Соғыстың алғашқы айларында немістердің қазақтарға таратқан листовкасы. Бұл листовканы Түркістан легионы туралы постыма суреттер іздеп отырған кезде тауып алған едім. Енді соны бөлек бөліскім келіп отыр.
Mamihlapinatapai (мамилапинатапай) — кең мағыналы және аударылуы қиын сөз ретінде Гиннесс рекордтар кітабына кірген екен. Мамилапинатапай — Оң.Америка архипелагтарының бірінде тұратын яган тайпасының тіліндегі сөз. Мағынасы: Бір бірін қалап тұрған, бірақ бірінші болып бастағысы келмей қарсы жақтың бастауын қалайтын 2 адамның бір біріне көзқарасы. Қысқаша айтқанда — Қалап тұрмыз, бірақ ұяламыз.
Соңғы жылдары трибуналарда қыздар саны көбейіп келе жатыр. Футболға қыздар да қызыға бастады. Тіпті ультрас бағытын ұстанатын фанат қыздар да бар. Солардың бірі Малика — «Ақтөбе» клубының фанаты, «13-сектор» фанаттар бірлігінің мүшесі. Бұл сұхбатта ультрас қыздар қандай болады, жалпы қыздардың футбол махаббаты туралы сұрақтарға жауап іздеп көрдік.
Малика:
Жасы: 25 Қызметі: Жылжымайтын мүліктер орталығының маманы Сүйікті фильмі: Унесенные ветром, Қыз Жібек, Приключения Шурика. Қанша рет көрсетсе, сонша рет қарай береді Сүйікті музыкасы: Аралас, көбінесе RAP Сүйікті тамағы: Еті бар тамақ Ұнайтын командалар: (Ақтөбеден басқа) Спартак Москва, Барселона Сүйікті киім бренды: Бренд талғамайды, ұнатқан киімді кие береді Ақтөбедегі ең ұнайтын жер: Қобыланды батыр атындағы орталық стадион. Негізі Ақтөбенің барлық жері ұнайды
— Футболға қызығушылық қашан басталды?
— Футболды 2002 жылы Корея мен Жапонияда өткен Футболдан Әлем Чемпионатын қарап ұнаттым. Сол кезден бастап Испания құрамасына жанкүйер болып келемін. Биыл футболды сүйсіне қарап жүргеніме 10 жыл. Қазақстан футболына қызығушылық 2005 жылы басталды.
Зерттеушілердің айтуы бойынша Сейсенбі күні балалар басқа күндерге қарағанда жиірек туылдаы екен. Ал сенбі мен жексенбі күндері бала туу көрсеткішінің ең аз күндері.
Сіз қай күні тудыңыз? Егер білмесеңіз мына жерден қарап көріңіз.
Астана қаласындағы Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығы әуесқой фотоконкурсқа шақырады.
Конкурс тақырыбы: Түркиядағы демалысым.
Қатысушылар өздерінің Түркиядағы демалыстарынан суреттер жібере алады. Максимум 3 фото. Суреттер 40х60см көлемінде болуы шарт. Тек қана бұрын еш жерде жарияланбаған, ешқандай жарыста орын алмаған әуесқой фотолар қатыса алады.
Дарынды ақын, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, Мәдениет қайраткері, «Жас қазақ үні» газеті жетекшісі Қазыбек Исаның Ердің жасы – елуге толған мерейтойына байланысты өтетін «СЫРЫМДЫ АЙТТЫМ, ДАЛАҒА» атты Жыр кеші өтеді. Кешке белгілі қаламгер-қайраткерлермен бірге Ж.Жексенұлы, А.Мейірбеков, Ж.Сейдолла, Айгүл Иманбаева, Нұр-Мұқасан тобы және т.б. өнер жұлдыздары қатысады.
Кеш Алматыда 2012 жылы 4 қазан күні сағат 18.00-де Жамбыл атындағы мемлекеттік филармонияда (Төле би- Ш. Қалдаяқов кк..) болады. Келем деушілерге есік ашық. Кеш теледидарға түсіріледі.