Жарияланымдар

Әлеуметтік жағдай қанның құрамын да өзгертеді

Ақшаның бұзбайтын қамалы жоқ емес пе, әлеуметтік жағдай адам бойындағы қанның құрамына да әсер етеді екен. Яғни, бақуатты жандардың бойында басқа қан, әл-ауқаты төмен адамдардың бойында басқа қан ағып жатыр…
Блог - aikarakoz: Әлеуметтік жағдай қанның құрамын да өзгертеді
Әрі қарай

"Керекинфо" дегендей болды Көкше... :))

Жұма күні ғой деймін, Аза, Аршат, Данияр, Рымбек, Арыстанбек бәріміз әңгімеден сілтеп отырғанда кенеттен «Бурабайға барамыз» деген ой туды. Қол алыстық. Келістік.
Жексенбі таң қылаң бере, Рымбек бәрімізді үйімізден жинап алып, жолға аттандық.
Блог - aikarakoz: Керекинфо дегендей болды Көкше... :))
Әрі қарай

Бұрымы ұзын қарындас...

Бұрымы ұзын қарындас,
Жан болмас саған табынбас.
Қылықты қыздар болса да,
Бұрымды қыздар табылмас…

Нұржан Қалжан орындайтын осы әннің сөздерін естіп, ойланып қалдым. Шашымды түбіне тақап тұрып, шолт кескенмін. Бірақ, өкінгем жоқ. Анда-санда кездесіп қалатын осындай өлең жолдары болмаса…  
Әрі қарай

Блогкемп сыйлаған достарым

Блогкемп байқауына. Мәтін бөліміне.

Былтыр дәл осы уақыттарда «Блогкемпте не істейм», "Қалай өтеді" деп, қорқып, сасқалақтап жүргенім есімде. Дәл осы уақыт.
Блогкемп мен ойлағаннан да керемет өтті. Қаншама адамдармен таныстым, қаншама дос таптым…

Содан бері тура бір жыл өтіпті. Бұл жолы басқаша сезімдемін. «Блогкемп таныстырған, табыстырған достарыммен қауышамын» деген қуанышты езім.
Ия, блогкемптің арқасында көптеген достар таптым. Бала күнімнен бірге өскен құрбыларымның өзі қызғанып қалады кейде)). Достығымыз мәңгілік болғай!

Сол достарыммен алғаш танысқан кез есіме түсіп кетті...

Керекинфоға келуіме себепкер болған Аршат еді. Виртуалда қатал, ұрса беретін ағай боп көрінетін. Кездескенде сөзбен жер-жебіріңе жетіп, кекетіп тұрады деп ойлайтынмын. Сөйтсем, өмірде өте сабырлы, маң-маң басқан жігіт екен . Ұрсып сөйлемейтін, сыпайы адам боп шықты.
Әрі қарай

Жаңалығыңыз қандай?

Пікірлер арқылы бір-бірінің басына т**ып, түрлі-түрлі ой қозғап, қыран-топан күлкіге қарық болған кездерді сағынып кеттім
Твиттер, Фейзбук дегендер уақытша Керектен алыстататын шығар. Алайда мұндағы жылы ортаға бәрібір жетпейді екен.
Әрі қарай