Жарияланымдар

Биыл жылдардан Европа

Қандай тақырып қойсам деп отырдым да, Асхат братымның хештегінен басқа ойға келмеді. Қоя берші, енесінің, сол соншалықты маңызды ма.
Биылғы жаз футболи оқиғаларға сондай бай болды десем жаңа құрлық ашпаспын, иә. Әдетте, жаз мезгілінде қазақ жанкүйерлері тек мундиальда, Европа біріншілігінде белсенді болатын. Футболдың ең өзекті тақырыпқа айналатын кезі де осы оқиғаларға байланысты еді. Ал биылғы жаз басқа жаздандар өзгерек. Не болғанын, қалай болғанын бәріміз білеміз. Енді не болады дегенге бас қатырып көрейін.
Әрі қарай

Қайғы пост: Фейсбук сила

Осы бір тіркес жалықтыра бастады. Меніңше қолынан поқ та келмейтінін жақсы білетін қоғам уже өзін осылай алдай бастаған сияқты. Болмашы бір мәселеге шибөрінің көтіндей шулап, содан бір болмашы нәтижеге қол жеткізсе фонтандатады-ай келіп. Ал маңызды мәселелерде билігің бар, басқаң бар сенің силаңа түкіріп қойғаны бар екен.
Әрі қарай

Уаххабшының бастан кешкендері немесе мен қалай уаххабшы атандым. Парт ІІІ

Жалғасы, әрі Соңы
Кіріспе: Басында екі партпен шектермін деген оқиғаларым көпіре келе үшінші партқа жүк болды. Амал не. Осымен бітеді Құдай қаласа.
Жоспар бойынша Шардарада бір апталық жұмысымыз қалды дедім ғой. Міне, енді Шардараға келіп жеттік. Жетісайда көрген құқайымыздан жүрек шайлығып қалғандықтан Санатқа талап қойдық:
Әрі қарай

Уаххабшының бастан кешкендері немесе мен қалай уаххабшы атандым. Парт ІІ

ЖАЛҒАСЫ
Блог - GALEKE: Уаххабшының бастан кешкендері немесе мен қалай уаххабшы атандым. Парт ІІ
Сонымен төрт «уаххабшы», бір сыбайлас, антитеррорист пен участковой Мақтаарал аудандық ІІБ келдік. Ішке кірсек конференц-залында бірқатар адам жиналып қалыпты. КНБ-шы, криминалист, бізбен келген террормен күресуші. Енді тек прокурор келуі керек екен. Соны күттік. Ол келгенше бізден жан-жақты жауап алып жатыр:
Әрі қарай

Базар жоқ!

Қыздар сияқты базарлап, болмаса жәй ғана жындыыыы көйлектерді көруден ләззат алмасақ та анда-санда киім алуға базарға барып тұрамыз. Сонда базарды аралап жүріп көптеген Базар жоқ! дегізетін жағдайларға куә боласың. Айнала өтірікшілер мен көзбояушы, екіжүздіре сияқты әсерде боламын өзім.
Міне, базарға кіре берісте бір апай көйлегін саудалап тұр.
— Сіңлім, түүүууу саған арнап тігілген ғой мынау. Қарашы. Құйып қойғандай.
— Мына жері сәл кеңірек сияқты ғой.
— Ой, қазір жаз уақытында кеңі жақсы. Күн ыстықта сәл ауа алмасып тұрады.
— Осыдан сәл бір размер төмені бар ма?
— Неғыласың оны? Мынау сенің размерің. Қатты ұнамай бара жатса мына жерін ішінен сәл тартып қоясың. Қалаған кезіңде ағыта саласың.
— Білмейм, Че то не то.
— Ой саған солай көріне береді. Көзің үйренбеген ғой. Әлі маған рахмет айтып киесің. Біз білеміз ғой. Қазір осылар модыда. (Көйлегі он жерден ұнаса да базардағы апайға рахмет айтып жүрген қыз көрмедім. Өзі тіккендей болады тағы)

Әй, сендерді де деп бір жымиып ары қарай жылжисың. Мына жерде өзіңе керекті аяқ киімді іздеп тоқтай қаласың.
— Не іздедің брат? Аяқ киім ба?
Өзі аяқ киім сатып тұр. Жоқ. Картоп десем әкеліп беретін сияқты.
— Иә, өзіме бір аяқ киім көріп жүр едім.
— Қандайын аға, цветі қандай, қай бағада іздедің? Келсей. Тауып береміз ғой.
Оның белсенділігі таңдауыңа кедергі болып тұрған соң тезірек кетуге асығасың да: Әзірге көріп жүрмін, кейінірек соғармын — дейсің. Ол қоймайды:
— Келсей брат. Барлық жерде осы ғой. Міні, мыналар Италянски, қара.
Шынымыен-ақ бір Римдік азаматтың тегі жазылып тұрады табанында. Сенейін деп қаласың. Қытайлық Римлян екенін ішің сезіп тұр ғой.
— Аяқ киімдер жақсы брат. Гарантия.
Осы жерде жан-жақтан кетесің. Өзі өндіруші болса мақұл сапасын біліп, гарантия беретін.
— Гарантиясы қалай? Сен гарантия берген уақыт ішінде тозып қалса ауыстырып бересің ба?
— Жоқ.
— Онда ол гарантияңның мәнісі неде?
— Проста, качствасын айтып жатырм да брат. Киіп көрсей брат. Айнаға жанынан, алды-артынан қарамасаң бәрібір білінбейді ғой. Қазіргі модыдағы фасондар осылар ғой. Байқаған шығарсың иә, көшеде көбісі осыны киіп жүр. Салидный көрінеді, джинсимен де, классикамен де кете береді. Табанын қара, ұстап көрші, майысқақ, тесіктерінен ауа кіріп тұрады, аяқты терлетпейді. Таза кожы ғой. Навинкалар осылай болып шығып жатыр брат. Өкінбейсің. Рахмет айтып киесің. (Тағы сол әңгіме. Халық ауыз әдебиеті сияқты, бастапқы авторы белгісіз, халық арасында кең таралып кеткен).
Көңілі қалмасын деп кие саласың. Әйтпесе жіберетін түрі жоқ.
— М, мына жері қысып тұр, бір размер үлкені бар ма?
— Жоқ, брат. Осы ғана қалды. Бұлар тұрмайды ғой. Хит сезона. Тез кетіп қалады. Мынау как раз сенің размерің ғой.
— Қысып тұр ғой. (Шынымен қатты қысып тұрады)
— Түседі ғой. Мына кожысын қарасай, миәхки. Бұлар жақсы отырады брат. (Бір сөзге мың сөз дайын тұрады)
— Ол түсіп болғанша аяғым тозып болады ғой.
— Жоқ ей брат. Не айтып тұрсың? Кожысы качственни ғой. Жайылмайды. Аяғыңа отырған соң тұра қалады.
Ақылды екен, ә — деп қаласың.
Миың ашып кетеді да: Жақсы бауырым, айналып көріп шығайын. Болмаса көрерміз -дейсің.
— Ой, брат, айтып тұрмын ғой. Бұлар тез өтеді. Сен келгенше сақтап тұрам деп айта алмайм. Клиент келіп жатса өткізем.
— Бұйыртса көрерміз.
Кетесің. Бір жағынан күлкің келіп, бір жағынан ашуың келейін деп қалып, өзіңнің де біраз мыжып, қыртқаныңа жынданып, ары қарай жылжисың.
Мына апай футболка сатып тұр. Алдында бір жігіт.
— Ой, інім, как раз сенің размерің. Қарашы. Маладежный ғой. Как раз сенің қатарың көп алады осыны. (Жігіт болған соң солай айтып тұр, қыздарға ондай аргумент жүрмейді. Қайта үркітеді  ) Қарашы жаны аптягивающи. Жақсы отырады.
— Не ғой, әпке, маған обтягивающий емес, бос тұрғаны жақсы еді.
— Ой, шыли жабысып қалмаған ғой. Қарасай. Міні, айнаға келші інім. Екі жағы сәл бос тұр. Саған керегі. Под аптягивающий де кете береді. (Обшым әмбебап).
— Қазір жаз. Сәл ашық түстісі дұрыс болар еді. Оның үстіне шыли жас та емеспіз. Сәл үлкенірек болса жақсы.
— Қойшы. Хехехе. Жүдә қартаюға асығып тұрасыңдар. Жассыңдар ғой. Қазір кимегенде қашан киесің енді?
Осы жерде әңгімеге сатушының көршісі араласады. Ол бір стилист. Мода әлемінің маманы.
— Қазір молодежный, үлкендерге деген стиль жоқ қой бауырым. Көшеде көріп жүрсің ғой. Кімнің жас, кімнің үлкен екенін ажырата алмайсың. Қазір не жарасады, сол моды. Мода қазір араласып кетті ғой. Өзіңе ұнаса болды. Анау-мынау деген әңгімелер баяғының адамдарынан қалған. Смелы киіну керек.
Жан-жабылып анау байғұсты сендіріп, киіндіріп жібереді.
Өзің де футболка көріп жүрген соң ойланып қаласың. Бір сатушының қасына келіп тоқтайсың.
— Кел бауырым. Не іздедің?
— Өзіме футболка көріп жүрмін.
— Қандайын іздедің? Мына жерден көре бер, қалағаныңды. Гарантия, футболкалар аригинал. Таза турецкилер.
Жапсырмаларында қытайша жазуды оқып қаласың да, тағы да қыртуға кірісесің:
— Қытайша жазып қойыпты?
— Турецки мадельмен қытайда тіктіреді ғой. Ол жақта арзандау түседі да просты. Негізі өндіруші Турция ғой. Айтып тұрмын ғой брат. Жақсы бәрі. Мыналар міні, таза Гуччи, мынау міні Армани. Бұлар аригинал. Қара, матирялынан көрініп тұр. Ұстап көрші. Терлетпит. Приятно тұрады денеде.
Енді шын ашулана бастайсың. Көзіңді бақырайтып қойып сені идиот қылып тұр. Әкеңнің аузы, Гуччи, Армани, Валентино дегендерің Шымкенттің жайма базарында саудалана беретін брендтер емес қой. Оны айтып, ананың аптығын басқың келеді. Ол үдей түседі:
— Жоқ, а брат. Осымен айналысып жүргенімізге қанша жыл болды. Білеміз ғой. Олар да адам ғой. Тек байлар кисін деп қайда жазып қойыпты?
Мен не деймін, домбырам не дейді?! Таласқың келмейді. Қоя саласың. Әлгі брендтердің оригиналын базардан таппасыңды жақсы білесің, оны іздеп келген де жоқсың. Бірақ, бәрібір мынадан алмауым керек. Басқасынан алсам да, дәл мынадан алмаймын. Ары қарай тағы жүріп кетесің.
Ыдыс-аяқ сататын бутиктің жанынан өтіп бара жатып, қолына шәйнек ұстап, жарнамалап тұрған Анжелина Джоли немесе Скарлетт Йоханссонды байқап қаласың. Жалпы біздің базарларда әлем жұлдыздары көп жүреді. Әр бутик, сатушымен жеке келісімдері бар-ау шамасы. Біреуінің киімін, біреуінің ыдыс-аяғын, енді біреуінің картобын жарнамалап тұрғаны. Енді Валентино арнайы киім тігетін базарда бұларың кім тәйірі.
Айтқандай, кейбір әпенді саудагерлерден: Мынау Қытайски ма? — деп тауарын сұрасаң, Жоқ, Пекинский деген жауап аласың. Айырмашылығын сезе қоясың  
П.С. Сол базарда қаншама мыңдаған адамдар сауда істеп, отбасыларын асырап отыр. Барлығына бірдей топырақ шашқым келмейді. Бірақ, қазақтың: Имансызды көргің келсе базарға бар — деген сөзінің жаны бар екеніне көзің жетіп, күлкің мен ашуың бір мезетте келіп, Базар жоқ! — деп шығып кетесің.
Әрі қарай

ГомоФранция?


Франция — революциялардың отаны, әлемге көптеген гуманистер мен революционерлер сыйлаған ел. Сол Франция бірнеше күннен бері тағы тоқып жатыр. Парламент бір жыныстылардың отбасын қүруларына ұлықсат беретін заңды қабылдады. Сырттай қараған адамға бұл жерде таң қаларлықтай ешетеңе жоқ. Либерализм, гуманизм, демократия ұғымдары фғанцуздағ үшін ешқашан жат боған емес. Яғни, түбінде болуы керек нәрсе деп қараушылар көп болар. Деп қоя салуға болар ма еді, бірақ, сол заңға қарсылық білдіріп, Франция көшелеріне миллиондаған азамттар шығып жатыр. Олар да француздар. Демек, Франция толықтай есінен алжасқан жоқ. Халықтың басым бөлігі әлі де дәстүрлі некені қолдайды. Жарайды, гуманизм, либерализм мәселелерін өздеріне қалдырып, бұл заңды соншалықты қарсылыққа қарамай, қабылдауға түрткі болған жағдайды тауып көруге тырысайын.
Әрі қарай

7-мамыр vs 9-мамыр!!!

9-мамыр vs 7-мамыр!!! ҰОС, Ұлы жеңіс, Азалы күн, қаралы күн. Талас-тартыстан құлақ тұнған бір күндер болып жатыр. Біздің биліктегілер Қазақстанның әскери күштерінің құрылған күнін 7-мамырға белгілеуінде бір мән бар сияқты. Қанша жерден сол билікті жерден алып, жерге салуға құмар болсақ та, кейде өзіміздің ақылдырақ екенімізді көрсету үшін ғана сынай салатынымызды мойындасақ та, осы жолы бастары қатты істеп кеткен меніңше. Бұл дегенің кейінгі ұрпақтың санасынан 9-мамырды біртіндеп аластап, Нағыз әскери — патриоттық мейрамның көлеңкесінде қалдыру әрекеті. Бұрынғы жылдары 7-мамыр 9-мамырдың көлеңкесінде қалып жатса, биылдан бері күнтізбеде қызыл түспен боялып, өте үлкен әскери шеру ұйымдастырды. Оны барлық мемлекеттік арналардан тікелей эфирде таратты. Өз басым айналамдағы біраз адамдардан — шеру 9-мамырда болатын сияқты еді ғой, сонда ол күні болмайды ма, әлде екі шеру болады ма — деген таң қалған сөздерді көптеп естіп жаттым. Барлығы дерлік саясаттан алыыыыс адамдар. Дәу көршіден жасқанғанымен біздің бастықтар (Әлихан Бәйменов мырза өзі кешірсін!!! ) астыртын, ақырындап отарсыздандыру саясатын жүргізіп жатыр. Қолдаймын! Түбінде 7-мамыр жеңіп шығады деп үміттенемін. Бір ғана минусы бар- қазіргідей 9-мамырға 4 күн демалмаймыз
Әрі қарай

Мамандық таңдау

Мамандық таңдау мәселесі адамның өміріндегі ең маңызды нәрселердің бірі. Кейінгі өмірің тікелей соған байланысты болмаса да, өміріңе әсері өте көп. Сондықтан да о бастан осыған көңіл бөлген жөн. Ал қазіргі мамандықтық таңдауда ең бастысы ГРАНТ алу мүмкіндігі болып тұр. Яғни, адамдар балалық шақтағынемесе есейіп, таңдау жасай алатын кезде қалаған мамандығына емес, қай мамандық бойынша грант алу мүмкіндігі жоғары, қай жақта конкурс аз дегенге көбірек көңіл бөледі. Бұл енді тікелей материалдық жағдайдан шығып отырған проблема ғой. Ол жағына тереңірек кірудің қажеті шамалы. Басқа жақты қайдам, мына біздің алғыр Шымкентте құжат тапсырудың соңғы күніне дейін конкурстың статистикасын аңдитындар өте көп. Тіпті кейбір конкурстың статистикасына қолы жетімді іскер жігіттер талапкерлерден ақша алып алады да, соңғы сәтке дейін конкурсты қадағалайды. Осы кездегі адамдардың әрекеттері қор биржасындағыға өте қатты ұқсап кетеді. Абыр-сабыр, статистиканы жіті бақылап, жүгіріп жүрген біреулер. Ең соңында ең бәсекелестігі аз мамандыққа құжаттарын өткізеді де жібереді. Ақрында талапкер байғұс өмірі естімеген сиырдың сүтінен қымыз алу технологиясы деген мамандық бойынша грант иегері атанады. Ал, жу! Балаң грантқа түсті. Енді біреулері иттің басына тышып жатқан мамандықтарды таңдай береді, таңдай береді. Оған дейін сол мамандық бойынша диплом алып, жұмыс күтіп жүргендердің кезегі КСРО кезіндегі Кремльдің алдында Ленинді көруге кезекке тұрғандардан да ұзақ екенімен жұмысы жоқ. Қазір бітіріп алып, басқа салада істеп жүргендер өз мамандығы бойынша істеп жүргендерден көп болмаса, аз емес. Сөйтіп, қазіргі жұмысы бойынша екінші оқуды оқып алады. Толып жүрген екі дүркін бакалавриаттар. Одан да басында мамандықты дұрыс таңдаса екі шығын болып, екі рет оқып бас қатырмай, қажетті мамандығыналар еді.
П.С. Бұл жердегі қолданушылар оқуын бітіріп, мамандығын алып қойған қыз-жігіттер ғой. Өздерінің іні-қарындас, сіңлілеріңе кеңес беруде ескерерсіңдер
Әрі қарай

Ақсүйек ойыны

Мен орталығы Түркістандағы Халықаралық Қазақ-түрік университетінде оқығанмын. Сол универде қалыптасқан бір дәстүр бар еді. Кентау, Түркістан, Шымкент, Тараз бөлімшелері жылда жаз айында Машат шатқалындағы универдің лагеріне жиналатын. Сол оқу жылында ең белсенді болған үздіктер 3-4 күнге бас қосатын. Сондай кездесулердің бірі 2005 жылы жазда болды. Ылғи студенттер жиналған соң көңіл көтеру, ойын-сауық дегендей. Сөйтіп, түнгі мезгілде би алаңында біраз билеген соң Ақсүйек ойнайық деген ұсыныс түсті ортаға. Ойынды бастаушы барлығы біледі ғой деген оймен ережесін түсіндірмей-ақ, ақсүйекті түнде табу керек деді да, ағаштардың арасына қарай лақтырып жіберді. Сол жердегі студенттердің көпшілігі іздеуге кеткен. Біз бірнеше адам ғана би алаңында қалып, билеп, общение, мәпщение жасап жатқанбыз. 15-20 минуттан кейін Ақсүйек іздеуге кеткендер паровоз құсап тізбектеліп келе жатыр. Өздері мәз: Ақсүйекті тауып алдық -дейді. Оны басындағы адамға ұстатып қойыпты. Ортада ішегіміз түйілгенше күлдік. Жүргізуші содан кейін ғана әлгілердің өмірінде ақсүйек ойнап көрмегенін түсінді де: Сендер қызықсыңдар, ақсүйекті бір бағытқа лақтырса, оны кері бағытта іздейді бір бір жігіт болып — деп, ережесін, мәнін түсіндіріп әлек болып қалды. Сөйтіп, ақсүйекті тағы лақтырды. Содан кейін ғана барлығы іздеуге кетті. Өмірімде ақсүйекті осылай ойнағанын бірінші рет көруім және соңғы рет. Естеріңде қалған Ақсүйектер бар ма?
Әрі қарай