Ағылшын тілін тез үйрену үшін керекті 400 сөз
Фактрум сайтында Алекс Чаузовтың ағылшынша сөздік қорының негізін құрайтын 400 сөз туралы мақаласын жариялаған екен. Автордың пайымдауынша алдымен осы сөздерді меңгеру арқылы сөздік қорын байытып отырсаңыз, ағылшын тілін тез үйреніп, түсініп кете аласыз.
Оксфорд Университеті тілдің түрлі қолданыстағы нұсқаларын жинап, сараптама жасапты. Зерттеуде әдеби шығармалар, баспасөз беттері, желідегі чаттар, электронды хаттар, блогтардағы жазбалар да қамтылған.
Зерттеу нәтижесі бойынша ағылшын тіліндегі ең көп қолданылатын 100 сөз ағылшынша мәтіндердің 50 пайызында қолданылады екен (бұған әдеби шығармалар және салалық мақалалар кірмейді әлбетте).
Егер бұл танымал 100 сөзге, жиі қолданылатын 100 зат есімді, 100 етістік пен 100 сын есімді қосатын болсақ, ағылшынша мәтіннің 75 пайызын түсінетін боласыз. Кейін сөздік қорыңызға жаңа сөздер қосып, байытып отыратын боласыз.
Әрі қарай
Оксфорд Университеті тілдің түрлі қолданыстағы нұсқаларын жинап, сараптама жасапты. Зерттеуде әдеби шығармалар, баспасөз беттері, желідегі чаттар, электронды хаттар, блогтардағы жазбалар да қамтылған.
Зерттеу нәтижесі бойынша ағылшын тіліндегі ең көп қолданылатын 100 сөз ағылшынша мәтіндердің 50 пайызында қолданылады екен (бұған әдеби шығармалар және салалық мақалалар кірмейді әлбетте).
Егер бұл танымал 100 сөзге, жиі қолданылатын 100 зат есімді, 100 етістік пен 100 сын есімді қосатын болсақ, ағылшынша мәтіннің 75 пайызын түсінетін боласыз. Кейін сөздік қорыңызға жаңа сөздер қосып, байытып отыратын боласыз.

Сонда қалай, уағыз айтатын имамдардың өздері қазақша түсінбейді ме? Егер олар қазақша, арабша түсінбейтін болса, мешітке баратын жамағатқа осы күнге дейін дін жайлы қалай түсіндіріп келген. Және де (жоғарыда айтып өттім) «Тек қана қала тұрғындары емес, ауылда тұрып жатқан қазақтар да түсінбейді»деген сөйлем ауыл мәдениетінің төмендігін айтып тұрғандай. Ауыл тұрғындарының қазақша түсінбеуі, қазақ тіліндегі уағызды түсінбеуі мүмкін емес. Түптеп келгенде, ұлттық салт-дәстүрді берік ұстанатын да, исламның бес парызын орындайтын да, ана тілімізді шұбарламай сөйлейтін де — ауыл тұрғындары. Тек ауылдан ғана қазақ исі аңқып тұрғанын қалайша ұмытамыз?! Өздері қазақ тілін жетік білмеген соң, барлық қазақтар өз тілін түсінбейді деп ойлайтын шығар. Десе де, бір тарақпен бүкіл елдің шашын тарауға болмайды ғой. Бәлкім, жоғарыдағылар ойын дұрыс жеткізе алмаған болар… Дұрысы — қазақ тілінде жеткізе алмаған болар. Қазақ тілін, қазақ тілінде айтылған уағыздарды не имам түсінбесе, не оны тыңдайтын халық түсінбесе оны кім түсінеді? "Қиыстырып қалсаң отын жанар,қисындырып айтсаң халық нанар", — дейді Бауыржан Момышұлы. Халыққа бағыт-бағдар беретін басшылар ойын дұрыс жеткізе білcе, бұқара да қолдар еді.

Көптен күткен ХХХІ жазғы олимпиада ойындарының басталуына санаулы сағаттар қалды. Өзім бокс жанкүйері болғандықтан, бар назарымды осы спрот түріне салмақпын. Бокс Қазақстанда №1 спорт екеніне ешкімнің қарсылығы жоқ деп ойлаймын… Осы жолғы олимпиадаға Қазақстан, Куба және Өзбекстан толық құрамда өнер көрсететіндері белгілі (10 салмақ дәрежесінде). Бас бапкер Мырзағали Айтжановтың айтуы бойынша, боксшыларымыз жарысқа психологиялық жағынан болсын, физикалық жағынан болсын сақадай сай. Бірақ олимпиада болғаннан кейін, барлық спортшылар бар күш-жігерін сарып етіп дайындалатыны бесенеден белгілі. Өзімнің болжамымша Қазақстан құрамасы бокстан 4 алтын, 1 күміс, 2 қола медальдарді еншілейді. Ендеше жігіттеріміз бен қыздарымызға сәттілік серік болып, қазақ елін жетістіктерімен қуанта берсін… Қызықтан құр қалмаңыздар!!! Ойларыңызбен бөлісіп отырыңыздар!!!
Бүгінгі пост өткен посттарға қарағанда өзгешелеу болмақ… Өзінің техникасымен ерекшеленіп жүрген боксшы жайлы. Василий Ломаченко 1988 жылы 17 ақпанда дүниеге келген. Украинаның кәсіпқой-боксшысы. Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы ( Бейжің-2008, Лондон-2012), екі дүркін әлем чемпионы (Милан-2009, Баку-2011), Еуропа чемпионы (Ливерпуль-2008), Вэл Баркер кубогінің иегері. Әуесқой бокста 397 кездесу өткізіп оның біреуінде ғана Чикаго-2007 әлем чемпионатында, ресей боксшысы Альберт Селимовтан ұтылған әділетсіз жекпе-жек). Бірақ сол Альберт Селимовпен Бейжің-2008 Олимпиада ойындарында кездесіп тас-талқан етіп жеңеді. Жеке бапкері-өзінің әкесі Анатолий Ломаченко. Менің ойымша әкесі өте ақылды адам, Василий бокспен айналысып жүрген шағында, оны биге қатыстырған. «Себебі, би- аяқта көп қимылдауға және денені икемділікке үйретеді»- деген Анатолий Ломаченко. Керемет ойлап тапқан. 2013 жылы 26 шілдеде әйгілі промоутер Боб Арумның «Top Rank» компаниясымен келісімшартқа отырды. Кәсіпқой рингте алғашқы кездесуін мексикандық Хосе Рамиреспен (25-3) жұдырықтасып, жеңген болатын. Василий чемпиондық атаққа екінші кездесуінде шығатын болды, оның қарсыласы мексикандық 33 жасар Орландо Салидо (60-43-13-3) болды. Егер де Вася осы кездесуде жеңіске жеткенде ең қысқа мерзімде чемпиондық атаққа қол жеткізген бокс тарихында бірінші боксшы атанар еді, бірақ өкінішке орай тағы да төрешілер тарапынан әділетсіздік болып, ұтылып қалды. Ломаченко өзінің чемпиондық атағын көп ұзамай үшінші кездесуінде американдық Гэри Расселмен (28-27-1) өткізіп WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанды. 2014 жылы 24 қарашада Василий тайлық Чонлатар Пирияпиньоға (52-1) қарсы өзінің алғашқы белбеу қорғау кездесуін өткізіп жеңіске жеткен болатын. 2015 жылы 2 мамырда (Мейвезер-Пакьяо кездесуі, естеріңізде болса) Лома пуэрторикалық Гамальера Родригесті (25-5) 9-раундта нокаутқа түсірген. 2015 жылы 7 қарашада мексикандық Ромуло Коасичпен (25-4) кездесіп 10-раундта мерзімінен бұрын аяқтаған. Келесі жекпе-жегі осы жылдың 11 маусымында пуэрторикалық Роман Мартинеспен (29-2-3) болмақ. Василий ақылды, айлакер және өте еңбекқор боксшы. Сол еңбегінің арқасында қазір мықтылар сапында… Сенесіздер ме?! Василий әр жекпе-жектің алдында 9 шақырымдық өзенді жүзіп өтеді екен… Бокстың тірі аңызы Майк Тайсон «ақ адамдар Ломаченко сияқты бокстаса алмайды»-деген. Сол сөзінің жаны бар… ЛОМАЧЕНКО-МЫҚТЫ!!!
23 сәуір күні Головкин мен Уэйдтің жекпе-жегі болатыны бәрімізге аян. Осыған дейін отандасымыз канадалық Давид Лемье мен жұдырықтасып, Лемьені 8-раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын. Ал бұл жолғы Головкиннің қарсыласы америкалық Доминик Уэйд 18 жекпе-жек өткізіп оның барлығын жеңіспен аяқтап, он екісін нокаутпен құлатқан. Шыны керек, Уэйд Лемьеге қарағанда әлсіздеу. Геннадий бұл кездесуде еш қиындықсыз ұтады деп ойлаймын. Өзімнің болжамым бойынша ГГГ 4-раундта жеңіс туын желбіретеді. Ал, сіз қалай ойлайсыз? Бұл шоудан не күтесіз?
