Жарияланымдар

Блогкемп 2012-ден Блогкемп 2013-ке



Бісмілләсі былтыр Алматыда айтылған құрылтай биыл Арқа төрінде арқасын кең жайды. Назарбаев Университет іргесін қалағалы блогшылардың осынау шоғырын қарсы алуы алғашқы рет шығар. Әдеттегідей, еріктілердің бейресми/ресми басқосуына ұйытқы болғандар аз болмады. Біріге көтерген жүк жеңілдің кезекті жарасымды мысалы болды бұл.

Былтырғы алматылық мақсаттастарымыздың пәрменіне қарап, елордадағы біздің бастапқыда аздап шайлыққанымыз рас. Дәл сондай деңгейде үйлестірушілік болады ма,
Әрі қарай

Суперкубок – «Ордабасыда», «Шахтер» қалды егіліп...


«Шахтер» қақпасы маңындағы қауіпті сәттердің бірі
(Суреттер kff.kz сайтынан алынды)

Күні кеше «Астана аренада» еліміздің қос майталман дружинасы – «Ордабасы» мен «Шахтер» суперкубокты сарапқа салды. Жыл сайынғы дәстүрлі бұл дүбірлі дода ел біріншілігінің шымылдығын ашушы футбол спектаклі екені әмбеге аян.

Шымкенттіктер сақадай сай еді. Оңтүстіктен командасының шын жанкүйерлері жолдың қашықтығына қарамастан, ат терлетіп жеткен. Көмірлі алқап та қарап қалмапты,

Әрі қарай

Туылған күніңмен, asaubota!



Аршаттың осында осымызды құп көрмейтінін білемін. Бірақ басқа-басқа, Аршат құрдастың ағамыздың бұнысын қалыс қалдырмаудың өз жөні бар сияқты. Кейде қырсық, кейде қыңыр
Әрі қарай

Сатып алғым келетін көліктер

Футбол маусымы саябырсыған уақытта зейінім көлік атаулыға ауды. Ауғаны бар болсын, шатырым кетіп жүр. Көлік жүргізудегі өтілім үш жылға енді тақады. Қазіргі көлігіме дейін екі басқа модификациясы мінілді. Сондағы көзім жеткені – жапониялық «камрюхаларға» симпатиямның шексіздігі сияқты.

Капотты ашпайтындарданмын. Айдайтыным – автоматика. Механиканы құнттамадым сол бойы.
Әрі қарай

Енді кімнің твиттерін оқимыз?

Қош, сонымен… Мәсімов… Қош… Қош, делік…
Енді кімнің твиттерін оқимыз? Мұртты премьердің премьерлік дәуірі аяқтала ма? Жоқ әлде басқа мұртты жұртты жарылқай ма?
Алдағы сағаттарда «керекинфодан» оқыңыздар.
Әрі қарай

Арзан бағамен ұшақ билеттері

ЭйрАстананың жылда арзандатылған бағамен билет сататыны бар. Кеше кезекті науқанға старт берілді. «Дүниежүзілік сатылым» науқаны деп аталады.
Мысалы, Алматыдан Лондонға стандартты баға 62 999 теңгені құраса, науқанмен ары-бері 40 800 теңгеге барып қайтуға болады. Алматы – Ыстамбұл 29 750 теңге (54 500 теңге),
Әрі қарай