Жарияланымдар

Бұл да өтер...


Өткен-кеткенімді ой елегінен өткізіп, ұйықтағалы жатқан кезімде ұялы телефоныма «Кешіріңіз, танысуға рұқсат па? Менің атым .......» деген хабарлама келді. «Бұл кім болды екен?» деп ойлап үлгергенім жоқ «Нөміріңізді газеттен алдым, бойдақпын, тұрақты жұмысым бар» деген хабарлама келді.
Әрі қарай

Күзгі көріністер

Кейде қаламым жүрмей қалады. Таңнан кешке дейін алдымда жатқан ақ параққа ары үңіліп, бері үңіліп отырып, уақытты босқа өлтіріп аламын. Сондай сәттерде қала сыртына шығып, ой сергітіп қайтқым келеді. Кеше газетті Зырян қаласына апаратын жүргізуші ағаға «Зырянға мені ала кетіңізші» деп едім "Өзің біл" деді.

Біз жолға шыққанда жол бойы жауын жауды. Таза ауамен тыныстап, бір серпіліп қалғандай болдым. "Қазақтың бойындағы кең пейілділік осы шексіз де шетсіз болып көрінетін кең даладан дарыған-ау" деген ойға кеттім. Әр түрлі ойға жетелейтін мына бір көріністерге сіздер де куә болыңыздар…



Әрі қарай

Шартты ұғымға түкірдім!..

Дей алмаймын жылы сөзбен демермін,
Әрекетсіз, халқым, сені жебер кім?
Жылап жүріп, сұрап алған Құдайдан,
Егемендік, айтшы, бізге не бердің?

Ерің қайда елін, жерін қорғаған,
Отқа күйіп, ал суыққа тоңбаған?
Бала бағар әйел базар жағалап,
Еркек ез боп үйде ешқашан қалмаған!

Бәз біреулер барысқа өзін теңейді,
Тәуелсіз боп демейм(ін) тыныс кеңейді.
Үлгі болар ақсақал мен әжені,
«Асырайтын» қарттар үйі көбейді.
Әрі қарай

Назар аударыңыз!..

Күні бүгінге дейін адамзат басынан қилы-қилы кезеңдер өтті. Әр ғасырдың өзіне тән ерекшеліктері мен қиыншылықтары болады. Алайда өмірде көп нәрсе салыстырмалы түрде бағаланады емес пе. Ханы мен қарасы қатар атқа мініп, қасық қаны қалғанша арпалысатын заман да өтті. Дегенмен қазір біздер мылтықсыз майдан ғасырында өмір сүріп жатқанымыз өтірік емес. Мұндай жағдайда жеңіс кімдікі? Жеңіс арманы асқақ, мақсаты айқын, рухы биік елдікі жандікі.

Соңғы кездері өз-өзіне көңілі толмайтын, өмірден түңілген адамдарды көп көріп жүрмін.

Әрі қарай

Жүрек қылын шертетін дыбыс...

Өткен аптаның бір күнінде таңға жуық «тырс-тырс» еткен жаңбыр дыбысынан оянып кеттім. Далаға көз салып едім, аспанды торлаған бұлттың сейіле қоймағанын байқадым. Терезені ұрғылаған ерекше дыбысқа құлақ түріп жатып, көңілімді селт еткізер, маған ерекше әсер ететін дыбыстар туралы ойлай бастадым…

Жаңбыр дыбысын бала кезімнен ұнатамын. Аспанға бұлт үйіріліп, жауын сіркірей бастағанда терезе алдына барып ойға бататынмын. Ойыммен болашағыма бір саяхат жасап қайтатын едім. Ағаш атаулы мен асфальтті жарқыратып, көше шаңын басып тастайтын тырсылдаған сол тамшылар көңілімнің кірін кетіре алмайтыны өкінішті…
Әрі қарай

Темір тордың ар жағындағы туындылар

Сәрсенбі күні ШҚО бойынша Қылмыстық–атқару жүйесі департаментінде жазасын темір тордың ар жағында өтеп жатқандар арасында көркемсурет және қолөнер бұйымдары байқауы өтті. Үздік деп танылғандарға орын беріліп, тағайындалған ақшалай сыйлық есепшоттарына аударылды. Байқауға қатысқан барлық туынды қарттар үйіне табысталды. Сол жерде көңілімнен шыққан кейбір көріністерге сіздер де куә болыңыздар:



Әрі қарай

Үнсіздік

(Небары он екі жасында келместің кемесіне мініп кеткен Ақтілектің рухына арнаймын)

Өмірдің мәні қанша ғұмыр берілетінінде емес, оны қалай өткізе білуіңмен өлшенеді. Кейбір «шырылдауық шегірткенің» күйін кешкен адамдар кеудесінен соңғы демі шыққанға дейін өмірге не үшін келіп, не үшін кетіп бара жатқанын түсінбей-ақ кетеді. Өмірде одан асқан өкініш бар ма екен? Ал кей адамдар…

Бүгін Ақеркенің өміріндегі ең қуанышты күндерінің бірі болуға тиіс еді. Бірақ оның жаны жабырқап, әлденеге көңілі толмай жүр. Мұның себебін сұраған тірі жан болмады. Әкесі ішімдікке салынған, шешесі аурушаң қыздың жанашырлары жоқтың қасы еді. Бұл жалғанда жоқ болса қол ұшын бере алмайтын, бар болса көре алмайтын жандар көптеп кездеседі.Оның туған туысқандары да бұл отбасыдан бойларын аулақ ұстайтын. Оңашада ойға бататын кішкентай қыз «Олар бізбен не үшін араласпайды? Әкемнің маскүнем, шешемнің аурушаң болғаны үшін менің не жазығым бар?» деп ойлайтын.

Әрі қарай

Суреттер сөйлейді - 3

“Хадис” сөзiнiң тiлдiк мағынасы – сөз, әңгiме деген мағынаны білдірсе, шариғи мағынасы – Пайғамбарымыздың (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын) айтқан сөздерi, жасаған амалдарының жиынтығы деген ұғымды білдіреді. “Хадис” пен “сүннет” сөздерi шариғи мағына жағынан бiр-бiрiне өте жақын. Толығырақ айтқанда, “хадис” және “сүннет” – Мұхаммед пайғамбардың (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын) айтқан сөздерi, iстеген амалдары, шариғи үкiмдерi. Алайда, бұл екi сөздiң түпкiлiктi мағыналарының арасында айырмашылық жоқ емес.“Хадис” – сөйлеу және айту арқылы келген хабар болса, “Сүннет” сөзi Пайғамбарымыздың (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын) iстеген iсi, ұстанған дiни жолы деген ұғымды білдіреді. Бұл жазбада біздер білетін, бірақ терең мән бере бермейтін хадистерді оқуға ұсынамын…

Әрі қарай