Жарияланымдар

Ойын: Қатесіз 1 сөйлем тап!

Не болғанын білмеймін, әншейінде

Сынаймыз, сыйламаймыз!
Мемлекеттiк тiл мазағы қазақ футболы басшылығында да көрiнiс бердi

деп жазатын Аламан.кз жігіттері бұл жолы «Сынамайық, сыйлайық», «Мемлекеттiк тiл мерейi қазақ футболы басшылығында да көрiнiс бердi» деген мақалалар шығарды.

Ал біз тақырыбымызды одан әрі жалғастырайық. Федерация сайтында әзірше өзгеріс жоқ, сайт ашылғаны туралы жаңалық беріліпті. Осы жаңалықтан қатесіз сөйлем табуға тырысайық.


Қазақстанның Футбол Федерациясы жаңа ресми сайттың ашылу салтанатын өткізді

24 ақпанда Қазақстанның Футбол Федерациясы жаңа ресми сайттың ашылу салтанатын өткізді. «Креатида» компаниясымен аріптестік таныта отырып, жаңа Интернет-проект жасалынды. Бұрында компания Казнетке байланысты «Шахтер» (Қарағанды), «Тобол» (Қостанай), «Локомотив» (Астана) сыяқты футбол командаларының web-ресуртарын жасаған.
Әрі қарай

Жігіттер қандай болады?



1- Жақсы жігіт, бірақ әдемі емес.

2- Әдемі жігіт, бірақ жақсы адам емес.

3- Жақсы әрі әдемі — гомосексуалист.

4- Жақсы әрі әдемі, гомосексуалист емес, бірақ үйленген.

5- Әдемі емес бірақ жақсы адам болғанымен ақшасы жоқ.

6- Ақшасы бар, әдемі емес жақсы жігіттер қыздардың олардың ақшасына қызығып жүргендерін ойлайды.

7- Әдемі бірақ ақшасыз жігіттер біздің ақшамызға қызығады.

8- Ақшасы бар бай, гетеросексуал, бірақ жаман жігіттер бізді көріксіз деп ойлайды.

9- Бізді әдемі деп есептейтін гетеросексуал, шамалы жақсы әрі бай жігіттер бар бірақ олар қорқақ жігіттер.

10- Ақшасы да мінезі де түрі де орташа жігіттер өте ұялшақ болады.

11- Ал инициативаны біз алып, алғашқы қадамды істесек біз ш@**ва болып шығып, бізге деген ешқандай ықыласы қалмайды.

АЛ ТҮСІНІП КӨР ЕРКЕКТЕРДІ… ?????
Әрі қарай

«Қазақстанның футбол федерациясы» - ffk.kz

Бұл қауымдастықтың алғашқы сабағын Футбол Федерациясының сайтынан бастайық. Біраз футбол терминдерін үйреніп сауатымызды ашайық. Сонымен алдымен сайттың аяғынан бастайық:

(19.52 Kb, 1012x396)

Жүлдегерлердiң лигасы
Әйел командаларының арасында жүлдегерлерiнiң лигасы

Әрі қарай

Футбол Федерациясының сайты жаңарыпты



http://ffk.kz/

Әдемі киінген, бірақ топас және шала-қазақ бай балалары болады ғой. Мына сайтты көрген кезде басқа теңеу таба алмадым. Жасаушылардың айтуына қарағанда сайтта тікелей видео және тексттік трансляциялар болады екен :)))))

Неге күлгенімді уақыт өте түсінерсіздер. :)
Әрі қарай

Егер қайтадан кездесіп қалсаң?...

Түрікше бір романтикалық кино қарағам. Жақсы кино. Киноның соңғы жағын сіздермен бөлісейін дедім. Оқиға былай: жақсы жүріп жүрген қыз бен жігіт бір күні айрылып кетеді. Бірнеше жылдан кейін кездейсоқ кездесіп қалады. Сол кездесулеріндегі сөздерді қазақшаға аударып, видеоның астына қойдым. Егер осындай оқиға сіздің басыңызға келсе не істер едіңіз?


Әрі қарай

Чемпиондар Лигасы. 1/8 финал.



Чемпиондар Лигасы 1/8 финалының алғашқы ойындары бүгін жалғасады. Хабар мен Қазақстан каналдары тікелей көрсетеді.

23.02.2011 01:45 Лион — Реал Мадрид ХАБАР
23.02.2011 01:45 ФК Копенгаген — Челси ҚАЗАҚСТАН
24.02.2011 01:45 Марсель — Манчестер Юн ХАБАР
24.02.2011 01:45 Интер М — Бавария ҚАЗАҚСТАН

Бүгін ең қызық ойын лион мен Реалдың ойыны. Өткен жылы Лион өткен болатын, биыл Реал реванш алуға тырысады. Келесі жұптың фавориті Челси болып көрінгенімен, олар биыл ойындарымен мәз қылып жүрген жоқ. Копенгаген өз алаңында жақсы ойнайтын команда, бүгін Челсиді ұтса таң қалмау керек.

Ертеңгі ең қызық ойын Интер мен Баварияның ойыны. Бұл жолы Баварияның жолы болады деп ойлаймын. Ал Манчестер Марсельді қиналмай өтуі керек.
Әрі қарай

Жиі Сұралатын Сұрақтар жиналуда (FAQ - ЖСС)



Көптен қолым тимей жүрген еді, сайтқа FAQ жасау керек деп. Бүгін бастап көріп жатырмын. Бір қарап шығып, сол жерге қосатын тағы қандай сұрақтар бар екен, соларды осында жазсаңыз екен.

www.kerekinfo.kz/page/faq/
Әрі қарай