Warning: Undefined array key "sMenuItemSelect" in /var/www/vhosts/oho.kz/kerekinfo.kz/application/tmp/templates/compiled/valley/65f9c665d38b2d323ec4fe3b5142c38519ed8dbc.file.created.comments.tpl.php on line 259

Warning: Attempt to read property "value" on null in /var/www/vhosts/oho.kz/kerekinfo.kz/application/tmp/templates/compiled/valley/65f9c665d38b2d323ec4fe3b5142c38519ed8dbc.file.created.comments.tpl.php on line 259
>

Жарияланымдар


    Warning: Undefined array key "is_enabled" in /var/www/vhosts/oho.kz/kerekinfo.kz/application/tmp/templates/compiled/valley/4028b76e067800faa6a629abb3cdf8493e3e7f8d.file.nav.tpl.php on line 92

    Warning: Undefined array key "html" in /var/www/vhosts/oho.kz/kerekinfo.kz/application/tmp/templates/compiled/valley/4028b76e067800faa6a629abb3cdf8493e3e7f8d.file.nav.tpl.php on line 94

    Warning: Undefined array key "is_enabled" in /var/www/vhosts/oho.kz/kerekinfo.kz/application/tmp/templates/compiled/valley/4028b76e067800faa6a629abb3cdf8493e3e7f8d.file.nav.tpl.php on line 92

    Warning: Undefined array key "html" in /var/www/vhosts/oho.kz/kerekinfo.kz/application/tmp/templates/compiled/valley/4028b76e067800faa6a629abb3cdf8493e3e7f8d.file.nav.tpl.php on line 94
Blogshy
Сатыбалды шығармалары социумның соңғы деңгейіне сәл жетпей тұрған қазақтардың өмірінің индикаторы әлде айнасы дер едім. Әдетте ауыл адамдары, немесе ауылдан қалаға келіп тірлік қамымен жүргендердің көзімен, сөзімен өрбитін шығармалар әу дегеннен аяғына дейін бір деммен оқылатын дүниелер. Сатекеңнің хард-әдебиеттің негізін қалағаны, қаззақ әдебиетінің жертөлесінің есігін теуіп кіргендігі туралы жазып плагиаттанбай-ақ қояйын, ол жалпы рецензияға мұқтаж автор емес. Ешкімге ұнауға тырыспаған және тырыспайтын да жан екені көрініп тұр. Сатыбалды клавиатурасынан туған дүниелерге ортақ нәрсе — суреттеу шеберлігі. Жоқ, әнебір күрделі де пафосты тіркестерді шұбалтып алып, табиғатты суреттеп кету емес, жай ғана қарапайым қимыл-қозғалысты, айналадағы заттарды, мимиканы, сөйлеу мәнерін қиыстырып әкеп, көз алдыңа мөлдіретіп сол жерде отырғандай қылып көрсету шеберлігі. Бұған мысал ретінде «Стақандастарым.Арзымқан әже» немесе «Стақандастарым.Тәрен», болмаса тіпті «Стақандастарым» топтамасындағы кез-келген шығарманы алып қарауға болады. Шығармашылығының қарқындап тұрған кезінде Сатыбалдының табынушылары, тіпті еліктеушілері Керекинфо сайтында көп едік. Тіпті Сатыбалды «саусағын шошайтса» да күлетін, одан мән іздейтін құбылыстар орын алып тұрды. Сатыбалды шығармаларының ең бір құнды жері адамның көзі ашық, көкірегі ояу, сөз қадірін түсінушілігі мен өз-өзіне сын көзбен қарау (самокритика) қасиетін, әзілді түсіну қабілетін айқындайтын лакмус қағазы ролін атқаратыны. Егер адамды танығың келсе Сатыбалды жазбаларын оқыт, түсінсе жақсы, түсінбесе жоғарыдағы қасиеттерден жұрдай екенін бағамдай беруге болады деп ойлаймын.
Blogshy
Бір күнде оянбай қалуы мүмкін деген сөзді бір инженердің өз аузынан естідім. Ол кісі АДЖИП тың Қарабатан жобасында жасап жүрді, сосын тренингке барды күкіртсутектен сақтану туралы. Сол кезде айтып жүрді, адамның өлуіне H2S тың пәленше ppm мөлшері жарайды, ал болашақ зауытта оның мөлшері 1000 есе жоғары, егер жарылыс бола қалған жағдайда өте қауіпті деп…
Blogshy
көрші баланың басын таспен жарып қызыл қан етіп, өзім үйден қашып жүргенім есімде. Үйдегілерге ерегісіп ауыз су құдыққа бүкіл қоқысты жинап салып, бір құдық суды пайдасыз қылып қойып едім. Садақ жасап атып көрші баланың көзін шығарып қоя жаздағаным, атаман болуға таласып үйдің төбесінен 40 рет секіру, біреудің ауласындағы күшігін ұрлау, қораның сыртынан өтіп бара жатқан жауларымның (конкурент пацандар ғой) басына сиырдың жас боғын лақтырып тығылып қалу, үйге ренжіп далаға қашып кетіп түнеп шығу, сабақтан қашу, аттан құлау, итке қабылу секілді ақымақтықтардың үлкейе келе серьезныйлау түрлері болған, оларды енді жазу ұяттау ))) шешем бәрінен көрмегенді сенен көрдім деп ренжитін еді