Сөйлей алмайтын бала: Даму кешігуінің себептері және шешу жолдары

Бүгінде медицинаның жетілуі арқасында бұған дейін байқалмаған неврологиялық проблемалар ерте анықталуда. Бұрын тек «бала кеш сөйлейді» деп қараған жағдайлар қазір нақты диагнозға ие болып отыр. Соңғы жылдары Қазақстанда балалар арасында аутизм, сөйлеу дамуының кешеуілдеуі (ЗРР) және психикалық дамудың тежелуі (ЗПРР) диагноздары жиілеп барады. Бұл құбылыс ата-аналар мен мамандарды алаңдатып отыр. Мұндай диагноздардың көбеюіне не себеп? Бұл мәселені шешудің қандай жолдары бар? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрейік.