Жарияланымдар

Түркия-Қазақстан (тікелей репортаж)

Матч басталды. Ойын басында Нұрдаулетов пен Эмре фейр плей туралы бірер сөз айтты. Қайрат Нұрдәулетов капитанымыз, елұранды айту барысында даусы жарқын-жарқын шықты. Айтпақшы, ұлттық құрама сапында Смақов жоқ. Біржола қош айтысқанын білетін шығарсыздар…
Әрі қарай

"Қазақстанда" енді тек қазақша...

Кешелі бері "Қазақстан" арнасы телетаратылымды тұтастай қазақ тіліне көшірді. Елбасының пәрмені бар-ды. Кесім сол болды. Орыстілді сегментіндегілер жазда жұмыстан өз қалауларымен кетіп үлгерген.

"Қазақстан" ұлттық арнасында енді төл мәдениетіміздің өркен жаюына бұл жақсы ықылас деп білем. Бұдан шовинисттік пиғыл тіміскілеп жүргендер аз боп жатқан жоқ. Шарқ ұруда. Өткендегі Теміртаудағы мектептерге қатысты да лап ете қалды. Орыстілді бір депутат барып қайтқан ұқсайды,
Әрі қарай

Gmail жүйесінде тегін SMS жолдау

Жеке поштам Gmail жүйесінде. Бүгін әкімгерлерінің опциялар қатарына тегін SMS жолдауды қосқанын байқадым. Сол бағанадғы мәзір ішінде «Send SMS» арқылы толық телефон нөмірін көрсетіп (+7701XXXXXXX) форматында жазып, байланыстағы адамның аты-жөнін көрсетіп жолдауға болады екен. Әзірше Kcell/Activ нөмірлеріне ғана жолданатын сияқты, Beeline нөміріне жолдағаным кетпеді. Тегін SMS саны шектеулі, бір эккаунттан 50 қысқа хабарлама жолдау мүмкіндігі қарастырылыпты. Сынап көріңіз!
Әрі қарай

Қазақстанның келесі президенті кім болады деп ойлайсыз?

Елдің саяси хал-ақуалынан интернеті ашық жұрт бек хабардар. Мемлекеттік менеджмент бір билеушінің қолында ұзақ шоғырланса түбі стагнацияға апарып соғады деген гипотеза бар. КСРО ыдырап, мүше елдер өзді-өзі болып, тәуелсіздігімізді жария еткелі елбасының жетекшілігімен биыл 20 жылдық межені бағындырмақпыз. Ертелі-кеш Ақ Ордаға жаңа басқарман келеді. Сіздің ойыңызша ол кім болуы мүмкін? Сізге шексіз билік берілсе, бүгінгі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық келбетінде не өзгерістер жасар едіңіз?
Әрі қарай

«Иә» деші…



Блогыңды жұмыстастарың оқып жүрсе қандай сезімде боласыз? Көбісі өзін ашқысы келе бермейді. Жазбаларыңда сенің ішкі «менің» сайрап тұратыны бар емес пе?! Жұмбақ күйді кейбіріміз паш ете бергіміз келмейді. Бірақ кеңселес көршілер алдымен блогыңызды оқып ап, кейін coffee room’да сізді ұсақ-түйегіңізге дейін сканнерлеп тұрса… Жайсызданасыз ба?
Әрі қарай

Жомарт жүрек...



Осындағы бір керекинфолас әріптесім жіберіп еді. Оқыдым. Мұңайдым. Тілекшілердің қатарындамын.

Өмірде қуанышпен қайғы қатар жүреді. Ал мына келіншектің егіз балаларының әкесі үшін, жанын арашалап қалу үшін жанталасып, барын жасап жатқанын оқып біліп, бей-жай қала алмадым. Тым болмаса, көмектің басы ретінде осында жариялап, сіздермен бөліскім келіп отыр. Кесапат айтып келмейді ғой. Жанашырлар табылып жатса, көмектесіп жіберерміз. Айтып отырған мәселем мынау:
Әрі қарай