Жарияланымдар

Айналайын (Рүстем Жанай)

Айналайын,
Тағы да айналайын.
Өзің барда
Жанымда бар ма уайым?
Шыныменен кейісең
О, ғажайып!
Шыңдаламын төске ұрған балғадайын.

Айналайын!
Жырым ғой — қолда барым.
Қартайғанша шын сүю —
Ол да — дарын!
Кемпір- шал деп балалар күлгенімен
Сен — он сегіз,
Мен әлі жиырмадамын.

Айналайын!
Мен сенен айналайын.
Қанағат қып күн кешкен барға дәйім.
Еркелетсем мен сені,
Сен де мені,
Жараспай ма мәңгілік жарға ләйім.
Айналайын!

P.S. Автордың өмірден озғанына биыл үш жыл болыпты. Алайда, өзі өлгенімен артында рухани мұра болып өлеңдері, бірнеше жинақтары («Сағынып кеттім мен сені», "Өмір парақтары"), "Қайыртаң" повесі, «Жанайқай» прозалық жинағы мен «Жанқожа батыр» дастаны қалған.
Әрі қарай

Әйелдер жөнінде...

Қорқыт ата:
«Сұлу әйелге үйленсең – оның күзетшісіне айналасың, атақты әйелге үйленсең – оның атағына телінесің, бай әйелге үйленсең – оның көп мүлкінің біріне айналасың, ал ақылды, иманды әйелге үйленсең – оның сенімді серігі боласың.»
Шал ақын:
«… Жақсы әйел дәулетіңе жөн келтірер,
Әйелің долы болса күнде өлтірер.
Жақсыдан жаман туған бала болса,
Атаға үйде жатқан сөз келтірер.
Жақсы әйел айтқан сөзді кектей қоймас,
Осал жігіт әйелге беттей қоймас.
Жауыз қатын қабаған ит сияқты,
Ер жігіттің түбіне жетпей қоймас.»
Әзілхан Нұршайықов:
«-Махаббат деген не?-десе
-Әйелдің өзі!-дер едім.
-Ләззат деген не?- десе,
-Әйелдің сөзі!- дер едім.
— Ең күшті нәрсе не?- десе,
-Әйелдің әмірі!- дер едім.
Әйелдердің барлығын:
-Жердегі Тәңір!- дер едім.
Өз басым әйелді осылай деп бағалаймын. Өйткені адамзатты жарататын- әйел, ұлтын көбейтетін- әйел, ұрпақты ұластыратын- әйел, еркекті Ер ететін- әйел. Махаббаттың асыл нұры- әйел. Өмір деген алтын сарай есігінің күміс кілті- әйел махаббаты.»
Ғабит Мүсірепов:
«Дүниеде әйелдің көзінен артық қызықтыра алатын, әйелдің көзінен артық сиқырлап тартып кете алатын күш жоқ қой деймін. Байлық, бақ, мансап, тіпті қоғамдық дәреже дегендердің бірде-бірінде ондай күш жоқ. Бәрі бірге қосақталып келіп мойныма асыла кетсе, мен бәрін сілкіп тастап, оқтай қадалған әйел көзіне қарай жүре берер едім.»
P.S. Қилызаман ағайдың жазбасынан соң, өзімнің кітапшама түртіп алғандарымды бөліспек болдым.
Әрі қарай

Жолыңыз түсіп, қолыңыздан келіп жатса...

Бүгін ханның шатырына (Ханшатыр) барған едім. Әрине шопинг жасауға… Шығып бара жатып мына нәрсені көріп қалдым.



Егер көрінбей жатса, қысқаша жаза кетейін: жетім, мүмкіндігі шектеулі және отбасылық жағдайы нашар балалар «Тілек ағашына» өздерінің қажеттіліктерін жазып ілген екен. Тілегін орындаймын десеңіз, ілінген конверттердің біреуін аласыз. Толық мәлімет алмақшы болғаныммен, оған жауапты адамды кездестірмедім. Есесіне, жанындағы өзге акцияны ұйымдастырушы қыз өз білгенімен бөлісті. Балалардың тілегі соншалықты қымбат дүниелер еместігін, көргені бойынша ұялы телефоннан басталып, майда-шүйдеге дейін баратынын айтты.
Кейде қажетсіз дүниелерге шашатын ақшамызды неге сауапты іске жұмсамасқа? Сол балалардың бір тілегін орындап, қуаныш сыйлау қолымыздан келіп тұрса, неге жасамасқа?
Әрі қарай

Ұлыңызды әскерге жібересіз бе?

Қазіргі кезде "өлім оқиғасы" әскерде жиі орын алып барады. Соның салдарынан бір отбасы жалғызынан, бірі тұңғышынан, енді бірі кенжесінен айырылуда.Темірдей тәртібі бар "мекен"-ге қаншалықты көңіліңіз толады? Сіз болашақ ата-ана ретінде (немесе ата-анасыз), не айтар едіңіз?
Әрі қарай

Ұнайды немесе ұнамайды

Ұнайды: караокемен ән айтқан; мүлгіген тыныштық; шопинг; поэзия (мәнерлеп оқу); радио(жүргізуші); түрік тәттілері; кофе (3 в 1); кішкене балалардың тәтті ұйқысынан тұрған сәті; сыйлық таңдау барысында жолымның болуы; фотосессия жасау;
Әрі қарай