Warning: Undefined array key "sMenuItemSelect" in /var/www/vhosts/oho.kz/kerekinfo.kz/application/tmp/templates/compiled/valley/16f3e6613ad40c1e174cbcc9c3cd0b46b570290b.file.favourite.comments.tpl.php on line 258

Warning: Attempt to read property "value" on null in /var/www/vhosts/oho.kz/kerekinfo.kz/application/tmp/templates/compiled/valley/16f3e6613ad40c1e174cbcc9c3cd0b46b570290b.file.favourite.comments.tpl.php on line 258
>

Таңдаулы


    Warning: Undefined array key "is_enabled" in /var/www/vhosts/oho.kz/kerekinfo.kz/application/tmp/templates/compiled/valley/4028b76e067800faa6a629abb3cdf8493e3e7f8d.file.nav.tpl.php on line 92

    Warning: Undefined array key "html" in /var/www/vhosts/oho.kz/kerekinfo.kz/application/tmp/templates/compiled/valley/4028b76e067800faa6a629abb3cdf8493e3e7f8d.file.nav.tpl.php on line 94

    Warning: Undefined array key "is_enabled" in /var/www/vhosts/oho.kz/kerekinfo.kz/application/tmp/templates/compiled/valley/4028b76e067800faa6a629abb3cdf8493e3e7f8d.file.nav.tpl.php on line 92

    Warning: Undefined array key "html" in /var/www/vhosts/oho.kz/kerekinfo.kz/application/tmp/templates/compiled/valley/4028b76e067800faa6a629abb3cdf8493e3e7f8d.file.nav.tpl.php on line 94
satibaldi
Ctrl+Alt+Enter+S+52418790 — АҚШ-тың авианосецтеріндегі барлық ядролық зымырандарды бір уақытта атып жіберу коды. Интернетке қосылған кез-келген комптан жіберуге болады.

Барлығы 412 оқпаннан қуаты 5 килотоннан 25 мегатоннға дейінгі 412 ядролық зымырандар атылып, олар Жердің 200 нүктесіне түседі. Зымыран атылғаннан бастап алғашқы 10 секунд ішінде 9 млн адам бірден көз жұмады. Жер шары бойынша 800 млн адам бір күн ішінде қырылады. Тынық Мұхит жағалауында температуралық резонанс кесірінен ең кішісінің өзі «Катринге» тартатын 65 тафун пайда болып, 1 күн ішінде Филипптердікі, Қытай, Жапоншешеңңдер Жер бетінен жойылады. Нәітижесінде адамзаттың дамуы бірден 200 жылға кейін шегеріледі.
"Өш қасқа, рас екен ғой, несіне ғана басып көрдім!" деп зар илейді VKM үңгірдің ішінде егеуқұйрықты мотор майына шыжғырып отырып
Aldeken
«амиго» деген білуімше шетелдің латын америка халықтарының тілдерінде «дос, тамыр» дегенді білдіретін тым жақсы сөз. «Күчт» деген де кәдімгі «күшті» деген сөздің жергілікті диалектісі. «Кө*» мәселесі туралы жоғарыда айтқанмын, мүйізі қарағайдай, азуын айға білеген әдебиетшілердің өзі ұялмағанда түрім көрінбейтін виртуал әлемде қолдануға мен неге ұялуым керек, а?
satibaldi
Екеуі де дұрыс. Жалпы, жүзграммдатып отыратын адамды тұздыға тартатының сыры бар. Денедегі қан айналымында жүрген кальций тұздары этилмен ыдыратылып кетеді. Таң атпай қияр суына, кез келген ащыға аңсарың ауып тұратыны сол.
Ал процесс кезінде-ақ тұзды нәрсе жеп отырсаңыз, ертеңгі азапты жеңілдетеді.
Aldeken
сөйтіп марқасқалардан ұрпақ аз қалды.
«бас-басыңа қыз қайда, кейбіреуің қатын ал» деген сөз жүретін біз жақта…
Әлі марқасқалар онша атыла қоймаған, шартты түрде қой үстіне бозторғай жұмыртқаламағанмен соның ишарасын жасап жүрген 1920 жылдары Қазақ АКСР-і құрылған кезде республиканың басшылығына Әліби Жангельдин ұсынылған екен. Бірақ, осы бір ұсыныс Кеңестік дәуірдің күн көсемі Лениннің аузынан шығар-шықпастан қазақ жерінен Лениннің атына үшбу хат келіпті. Хаттың қысқаша мазмұны «Біз қазақ деген жалпы үш жүзге одан қалды руларға бөлінетін елміз. Әліби Жангелдин пәленше рудың өкілі, ертең басқа ру өкілдері оған бағынудан бас тартуы мүмкін. Сол себепті, қазіргі большевиктердің мемлекеті жаңа құрылған уақытта Қазақ жері бөлініп, бөлшектенбес үшін, біздің басшылыққа мүмкіндігінше басқа ұлт өкілін қойған дұрыс деп санаймыз» дегенге саяды екен. Осылайша, қызыл империя Кеңес үкіметінің өзі қазаққа қазақ басшы қоймақшы болғанда өзіміз бас тартып, елді басқаруға Паустовский деген поляк жіберілген. Осыдан кейін-ақ, ойбай репрессия болмағанда еліміз тек асылдың сынығы мен алтынның жұрнақтарынан тұратын еді, жағамыз жайлауда, көйлегіміз көк, ауызбіршілігіміз көп, ел басқарушылар тек елдің болашағын ойлайтын басшы болар еді, бәріне Кеңес үкіметі кінәлі деген сылтауларды естігенде қажып кетем, шыны керек…
Қыртымай, іс тындырыңдар. Бұрынғыдай текті ұрпақты өлсең де таппайсың, ендеше текті ұрпақты өзің тәрбиеле. Осыны тындырсаң, тірлігіңді ақтағаның!
Gastarbaiter
"Қыз күзгі балда жеңіліп қалды, біз күлеміз. Ғашық жігіт өзінің мұңын шағады, біз күлеміз. Кемпір төмен жылжыған эскалаторға міне алмай әлек, біз бұттан кетіп, тағы сұраймыз. Әділетсіздік, парақорлық, алкоголизм — біз күлеміз. Ұлтшылдық, түсініспеушілік, алалау, зорлық, балағат, себепсіз қақтығыстар — біздің ішегіміз қатады. Біз кез-келген жексұрынның тірлігіне бетіміз бүлк етпей қол қойып, қосыла кетуге дайынбыз. Біздің талғамдарымыз саналы қисынға негізделмеген, мақсатсыз даулар — біздің болмысымыз, біз — Қазнеттің бетпердесіз шынайы кескініміз. "©
Gastarbaiter
Жазу стандарттары өсіп кетті. Бұрын жәй құса салып соны арзан бағаға өткізіп жіберуге болатын еді, қазір аудитория қатаа-ал.
Шалыс бассаң, біреуі желкеден бір перед, «а шешшесс» деп кепкаң жерге түсіп кетіп оны көтеріп алуға еңкейіп жатқанда артыңнан тағы екі охуерман тақалып, басжверуге ыңғайланып жатқанын байқайсың.

Бірақ сол дұрыс. Босаңсымайсың.
Zilola
мәселе ғашық болып үйленіп кету емес, өмірде басқа да қыздар бар екенін көру, бәлкім ойың өзгерер. Бәлкім сені лақтырған суперкрасапщік деп жүрген қызың сен бағалағаннан да төмен шығар.
И вообще көңілің бөлінеді, бір адамға қатып қалғанды ұнатпаймын, ол кетсе өмір бітпейді деп тіршілігін жалғастыратындарды абажаю!