліміздің 16 облысынан үздік шыққан 20 баламен танымал музыка шеберлері, хореографтар мен әртістер жұмыс істеді.
Әрі қарай

Велосипедті қалай жалға аламыз?

Астана жаңалықтары: Велосипедті қалай жалға аламыз?

Қазір Астанада аялдамалардың маңында қаңтарылып тұрған велосипедтерді жиі көреміз. Astana Bike деп аталатын жобаның іске асырыла бастағанына көп уақыт бола қойған жоқ. Әйтсе де, осы жобаға астаналықтар, әсіресе жастар жағы зор қызығушылық танытуда. Биыл 15 сәуірден 13 қыркүйекке дейін велосипедтер шамамен 65 мың рет жалға алынған екен. Жалпы жолдың ұзақтығы 18 126 сағатты құраған, ал қашықтығы – 133 211 км. Astana Bike қызметін 2621 адам пайдаланған, соның ішінде 122 пайдаланушы велосипедтерді СМС арқылы жалға алған.

Десе де, әлі де болса велосипедті жалға алудың жай-жапсарын біле бермейтініміз баршылық. Жуырда Астана қаласы әкімінің тапсырмасымен тіркеу жолы жеңілдетіліп отыр.

Кез-келген пайдаланушы велосипедті жалға алу барысында карточка сатылатын жерге келіп, оны рәсімдеп, пайдалану тарифінің ақысын төлейді. Ал абонементтік карточканы алу үшін жеке куәлік қана талап етіледі, тұрғылықты мекенжай мен жұмыс істейтін орнынан анықтама қажет емес. Немесе интернет арқылы да онлайн төлем жасауға болады. Ол үшін www.velobike.kz сайтында тіркеліп, СМС-хабарлама арқылы жалға алу түрін таңдау қажет. Бұл жерде тек банк карточкасының нөмірін ғана теріп, төлемақы жасап, тіркелгеннен кейін СМС-код жіберіледі. Пайдаланушыға өзіне қолайлы бекетті таңдап, СМС-кодты теріп, велосипедті пайдалана алады.
Әрі қарай

Астанада Құрбан Айт мерекесі кезінде малды қайдан аламыз?

Астана жаңалықтары: Астанада Құрбан Айт мерекесі кезінде малды қайдан аламыз?
Исі мұсылманға қасиетті Құрбан айт та жақындап қалды. Биыл бұл мереке 24-26 қыркүйек күндері аталынып өтіледі. Қазақстан Републикасы Еңбек Кодексінің 96-бабы 4-тармағына сәйкес Құрбан айт мейрамының бірінші күні демалыс күні болып саналады.

Құрбан айт мерекесінде күллі мұсылман қауым айт намазынан кейін құрбан шалуға асығатыны белгілі. Астанада қала тұрғындарына қолайлы болуы үшін мал сатып алуға және құрбан шалуға арналған арнайы орындар белгіленді. Олар барлық санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен талаптарға сай жасақталып отыр. Сонымен, малды қайдан аламыз, құрбанды қайда шаламыз:

Қарағанды – Астана тас жолының бойындағы «Метро» сауда орталығы, «Нұрбереке 555» ЖШС, Алаш тас жолы, 30 («Көк базар» нарығының артында), «Шаушен» шаруа қожалығы, «Астана — Софиевка» тас жолы, 9 км; «Мақсат 2010» ЖШС, Теміржолшы тұрғын алабы, Ақжар к-сі, 20.

«Astana Bike» велосипедтеріне қолжетімділік артады

Астана жаңалықтары: «Astana Bike» велосипедтеріне қолжетімділік артады
«Astana Bike» пилоттық жобасының велеосипедтерін пайдалану бұрынғыдан қарағанда тиімді бола түсті. Енді қала тұрғындары мен қонақтары велосипедті жалға алу үшін қаптаған құжаттарын түгелдеп әуре болмайды. Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Астана қаласы әкімінің тапсырмасымен тіркеу жолы жеңілдетілді. Абонементтік карточканы алу үшін жеке куәлік қана талап етіледі. Бұрынғыдай тұрғылықты мекенжай мен жұмыс істейтін орнынан анықтама қажет емес.

Кез келген пайдаланушы велосипедті жалға алу барысында карточка сатылатын жерге келіп, оны рәсімдеп, пайдалану тарифінің ақысын төлейді.

Тіркеудің екінші нұсқасы – интернет арқылы онлайн төлемдер жасау мүмкіндігі. Ол үшін www.velobike.kz сайтында тіркеліп, СМС-хабарлама арқылы жалға алу түрін таңдау қажет. Бұл жерде тек банк карточкасының нөмірін ғана теріп, төлемақы жасап, тіркелгеннен кейін СМС-код жіберіледі. Пайдаланушыға өзіне қолайлы бекетті таңдап, СМС-кодты теріп, велосипедті жалға ала алады.

Биыл 15 сәуірден 13 қыркүйекке дейін велосипедтер шамамен 65 мың рет жалға алынған. Жалпы, жолдың ұзақтығы 18 126 сағатты құрады, қашықтығы – 133 211 км. «Astana Bike» қызметін 2621 адам пайдаланған, соның ішінде 122 пайдаланушы велосипедтерді СМС арқылы жалға алған.
Әрі қарай

Жүрдек пойыздарға жеңілдіктер жарияланды

Астана жаңалықтары: Жүрдек пойыздарға жеңілдіктер жарияланды

«Қазақстан темір жолы» АҚ жолаушылардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойыздарына бұрын-соңды болмаған жеңілдіктер жариялады, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

2015 жылдың 17 қыркүйегінен бастап төмендегі бағыттарда қатынайтын пойыздарға «Турист», «Бизнес» және «Гранд» вагондары бойынша 40%-ға дейін қосымша жеңілдіктер енгізіледі:

Астана жаңалықтары: Жүрдек пойыздарға жеңілдіктер жарияланды

Сонымен қатар, бұрын енгізілген тиімді жеңілдіктер мен жолаушылардың 3 санатына арналған дисконтты карталардың да күші сақталады:
  1. «Құрмет»60 жас пен одан ересек адамдар үшін 30%;
  2. «Жастар»16-25 жас аралығындағы жастар үшін 30%;
  3. «Саяхатшы»тұрақты жолаушылар үшін 10%-дан 20%-ға дейін.
Енді бұдан былай жаңа жеңілдіктердің арқасында дисконтты карталары бар жолаушылар «Бизнес» және «Гранд» вагондарын билет алса, жалпы көлемі 70 пайызға дейін жеңілдікті иелене алады.
Әрі қарай