Жарияланымдар

Бізді енді "Алмалы" жер асты сауда үйінен таба аласыз! (қыздар, күміс заттар қосып қойдым)

Бізде жақсы жаңалық бар!
Бізді енді, жақында ашылған «Алмалы» жер асты сауда үйінен таба аласыздар! Ол жерде: біздің ұлттық муызкалық аспаптармен қатар Н.Қилыбаевтың суреттері мен Б. Манасовтың керамикадан күйдіріп жасаған сувенирлері мен ұлы адамдардың кішкентай бюсттары бар. Зергерлік заттарымызды өте жақын арада апарамыз . Уже, апарып қойдым
Мынау біздің бутиктің жалпы көрінісі:

Әрі қарай

Көрмеге шақырамыз!

2012 жылдың 28 наурызында, сағат 16.00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі «Ғаламарт» шығармашыл жастар клубымен бірлесіп «ДАЛА САЗЫ» атты ұлттық саз аспаптарын жасаушы шеберлердің I Республикалық көрмесі ашылады.
Әрі қарай

Жаңа жылға не сыйлық алғыңыз келер еді?

40 күннің ары-берісінде өзіміз көптен күткен Жаңа жыл мейрамы келе жатыр.

Осы мезгілде қашанда бір ерекшелікті, сиқырды күтеміз ғой. Енді сиқыр болмасада ерекше сыйлық күтеміз. Өзгелерге қуаныш сыйлау үлкен бақыт қой. Қуаныштың ең үлкені жан жылуы екенін білеміз. Бірақ, қашанда өзіңіз сүйетін сүйіктіңіздің, туған-туыстарыңыздың ойында жүрген, ұнатып жүрген затын сыйлау үлкен қуанышқа алып келеді.

Біздің сіздермен ақылдасайық деген екі ойымыз бар. Ойларыңызбен бөлісе отырсаңыздар.

1.Жаңа жылға қандай сыйлық алғыңыз келеді? Ұлуы бар әшекей бұйымдары сіздерге ұнар ма еді?
2. Сіз өзіңіз жаңа жылға қандай сыйлық силар едіңіз? Бағасы қандай болуы керек?

Ойларыңызбен бөлісе отырсаңыздар!
Әрі қарай

Қыздарға арналған ұлттық нақыштағы әшекейлер

Өткен жазбаларымызда біздің дүкеннің ашылғанымен бөліскен болатынбыз. Сол кезде біраз сұрақтар туындап еді бізге, қыздарға арналған әшекей бұйымдары жоқ па деп. Міне, қыздар сіздерге қуанышты хабарымыз бар! Қабыл алыңыздар:
Әрі қарай

Бізде жаңалық бар!

3- қараша күні Алматы қаласында Абылай хан мен Шевченко көшелерінің қиылысында біздің алғашқы дүкеніміз ашылмақ. Дүкенде біздің компаниядан шыққан барлық ұлттық аспаптар мен бірге қолөнер бұйымдары мен зергерлік бұйымдар, суреттер (картинкалар) ала аласыздар. Енді, өздеріңіз қалаған ұлттық аспаптарды сол дүкеннен таңдап алуларыңызға мүмкіндік туды.

Аларларыңыз көбейсін! Біз сіздерді дүкенімізде күтеміз!


Біздің өнімнің кепілдігі (гарантия) бар екенін ұмытпағайсыздар.
Әрі қарай

Біздің құраммен таныс болыңыздар!

Құрылған уақыты: 2011 жылдың көктемі
Басшылар: Мырзабек, Алмас, Нұрлан
Бағыты: Ұлттық аспаптарды жасау
Мақсаты: Сапалы ұлттық аспаптарды жасау 
Осындай компания құрып, ұлттық аспатар жасаумен себебпші болған біздің команданың басшысының бірі Алмастың шеберлігіне байланысты келген еді. Соынмен, Алмастың шеберлігіне сүйеніп онымен бірге оқыған өнерлі жігіттерді жинап осындай компания құрған едік. 
Әрі қарай

Домбыра жайлы

Домбыра — ертеден келе жатқан қазақ халқының ең сүйікті, ел арасына кең тараған, түрлі шежіреге бай, музыкалық аспабы. Ол ұлттың тарихында қарапайым халықтың қуанышы мен қайғы-қасіретін тең бөлісіп, қазақтың басын торлаған ауыр кезеңдерінде жұбаныш бола білген алып та ұлы аспап. Домбыра — жазу-сызу мен қазақтың қаламы мен сахнасының қызметін тең атқарған аспап. Домбыра-ішекті аспаптардың ең көне түрі. Домбыра қасиетін жырлайтын этнологиялық аңыздар өте көп.
Әрі қарай