Мен бірінші баламда патологияда 3 күн жаттым, 5-6 дарігер қарады, дәл босанатын күні бір дарігер келіп қарап бала теріс жатыр дегенді айтқанда қорқып кеттім. 3 күн бойы қарағандар неге айтпады, түсінсем бұйырмасын… Енді не істеймін деп едім өзің босанасың, қиындақ туса ота жасаймыз деді, онымен қоса қазір ота жасатпай өзім босанам деп қол хат жазғызып алды. Анықтап сұрап едім, қорықпа балаға не саған қиын болып жатса дереу ота жасаймын деп көңілімді жұбатып қойды. Сонымен аман есен босандым, баланы жан сақтау бөліміне алып кетті… сол кеткеннен баламды құшағыма ала алмадым . Ал дарігерлер 2 бет диагноз жазыпты баланын ана жері мына жері ауырады деп. Ақыры атам шу шығарып аурухананы басына көтеріп еді, бала өлі туған деп анықтама беріп нүктені бірақ қойыпты. Әкімшілікке шағым түсіріп дарігерлердің бәрінен жауап алдым, бәрі сақау, бәрі мылқау ештеме айтпайды… бастығы ғана шыр-пыр етіп кешірім сұрап, учаскелік дәрігерді жұмыстан босатыпты, ендігі жолы барымызды саламыз деп ағынан жарылды. Енді тіптен сенбеймін оларға. «Ақ халатты абзал жандар» деген атқа дәл біздің дәрігерлер лайық емес шығар.
Баршамызға Алла жар болсын!!!
Баршамызға Алла жар болсын!!!
Сонымен қатар Әбекеңнің де туылған күні емес пе деп сурап жатқаным ғой...