Баста! деді. Бастап жіберді. Құрлықтың биатлон бәсіне тоғыз-ақ үміткер келіпті. Хрусталеваны күнібұрын коронациядан өткізгендер аузына құм құймаса да, өз экзекуциясын қалай өткізетіндері өз ұятында қалсын.
Әйелінің мысығынан құтылайын деп күйеуi мысықты қапқа салып үйiнен 2 км. алысқа апарып тастапты, үйiне келсе мысык үйiнде екен, қайтіп қапқа салып 2 км оңға, 5 км тiке, 15 км солға… апарып тастапты, сөйтiп үйiне әйелiне телефон соғып: «Мысық үйде ме?» деп сұраса, әйелі «Ия!» деп растайды. Күйеуі ызаланып «Трубканы бершi албастыға, мен адасып қалдым», деген екен.
Азиаданың барыс тұмары жайында Бекжан жақсы дерек бере кетіпті.
Әнұраны да бар бұл бәстің. Алып-қашпа әңгіме көп айтылды. Жалпыұлттық мүшәйра жарияланып, Ескендір Хасанғалиев ағамыздың мына туындысы жеңімпаз атанды. Тиісінше, Азиаданың ашылу, жабылу салтанаттарында орындалады деген байлам болғандай еді.
Соңыра Ресейдегі «Жыл әнінде» Роза Рымбаева мен Батыр Крутойдың мына дүниесін паш етті патшакөңіл тыңдарманға:
Иә, келмек болғасын, кетпек те бар. Бәріміз Оған нәсіп болған сәтте аруланып аттанармыз. Өмірден Қадыр аға Мырзалиев озды дегенді естіп қалдым. Қазақ Қадырсыз қалса да, қадірсіз қалмаса екен деген ой жылт ете қалды. Әй, бірақ қара өлеңіңнің Қадыры кетіп қалды-ау… Сахнаға ең алғаш домбыра алып шыққанымдағы шырқағаным Қадыр ағаның "Қазақтарды шетелдіктерге таныстыруы" еді. Тоғыз жасымда Республикалық орталық телевидение төріне мені жетелеген ән, тұсауымды кескен ән Қадыр ағаға тиесілі еді.
Бақсақ, dabai.kz о баста abai.kz-ке үндес келгенмен, қисыны мен болмысы өзгешелеу боп түзіліп жатқан сыңай бар. Осыларға тақылеттес тағы нендей сайттар ашуға болар еді? Шағын брейнсторминг бұған дәнекер болсын:
www.babai.kz — жаңа заман ұрпағы алғыр, зеректеу келеді дегенді жиі естиміз. Тентектікке салынып, мойынсұнбай кеткен кездері тәртіпке шақыру қиын боп жатады. Мұндайда осы аттас сайт ашып, тілазарды жөнге салардай мәтіндік, видео мысалдарлы орналастыруды ойластырып көруге болады.
www.jabai.kz — Жабайы табиғат, флора мен фауна әлеміне арналған сайт болуы мүмкін. Контенттік толтырылымы тұрғысында ботаниктердің, биологтардың құнды кеңестерімен жаңартып отыруға болады.
Өзге мысалардарыңыз боп жатса, бөлісе отырыңыз, біліс болсын.
Азиада-2011 ойындарының кестесі, хоккей
28 қаңтар, 13.30- 16.00 Кувейт — Қырғызстан
17.00-19.30 Бахрейн — Малайзия
29 қаңтар, 13.30- 16.00 Моңғолия — Бахрейн
***
төрткіл әлем бұл ойындарды төрт көз боп күтті. Көше кезген адамның бірі қалмай, бүкіл жұмыс тоқтайтын шығар. НХЛ матчтарды жіберіп алу қаупінен сескеніп демалыс алса керек.
(түпнұсқасы)
Расписание Азиады-2011, хоккей
28 января, 13.30- 16.00 Кувейт — Кыргызстан
17.00-19.30 Бахрейн — Малайзия
29 января, 13.30- 16.00 Монголия — Бахрейн
***
весь мир ждал этих матчей. Наверно опустеют улицы, остановятся все работы. НХЛ уйдут в отпуск дабы не пропустить просмотр
ФИФА өз таңдауын жасады кеше. Цюрихте ғой, дәстүрлі ошағында. Месси осымен қатарынан екінші мәрте төрткүл дүниенің озат футболисі атануында заңдылық бар шығар. Өзі бір команда. Аргентинаға «он ойыншыға татитын бір-ақ ойыншыны-ай беріпті» деуге келер ме еді белгілі терме мақамына салып…
Еееуу, керекинфо бар болған замандарда,
Бір құдірет бітуші ед қаламдарға.
Одан бері құбылды шартарабың,
Олқылықтар сыр беріп жамандарға.
Сынар болсаң сыналар нысана көп,
Сау нәрсені түртпектеп харамдарға.
Жақсы көру, түйсіну жағымды еді,
Керекинфолық деген адамдарға.