Жарияланымдар

Қыркүйекте АИ-92 маркалы бензиннің литрі 102 теңге болады

Қыркүйек айында жанар-жағар май 12-14 пайызға қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі еліміздің Мұнай және газ министрлігіндегі сенімді дерек көзіне сілтеме жасап хабарлады.
Дерек көзінің ақпарат агенттігіне хабарлауынша қымбаттау күз бойына жалғаспақ. Күздің аяғына дейін АИ-92 маркалы бензин литріне 120 теңгеге жетуі мүмкін.
Қазіргі кезде Қазақстанның жанармай бекеттерінде АИ-80, АИ-92 маркалы бензин тапшы. Ең ірі қала Алматының көпшілік жанармай бекеттері бұл маркалы бензинді тек талон арқылы сатуға көшті.
Түпнұсқа мұнда www.aorda.kz/?p=12205
Әрі қарай

Уай, Аттан

Бір аптадан асты Сағынның «ұрылармен соғысына» куә болып жатырмыз. Бүгін Сағын сотқа арыз беріпті. Бірақ, Қарасақалдың әпшелері не шешім шығарып береді, ол тағы белгісіз. Өзім біртүрлі күмәнмен қараймын. Оның үстіне интернеттегі ұрлық туралы олар бұрын іс қарамаған да шығар. Күлкісі кеп, сағыз шайнап отырып қарайтын шығар.))) Жалпы Сағыннан бөлек интернеттегі елдің еңбегін ұрлау қашанғы жалғаса бермек? Сосын қашанғы жалғыз-жарым күресе бермекпіз? Жалғыздың үні шықпайды. Айтпағым, бірігіп, осы істі соңына дейін жеткізсек. Ол үшін не істеу керек?
Әрі қарай

Досқалиев 7 жылға сотталды

Сот бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевке қатысты мүлкін тәркілеп, қатаң режімдегі колонияға 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесті.
Еске сала кетсек, Ж.Досқалиевке қатысты қылмыстық іс 2010 жылдың қыркүйегінде қозғалды. Оған қызметтік лауазымын асыра пайдаланды, аса ірі көлемде пара алды, лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалану арқылы бюджеттік қаржыны жымқырды деген айыптар тағылды. Сондай-ақ қылмыстық жауапкершіліктен жалтару үшін жалған инсульт жасады деген де күдік келтірілді. Досқалиевтің өзі үкіммен келіспейтіндігін, Жоғары сотқа шаңымданатынын айтқан.
Дерек көзі: www.inform.kz/kaz/article/2397014
Әрі қарай

Барақ батыр 50-ге толды



Бүгін, 4 тамызда АҚШ президенті Барак Обама 50 жасқа толған мерейтойын атап өтуде,
деп хабарлап жатыр ақпарат агенттіктері.

Обама 50 жасқа толған туған күнін Ақ үйде кеш өткізіп, демалыс күндері қала сыртындағы резиденциясында атап өтпек.

Бейсенбінің алғашқы жартысын президент жұмысында өткізіп, одан кейін өз кабинетінде өтетін шағын қабылдауда оны Ақ үй аппаратының қызметкерлері құттықтайды.

Кешке АҚШ басшысы жарты ғасырға толған жасын отбасымын және басым көпшілігі Чикагодан келетін достарымен бірге атап өтпек. Обаманың мансаптық өрлеуі дәл сол қаладан басталған болатын, сондай-ақ Чикаго — оның зайыбы Мишельдің туған қаласы. Салық төлеушілер президенттің туған күніне шығындалып әуре болмайды, себебі БАҚ мәліметтер бойынша, Ақ үйдегі қонақтың шығынын президент отбасы өз міндеттеріне алып отыр.

Демалыс күндерін Обама Кэмп-Дэвидтегі (Мэриленд штаты) резиденциясында өткізеді.

Обаманың туған күніне орай ең қымбат сыйлықты оның саяси қарсыластары-республикандықтар жасады. Олар осыдан бірнеше күн бұрын Обаманың мемлекеттік қарыз шегін жоғарылатып, сол арқылы дефолтқа жол бермеу жөніндегі ұсынысына қолдау көрсеткен болатын. Президент ол үшін басты сыйлық осы болғанын өзі де мойындады, деп жазды бүгін ҚазАқпарат.
Әрі қарай

Ізгілік Нағиевтің жауабына жауап

Ізгілік кешегі хатыма жауап жазыпты, өзінің блогына. Оқып оны аядым, жыладым, өзімнің иттігіме налыдым. Енді монақ болып Тибетке кетпекпін, деп шұбыртсаң. Сол жауабына жауап жазбасқа амал болмады.

Ассалаумағалейкум Ізеке. Өткендегідей хатшыларыңызға сілтеп қоймай, «үлкен басшы» басыңызды иіп, жауап жазып отырғаныңызға «шексіз алғысымды» қабыл алғайсыз.
Әрі қарай

Ізгілік Нағиевке хат!

Ізгілік Нағиев осы. Қожекеңнің өтінішімен атын жазып жатырмын. Басын жуып келген беті екен деп, Қатыбалды пікір қалдырған сурет осы.)))
Кеше Керекте жарияланған Ақтөбе мұсылмандарының хатының www.kerekinfo.kz/blog/3514.html#comment61203 астындағы пікірлерге қатысты жеке пост жазам деп уәде етіп едім, сол уәдемді орындамақпын. Негізі бұл мәселені у-шусыз, жеке шешем деген оймен жүр едім.
Әрі қарай

Жұмыста дағдарыс

Өткенде Қазақпараттағы дағдарысты (қаржылық дағдарыс, шығармашылық дағдарыс) айтып мақала жазғаным үшін мені қуып жатқаны туралы айтып едім ғой. Керісінше болды. Мен Қазақпаратты қуып жібердім нақ. Айттым қойыңдар, менімен ерегесу қауіпті деп. Қоймады, деп жіберсең әңгімені.))) Оқып жатқан шығарсыңдар интернеттен. Қазақпарат болмай жатыр, науқастанып.

Кешелі бері журналистер көтеріліп,
Әрі қарай

Спорт туралы жаңа ақпараттық портал ашылды, орыс тілді бірақ

Спортсүйер қауымға арналған Sportinfo.kz ақпараттық порталы ашылды. Бүгін Алматыда сайт иелері арнайы баспасөз мәлихаты өткізіп, интернет-порталды таныстырды.

Порталдың құрылтайшысы – Ринат Тоғысов, бас редакторы белгілі спорт журналисті
Әрі қарай

Алматыда автобуста жүру құны өсуі мүмкін

Бензин бағасының көтерілуі салдарынан Алматыдағы автобустарда жүру ақысы 100 теңге болуы мүмкін. Бұл жағымсыз жаңалықты 31 арна айтты.

«Есептеп көрдік. Жоқ дегенде 100 теңге болуы керек. Қазір «солярка» 88-90 теңге болып тұрғанда, жол ақысы 100
Әрі қарай