Жарияланымдар
Сатыбалды Кербабаевтың үздік әңгімелерін жинау
(8)
- Blogshy
Сатыбалды шығармалары социумның соңғы деңгейіне сәл жетпей тұрған қазақтардың өмірінің индикаторы әлде айнасы дер едім. Әдетте ауыл адамдары, немесе ауылдан қалаға келіп тірлік қамымен жүргендердің көзімен, сөзімен өрбитін шығармалар әу дегеннен аяғына дейін бір деммен оқылатын дүниелер. Сатекеңнің хард-әдебиеттің негізін қалағаны, қаззақ әдебиетінің жертөлесінің есігін теуіп кіргендігі туралы жазып плагиаттанбай-ақ қояйын, ол жалпы рецензияға мұқтаж автор емес. Ешкімге ұнауға тырыспаған және тырыспайтын да жан екені көрініп тұр. Сатыбалды клавиатурасынан туған дүниелерге ортақ нәрсе — суреттеу шеберлігі. Жоқ, әнебір күрделі де пафосты тіркестерді шұбалтып алып, табиғатты суреттеп кету емес, жай ғана қарапайым қимыл-қозғалысты, айналадағы заттарды, мимиканы, сөйлеу мәнерін қиыстырып әкеп, көз алдыңа мөлдіретіп сол жерде отырғандай қылып көрсету шеберлігі. Бұған мысал ретінде «Стақандастарым.Арзымқан әже» немесе «Стақандастарым.Тәрен», болмаса тіпті «Стақандастарым» топтамасындағы кез-келген шығарманы алып қарауға болады. Шығармашылығының қарқындап тұрған кезінде Сатыбалдының табынушылары, тіпті еліктеушілері Керекинфо сайтында көп едік. Тіпті Сатыбалды «саусағын шошайтса» да күлетін, одан мән іздейтін құбылыстар орын алып тұрды. Сатыбалды шығармаларының ең бір құнды жері адамның көзі ашық, көкірегі ояу, сөз қадірін түсінушілігі мен өз-өзіне сын көзбен қарау (самокритика) қасиетін, әзілді түсіну қабілетін айқындайтын лакмус қағазы ролін атқаратыны. Егер адамды танығың келсе Сатыбалды жазбаларын оқыт, түсінсе жақсы, түсінбесе жоғарыдағы қасиеттерден жұрдай екенін бағамдай беруге болады деп ойлаймын.
- Жасыру
Көңілдестерім. Бұрынғы махаббатым Мадияр
(61)
- Blogshy
охо… )))
- Жасыру
Көңілдестерім. Бас редактор Мұратқали
(34)
- Blogshy
Біздің көршіміз болушы еді Мұратқали деген )))
- Жасыру
Көңілдестерім. Бас редактор Мұратқали
(34)
- Blogshy
Кешеден бері Жуканың фаны болып алдым, әлгі, анадай әңгіме жазатындығынан ғана емес, ондай әңгімелер толып тұр ғой. Жүкеңдікі басқаша, адамның мінін көре қалғышы, юморы, суреттеуі… жаза берші
- Жасыру
Қазақша дыбыстау: Спартак: "Қан мен Құм" (+18)
(15)
- Blogshy
«Енді соғыста жүрген жоқпын ба» ))))) Еңбек. Ұнады!
- Жасыру
Көңілдестерім. Бастығым Жәрмен шал
(65)
- Blogshy
- Жасыру
Айлық табысыңыз қанша?
(17)
- Blogshy
күнкөріс. тек күн көресің — болды.
- Жасыру
Айлық табысыңыз қанша?
(17)
- Blogshy
дауыс беруде белсенділік шамалы. доллар енді бір секіріп 200 тг тұрақтайды ау деп болжап отырм…
- Жасыру
Айлық табысыңыз қанша?
(17)
- Blogshy
сыбыс болса болатын шығар.
- Жасыру
Айлық табысыңыз қанша?
(17)
- Blogshy
инфляция, девальвацияларды есепке алсақ ол сауалнама ескіріп қалған болар?
- Жасыру
БЕШ
(16)
- Blogshy
Досымжан Таңатаровтың би мектебі ))) Керемет!
- Жасыру
Инстааналар – жаңа заман аналары
(6)
- Blogshy
Дәл! мен де ана болғаннан кейін фотоға түсуді ұмыта бастадым. Компьютер, планшет, телефон атаулы қызымның фотосына толы. Өзім арасында тек қызымның фонында жылт етіп қалам.
- Жасыру
Сәлем!
(68)
- Blogshy
жарайсың, Надя қазақша ауызекі сөйлесіп жаттығам десең әрдайым көмегіміз дайын, осылай жайлап жайлап үйреніп кетесің.
- Жасыру
Кардиохирургтың бір күні
(48)
- Blogshy
Керемет пост, осындай елге еңбегі сіңіп жүрген азаматтар көп қой білінбейтін, ұзақ ғұмыр берсін осы кісілерге. Бәріміз дәрігердің қателігін шулап айтамыз, бірақ жетістігін айта бермейміз
- Жасыру
Дивани "хикмет" немесе жәдігердің жаңаруы
(48)
- Blogshy
Керемет! сирек кездесетін экземплярсыз )))
- Жасыру
Атырау халқы расымен бір күнде оянбай қалуы мүмкін бе?
(24)
- Blogshy
Бір күнде оянбай қалуы мүмкін деген сөзді бір инженердің өз аузынан естідім. Ол кісі АДЖИП тың Қарабатан жобасында жасап жүрді, сосын тренингке барды күкіртсутектен сақтану туралы. Сол кезде айтып жүрді, адамның өлуіне H2S тың пәленше ppm мөлшері жарайды, ал болашақ зауытта оның мөлшері 1000 есе жоғары, егер жарылыс бола қалған жағдайда өте қауіпті деп…
- Жасыру
Бешамель
(50)
- Blogshy
керемет, көптен осындай тұщымды нәрсе оқығаным…
- Жасыру
Иіс суды қалай дұрыс таңдап алу қажет?
(140)
- Blogshy
Гумилев университетінің қызметкері, осы жусан, т.б. дала шөптерінің эфирлік майларын алумен айналысып жүрген Ерлан Сүлейменовке хабарласқам, ол лабораториямда жусан майының үлгісі бар, келіп көруге болады деді, барып сұрап қараңыз. Астанада.
- Жасыру
Ең шатырсыз әрекеттеріңіз...
(274)
- Blogshy
көрші баланың басын таспен жарып қызыл қан етіп, өзім үйден қашып жүргенім есімде. Үйдегілерге ерегісіп ауыз су құдыққа бүкіл қоқысты жинап салып, бір құдық суды пайдасыз қылып қойып едім. Садақ жасап атып көрші баланың көзін шығарып қоя жаздағаным, атаман болуға таласып үйдің төбесінен 40 рет секіру, біреудің ауласындағы күшігін ұрлау, қораның сыртынан өтіп бара жатқан жауларымның (конкурент пацандар ғой) басына сиырдың жас боғын лақтырып тығылып қалу, үйге ренжіп далаға қашып кетіп түнеп шығу, сабақтан қашу, аттан құлау, итке қабылу секілді ақымақтықтардың үлкейе келе серьезныйлау түрлері болған, оларды енді жазу ұяттау ))) шешем бәрінен көрмегенді сенен көрдім деп ренжитін еді
- Жасыру
Мен ұсынатын үш ән: Ғалымжан Молданазар
(35)
- Blogshy
Көбіміздің талғамымыз бір жерден шықты, Ғалымжанды орыс тілділер глоток свежего воздуха в казахской эстраде деп жатыр го
- Жасыру