Жарияланымдар

БЛИЦ-СҰХБАТ: E_ZHALGAS


1.Сіздің жазғандарыңыз күрделі, түсіну қиын, бұл көп оқығаныңыздан ба? Әлде сізде вундеркиндтің белгілері бар ма?))

Бұны сының деп қабылдайын. Негізі, жазу көңіл күйге бағынады. Өзгені білмеймін, өзімде сондай. Көңіл күйім еден жағалап, құлазығанда шегіп кете алмаймын. Өкпемді тым аяймын. Сыралату да қызықсыз, — ол көңілге бағынбайды. Жер қазып, астын паналап кеткім-ақ кетеді кейде, бірақ оған қарағанда, іш пыстырмайтын жол тапқандай болғанмын. Қысқасы, көп оқымағанмын да, күрделі жазбаймын да. Ал, біреулерге түсініксіз болып бара жатса, ол менің бас ауыртатын мәселем емес деп есептеймін. Иа-иа, білемін, менікі дұрыс емес, бірақ барым сол.
Әрі қарай

Осындай армандар болады :)

Корей сериалдарының фанаты ретінде қолым босай қалса интернеттен сүйікті артистерімнің суреттерін жинап, папка ашумен әуре боп отырамын:). Ең бір прикольный суреттерді жинаған папкам бар, бұны қарап отырып мен сияқты қыздардың неге корей сериалдарын ерекше жақсы көретінін түсінесіздер. Қысқасы, болашақ жарыңыздың қандай болғанын қалайсыз? деген сұрақтың жауабы ғой :)
Әрі қарай

Қиын да қызықты тіл


Бұл тіл жайлы жазам деп уәде бергенімді АКА есіме салып өтті))
Қай тіл болмасын білмейтін адамға қиын көрінеді. Араб тілі де қиын сияқты көрінетін маған, бірақ менің білуімше шығыс тілдерінің ішіндегі ең қиын тіл қытай тілі екен. Ал араб тілі мұқият оқыған адамға қиындығы жоқ, қайта қызықты тіл сияқты. Қасиетті Құран түскен тілді бәріміздің де білгіміз келеді. Төте жазумен оқитын адамдар қаншама. Мешіттерге барсақ та діни сауат ашу курстары деген жазуларды жиі кездестіреміз. Алғаш шығыстануды таңдағанда қай тілге барсам екен деп бүкіл шығыс тілдері жайлы алдын ала мәлімет алғанмын. Сіздерге жазуға уәде бергенім де сол білгендерім ғана.
Әрі қарай

Шашы ұзын қыз


Бұны жазуыма қазақ қызы туралы пост себеп болды. Ондағы айтылған жайлардың көбісімен келісемін. Дегенмен әжелеріміз қазақтың қыздары қазір шашын қырқып тастайтындығын айтып жатыр. Менің келіспейтінім, керісінше қазір шашы ұзын қыздар көп. Қыздардың көбінің шашы тым қысқа емес, иығынан асып тұрады да жайып жүреді немесе буып алады.
Әрі қарай

Корей асханасынан: Кимпап (үй жағдайындағы)


Корей сериалдарын көретіндер кимпаптың не екенін біледі, қазір қалалардағы тамақтану орындарында да жиі сатылады. Мен сіздерге үй жағдайында өзімнің жасайтын кимпапымды ұсынамын, оңай әрі тез. Негізінде оның ингредиенттері әр түрлі, әркім өзі қалағанын қосады. Біздің отбасымызда ешкім ащы тамақтарды ұнатпайтын болғандықтан, мен де ешқандай ащы соустарсыз өзімше істедім. Жалпы қалай істеуді корей тобында оқитын құрбымнан үйренгенмін. Кимпаптың мағынасы: ким – теңіз балдыры, пап – күріш. Осы үй жағдайындағы кимпапқа керекті заттар:
Әрі қарай

Қызығушылық ("Өзге тілдің бәрін біл")


Бала кезден арманым – көп тіл біліп, дүниежүзін шарлау еді. Бүгінде сол арманымның бастапқы сатысындамын. Өзім қытай тілін оқып жүрсем де, каникул кездері өз бетімше өзге тілдерді үйреніп жатырмын. Әрине, инет арқылы. Соның ішінде корей тіліне деген қызығушылығым корей сериалдарын көруден басталғанын жасырмай-ақ қояйын. Әсіресе, «Ыстық ұя», «Жүрегімде қалған күз», «Кешір, мен сені жақсы көрем», «Жумонг», «Баянсыз махаббат», «Жасыл қырат жақта» сериалдарын көріп фанат болмаған жастар аз шығар.
Әрі қарай